
- •III. Глоссарий
- •Пән бойынша берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру графигi
- •Пәнді оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету картасы
- •IV. Дәрістер кешені
- •1.1 Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбие
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •1.4 Орта ғасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •1.5 Ақш пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған дебиеттер:
- •2 .4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.5 1980-1991 Ж. Ж. Аралығындағы тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 3 Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 4 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •V. Практикалық сабақтар
- •1.1 Практикалық сабақ тақырыбы: Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •1.3 Практикалық сабақ тақырыбы: Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.1 Практикалық сабақ тақырыбы: X-XVIII ғ. Ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.2 Практикалық сабақ тақырыбы: XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Реферат тақырыптары:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •2.3 Практикалық сабақ тақырыбы: 1917-1941 ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.4 Практикалық сабақ тақырыбы: 1941-1980 ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.2 Практикалық сабақ тақырыбы: хү-хүiii ғ.Ғ. Қазақ хандығының құрылуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.3 Практикалық сабақ тақырыбы: хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзбетінше орындалатын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •3.3. Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.-
Алматы, 2009. 35-46 б.
2.С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова “Этнопедагогика” - Астана “Фолиант” 2003.
3.С.Қалиев ХҮ-ХIХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар.Алматы “Рауан” 1990 .
3. 4 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы
Мақсаты: Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы туралы білім қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі
2. Кеңестiк дәуiрдегi Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасуы (1920-1935)
Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көптеген өзгерістер енді. 1920 жылы қазан айында Орынборда „Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілерінің құқық декларациясын" - жас республиканың бірінші конституциялық актін бекіткен Қазақ АКСР кеңестерінің төтенше съезі болды. Съезде қабылданған декларацияда; „Еңбекшілердің білім алуына жол ашу мақсатында жұмысшыларға, кедей шаруаларға және қырғыз (Қазақ) халқының барлық еңбекші бұқарасына толық, жан-жақты,тегін білім беру міндеттерін қою; халықтың сауатсыздығын жоюмен бір уақытта және өскелең жас ұрпақтың жан-жақты, денсаулығыныњ мықты және рухани дамуын қамтамасыз етуге кірісу" айтылды.
1918 жылы наурызда Түркістан өлкесінің Халком кеңесі өзінің декретін жариялады. 1918 жылы маусымның ортасында халыққа білім беру жөніндегі өлкелік кеңестің орнына Түркістан ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту комиссариатына көпұлтты халық бар өлкенің ұланғайыр аумағында мәдени-ағарту мекемелері, ана тілінде сабақ беретін және ғылым талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалар бойынша оқытатын мектептер жүйесін құру жүктелді.
1918 жылы 16 қазанда БОАК (ВЦИК) декретімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда мектептерді бастауыш, гимназия, реальды училище деп бөлуді қысқарту туралы айтылып, екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: бірінші сатыда - 8 жастан 13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екінші сатыда - 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу белгіленді. Сөйтіп, 12 жылдық оқу мерзімінің орнына 9 жылдық оқуды енгізу бұқара балаларына оқуды жеңілдету мақсатынан туындады. Оқу тегін, ұлдар мен қыздар үшін бірдей деп хабарландырылды. Политехникалық білімнің қажеттілігі жария етілді.
Кеңес өкіметінің мәдениет мәселелері жөніндегі бірінші маңызды декреттерінің қатарында РСФСР Халық ағарту аткомының „Аз ұлттардың мектептері туралы" қаулысы да болды. Осыған сєйкес 1918 жылы тамызда Қазақ республикасының ОАК (ЦИК) мектептерде оқытуды ана тіліне көшіру туралы декреті жарияланды, ал қараша айында „Түркістан мектептерінің құрылымы туралы ереже" жарық көрді.
Еңбек мектебінің мақсаты - балаларға тєәірибе жүзінде еңбектің барлық маңызды түрлерінің єдістерімен, бір бөлігі оқу шеберханасында немесе мектеп фермасында, бір бөлігі фабрикаларда, заводтарда политехникалық білім беру жүйесінде іске асты. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының денесінің дамуы жєне эстетикалық тәрбие беру мєселелеріне ерекше назар аударылды. Революцияға дейінгі мектептерде қолданылған оқушыларды жазалаудың барлық түрлері алынып тасталды.
1918 жылы Ташкентте халыққа білім беру жөніндегі Бүкілресейлік съездің шешімдерін толық қуаттаған Түркістан өлкесінің халыққа білім беру қызметкерлерінің съезі болды. Биліктің жергілікті Кеңестердің қолына өтуімен байланысты жаңа типті мемлекеттік оқу орындарының бүкіл құқығына ие болған қазақ тілінде оқытатын мектептер ашыла бастады. Жергілікті халықтың білім алуға деген қызығушылығы жыл сайын арта түсті.
1920 жылы шілдеде сауатсыздықты жою бойынша төтенше комиссия құрылды. 1921 жылы 26 шілдеде ҚазОАК (ЦИК) 16 мен 51 жасқа дейінгі аралықтағы барлық білімді адамдарды сауатсыздықты жою жұмысына қатыстыру туралы қаулысы қабылданды.
1921 жылдыњ 1 шілдесінде Қазақстанда төрт халыққа білім беру институты жұмыс істей бастады. Орынборда жалпы саны 360 адамдық (орысша, татар - 223 адам. Қазақ - 140 адам), Семейде аралас - 190 адам. Олар бар болғаны 550 адамды қамтыды.
1925 жылы мамырда „Сауатсыздық жойылсын" қоғамыныњ Бүкілқазақстандық бірінші съезі өтті. Әсіресе, республика үшін қажетті мамандыќтар игеруді назарға алатын жаңа мектептер ашылды.
1930 жылы 27 тамызда ҚАКСР үкіметі жалпыға міндетті оқу туралы Декрет қабылдады. Декретте республикадағы барлық балаларды жалпыға міндетті оқуға тарту мәселесі қойылды. Жергілікті өкімет, халыққа білім беру органдары осы бағытта сан қырлы күрделі жұмыстар жүргізді. 1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді.
1932 жылы республикада бастауыш білім беруді жүзеге асыру жөніндегі кейбір қорытындылар шығарылды. Бастауыш мектептердегі оқушылар саны бірнеше есеге өсті. Мектептерде барлық ұлттарды ана тілінде оқуға көшіру кезеңі аяқталды. Қазақ мектептері үшін ана тілінде жаңа оқулықтар құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
1934 жылы ережеге сай педагогтік институттар жанынан екі жылдық мұғалімдер институты ашылды. Екі жылдық институттың бітірушілеріне аяқталмаған жоғары білімді маман деген диплом берілді. Мұғалімдер институттары Алматы, Орал, Қарағанды, Петропавл, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеді.
1931 жылы тамызда ҚазКСР ХКК жалпыға міндетті жетіжылдық оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыны орындау үшін 1931-1932 оқу жылынан бастап республиканың барлық қалаларында, 26 ауданында жетіжылдық жалпыға міндетті оқу енгізілді.
Республикада 1940-1941 оқу жылында мектептер саны 7790, ондағы оқушылар саны - 441 мыңға өсті.
Соғыс кезіндегі ауыр жаѓдайдың өзінде де оқуды қоғамдық ењңекпен байланыстыру ісіне ерекше назар аударылады. 8-10 сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7 сыныптарды ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін үйрету енгізілді.
1943 жылдың маусым айында КСР Одағы Халық комиссарлар кеңесі „1943-1944 оқу жылында облыстық, өлкелік қалаларда, одақтық және автномиялық республикалардың орталықтарында және ірі өндірісті қалалардағы орта жєне орталау мектептерде ұлдар мен қыздарды бөлек оқыту туралы" қаулы қабылдады.
Соғыс жылдарында басқа республикалар сияқты Қазақстанда да жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру ауылда және онжылдық білім беруді қалада жүзеге асыру уақытша тоқтатылды, мектептің балаларды оқумен қамтуы төмендеді.
1956-1960 жылдары оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысы оның шығармашылық бастамада жан-жақты өркендетуіне бағытталды. 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі „Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-дағы халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы" заң қабылдады. Ол заң еліміздегі жалпыға міндетті 8 жылдық білімді бекітті.
Заң мектептің негізгі міндетін - оқушыларды өмірге, қоғамдық маңызды еңбекке дайындау, әрі қарай жалпы жєне политехникалық білім беруді жетілдіру, ғылым негіздерін жақсы білетін сауатты адамдарды дайындау, жастарды социалистік қоғам принциптеріне терең құрмет рухында тәрбиелеуді айқындап берді. Орта мектептегі білім беру мен тәрбиенің жетекші бастауы олардың еңбекпен тығыз байланысты болуында деп атап көрсетілді.
50-інші жылдардың аяғында басталған жалпыға міндетті сегіз жылдық білімге көшу 1962-1963 жылы аяқталды.
60-70-інші жылдары халыққа білім беру саласындағы аса маңызды міндеттер - республикада жалпыға міндетті орта білімді жүзеге асыру мектепте білімнің жаңа мазмұнға көшуі оқу үрдісін және оқушылардың тәрбиесін жетілдіру деп танылды.
Жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшіру үрдісі бірнеше кезеңде жүзеге асырды. Мысалы, 1966 жылы 10 қарашада үкімет „ Жалпы білім беретін орта мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылдады. Онда жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, типтік жоба бойынша ғимараттар салу, жаңа оқулықтарды өңдеу және шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханаларын құрал-жабдықтармен және қажетті спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету т.б. шаралар айқындалды. Сондай-ақ, сегізжылдық міндетті мектепті бітірушілер өз тілегі мен білімін кәсіби-техникалық және арнаулы орта білім жүйесінде жалғастыруы назарға алынып, толық орта білім беретін оқу орындары нақтыланды. Оқу-тәрбие үрдісінде қайта құру жүйесі жүрді: ғылыми негіздердің жүйелі курстары бұрынғыдай V сыныптан емес, IV сық пәндері бойынша факультативті курсы ретінде енгізілді. Кейбір мектептердің жоғары сыныптарында дифференциалды оқыту енгізілді: мектептің сәйкестендірілген бөлімдерінде кейбір пәндерді - физика, математика (кейінірек химия), биология, гуманитарлық пєндерді тереңдетіп оқыту қолға алынды.
Мектеп жұмысындағы өзгерістерге байланысты 1970 жылы жалпы білім беретін орта мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжаттық негізінде сегізжылдық мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім беретін толық орта (онжылдық мектептің IX-X сыныптары), орта арнаулы оқу орындары - техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық училищелерде ПТУ (3-4жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде (IX-XI сыныптар) жалғастыра алатын болды.
1971 жылдан жалпыға бірдей орта білім беруге көшу туралы, жалпы білім беретін мектептің материалдық базасын одан әрі қарай нығайту, оқытудың сапасын көтеру, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді және мақсатты түрде дайындау міндеттері қойылды.
1972 жылы маусымда Одақтық үкімет „Жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектептерді әрі қарай дамыту туралы" қаулы қабылдады. Бұл қаулы халыққа білім беру органдары мен жергілікті органдардың, мектеп қызметкерлерінің ұзақ жылдық жұмыс нәтижесін шығарды және жалпы орта білім беретін барлық түрдегі оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарту мен жетілдірудің жолдарын көрсетіп берді.
1975 жылы міндетті сегізжылдық мектептіњ бітірушілер Одақ бойынша толық орта білім беретін оқу орындарында оқуды жалғастырды.
1973 жылы Жоғарғы Кеңес бекіткен „Халыққа білім беру туралы" Заңы қабылданып, халыққа білім берудің негізгі принциптері айқындалды.
1970 жылы Республиканыњ 10154 жалпы білім беретін мектебінде 3 миллион 140,8 мың бала оқыды. Сегізінші сыныпты бітіргендердіњ 90 пайызы тоғызыншы сыныптарда, орта-арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық училищелерде оқуды жалғастырды.
1980 жылы 6 жасарларды мектепалды даярлықтан өткізу, балаларды 6 жастан оқуға тарту, мектеп пен балабақшалардың байланысын күшейту, балабақша мектеп бірлестігін құру мәселелері қолға алынды.
КСРО ыдырағаннан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
1999 жылы маусымда Қазақстан Республикасында Білім беру туралы заң қабылданып, онда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды.
Кеңестiк дәуiрдегi Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасуы (1920-1935). 1920-1930 жж. елiмiздiң экономикалық және мәдени-әлеуметтiк өмiрiнде болған iрi өзгерiстер мен iлгерiлеулер ғылым мен мәдениттiң, оқу-ағарту iсiнiң өркен жаюына мүмкiндiк туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттiң әр саласынан бiлiктi маман кадрлар көбейдi. Ғылымныњң сан-саласын қамтитын ғылыми-зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық – Қазақстан ұлттық ғылым Академиясы құрылды.
Республикада соңғы 60 жыл iшiнде педагогика ғылымыныњ дамып, қалыптасуына ондаған баспа орындарының, ғылыми-әдiстемелiк арнаулы журналдар “Абай” (1918), “Мұғалiм” (1919), “Ауыл мұғалiмi” (1925) мен газеттердiң ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектерiнiң шығуы да игi әсерiн тигiздi. Бұл iске 1920 ж. ҚАССР оқу халық комиссариаты жанынан құрылған Академцентр (Акдемиялық орталық) мұрындық болды. Академцентрдiң жұмысын қазақтың көрнектi педагогы Ахмет Байтұрсынов басқарады. Олар жаңа құрылған Кеңестiк мектептерге оқу-әдiстемелiк құралдары мен пән бағдарламаларын жасау iсiмен айналысты. Бұл iске Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов сияқты тiлшiлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов сияқты әдебиетшiлер, С.Асфендияров сияқты тарихшылар, Г.Қарашев, Ш.Әлжанов, Ә.Сыдықов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова сияқты педагог ғалымдар тартылды.
Педагогика, психология ғылымдарының терминдерiн қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектерi мен оқулықтарын, сөздiктерiн жасауда, сөйтiп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ә.Диваев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, С.Садуақасов, С.Мендешев, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Кеменгеров, Қ.Жұбанов, Н.Құлжанова, М.Жолдыбаев, Ш.Әлжанов сияқты бiртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек сiңiрдi.
Өкiнiшке орай педагогика және психология, жеке пәндердi оқытудың әдiстеме ғылымдары саласындағы жоғарыда аттары аталған қайраткерлер 1935-1937 жылдардағы жеке басқа табынудың құрбаны болса, еңбектерi жойылып кетті.
Бiраз жылдық тоқыраудан кейiн 1950-1980 жылдар аралығында Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжiбаев, Е.Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрiбаев, С.Қожахметов, М.Ғабдуллин, Б.Мадин, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темiрбеков, Қ.Жарықбаев т.б. ондаған көрнектi педагог ғалымдар педагогика, психология саласында қомақты еңбектер жазып қалдырды. Сөйтiп Қазақстандық төл педагогика, психология ғылымдары қалыптасты.
Солардың iшiнде тұңғыш педагогика, психология және әдiстеме ғылымдарына сүбелi үлес қосқан А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерiне олардың педагогикалық көзқарастары мен ағартушылық қызметiн атауға болады.