Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-Управление-и-экономика-фармации-4-курс-Фар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

1. Стратегиялық жоспарлау бойынша ситуациялық есеп

I этап. Дәріхана ұйымының экономикалық саясаты алдымыздағы жылы келушілерді қанағаттандыруға, нарықты кеңейтуге және т.б. бағытталған:

II этап. Дәріхананың тауарайналымының жоспарын _______ жылға тоқсандарға бөле отырып құрастыру керек. Есеп беру жылындағы мәліметтер – 200 млн, оның ішінде тоқсандар бойынша: 50 млн, 49 млн, 50 млн, 51 млн. Стационарға қызмет көрсететін дәріханаға дәрімен қамтамасыз ету үшін 0,6 млн қаржы бөлінеді.

III этап. Дәріхана орналасқан ауданда емхана ашылмақшы. Бұл дәріханаға келушілердің санын 15%-ға жоғарылатады. Сәйкесінше тауарайналымы да 15%-ға өседі

IV этап. Тауарайналымының өсуіне байланысты персоналдардың саны да 10-нан 11-ге өседі бъема. Бұл еңбек өнімділігіне қалай әсер етеді, анықтаңдар?

V этап. Өсу стратегиясы – еңбек өнімділігін, қызмет сапасын жоғарылату; бағаны төмендету.

2. Ситуациялық үйрету есептері

1. 10 000 адамға қызмет көрсететін жаңадан ашылатын дәріхана үшін қол сауда бойынша тауарайналымын анықтаңдар. Тіркеу мәліметтері бойынша қол сауда бөлімінде тоқсанның басындағы 5 күнде және аяғындағы 5 күнде сатып алумен аяқталған 695 сұрау болды.

Ұқсас дәріханада келесілер анықталған:

қызмет көрсететін тұрғындардың саны – 9 000;

бір жылдағы келушілер саны – 22 500;

қол сауда бойынша тауарайналымы – 11 250 теңге жылына.

(екі тәсілмен шығару керек).

2. Динамикадағы тауарайналымының өсу қарқынындағы өзгерістегі принципиальды айырмашылық қандай?

Жылдар

Тауарайналымы, мың теңге

1 дәріхана

2 дәріхана

20____ ж.

300,0

400,0

20____ ж.

306,0

416,0

20____ ж.

315,0

428,0

20____ ж.

327,0

437,0

Жоспар мен болжаудың жекек айырмашылық белгілері

Салыстыру белгілері

Ж о с п а р

Б о л ж а у

Объектілер

Орындалуы ұжым қызметіне байланысты болатын көрсеткіштер

Ұйым қызметіне тәуелді де және тәуелсіз де болатын көрсеткшітер мен құбылыстар (экономиканың дамуы, демографиялық жағдайлар және т.б.)

Болашақта ақпаратты қолдану тәсілі

Мақсатты қолданылуы

Оқиғаның болу ықтималдығы

Ниет етілген нәтижелер-дің орындалу еркіндігі

Орындалу міндеттілігі, орындалу мерзімі, құралдары және тәртібі белгіленген

Іс-әрекеттердің міндетті болмауы, оқиғаға немесе нәтижеге қол жеткізудің альтернативті жолдары мен мерзімдері тән

Фармацевтикалық сауда ұйымының жұмыс істеу тәжірибесінде жоспарлау жоғары тәртіптегі қызмет болып табылады. Оның тиімділігінің шарттары болып табылады:

  • жоспарды құрастыруды, оны сәйкес уәкілеттіліктермен және ресурстармен қамтамасыз ететін компетентті тұлға;

  • жоспарды орындайтын тұлғаларды оны талқылау процесіне тарту;

  • жоспардың ішкі және сыртқы ортаның өзгеру шарттарына бейімділігі және икемділігі.

Ұйым қызметінің перспективасын әртүрлі уақыт интервалында болжау тұрғысынан жоспарлаудың екі деңгейі ерекше көңіл аудартады: стратегиялық және ағымдағы (тактикалық және оперативті).

Стратегиялық жоспарлау – бұл кәсіпорын және оның потенциалды мүмкіндіктері арасындағы сәйкестікті құру және қолдауды басқару процесі.

Стратегиялық жоспарлау процесін бірнеше этапқа бөлуге болады:

I – кәсіпорын бағдарламасын жасау, яғни бірыңғай бағытын көрсететін экономикалық саясат. Дамыған бәсекелестік орта жағдайындағы фармацевтикалық ұйымның бағдарламасы клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, нарықты кеңейтуге, сату технологиясын жетілдіруге және т.б. бағытталуы керек.

II – мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау, бағдарламалық нұсқауларды жүзеге асыруға бағытталған нақтры сандық көрсеткштер түрінде. Мақсаттар экономикалық көрсеткіштердің терминдері түрінде тұжырымдалады: тауарайналымы, шығындар, рентабельділік, нарықтағы үлесі, филиалдар саны, ассортименттік позициялардың саны және т.б.;

III – сыртқы талдау, әрі қарай жұмыс істеуіне мүмкіндіктпер мен қауіп-қатерлер төндіретін сыртқы макро- және микроортаның факторлар комплексінің әсерін ескеру;

IV – шаруашылық-қаржы қызметінің ішкі талдауы, ұйымның әлсіз және күшті жақтарын табуға, сонымен бірге қызмет тиімділігін жоғарылату үшін ресурстарды тарту және қайта бөлу мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді;

V – кәсіпорынның стратегиялық өсуін тұжырымдау.

Ұйымның стратегиялық өсуін әртүрлі бағытта жасауға болады. Аралас экономика жағдайында бәсекелекстік стратегиясының маңыздырақ болып табылады.

Бәсекелестік стратегия – бұл бәсекелестік жағдайында қаржы-шаруашылық қызметін дайындау, жоспарлау, бейімдеу және жүргізу, бәсекелестік заңдылықтарын зерттеу және іс-әрекет тәсілдері мен формаларын жасау теориясы мен практикасының саласы.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

Вариант 1

1. Экономикалық талдаудың негізгі міндеттері мен әдістері.

2. Тауарайналымын талдауда қолданылатын көрсеткіштердің сипаттамасы.

Вариант 2

1. Экономикалық талдау әдістері.

2. Жоспардың және жоспарды орындау болжауының ерекшелік белгілері.

Вариант 3

1. Дәріхананың қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлаудың ерекшеліктері.

2. ТБЗ сату көлемінің (тауарайналымының) экономикалық сипаттамасы.

Вариант 4

1. Жоспарлаудың баланстық әдісі және оның маңызы.

2. Бөлшек және көтерме тауарайналымының құрамдас бөліктерін жоспарлау әдісі.

Вариант 5

1. Фирманың қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау ерекшеліктері.

2. ТБЗ сату көлемінің құрылымы.

Вариант 6

1. Тауарайналымыны талдау үшін қолданылатын көрсеткіштер мен әдістер.

2. Тауарайналымын рецептураның жоспарлау әдісі.

Вариант 7

1. Дәріханананың тауарайналымының шамасына әсер ететін факторлар.

2. Тауарайналымын тоқсандар бойынша жоспарлау.

Вариант 8

1. Дәріхананың тауарайналымының құрылымына әсер ететін факторлар.

2. Тауарайналымының меншікті және құндық көрсеткіштерінің сипаттамасы.

Вариант 9

1. Тауарайналымының құрамдас бөліктерін жоспарлау әдісі.

2. Тауарайналымының сандық және сапалық көрсеткіштерінің сипаттамасы.

Вариант 10

1. Тауарайналымын талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер.

2. Майда сауда желісінің тауарайналымын жоспарлау әдісі.

ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ

МАҚСАТЫ

Студенттерді тауарлық ресурстарды басқару негіздеріне үйрету.

Үйрету міндеті – студенттерді тауарлық ресурстардың жіктеллуімен және оның сипаттамаларымен таныстыру.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ

1. «Тауарлық ресурстар» түсінігі.

2. Тауарлық ресурстарды түзу үшін мотивация.

3. Тауарлық ресурстардың жіктелуі.

4. Тауарлық ресурстардың талдауы.

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Сұрақтар бойыншша пікірталас:

  • Тауарлық ресурстар.

  • Тауарлық ресурстарды түзу үшін мотивация.

Кіші топтардағы жұмыс. Презентация:

1. Тауарлық ресурстардың жіктелуі.

а) қолданылуы бойынша;

б) орналасқан жері бойынша;

в) мерзімі бойынша;

г) мөлшері бойынша.

2.Тауарлық ресурстарды талдау. Тауарлық баланс формуласын пайдалана отырып, талдау жүргізіңдер және төменде келтірілген ситуациялық есептерден сәйкес қорытындылар жасаңдар.

Ситуациялық есептер:

Қб +Т = Р + Қс , мұндағы

Қб – кезеңнің басындағы қалдық;

Т – тауарлардың түсуі;

Р – тауарлардың реализациясы;

Қс – кезеңнің соңындағы қалдық.

№№ п/п

Қб

Т

Р

Қс

Ескерту

1.

15

45

50

2.

45

135

100

3.

30

90

110

4.

80

240

140

5.

120

360

380

1.

20

75

25

2.

50

144

48

3.

35

96

32

4.

70

210

71

5.

110

300

110

1.

17

51

18

2.

47

142

45

3.

63

189

61

4.

75

230

70

5.

105

315

95

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – с. 248-253.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. «Тауарлық ресурстар» түсінігіне анықтама беріңдер.

2. Тауарлық ресурстардың жіктелуі.

Вариант 2

1. Тауарлық қорларды түзу үшін дәлелдерді (мотив) атаңдар.

2. Тауарлар қорының шамасын анықтайтын факторлар.

Вариант 3

1. Маусымдық жинақтау мен мерзімінен бұрын әеклінетін тауарлар қорының сипаттамасы.

2. Мөлшері бойынша тауарлар қорының сипаттамасы.

Вариант 4

1. Қауіп-қатерлерді төмендету үшін қажеттілік ретінде тауарлар құрын түзу.

2. Мақсатта қолдануға арналған тауарлар қорының сипаттаммасы.

Вариант 5

1. Табысты алу факторы ретінде тауарлар қорын құру.

2. Орналасқан жері бойынша тауарлар қорының сипаттамасы.

Вариант 6

1. Тауарлар қорын өлшеуде қолданылатын көрсеткіштер.

2. Мерзімі бойынша тауарлар қорының сипаттамасы.

Вариант 7

1. Сауда операцияларын жасау қажеттілік ретінде тауарлар қорын құру.

2. Күнделікті сақтаудағы тауарлар қорының сипаттамасы.

ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛАР ҚОРЫН НОРМАЛАУ(ЖОСПАРЛАУ).

МАҚСАТЫ

Студенттерді тауарлар қорын нормалау негіздеріне үйрету.

Үйрету міндеті – тауарлар қорын нормалау ережелерін оқып-үйрену.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ

1. Айналымдағы заттардың құрамдас бөліктері.

2. Айналымдағы заттар көрсеткішінің сипаттамасы.

3. Тауарлар қорының жіктелуі.

4. Тауарлар қорының шамасына әсерін тигізетін факторлар.

5. Тауарлар қорын және өзге активтерді жоспарлау әдісі.

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Сұрақтар бойынша пікірталас:

  • Айналымдағы заттардың құрамдас бөліктері және оның сипаттамасы.

  • Тауарлар қорының жіктелуі және оның шамасына әсерін тигізетін факторлар.

Кіші топтардағы жұмыс. Презентация. Ситуациялық есептер:

I. Тауарлар қорын және өзге активтерді жоспарлау әдістері.

II. Ситуациялық есептерді шешу.