Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

1.1 Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбие

Мақсаты: Таяау және Қиыр Шығыс мемлекеттеріндегі тәрбиемен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1.Шумерлер тәлім-тәрбиесі.

2. Шумерлердің «тақта үйлері».

3. Ежелгі өркениет елдеріндегі мектептердің дамуы.

Негізгі ұғымдар: шумер «сеннар», эддуба , кшатрийлер.

Шумерлер тәлім-тәрбиесі. Тигр мен Ефраттың оңтүстік жағалауында өмір сүрген – Шумерлер («қарабасты халық») – Шумер деген атпен тарихқа Сақ тайпалары ның бір тармағы болып енген халық. Шумер мәдениеті ертеден өз төңірегіне танымал болғандықтан, ежелгі Египет мәдениетінен кем болмағаны тарихтан белгілі.

Ніл мен Ефратта бір мезгілде (б.з.д. 6–мыңжылдықтың соңында) қалалар салынып, жазу өнері және жер суғару жүйесі іске қосылған. Шумер мәдениетінің даму деңгейі көрсеткендей, ғылым саласында аспан әлемі жайлы жаңа ұғымдар түзіліп, шаруашылыққа көптеген техникалық жаңалықтар ашылып, мәдениет саласында тамаша дастандар көркемөнер туындылары дүниеге келді. Жазудың алғашқы үлгілері павйда болды. Діни көзқарастар мен дәстүрлердің негізі қалана бастады. Өркениетті бұл жаңалықтар басқа халықтарға, оның ішінде вавилондықтарға, гректер мен еврейлерге, т.б. өз ықпалын тигізді. Қазіргі күнтізбелер, жер шарының градуске бөлінуі – осының барлығы ежелгі Шумер (Сеннар) мәдениетінде орын алған.

Американдық шумер танушы ғалым С.Крамер: «... шумерлер байырғы түркілер болған және олардың тілі ежелгі түркі тіліне жатады» дей еліп, өз пікірін олар қыш ыдыс-аяқ жасау, дөңгелек арба, соқа-сепкіш, желкенді қайық, күмбез шатырлы құрылыс және мыс пен қоладан бұйым заттар құйып, темір балқыту, тасты қашау, сырлау, әшекейлеу, т.б. өолөнерін меңгерген ел болған деп түйіндейді.

Қосөзендегі алғашқы хат тану. «Тақта үйлерінде (шумерлер тілінде Эдубба)» хат тану, хатшы даярлау жүргізіліп, сазбалшықтан кептіріліп жасалған тақтаға үшкір таяқша арқылы әріп белгілері (б.з.д. 3 -мыңжылдықта) түсірілген. Оқу орнын Эддуба әкесі (мектептің әкесі) басқарып, мұғалімді «үлкен аға», көмекшісін «кіші аға», оқушыларды «мектеп балалары» деп атаған. Оқу бұл мектептерде үлкен отбасы қауымының тәрбие дәстүрі негізінде ұйымдастырылған.

Бірінші мыңжылдықтың басында ағаш тақталарға сүріліп, әріптер жазатын болғандығы жайлы мыңдаған тақталар, қираған арбалар мен үй жануарларының сүйектері дәлел. Нипура қаласындағы қазба жұмыстарынан кітапханалар мен мұрағаттар табылған.

Эдубба (мектеп) біртіндеп дербестік алып, бұл шағын мектепте бір ғана мұғалім мектеп жұмысын басқарумен қатар, жаңа үлгі тақталар дайындап, ондағы жазуларды оқушылар жаттап, жаттығу тақталарына көшіріп жазған. Мектептерде жазу, есептеу, сызу, сурет сабақтарын жүргізетін арнайы мұғалім қызмет атқарған. Мектептегі пәндерді оқыту, тәртіп сақтау мәселелерімен арнайы адам айналысқан.

Мектепте оқыту ақылы болған. Ата-аналарбалаларының хат тануына ерекше көңіл бөліп, мұғалімнің тәрбие бергеніне қосымша төлемақы беріп тұрған.

Мектептегі оқушыларға қарапайым білім беріп, хатшылыққа немесе шағын шаруашылық қарекеттеріне дайындаған. Мектеп ағарту және мәдениет орталығы болған. Ол мектептердің жанынан кітапханалар (Ниппура кітапханасы, б.з.д. 2-мыңжылдық) ашылып, онда патриархарлы-отбасылық тәрбие берілген., оқушылар қолөнер элементтеріне үйретілген. Өйткені ежелгі Қосөзен мемлекеттерінде бала тәрбиелеуге отбасы жауапты болған. «Хамурапи кодексі» бойынша әкесі баланы өмірге дайындау ісімен айналысқан, өз қолөнерін үйреткен.

Негізгі оқыту әдістері. «Тақта үлгілеріндегі оқу материалдарын есте сақтап, оқушылар «тақта- жаттығуға көшіріп жазатын, ал негізгі оқыту әдісі – бірнеше рет қайталау, мәтіндерді есте сақтау, жатқа айту және есептерді шешу болатын. Оқудың бірінші кезеңінде оқу, жазу, есепке үйренсе, одан кейін тағлымдық тарихты жаттап, аңыз-ертегілерді, практикалық білім мен дағдыларды игеріп, құрылыс жұмысына қажетті іс құжаттарын дайындайды.

Мектептерде жазудан басқа тарих, математика, құқықтанумен қоса әр саладағы өнерді игерді.

Мектептерде (б.з.б. 2-мыңжылдықтың бірінші ширегінде) Аккад және Шумер тілдері оқытылып, кейіннен Шумер тілі ғылым мен дін тіліне айналды. Оқушыларды егістік жерлерді есептеуге, өз иелігіндегі заттарды бөле білуге, тоқуға, темірден бұйымдар жасауға үйрету, қолөнер, мал бағу әрекеттеріне бейімдеу міндеттелген.

Вавилон патшалығының шарықтау кезеңінде (б.з.д. 2- мыңжылдықтың бірінші жартысында) сарайлар мен ғибадатханалар жанаында ашылған мектептер кешенді білім бере бастады. Ассириялық - жаңа вавилондық кезеңде (б.з.б. 1-мыңжылдықта шаруашылық пен мәдениеттің дамуымен бірге Ежелгі Месопотамияда еңбекті бөлу үрдісінде хатшы мамандығы қажеттілігінің артуымен байланысты мектептерде оқытудың сапасы көтерілді. Мәселен, оқыту мазмұнына философия, әдебиет, тарих, геометрия, заңтану, география пәндері ендірілді. Осы кезеңде бай отбасындағы қыздар жазуға, дінге, есепшотқа және тарихты оқуға үйретілді.

Шумерлердің жазу жүйесі. Олардың жазу жүйесі мыңдаған әріптерден, келе –келе 600-ге дейін қысқартылған Бұл әріп таңбаларды ХХ ғ. басында белгілі ғалымдардың Хоммель мен Бертонулердің ыждағатты еңбегінің арқасында ашылған.

«Құқық кодексінде» жазылғандай шумерлер балаларын құлдыққа сатуға рұқсат алған. Оны растайтын құжаттар бүгінге дейін сақталған. Месопотамиядағы отбасы патриархалды болғандықтан, әйелдердің бас бостандығы болмаған, көп әйел алу шектелмеген. Ата-анаға күнкөріс үшін балаларының бірнешеуін сатуға ерік берілген.

Месопотамия (Қосөзен) халқының жартысынан көбі құлдар деңгейінде болды. Оларды топтарға бөліп, үстінен қарайтын адамдар белгіленді, оларға еңбектеріне қарай мемлекеттен бөлінген азық таратылып берілді. Ақық-түліктерге қатал есеп жүргізгендері туралы есепшоттары табылған, онда хат танитын адамдардың болғаны, оларды арнайы хатшылар дайындайтын мемктептерде даярлап отырғанын дәлелдейді.

Мектептерде ауқатты отбасылардың ер балалары оқыған. Араларында кедейлердің және құлдардың балалары да оқығандығы туралы жазбалар кездеседі.

Ежелгі Вавилон дәуірінде әдеби шығармалар (Гильмагеш туралы эпос, мақал-мәтелдер, өсиет, т.б.) шумер тілінде жазылғандықтан, іс-қағаздар шумер тілінде толтырылған.

Оқушылар шумер-акад тілдерін игерген. Шығыс елдерінің кітапханаларында шумер-аккад сөздіктері сақталған. Мектептерде шумер тілінде сөйлесу талап етілген.

Қосөзенде (б.з.д. 2- мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың бірінші жартысында) мектеп ісі құлдыраған. Мемлекеттік биліктің дәрежесі әлсіреп, шенеуніктерге қажеттік азайған кезде білім сапасы төмендеген. Бұл кезеңде мектептегі білім беру жеке дараланған оқуға көшкен, білім беру отбасында жүргізілген.Таяау Шығыс тарихын зерттеуші И.М.Дьяконов мектептегі оқудан жеке дараланған оқуға көшу б.з.д. 2-мыңжылдықтың ортасынан бастау алғандығын көрсетеді.

Таяау Шығыс жерінде тұңғыш орнаған шумер мәдениеті, оны өркениетті ел ретінде танытты. Содан кейін шумер мәдениеті Сақ аумағына ойысып, көне түрік өркениетінің дамуына ықпалын тигізді. Шумерлер тайпасы сақтардың азиялық тумасы б.з.д. 4-мыңжылдық соңында Тигр мен Ефрат алқабын игеріп, Қосөзенде Шумер мемлекетінің өркендеу кезеңін басынан өткерді. Сөйтіп олар жарты мың жыл өмір сүріп, 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында Шумер мемлекетінің тіршілігі тығырыққа тірелді.Өйткені оны қоршаған жаулары Қосөзен территориясына басып кіріп, өздерінің жаңа астанасын Вавилон қаласына орналастырды. Бұл мемлекеттің өркендеуі шумер халқының тәуелсіздігін жойып, оның өркениетіе шағын өзгерістер енгізе отырып, оны игеріп алды.

Сонымен, Шумерлер б.з.б. 2500 жылдары Тигр мен Ефрат өңірінде тіршілік жасап, үздіксіз соғыс пен экономикасы мен шаруашылығының құлдырауынан Еуразия даласына қоныс аударуға мәжбүр болғандықтан, олардың ұрпақтары сақтарға қосылып кетті.

Ежелгі өркениет елдеріндегі мектептердің дамуы. Ежелгі Таяау және Қиыр Шығыс мемлекеттерінде тәрбие мен оқыту қалыптасу кезеңін бастан кешірді. Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі қоғамдық құндылықтар жүйесінде адам ерекше орын алды.

Египет және Қосөзен (б.э.д. 2–мыңжылдықтың екінші жартысы б.э.д. 1-мыңжылдықтың бірінші жартысында мектептегі білім беру орнына тәрбие аясында дербес оқыту келді, білім беру орталықтары храмдар бола бастады.

Ежелгі Египет (б.э.д. 3-2 мыңжылдық) мектептері:

- храмдар жанында: діни-адамгершілік тәрбие, астрономия, математика, медицина негіздері үйретілді;

- фараон сарайлары жанында: дене және жауынгерлік жаттығулар, таңбаларды оқу және жазу, мінез-құлық ережелері және сарай этикеті үйретілді;

- ірі мемлекеттік мекемелерде хатшылар даярланған;

Элементарлық мектеп: (5-12 жас) оқу, жазу, арифметика және геометрия практикалық қолдану деңгейінде берілді.

Кеңселік (12-16 жас) атақтарды, географиялық атауларды, техникалық терминдерді, балықтардың, өсімдіктердің атауларын жаттау. Жазудың әр түрлі типтерін және египет тілінің түрлерін меңгеру, шешендік өнері және ауызша, жазбаша этикет ережелерін білу.

Үнділік (б.з.д. 1- мыңжылдық) білім берудің касталық жүйесіндегі мектептер:

- брахмандардың жоғары касталары үшін (жрецтер) 6-12 жастан 22-24 жасқа дейін

- кшатрийлер үшін (әскерлер, биліктегілер) үшін өлеңдер мен әнұрандарды жаттау, философия, шешен сөйлеу, грамматика, әдебиет, математика, тарих, медицина, этика би өнері, музыка.

Сондай-ақ салық және өтеулерді жинайтындарды даярлады.

Судрлар (тисуге болмайтындар) білім алуға жіберілмеді. Б.э.д.Ү1-Ү ғ.ғ. Буддалық ілім пайда болды. Буддизм адами ұмтылыстың ең жоғары мақсаты жанның денеден ажырауы арқылы адам қанағаттануының ең жоғары күйіне жету деп түсіндірілді. Адамгершілік идеялар: туысқандық махаббат, қайырымдылық, тірілерді өлтіруге тыйым салу, ұрламау, ащыны ішпеу, өз бетінше қыдырмау, т.б.

Қытайдың Конфуциге дейінгі кезеңі (б.з.д. 1Ү- мыңжылдық) артықшылықпен пайдаланатындар: жрецтер мен аристократия. Аристкрат, ақ сүйектерді жазудың алты түріне, оқуға, есептеудің тоғыз түріне, ауызша сөйлеу дағдыларына, өлеңдерді мәнерлеп оқуға, шежірені оқып-үйренуге баулыды.

Әскери дене тәрбиесі: садақпен атудың бес түріне, дөңгелекпен жүрудің бес түріне үйретілді.

Жрецтік мектептерде: космологи я, магия, музыка, би өнері, жалпы білім беретін пәндер оқытылды.