Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-Управление-и-экономика-фармации-4-курс-Фар...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Тауарлар қорының айналыс уақытын анықтау (нақты тауарайналысын)

Тауарайналымы жыл бойында өзгереді, сәйкесінше тауарлар қоры да өзгереді. Соған байланысты, алдымен өткен кезеңдегі немесе ағымдғы кезеңдегі сату көлемінің орындалуын қамтамасыз ететін ораша тауарлар қорын есептейді.

Тауарлар қорының жағдайын, қолану тиімділігін және жабдқтау сенімділігін бғалау үшін көрсеткіштер жүйесін қолданады:

1) сомадағы тауарлар қорының шамасы (натуралды және ақшалық көрсеткіштерде) нақты күнге және олардың тауарайналымына күндердегі деңгейі. Тауарлар қорының шамасын бухгалтерлік және статистикалық есептің мәліметтері боынша анықтайды. Тауарайналымына күндердегі деңгейі белгілі бір күнге тауарлар қорының сомасын сол кезеңдегі бір күндік сату көлеміне бөлу арқылы есептейді. Қор күндері мен сомадағы тауарлар қорының шамасы және әсіресе олардың өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың қатынасының индикаторы ретінде болады;

2) белгілі бір кезеңге тауарлар қорының орташа мөлшері.

Тауарлар қорының ортраша шамасын есептеудің бірнеше әдістемелік тәсілі бар:

  • орташа арфметикалық (кезеңнің басындағы және соңындағы қор туралы қпарат болған жағдайда): Қ – (Қб + Қс) : 2;

  • орташа хронологиялық (екі уақыттық кезеңнен көп меррзімге тауарлар қалдығы туралы ақпарат болғанда): Қ = (1/2Қб + Қ2 + Қ3 . . . + 1/2Қс) : (п-1), мұндағы: n – қалдық саны;

3) тауарайналысы. Тауарлар қорының қозғалысы бір жағынан, тауарлар қорына кіретін тауарлардың жүйелі шығындалуымен, екінші жағынан тауарлар қорының жүйелі түрде толықтырылып отыруымен сипатталады. Тауарлар қорының бұл қозғалысы тауарайналысы процесі болып табылады.

Тауарайналысы (немесе қор күндері) – бұл есептік кезеңде олардың орташа щамасы мөлшерінде тауарлар қоры сатылатын уақыт. Тауарайналысын есептеу кезінде ақшалық өлшегіштердегі барлық көрсеткіштер сатып алу бағасында беріледі.

Тауарлар қорының айнаысын және мөлшерін талдаудың міндеттінің бірі – сату көлемінің көрсеткішіне олардың әсерін анықтау. Тауарлар қалдығының көп болуы, олардың айналысының баяу болуы тауарайалымының қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылғандығы-ның немесе тауардың сапасының төмендігінің, жақсы өтпейтін тауарлар ассортиментінің болуының және тауарларды жеткізудің біркелкі болмауының куәсі болып табылады.

Нақты тауарлар қорының нормативтен біршама ауытқуы – теріс құбылыс. Тауарлар қоры әр уақытта норматив шегінде болу керек немесе аз ғана ауытқу рұқсат етіледі.

Тауарлар қорының нормативі – бұл шығынды аз жұмсай отырып тұтынушылар сұра-нысын максимальды қанағаттандыратын тауарлар ассортиментінің оптимальды шамасы.

Тауарайналысын жылдамдататын факторлар:

1) ірі кәсіпорындарда тауарайналысының тез болуына қол жеткізіледі. Бұл жағдайда тауарай-налымының өсу қарқыны тауарлар қорының өсу қарқынынан әрқашан жоғары болады.

2) фармацевтикалық заводтардың дайын ДЗ шығаруы, тауарларды тұрғындарға босатуда талап етілетін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді, бұл тауарайналысын жылдамдатады.

3) тауарөткізу жүйелерін жетілдіру және т.б.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва, 1999.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Қорды талдау және жоспарлау.

2. Ағымдағы сақтау қорын моделі.

3. Максималдыт қор. Минималды қор. Орташа оптималды қор.

4. Тауарлар қорының орташа шамасын анықтау.

5. Күндердегі нақты тауарайналысы.

6. Тауарайналысын жылдамдатуды негіздейтін факторлар.

ДӘРІС 9

ТАҚЫРЫП: САТУ КӨЛЕМІН ТАУАРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МАҚСАТЫ

Студенттерді сату көлемін қамтамасыз ету тәртібімен таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Тауарлар қорының нормативін есептеу.

2. Жабынды тауармен қамтамасыз етуді есептеу.

3. Ақшалық заттарды және өзге ктивтерді нормиалау.