Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-Управление-и-экономика-фармации-4-курс-Фар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Тауарлар қорын нормалау

Жоспарлы жылға тауарлар қорының сомадағы абсолюттік көрсеткіші көтерме бағадағы біркүндік сату жоспарының күндердегі тауарлар қорының жоспарлы нормативіне бөліндісі ретінде есептеледі.

Тауарлар қорының нормативі жыл сайын жоспарлы кезеңнің соңына, сонымен бірге сәйкес тоқсандағы айналымды ескере отырып әрбір тоқсанның соңына белгіленеді.

Әрбір тоқсанның соңына нормативті белгілеу абсолютті көрсеткішті – тауарлар қорының сомасын, анықтаудан басталады. Осы мақсатпен базистік жылдың нормативімен салыстырғанда жоспарлы жылдың соңына тауарлар қорын қандай сомаға жоғарылату жоспарланғаны есептеледі. Бұл соманы 4 бірдей бөлікке бөледі. Жоспарлы жылдың 1-тоқсанына нормативті базистік жылдың нормативімен салыстырғанда тауарлар қорын толтырудың ¼ бөлігіне көбейтеді. Екінші тоқсанның нормативі бірінші тоқсанға қарағанда тауарлар қорын толықтырудың ¼ бөлігіне көп болады, яғни осылай тауарлар қорын толықтырудың сомасын тоқсандар бойынша біркелкі бөледі.

Әрбір тоқсандағы тауарлар қорының нормативі әрбір тоқсанның тауарлар қорының сомадағы нормативін сәйкес тоқсандағы жоспарлы біркүндік айналымға бөлу арқылы анықтайды.

ДП номенклатурасындағы қорды басқару сапасын бағалау үшін сонымен бірге айналыс көрсеткіші, яғни ДП тұтынылуының орташа қорға қатынасы қолданылады.

Тауарлық қамтамасыз етуді (жабынды) есептеу

Берілген сату көлемін орындау және оптимальды тауарлар қорын түзу үшін. Тауарлық қамтамасыз ету мөлшерін есептеуді білу қажет.

Тауарлық қамтамасыз ету натуралды және ақшалық өлшегіштерде есептеледі. Жалпы қажеттілік келесі формуламен есептеледі:

П – Р + О + Е + Ф + Г , мұндағы

П – жалпы қажеттілік – тауарлық қамтамасыз ету (түсу жоспары);

Р – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сату көлемі;

О – тауарлар қорының өсу қарқыны

Е – табиғи шығынның орнын толтыру

Ф – әртүрлі себептер бойынша препараттарды тізімнен шығарудан болған жоғалулардың орнын толтыру үшін қор (мысалы, жарамдылық мерзімі өткен препараттарды тізімнен шығарудан болған);

Г – сұранысты өзгертуге резерв.

Дәріханада қарапайым есептеулер жүргізіледі. Тауарлардың түсуі тауарлық баланс формуласынан шығарылады:

Т = С + Қб – Қс

Тауарлардың түсуі көтерме бағада есептеледі, сондықтан тауарлық теңдеудің ббарлық элементтері сәйкес бағада болуы керек.

Осы формула бойынша бір жылға тауарлардың түсуі болжанады. Көптеген дәріханаларда тауар жыл бойына, тіпті айына бірнеше рет түседі.

Ақшалық заттардың қорын нормалау

Ақшалық формадағы айналымдағы заттар дәріханада қысқа мерзімдік болады, сондықтан оларды нормалау қарапайым. Ақшалық заттар қорының жалпы нормативін кассадағы ақшалық заттар қорының нормасын және жолдағы (банкке түсімді өткізуге арналған) ақшалық заттардың орташа сомасын қосу арқылы анықтайды.

Кассадағы нақты ақшалық заттардың шекті лимиті әрбір дәріханадағы түсімді инкассациялау тәртібі мен өткізу мерзімдерін ескере отырып белгіленеді.

Түсімнің жолда болу уақытына почтамен жіберу егер дәріхана түсімді почта арқылы жіберсе) немесе инкакссатор арқылы жіберу, сонымен бірге банкке түскен түсімді есеп шотына аударғанға дейінгі өңдеу жатады.

Бұл уақыт орташа есееппен қалалық дәріханалар үшін 1-2 күнге, ал ауылдық дәріханалар үшін 3-4 күн. Көрсетілген уақыт ақшалық заттардың күндердегі жоспарлы нормативі болып табылады. Сомадағы ақшалық заттардың нормативі сату бағасы бойынша дәріхананың жоспарланған бір күндік айналымын күндердегі ақшалық заттардың бекітілген жоспарлы нормативіне көбейту арқылы анықталады.

Өзге активтперді нормалау (материалдық құндылықтарды). Тауарлар қоры мен ақшалық заттардың қорын жоспарлаумен қатар дәріханада өзге құндылықтардың қорын жоспарлау да жүргізіледі: тараның, көмекші материалдардың, отынның, дәрілік шикізаттың және т.б.

Тараның оптималды жоспарлы қоры дәріхана үшін сомадағы тауарлар қорының жоспарлы нормативінің 3-3,5% құрайды.

Көмекші материалдардың жоспарлы қоры тауарлар қорының нормативінің 2-2,5% құрайды.

Отын қорының жоспарлы нормативі жылытылатын ғимараттың кубатура көлеміне, отынның түріне және құнына, жылыту маусымының ұзақтығына байланысты анықталады.

Дәрілік шикізат қорының жоспарлы нормативін дайындау құны бойынша есептелген дайындалатын шикізаттың жоспарланған көлемі мен номенклатурасын ескерем отырып анықтайды.

Құрылыс материалдар қорының жоспарлы нормативін жөндеу жұмысының көлеміне, қажетті құрылыс материалдарының мөлшеріне және құнына байланысты анықтиайды.

Аз бағалы заттар бойынша норматив олардың қалдық құны (тозу құнын қосқанда( бойынша есеп мәліметтерінің негізінде жоспарлы жылға алынуы жоспарланып отырған аз бағалы заттарды қосы отырып анықталады.

Тара, көмекші материалдар, аз бағалы заттар және басқа да құндылықтар бойынша барлық нормативтер жоспарда бір топқа біріктіріледі, ол «өзге нормаланатын активтердің нормативі» деп аталады. Бұл норматив дәріхана үшін сатып алу бағасында тек абсолютті сомада ғана анықталады.

Экономикалық мазмұны бойынша өзге активтердің тобына кіретін айналымдағы заттар әртүрлі, сондықтан олардың шамасы тауарайналымының шамасына тұрақты тәуелділікте болмайды.

Дәріхана ұйымының айналымдағы заттарын талдау және жоспарлау бойынша жүргізілген есептеулердің негізінде жоспарлы кестені құрайды, онда тауарлар қорының және ақшалық заттардың бір жылға және тоқсандар бойынша күндердегі және сомадағы нормативі және сомадағы өзге активтердің нормативі көрсетіледі.

Дәріхана тауарлар айналысын жылдамдату жолдарын іздейді және тауарлардың жатып қалуын болдырмайды.

Жаңадан ашылатын дәріхана үшін айналымдағы заттардың нормативін жоспарлау ұқсас жағдайдағы дәріхананың көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Тауарлар қорының нормативі қандай көрсеткіштерде есептеледі.

2. Тауарлық қамтамасыз ету формуласы.

3. Ақшалық заттар қорын нормиралау.

4. Өзге активтерді нормалау.

5. Көмекші материалдарды жоспарлау.

6. құрылыс материалдарын жоспарлау.

ДӘРІС 10

ТАҚЫРЫП: ЕҢБЕК, ЖАЛАҚЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЖОСПАРЛАУ

МАҚСАТЫ

Студенттерді еңбек пен жалақы бойынша көрсеткіштерді жоспарлау принциптерімен таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Нарықтық жағдайда жалақы мен еңбек көрсеткіштерін жоспарлаудың алдын ала сілтемелері.

2. Еңбек өнімділігін талдау.

3. Еңбек пен жалақы бойынша талдаудың негізгі міндеті.