Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 зиянды заттар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
475.14 Кб
Скачать

2.1.3.3 Талдау жургізу

Талдау жүргізу үшін талданатын газға сәйкес химиялық реактивтер жинағын 2.1.3.1 және 2.1.3.1 пункт бойынша тандап қою керек. 3,4-кестелердегі шарттар бойынша қажет болса 2-З индикатор түтікшелері мен бір тазарту патронын дайындау керек.

Ауаның газдалуын жасау үшін, буланатын сұйықтың 3-4 тамшысын тамызу қажет. Ауа алатын құрылғының қақпағын ашып, сорылатын ауаның көлемі көрсетілген бунақта (16) бағытталған төке арқылы (8) соташықты (9) орнатып, тоқтатқышты (12) қайтару керек. Сонан соң соташық басына қол қысымымен сильфонды (2) қысып тұрып, тіреу ұшы соташықтың жоғарғы тереңдетулерімен сәйкес келгенше сильфонды қысылған күйде бекітіп, индикатор түтікшесінің бір ұшын алынатын резеңке түтікшесіне салады, ал қалған бөлігін эксикаторға орналастырады (3-сурет). Бір қолмен соташық басын қысып, екінші қолмен тіреуді тарту керек, онда шток жай көтеріле бастайды, ал ауа индикатор құбырлары арқылы сорыла береді. Соташық қозғала бастаған кезде тіреуді жіберу керек. Соташықтағы көрсетілген ауа көлемін созған соң тіреу ұшы соташық науасының төменгі саңылауына кіреді де, тырс еткен дыбыс естіледі. Түйіршік бағанасының бір бөлшегі ауа сорылу жақтан өз түсін өзгертеді. Кейін индикатор түтікшесін босатады да, сәйкесінше шкала газ шоғырлану есептеуін жүргізеді. Өлшегенде индикатор түйішігінің түсі өзгертілген бағана басын шкаланың бастапқы, нөлдегі бөліміне келтіру керек те, есептеуді бітіру керек. Алынған деректер негізінде жасалған жұмыс туралы есеп беріп, кестеге нәтижелерді енгізу қажет.

2.1.4 УГ-2 мен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік шаралары

  1. Анықталатын газбен талдау жүргізгенде жұмыс істеу қауіпсіздік шараларын қолдану;

  2. Шынымен жұмыс істеген кезде сақтану керек;

  3. Индикатор түйіршіктерін тері мен көзге түсірмеу керек;

  4. Үстел үстінде немесе резеңке алжапқышта жұмыс істеу керек;

  5. Жұмыстың алдында және жұмыстың аяғында қолды сабындап жуу керек;

  6. Индикатор түтікшелерін сыртқы зақымсыз пайдалану;

  7. Индикатормен тазарту түйіршіктерін тек бүтін ампулалардан алу;

  8. Индикатормен тазарту түйіршіктерін ашық түрде сақтауға болмайды;

  9. Индикатор түтікшелері мен қысқыларды дайындау ережелерін қатаң сақтау;

  10. Газ талдаушыны газ жүйесінің герметикалық жағынан айына екі рет жиі-жиі тексеріп тұру керек. Ол үшін сильфонды соташықпен будың науасының жоғарғы саңылауына дейін 300 не 400 мл көлемінде қысады да, осы күйде тіреумен бекітеді. Резеңке түтікшесін бүктейді, қысқышпен қысып, тіреуді жібереді. Онда соташық бастапқы жылынудан соң 10 мин қозғалмай тұру керек, бұл аспаптың бітеулігін дәлелдейді.

2.2 Газдар шоғырлануын гх-4 газ анықтаушымен анықтау

2.2.1 Аспаптың сипаттамасы мен жұмыс істеу тәртібі

ГХ-4 түрдегі химиялық газ анықтаушы - қол жұмысты шағын аспап, рудалық атмосферасында жылдам әдіспен зиянды газдар мөлшерін анықтауға арналған. Онда ауаны индикатор түтікшесі арқылы соратын аспиратор ретінде АМ-6 құрылымы қолданылады. Сорылатын газ көлемі мех сорғызудың толық жүрісінде 100ұ5 мл, өлшеу қателігі ұ10 %-тен аспау керек. Анықталатын газ түрлері, сынау көлемдері мен өлшеу шектері 5-кестеде келтірілген.

5-кесте. Мех аспираторлы АМ – 6 аспабының көрсеткіштері.

Талданатын газ

Сынау

көлемі, мл

Өлшеу шектері

Мынау, %

мг/л

Көміртегі тотығы

Күкірт сутегі

Күкірт газы

Азот тотықтары

1000

100

1000

1000

1000

0-0,0030

0-0,3000

0-0,0065

0-0,0070

0-0,0080

0-0,0375

0-3,7500

0-0,1000

0-0,2000

0

ГХ-4 аспабы сильфон түрдегі АМ-6 мех аспираторынан және зауытта жасалатын индикатор түтікшелер жинағынан тұрады (4-сурет).

Аспиратордың негізгі бөлімі — резеңке мех (3), ол жапқыштарымен қақпақтарда бекітілген. Оның ішінде, бос күйде ұстайтын екі тартқыш (2) орналасқан. Құлақша (1) индикатор құбыр ұштарын сындыруға арналған.

4-сурет. АМ-6 мех аспираторының жалпы көрінісі:

1-проушина; 2-серіппе; 3-мех; 4-қайыс; 5-бұрау шынжыры; 6-сомын; 7-шығу клапаны; 8- мүштік

5 – сурет. АМ – 6 мех аспираторына қатысты аспап.

Шығу клапанын (7) қысқанда мехтан ауа шығуы қамтамасыз етіледі. Қайыс (4) мех жүрісін шектейді, бұрау (5) шынжырмен созылатын ауа көлемін реттеп отырады. Аспиратор бір қолмен-ақ іске қосылады. Мехты қысқанда ауа мүштікке (8) кіргізілген түтікше арқылы шықпайды, өткені, ол шығу клапанға қарағанда бірталай қарсылық көрсетеді. Кері мехтың жүрісінде клапан аспиратордағы сиретілу әсерімен жабылады. Ауа аспираторға тек индикатор түтікшесі арқылы өтеді де, мех қайтадан бастапқы көлемге айналады.

Индикатор түтікшелері арнайы реагентпен толтырылған шыны түтікше. Сыртқы диаметрі 7 мм, ұзындығы 125 мм, ұштары тартылған және бекітілген. Талдау нәтижелер есебін жеңілдету үшін, түтікше бетіндегі реактив қабат жағында анықталатын газды сәйкес мәндері бар дөңгелектер салынған, түтікшедегі көрсеткіш зерттелетін ауа жүру бағытын көрсетеді. Сорылатын ауа реактив түйіршіктерімен әрекеттескенде соңғысы келесі түстерді қабылдайды; қөміртегі тотығынан – жасыл, күкірт газынан – қою көк, күкіртсутегінен – қоңыр, азот тотықтарынан – көкшіл. Индикатор түтікшесінің жарымдылық мерзімі – 15 ай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]