Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-Управление-и-экономика-фармации-4-курс-Фар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

Тауарлар қорының мөлшеріне әсерін тигізетін факторлар

Тауарлар қорын нормалаудың ерекшелігі, күрделілігі мынада, тауарлар қорының шамасы екі тенденцияда анықталады: бір жағынан, сатуды ұйымдастыруды жақсарту, тауаржылжытуды рационализациялау қорды қысқартуға әкеледі, екінші жағынан – өндірісті ұлғайту, шығарылатын ДП ассортиментінің кеңеюі, сату мәдениетін жоғарылату тауарлар қорын әрі қарай көбейтусіз және үздіксіз сатуға кепіл болатын кең таңдаудыц қамтамасыз ететін деңгейге дейін жеткізусіз мүмкін емес. Мысалы, сату көлемін көбейту, ДДЗ меншікті үлесінің өсуі тауарайналысын жылдамдатады. Бұл жағдайда жалпы сатудағы дәрі-дәрмектер тобының сатылу пайызының өсуі рецепт бойынша босату салдарынан тауарайналысын баяулатады.

Тауарлар қорының түзілу ерекшеліктеріне сонымен бірге, өндіріс, тасымалдау және тұтыну ерекшеліктері де жатады.

  • Өндіріс шарты (жағдайы) – өндірістің біртектілігі, кезеңділігі және маусымдығы. Өндірісті тұтыну аудандарына жақындату тауарларды жылжытуда аралық көтерме буындардың қатысуын болдырмайды, бұл тауарлардың қоймада және жолда болу уақытын азайтады, тасымалдауды қысқартады.

  • Тасымалдау шарты – жыл бойынша тұрақты болуы немесе тасымалдаудың маусымдылығы. Мысалы, алыстағы аудандарға тауарларды жеткізу жыл бойынша тұрақты бола алмайды. Тауарлар қорының шамасына дәріхана желісіне тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын тасымалдау құралдарының жай-күйі де әсерін тигізеді.

  • Тұтыну шарты – тұрақты, маусымдық және т.б.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва, 1999.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Тауарлар қорын құру қажеттілігін анықтайтын факторлар.

2. Тауарлар қорын құру мотиві.

3. Тауарлар қорының қолданылуы, орналасқан жері, мерзімдері, мөлшері бойынша жіктелуі.

4. Қор құнын бағалау әдістері: ФИФО, ЛИФО.

5. Тауарлар қорының мөлшеріне әсер етпетін факторлар.

ДӘРІС 8

ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛАР ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ НОРМАЛАУ

МАҚСАТЫ

Студенттерді фармацевтикалық ұйымның тауарлар қорын жоспарлаумен және талдаумен таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Тауарлар қорын талдаумжәне жоспарлау.

2. Тауарлар қорының айналыс уақытын анықтау.

Қорды талдау және жоспарлау

Тауарлар қорын жоспарлау – бұл оптимизациялауға бағытталған экономикалық және ұйымдастыру іс-шараларының кешені. Тауарлар қорын оптимизациялау кезінде екі міндет қойылуы мүмкін:

1. Сұранысты қамтамасыз ету үшін ДП номенклатурасында натуралды және ақшалық өлшегіштерде нормативті, оптималды қорды белгілеу.

2. Тауарайналымыың элементтерінің баланстық байланысын қамтамасыз ту үшін тауар-лардың барлық номенклатурасы бойынша сомадағы тауарлар қорының мөлшерін белгілеу.

ДП номенклатурасын бағалау үшін оптималды қор, сақтандыру, минимальды, максимальды, орташа оптимальды қор көрсеткіштерін қолданады (қажет болған жағдайда бұл мәліметтерді теңгемен беруге болады).

Сауда (жұмысшы) қоры

Опт.

Орт. опт.

Ағымдағы қолдану қоры

Max

M in

Тапсырысты беру және тауарларды алу арасындағы қор

Сақтандыру (резервті) қор

Қорды оптимизациялау міндетін тауарлар қорының жалпы шамасын сомада немесе са-лыстырмалы көрсеткіште нормалау әдісімен шешеді – айналыс уақыты немесе қор күндерінде.

Бір жылға тауарлар қоры

Қор күндері

IV тоқсандағы көтерме бағадағы бір күндік сату көлемі – қор күндері

Көтерме (боса-ту) бағадағы сомасы

Бірқатар жылдардағы нақты тауарайналы-сын талдау (есептеудің үш тәсілі);

Тауарайналысын жылдамдату есебінен қор күндерін (айналыс уақытын) азайту резервін іздеу: а) ДДЗ көбейту; б) ақпараттық жұмысты жақсарту; в) еңбек өнімділігін жоғарылату