
- •III. Глоссарий
- •Пән бойынша берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру графигi
- •Пәнді оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету картасы
- •IV. Дәрістер кешені
- •1.1 Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбие
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •1.4 Орта ғасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •1.5 Ақш пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған дебиеттер:
- •2 .4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.5 1980-1991 Ж. Ж. Аралығындағы тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 3 Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 4 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •V. Практикалық сабақтар
- •1.1 Практикалық сабақ тақырыбы: Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •1.3 Практикалық сабақ тақырыбы: Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.1 Практикалық сабақ тақырыбы: X-XVIII ғ. Ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.2 Практикалық сабақ тақырыбы: XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Реферат тақырыптары:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •2.3 Практикалық сабақ тақырыбы: 1917-1941 ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.4 Практикалық сабақ тақырыбы: 1941-1980 ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.2 Практикалық сабақ тақырыбы: хү-хүiii ғ.Ғ. Қазақ хандығының құрылуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.3 Практикалық сабақ тақырыбы: хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзбетінше орындалатын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •3.3. Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
Ұсыныл5ан әдебиеттер
1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.
Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
Мақсаты: Антикалық замандағы педагогикалық ой-пікірлердің дамуымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Ертедегі Грециядағы тәрбие және мектептердің дамуы.
2. Ертедегі Греция философтарының тәрбие жайлы ой-пікірлері.
3. Ертедегі Римдегі тәрбие мен мектеп және оның Таяау Шығыс мәдениетімен сабақтастығы.
Негізгі ұғымдар: шумерлік жазу, пиктография, дидаскалейон, полистер.
Ертедегі Грециядағы тәрбие және мектептердің дамуы. Ежелгі шығыстық өркениет ұсынған алғашқы мектеп үлгілері антикалық, яғни ежелгі гректік-римдік дәуірде өз жалғасын тапты. Ежелгі Греция мен Римдегі, Эллиндік кезеңдегі мемлекеттерде өскелең ұрпаққа білім беру ісінің мазмұны, әдістері, оқу-тәрбие істерін ұйымдастырудағы жетістіктері жєне оларды сол замандағы философтардың рефлексия деңгейіне дейін көтеріп қарастыруы, мектеп пен педагогикалық пікірлердің дамуына игі ықпал жасады.
Антикалық дәуір өркениеті территориялық шекарасы өте кең де, уақыт өлшемі – ұзақ. Ол б.з.д. 3-2 мыңжылдықта Эгей теңізіндегі аралдарда олардың жағалауындағы құрлықта ежелгі грек мәениеті пайда болғаннан бастап, б.з.д. V ғ. гректік-римдік әлемнің біржола ыдырап, орта ғасырлық өркениетті бастау алуына дейінгі дәуірді қамтиды.
Өйткені антикалық әлем өзінің жан-жақты даму сатысында Атлант мұхитынан Египетке (Мысыр), Орталық Азия мен Индия сияқты үш құрлықтың жерін қамтиды.
Б.з.д. Эгей теңізінің аралдарында ең алдымен Критте жєне Грекия жерінде экономикасы мен мәдениеті жағынан Египет, Кіші Азия, Финикия жєне Месопотамия (Қосөзен) сияқты ежелгі Шығыс өркениетіне ұқсас ерекше мәдениет түрі қалыптасты. Осындай өзіндік мәдени даму жағдайында б.з.д. 3-ші мыңжылдықта Крит аралында ежелгі шумерлік жазуға ұқсас пиктографиялық белгілеріне қарай жазу пайда болды, ғибадатханалар мен сарайлар шаруашылық қажеттіліктерін бейнелейтін жазумен безендірілді.
Б.з.д. 2-ші мыңжылдықтың ортасында бұл аймақта абыздар (жрецтер), патша сарайының қызметкерлері, тіпті қалалық бай тұрғындар арасында буындық жазуды меңгеру, кең етек жайды. Криттік жазуда кейін дауысты және дауыссыз дыбыстарды білдіретін белгілер пайда болды.
Ежелгі Шығыстық өркениет сияқты бұл жерде де оқытудың алғашқы орталықтары ғибадатханалар мен патша сарайларында құрылды. Мєселен, крит патшасының сарайында хатшы қызметшілер мен олардың шәкірттеріне арналған арнайы орындар болған. Криттік хатшылар жазу ісінің бұлжымайтын ережелерін жасады, жазу солдан оңға қарай және жолдардың орналасуы жоғарыдан төмен қарай орналасуы тиіс. Сондай-ақ олар бас әріптерді жаңа жолдан бастап жазуды ойлап тапты. Осыныњ өзі кейінгі ғасырларда еуропалық жазба мәдениет мұрасына айналды.
Ежелгі Греция мен Криттегі мәдени даму б.з.д. ХІІ-ХІ ғ.ғ. Балќан түбегінің грек жағалауларын мекендеген жауынгер доршілік тайпалардың басып кіруіне байланысты тоқтап қалды. Б.з.д. IX-VIII ғ.ғ. Грециядағы жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқыту ісі аты аңызға айналған ежелгі грек ақыны Гомердің “Илиада”, “Одиссея” дастандарында бейнеленген. Гомердің үй ұстаздарынан тәлім алған, көбіне ақсақалдардан тәлім-тєрбие алып, олардың тілі өте бай, аңыздарды, құдайлардың іс-әрекетін, өз тайпасының тарихын жақсы білетін, ән салып, музыкалық аспаптарда ойнап, жазған хаттарды оқи алатын, ақыл-ойы терең, адамгершілік қасиеті мол және дене күші мығым, жан-жақты жетілген адам бейнесін жасады. Көне дәуірдегі гректерге денесінің шымыр болуы және кісінің қару қолдануға жарамдылығы адамдық қасиеттің негізгі белгілері ретінде саналғандықтан эпикалық поэмаларда бұл туралы “төзімді, мықты, бұлшық еті ойнаған” деген мінездемелер жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылған. Гомердің шығармаларында адамгершілік тәрбиесінің мұраттары да ашып көрсетіледі, бас кейіпкер “әділетті, сенімді, әдеп-ғұрыпты қастерлей білетін адам ретінде бейнеленеді. Сөйтіп, Гомер “ақылды” жан-жақты дамыған кейіпкердің бейнесін жасады.
Б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. ежелгі гректердің дәстүрлі тәрбиесі туралы мағлұматты Гесиодтың “Еңбек және уақыт” деп аталатын поэмасынан кездестіруге болады. Поэмада күнделікті тіршілік заңдылықтары жастарға өсиет ретінде көркем тілмен баяндалып, адамның ең басты қасиеті еңбексүйгіштік болуға тиісті деген уәж беріледі.
Спартада рухы күшті және физикалық дене бітімі қуатты дамыған адамды тәрбиелеу дәріптелді, бірақ оның сауатын ашуға, оқу-жазуға үйретуге, білімін көтеруге мән берілмеді. Кезінде Аристотель спарталық жастардың әскерде соғыс қимылдары кезінде өздерін сенімді ұстайтынын атап өтумен бірге олардың дүниетанымының шектеулілігінен бос уақыттарын дұрыс пайдалана алмайтындықтарын спарталық тәрбие жүйесінің ең басты кемшілігі деп есептеді. Керісінше, Антикада жасөспірімдерге жан-жақты білім берілді. Бұл айырмашылық Фулкидидің “Тарихында” келтірілген афиналық Периклдің “біздің мемлекетіміз Эллададағы ағарту ісінің орталығы, менің ойымша бізде әрбір адам көптеген кәсіпке бейімделе алады деп есептеймін” деген сөзінен айқын сезіледі.
Спартада жан-жақты жетілген азаматтарды тәрбиелеу ісі тұтастай мемлекет тарапынан қадағаланып отырды. Алғаш рет адамзат тарихында тұлғаны мәдениеттендіру тәжірбиесі жүзеге асырыла бастады.
Спарталықтардың қоғамдық тәрбиесі, олар өмірге келген алғашқы күннен басталды. Тарихшы Плутархтың айтуынша, жаңа туған нәрестені ақсақалдар алқасы тексеруден өткізді. Әлсіз және кемтар балаларды Тайгет шыңырауына лақтырып, ал дені сау мықтыларын тәжірибелі емізушілерге беретін. Спарталық сүт аналар (біреудің баласын емізушілер) бүкіл Грецияда жақсы тєрбиешілер ретінде бағаланып, олар нәрестелерді құндақтамай, денелерін бос қоятын, тамақты мөлшермен ішуге және таламауға, қараңғыда қорықпауға үйретті.
Үстем тап балалары 7-ден 18 жасқа дейінгі аралықта мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді, мұнда дене тәрбиесіне ерекше мән берілді, жасөспірімдердің денесін шынықтыруға, оларды аштыққа, шөлге, суыққа, қиындыққа, шыдамдылыққа жаттықтыруға, соғыс өнерін үйретуге айрықша көңіл аударылды. Сонымен бірге әскери қимылды ойындар, музыка тыңдау, дидактикалық ойындар, ән айту және діни билерді игеру әрекеттеріне дағдыландырылды. Мектептегі оқу сауат ашумен шектелді. Спарта тәрбиесінің мақсаты – қатаң тәртіптілік, жауына деген қатігездік, қайырымсыздыққа тәрбиелеу еді. Оларға ауық-ауық құлдардың жатақтарына шабуыл жасап, кейде құдарды өлтіруге дейін құқық берілген болатын.
Дәулетті отбасының 18-20 жастағы жастары әскери міндеттерді атқаруға тартылып, бекіністер салу, теңізге жүзу және қала гарнизонында әскери қызмет атқаруға тиіс болды.
Спартада мемлекет қарамағында тәрбие беру ұзаққа созылғанымен ол үш кезеңге: 7-ден 15 жасқа, 15-тен 20 жасқа, 20-дан 30 жасқа дейінгі кезеңдерге бөлінді. Соңғы кезеңде 20 мен 30 жас аралықтарында дарынды, қабілетті деген жігіттер мемлекетті басқару ісіне даярлану үшін атақты философтардың тобына кіріп, мемлекеттік басқару істерін жүргізуге қажетті білімдерін толықтыратын болды. Ал қалған 20 жастан асқандары он жылдар бойы әскери қауымдастықтың мүшесі ретінде әскери міндеттерін атқарды.
Спарта мемлекетінің қыз балалары дене күші мен әскери (диск, найза, қылыштасу) жаттығуларымен шұғылданып, шағын көлемде жалпы білім алу дайындығынан өтеді.
Бірінші кезеңде бала 7 жасқа келгенде барлық спарталық ұлдарды жинап агелдарға, оның ішінде илдарға бөлді. Агелді ақылымен және гимнастикалық жаттығуларда көзге түскен ұлдардың бірі басқарады. Плутарх агелды “тіл алу мектебі” деп атаған, ұл балалар мұнда “бағыну мен бұйрық беру өнеріне” жаттығатын болған. Басқаша айтқанда, билік басындағылардың айтқанын бұлжытпай орындайтын тіл алғыш азаматтар болуға дайындалған. 13 жастан бастап жеткіншектер, Плутархтың айтуынша, “гимнастикалық жаттығулар мектебінде” оқып тәрбиеленген, оны ақсақалдар тағайындаған “педон” басқарған. Бұл мектептер аға буын өкілдерінің қамқорлығында болған. Спарталық жасөспірімдердің бәрі де әскери өнерге жаттықтырылған, олармен адамгершілік тақырыптарына әңгімелер өткізіліп отырған. Әңгіме барысында айтылатын ойдың нақтылығы мен қысқалығына үлкен мән берілген.
14 жастан бастап ұлдар “Эйрен” сатысына дене күшін молықтыру және музыкалық дайындық алу сатысына көшірілетін болды. Жастардың күшін және ән айту, флейтада ойнау қабілетін байқау үшін жыл сайын халық алдында “агон” деп аталатын сайыстар өткізіліп тұрды. Өйткені, гимнастикалық жєне музыкалық сыннан өткізу жастардың әскери дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді деп саналды.
Жеткіншектердің төзімділігі мен шыдамдылығын тексеру жарыстары шыбықпен сабау түрінде де жүргізілді.
Демократиялық Афинада балалар 7 жасқа дейін отбасында тәрбиеленген. Ата-аналар мұнда – балалардың дене дамуы мен дәстүрлі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлген.
“Педагог” деген сөз “баланы жетектеушіі” деген мағынаны білдіретін.
Афинадағы классикалық кезеңдегі алғашқы оқу орны “Дидаскалейон” – жекеменшік әрі ақылы оқу мекемелері жұмыс жасады. Тәрбие мақсатына сәйкес жастардың рухани және денсін дамыту тәрбиенің басты мазмқнын құрады.
Афиналықтарда мектептің мусикалық және гимнастикалық - палестра деген екі түрі болды.
Мусикалық мектептер мен палестраларда оқу курсын аяқтаған ақсүйек отбасыларының балалары бұдан кейін 16-18 жастың аралығында гимнасияларда білімдерін жетілдірді. Б.э.д. V-ІV ғ.ғ. Афинада Академия, Ликей, Киносарг деп аталатын үш гимнасия жұмыс істеген. Бұл мекемелерде атақты шешендер мен ақындар жастармен өсиет әңгімелер өткізді.
Академия гимнасиясы қасиетті ормандағы аты аңызға айналған афиналық батыр Академнің ғибадатханасында орналасқан. Платон өз шәкірттерін дәл осы жерде оқытқан. Ликей гимнасиясы мифтік тұлға Апалон Ликейскийдің ғибадатханасының қасында болғандықтан мұнда жастарды Аристотель оқытқан.
Б.з.д. V-ІV ғ.ғ.басында Афинада және Элладаның басқа да қалаларында логика мен шешендік өнерге үйрететін софист-мұғалімдердің жеке мектептері ашылады.
Солардың бiрi – Пифагор (б.з.д. VI ғ.) жастардың адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеудiң ережелерiн жүйелеп мұғалiм мен оқушы қарым-қатынастарына гуманистік тұрғыдан сипаттама берген. Оқыту мен тєәбиелеу жас деңгейiне қарай ұйымдастырылуға тиiс.
Ежелгi Грецияның бiрiншi қатардағы философы Гераклит (б.з.д. 520-460 ж.ж.) бiрнеше негiзгi педагогикалық идеяларды ұсынды, ол әр адам оқуға қабiлеттi және адамгершiлiк қасиеттi, өз мiнез-құлқын тәрбиелей алады; ақыл мен сезiм – танымның басты құралы; ақыл –шындықты танудың басты белгiсi, оның мәнiн ұғындырады дегендi айтты.
Гераклиттің педагогикалық идеяларын грек философы Демокрит (б.з.д. 460-370 ж.ж.) ары қарай дамытты. Энциклопедист-ойшыл, дүниеге материалистік көзқарастың негізін қалаушылардың бірі болған – Демокрит сезім мен ақыл арқылы берілетін білімнің айырмашылығын анықтай отырып, таным туралы жаңа теорияның негізін қалады. Ол сезімді “тұманды таным” деп есептеді, балалар ойлауға үйретілуге тиіс; балаларды дұрыс тәртіпке жаттықтыру керек, бірден “жақсы адам болып тумайды, ол жаттығудың нєтижесінде қалыптасады”; баланы еңбекке үйрету өте маңызды деген пікірлер айтты. Сонымен бірге Демокриттің пікірінше өзін-өзі жетілдірудің негізі баланың қызығушылығынан басталады, ал мұғалімнің міндеті – сендіру арқылы балалардың қызығушылығын ояту. Мұғалiм баланың табиғаты мен тәрбиенi байланыстырушы болып табылады деп, оны “микрокосм” деген терминмен атаған.
Ежелгі Грецияда педагогикалық ой-пікірлерімен танымал болған ойшылдардың бірі – Сократ (б.з.д. 470-399 ж.ж.). Егер софистер ақиқатты танып білуге болмайды десе, ңзамандасы және қарсыласы Сократ ақиқатты пікір-талас арқылы тануға болады деп санаған. Замандастарының айтуы бойынша Сократ уақытының көпшілігін алаңдарда, гимназияларда жастармен әңгімелесумен өткізген. Сократ – адамның табиғи дарыны туралы iлiмнiң негiзiн қалады, ол адам өзiн-өзi тану арқылы дарын қабiлетiн дамытады, бұл адамныњ өзiн жетiлдiрудегi басты жол деп есептедi.
Сократ эвристикалық оқыту әдісін қуаттады. Оныњ артында қалған педагогикалық шығармалары жоқ, бірақ бізге оның ой-пікірлері көптеген шәкірттерінің естеліктері арқылы жетті. Сократ өзінің педагогикалық тәжірибесінде диалог әдісін кеңінен қолданған. Ақиқатты өз шәкірттерімен диалог жүргізу арқылы айқындауға тырысқан.
Сократтың әйгілі шәкірттерінің бірі Ксенофонт (б.з.д. 430-355 ж.ж.) “Киропедия” немесе “Кирдің тәрбиесі” деген педагогикалық романдарында билеушінің тәрбиесі мен білімі туралы өз пікірін білдіре отырып, афиналық және спарталық тәрбие жүйесін талдайтын бірқатар жалпы педагогикалық идеяларды ұсынады. Ол жеке тұғлғаға білім беру процесінде мәнеріне келтіріп сөйлей білу өнеріне үйретудің рөлін жоғары бағалады. Оның негізгі кейіпкерлері гректің классикалық шешендік өнерінің барлық ережелеріне сәйкес үлгіде сөйлейді. Ксенофонттың пікірінше білімді адам пікір-таластыру өнерін өте жақсы меңгеріп, талдай білуі тиіс. Ол жастарға білім беру ісі жеке адамдардың қолынан алынып, Спартадағы сияқты мемлекеттің бақылауында болуын талап етті.
Ксенофонт тәрбие ісінде әділеттілікке үйретуді бірінші орынға қояды, балалар күн сайын ересектердің адамгершілік іс-әрекеттерін көрсін, үлгі алсын, тәрбие процесінде сәбилік, балалық шаққа емес, жасөспірімдік кезеңге ерекше көңіл аударылсын, оның ақыл-ойын дамытуға көңіл бөлінсін дейді.
Сократтың атақты шәкірті Платон (б.з.д. 428-348 ж.ж.) жоғарыда аталған үш афиналық гимнасиясының бірінде философиялық мектептің – Академияның негізін қалап, оған өзі жетекшілік етті.
Академиядағы білім мазмұны жан-жақтылығымен ерекшеленді, онда математика, диалектика, астрономия, жаратылыстану, т.б. ғылым салалары оқытылды. Сократтың бiлiм әңгiмелесу, пiкiр-талас, диалог амалдарын жетiлдiру арқылы берiлуi керек дейтiн пiкiрлерi, оның шығармаларында кеңiнен талданады.
Платон мемлекеттік мектептер жүйесін құру идеясын ұсынады, аристократиялық мемлекет-полисте отбасындағы бала тәрбиесі мен мектептегі оқыту ісі мемлекеттің баылауында болуға тиіс, соның мүддесін көздеуі керек деген пікірді айтады. Тіпті полистегі билік орындары некелесу барысында реттеп отыруға міндетті. Осы іске арнайы бекітілген жетекші адамдар дүниеге дені сау ұрпақ әкелетін ата-аналар жұбын өздері таңдап, жаңа туған нәрестелерді қоғамдық сүт аналар мемлекеттік тәрбиелеу үйлерінде емізулері тиіс. Сәбилерді 3-6 жас аралығында тәрбиелеу ісі ғибадатханалар маңында арнайы жабдықталған алаңдарда тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылуы қажет делінді. Ал 12-16 жастағы жасөспірімдер палестралар мен гимнасияларда оқуларын жалғастырып, мемлекеттік және әскери қызметке дайындалуға, ақсүйектердің 18-20 жастағы жас жігіттері эфебияларда әскери-гимнастикалық және философиялық жаттығулардан өтуге тиiс, бұл әскери қызмет атқарумен пара-пар дейдi.
Үлгiлi қоғамда әрбiр азаматтың жалпыға бiрдей мiндеттi (үш жылдық) оқудың қажеттiлiгiн айтып, хат танытудың, математикадан бастауыш бiлiм берудiң, еңбектiң алғашқы элементтерiн игертудiң бағдарламасын жасады. Бiлiм берудiң ойын түрiнде жүргiзiлуi және оның тәрбиелiк ұстанымы Платонның жалпы оқыту тәжiрибесiне қосқан үлкен үлесi деуге болады.
Мектептегі білім берудің мазмұны мен тәрбиенің мәні, оның “Протагор”, “Федон”, “Мемлекет”, “Федр” деген еңбектерінде қарастырылған. Платонның идеяларын жалғастырушы әрі оның шәкірті ежелгі дәуірдің көрнекті ойшылы және педагогы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) болды. Ол ІV ғ.аяғына қарай Балқан түбегін, Жерорта теңізінің шығысын, Иран, Орта Азия, Индия жерлерін жаулап алып, әлемдегі ең ірі империя құрған Александр Македонскийдің (б.з.б. 356-323 ж.ж.) тәрбиешісі болатын. Аристотельдің энциклопедиялық танымы ерте дәуірдегі ғылымныњ даму деңгейінің көрсеткіші деуге тұрады.
Ол өзінің Ликкейінде перипатетикалық (грекше – перипатегикос – қыдырып жүру) мектеп құрды. Мұнда оқыту серуендеп жүру кезінде жүзеге асырылды. Аристотель өз шәкірттері үшін бірнеше еңбек жазды, олардың ішіндегі ең күрделісі ретінде – “Метафизиканы” атауға болады. Сонымен бірге Аристотельдің логика туралы пікірлері “Органон” атты жинақта берілді.
Аристотельдің Платоннан өзгешелігі сенсорлық (сезіммен) оқуды ұсынуында еді. Сенсорлық қабылдау – танымның негізі деп атады, ол таным құралына дедукция мен индукцияны жатқызды. Аристотель өзініњ “Поэтика” деген еңбегінде мимезис (еліктеу) және катарсис (тазалану рухы) деген ұғымдарды енгізе отырып, эстетикалық ілімнің негізін қалады. Оныњ бұл идеялары эстетикалық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Аристотель Грециядағы шешендік өнердің тәжірибесін жинақтап, “Риторика” атты трактатында талдады. Риториканы шешен болу үшін де, жастардың тәрбиешісі болу үшін де меңгеру керек, риторика сендіру құралы деп есептеді.
Тәрбие мен оқыту үрдісінде белгілі бір мєселені талқылауда сендіру тәсілдерін қолдану және оқушыларға ғылымның әр саласынан бiлiм беру жастарды өздiктерiнен ой түйiнiн жасауға бейiмдейдi дегендi айтады. Ол жастарды тәрбиелеу мен оқыту ісін мемлекеттік тұрғыдан қолға алу идеясын жақтады.
Аристотель адамның дамуына ықпал ететін факторларды қарастыру мәселесіне көңіл бөле келіп, үш негізгі фактор: 1) сыртқы, яғни адамның сезім мүшелері арқылы қабылдайтын әлем – қоршаған орта; 2) адамның бойындағы бейімдерін дамытатын ішкі күштері; 3) қоғам-мемлекет үшін қажетті адамнық қабілеттерін мақсатты түрде тәрбиелеу деп атап көрсетті. Жалпы алғанда, Аристотельдің пікірінше жанның қызметі – ақыл. Ақыл-ойды тәрбиелеудің маңызы зор, ал оның дұрыс жүргізілмеуі жанның бұзылып, рухани күйзеліске ұшырауына әкеліп соғады. Сондықтан тәрбиешінің басты міндеті – баланың ақыл-ойын жетілдіру арқылы табиғи мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.
Тәрбие мен білім беру мєселелерін қарастыру барысында Аристотель алдымен пифагорлықтардан кейін Платон негізін салған балалар дамуының жас ерекшелік кезеңдерін (туғаннан 7 жас, 7-14 жас, 15-21 жас) ұстанды.
Эллиндік дәуір (б.з.д. III-I ғ.ғ.) Александр Македонскийдің қайтыс болған жылынан басталады. Аталған дәуір Жерорта теңізі, Таяу Шығыс, Кавказ, Солтүстік Африка сияқты ірі территорияда грек мәдениетінің таралуымен сипатталады. Ол сонымен бірге сол дәуірдің мәдени өмірі эллиндік және шығыс элементтерінің өзара байланысымен, сондай-ақ грек полистерінің ықпалы нәтижесінде Таяу Шығыс елдеріндегі дәстүрлі тєрбие түрлерінің де, тєәбие мұраттары да, өзгеруімен де ерекшеленеді. Егер классикалық Грецияда тәрбиенің мақсаты батыл, ержүрек тұлға қалыптастыру болса, эллиндік дәуірде өз істеріне жауап бере алатын, тәуелсіз, жігерлі тұлға мұрат ретінде қабылданды.
Эллиндік кезеңде қаланың (полистер) жергілікті билік орындарына бағынатын мемлекеттік оқу орындары дами бастады. Эллиндік полистердегі мектептерді бақылау ісін халық жиналысы мен қалалық әкімшілік жүзеге асырды. Халық жиналысында білім беру саласындағы маңызды мәселелер талқыланып, іске асырылып отырды.
Эллиндік дәуірде гимнасиялар дәулетті отбасының балаларына арналған мемлекеттік оқу орны болды. Бұл кезеңдерде әрбір қалада полиста-гимнасиялар жұмыс жасап, бұрынғы Академия, Киносарг, Ликей деп аталатын гимнасияларға тағы да екеуі – Птолемеон және Диогениум деп аталған оқу орындары қосылды. Соңғы аталған екеуінің негізін қалаған әрі қамқорлыққа алған Мысыр патшасы - Птоломей мен Македония билеушісі Диогениум еді. Гимнасияларда оқу көбіне әдебиет, философия, музыка туралы еркін әңгімелесу түрінде өткізілді, сонымен бірге математика, география, шешендік өнер оқытылды. Гимнасиялардың қызметін қалалық әкімшілік арнайы сайланған гимнасиялықтар арқылы басқарып отырды. Афиналық Диогениум гимнасиясында риторика мен философия оқытылды.
Эллиндік дәуірде жоғары оқу орындарының өмірінде маңызды рөл атқарған, сол кезңнің көрнекті ойшылдары жетекшілік еткен бірнеше философиялық мектептер ашылды.
Солардың ішінде эллиндік әлемге кеңінен танымалы Эпикурдың (б.з.б. 341-270 ж.ж.) философиялық мектебі болды. Ол Демокриттің ісін жалғастырушы, оның атомистік ілімін дамытушы шәкірті болып саналады. Эпикурды сенсуализмнің түйсік негізін қалағандар қатарына оосады. Өйткені ол сезім мүшелері арқылы қабылданған мәлімет ақиқат болады, ал қателіктер саны дұрыс түсінбеуден туындайды дейді. Сондықтан негізгі педагогикалық міндет – адамдарды надандықтан арылту, яғни дұрыс ойлай білуге үйрету деп есептеді.
Б.з.д. ІІ ғасырда Арменияда грек, арамей немесе сирия тілдерінде оқытқан мектептер білім таратып келсе, келесі ғасырда орталықтанған Ұлы Армения мектебі құрылды. Гректік және жергілікті дәстүрлердің араласуы эллиндік типтегі өзіндік мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. Армения мемлекеті көптеген грек – босқындарға, ақындар мен ғалымдарға пана болды. Ал олар өз кезегінде шешендер мен педагогтардың қатарын толықтырып отырды. Бұл жерде өз гимнасияларын ашқан мұғалім- грамматистер эллиндік дәстүр бойынша поэтика, тарих, философия пәндері оқытылды. Сабақ грек тілінде жүргізілгендіктен армян жасөспірімдері сол заманға лайық жоғары білімді – Антиохия, Пергам, Александрия сияқты эллиндік ағарту орталықтарынан алды.
Әлемдік мәдениет пен ғылымның озық жетістіктеріне бір қадам жақын болу, Арменияның төл жазуынып пайда болуына қажетті жағдай жасады. Оның негізін қалаған Месроп Молитоц (б.з.д. 361-440 ж.ж.) саналады.
Эллиндік мәдениет гректің Колхида қала-полисі арқылы Грузия жеріне де енді. Грузиндік ақсүйектер мен ірі көпестер өз балаларын оқыту үшін үйлеріне грек-педагогтарды шақыртып немесе оларды эллиндік мектептерге берді.
Сондай-ақ, эллиндік дәуірдегі Скиф патшалығында да билеуші топ өкілдері грек жазуымен таныс болған. Олар грек жазуын көбінесе шет елдермен қарым-қатынас барысында қолданған.