Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.-

Алматы, 2009. 35-46 б.

2. Қалиев С., Молдабеков Ж.,Иманбекова Б. Этнопедагогика - Астана “Фолиант” 2003.

3. Қалиев ХҮ-ХIХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар.-Алматы “Рауан” 1990 .

3. 3 Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері

Мақсаты: ХҮIII ғ. екiншi жартысы мен ХIХ ғ. аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Қазақ даласының Ресейге қосылуы және қазақ даласында капитализм элементтерінің өркен жаюы.

2. ХҮIII ғ. екiншi жартысы мен ХIХ ғ. аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері.

Қазақ даласының Ресейге қосылуы және қазақ даласында капитализм эле менттерінің өркен жаюы. Қазақ елi өз алдына тєуелсiз хандық мемлекет болып өмiр сүре алмайтынын сезгендiктен амалсыз 1731 ж. кiшi жүз қазақтары Әбiлхайыр хан бастаған сұлтандардың өтiнiшiмен патшалы Ресейдiң оол астына бағынуға ант бердi. Ал орта жүз қазақтары ХҮIII ғ. екiншi жартысы мен ХIХ ғ. 30-40 жылдары аралығында, ұлы жүз қазақтары 1818-1860 жж. аралығында Ресей патшасының қоластына бiртiндеп бағынған болатын.

Қазақ даласының патшалы Ресейге бағынуы еңбекшi халыққа ауыртпалық туғызды. Олар жергiлiктi сұлтандарға алым-салықты бiр есе төлесе, патша әкiмдерiне көп салық төлеуге мәжбүр болды.

Патша өкiметi халықты алдаусыратып, “Хан кеңесiн құру жөнiнде және оған әр ру басшыларын енгiзу туралы” жарлық шығарды. 1797 ж. тамызда хан кеңесi өткiзiлiп, оған мыңға тарта отрядымен шаруалар көтерiлiсiнiң басшысы Сырым Датов та қатынасты. Сырым “Хан кеңесiне” мүше етiп сайланды. Әбден қартайып отырған Айшуақты хан етiп бекiттi. Рулардың старшиналары орыс патшасының алдаусыратқан саясатына сенiп, осы кандидатураны қолдады. Сырым Датов бастаған 14 жылға (1783-1797) созылған көтерiлiс нәтижесiз аяқталды. Алайда бұл көтерiлiс хан өкiметiнiң негiзiн шайқалтты, оның беделiн түсiрдi, ал патша өкiметiн айлакерлiк саясатқа көшуге мәжбүр еттi. Көтерiлiстiң стихиялық сипатына қарамастан, ұлт-азаттық сипаты, прогресшiл маңызы да болды. Кiшi жүз қазақтары бұдан кейiнде патшаның жергiлiктi әкiмшiлiктеріне қарсы күрестi тоқтатпады. Мәселен 1834-37 ж.ж. Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерiлiсi, 1825-1834 ж.ж. Орта жүздегi Есенкелдi-Саржан бастаған, кейiн 1836-1847 ж.ж. арасындағы Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерiлiстерi Патшалы Ресейдiң қазақ даласын отарлауға деген қарсылықтарынан туған едi.

Патша өкiметi қазақ даласындағы өз үстемдiгiн баянды ету үшiн 1822 ж. “Сiбiр қазақтарын билеудiң жаңа уставын” бекiттi. Ол устав бойынша хандық өкiмет мүлде жойылып, ел басқарудың жаңа жүйесi енгiзiледi. 50-70 үй бiр әкiмшiлiк ауыл болып, оны басқару старшиндерге жүктеледi. 10-12 ауыл бiр болысқа бiрiгiп, оны болыс басқаратын болды. Старшиндер мен болыстар үш жыл мерзiмге сайланып қойылды. 15-20 болыс бiр округке бiрiктiрiлдi, округтi округтiк приказ басқарды. Оның председателi - аға сұлтан деп аталды, оныњ төрт орынбасары (заседательдер) болды. Оныњ екеуiн губернатор тағайындайтын орыс чиновниктерi (майор) болды, ал екi заседатель – “құрметтi қазақтардан” сайланып қойылды. Бұл сайланғандарды патша өкiметiнiң әкiмшiлiк орындары бекiттi. Сөйтiп, Орталық Қазақстанның өзiнде ғана 8 округ: Қарқаралы және Құсмұрын (1824), Аякөз (1831), Ақмола (1832), Аманқарағай (1832), Баянауыл (1833), Үш-бұлақ (1833), Көкпектi (1844) округтары құрылды. Оның үстiне 1861 ж. Столыпин реформасымен байланысты Украина мен Орталық Ресейеден 180 мың жерсiз шаруалар Қазақстанға көшiрiлiп, өзен-сулы, таулы-қырлы, орман-тоғайлы шұрайлы жерлерде орналастырылды. Жергiлiктi халық сусыз, шөлейт далаларға ығыстырылды.

Патша үкiметiнiң отарлау саясаты кезiндегi ел билеу жүйесiндегi жүгенсiздiк пен парақорлық, зорлық-зомбылықтың күн сайын күшейiп бара жатқанын көзiмен көрiп жаны ауырған Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты “Зар заман” ақындары өздерiнiң өлең, жыр, дастандарында өмiр шындығын өткiр тiлмен бейнелеп бердi. Мысалы, ХIХ ғ. өмiр сүрген дидактик Дулат ақын болыс, билердiң бұзықтық мiнез-құлқын “берiлдi тiзгiн ел бүлдiрушi ылаңға” деп өлтiре сынайды. Қазақ ауылындағы өз қандастарын қорқытып үркiтiп парамен күн көрген болыс, билердiң екiжүздiлiгiн де ақын аямай әшкерелейдi.

Капитализм элементтерiнiң қазақ даласына бiртiндеп ене бастауына, феодалдық қарым-қатынастың ыдырап, халықтың отырықшылыққа айналуына, қалалардың салынуына, ақшалы қатынастың өрiстеуiне Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты “Зар заман” ағымдарындағы ақындар “заманның азуы, ақсақалдық тәртiптiң ыдырауы” деп жаңалыққа тосырқай қарады. Осы тығырықтан шығудың жолын көрсете бiлген ХIХ ғ. екiншi жартысында қазақ даласынан шыққан прогресшiл-демократияшыл Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрiм, Ахмет сияқты ағартушы - ойшылдар болды. Олар орыстыњ Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.Некрасов, Н.Г.Герцен, Добролюбов сияқты демократ ұлдарының еңбектерiн оқып танысып, олардың халықшылдық идеяларынан қуат алды. Қазақ елiнiң бақытқа жету жолы тек оқу-ағарту iсiмен байланысты деп түсiндi.

Патша өкiметi жергiлiктi халық өкiлдерiнен басқару аппаратында қызмет iстеуге жарарлық кiшi чиновниктер даярлау iсiн қолға алды. Осы мақсатпен жер-жерлерде “орыс-түзем” мектептерi ашылды. Осы мектептердiң түлектерi арасынан Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.С. Бабажанов, Қ.Өскенбаев, М.Шорманов, Ш.Бөкеев т.б. қазақ зиялылары шықты. Олар қоғам жаңалықтарын қабылдай отырып, отаршылдыққа, рулық-патриархалдық артта қалушылыққа қарсы тұрды, қазақ қоғамына озық идеяларды енгiзуге тырысты.

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзiнiң “Өнер-бiлiм бар жұрттар” деген өлеңiнде тастан сарай салғызған, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, теңiзде кеме жүздiрген, өнер мен техниканы еркiн меңгерген батыс, орыс халықтарының өнерi мен ғылым-бiлiмiн үйрену керек деп қарады. Ал ұлы-ойшыл ақын Абай өзiнiң өлеңдерi мен философиялық қара сөздерiнде “Өнер-бiлiм орыста тұр. Орыстыњ тiлi, өнерi – дүниенiң кiлтi, оны бiлгенге дүние арзанырақ түседi.” деп насихат айтты. Салтыков-Щедрин, Лев Николаевич Толстой сияқты орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымынан үйренуге шақырды. Ал Омбының кадет корпусында оқып орыс мәдениетiмен тереңiрек танысқан Шоқан Уєлиханов “Бiздiң келешегiмiз орыс халқымен тығыз байланысты” деп есептедi.

Шоқан Уәлихановтың ағартушылық-халықшылдық көзқарасы (1835–1865).

Қазақ топырағында ағартушылық-халықшылдық идеяның туын алғаш көтерген, қазақтың ұлттық мәдениетiн орыс, батыс ғалымдарына танытуға ерекше еңбек сiңiрген ғалым Шоқан Уәлиханов болады.

Ол өзiн терең тарихшы, ерiнбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, бiлгiр әдебиетшi, шебер суретшi, жалынды публицист, нәзiк психолог, тәлiмгер ұстаз ретiнде көрсете бiлдi. Небәрi отыз-ақ жыл өмiр сүрген Шоқан аз өмiрiнiң iшiнде бүкiл әлем ғылымдарының көптеген салаларын терең меңгерiп, шығыс елдерi мәдениетiн зерттеуде ондаған аса құнды еңбектер қалдырып кеттi.

Кадет корпусiн үздiк оқып бiтiрген шығыс халықтарының әдет-ғұрып, тұрмыс тiршiлiгi мен тiлiн, дiнiн жақсы бiлетiн Ш.Уәлиханов осы саясатты iске асыруға қолайлы келдi.

Ш.Уәлиханов Шығысты зерттеушi ұлы саяхатшы П.П.Семенов - Тянь-Шаньскийдiң нұсқауымен Батыс – Сiбiр генерал губернаторы Госфорттың тапсырмасы бойынша 1856-1857 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасында, Қытайдың Жоңғаария даласына бару сапарына аттанды. Ол Шығыс халықтарының, оның iшiнде қазақ, қырғыз, ұйғыр, дұнған халықтарының салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын, дiни наным-сенiмдерiн, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен ерекшелiктерiн зерттеуге арнап, “Сiбiр қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка”, “Жоңғария очерктерi”, “Қырғыздың Манас жыры туралы”, “Шаман дiнiнiң қазақтар арасындағы қалдықтары”, “Абылай”, “Ұлы жүз қазақтары туралы”, т.б. деген еңбектерiн жазды.

Шоқанның алдына қойған басты мақсаттарының бiрi – өз халқының өмiрiн жете зерттеп, кең даласы мен дархан халқын, өзiндiк көне мәдениетiн берiсi орыс, әрiсi европа жұртына таныстыру едi.

Оныњ шығыс халықтарының әдебиетi мен мәдениетi, тiлi мен дiнi, наным-сенiмдерi туралы тебiрене жазған еңбегiнiң бiрi —“Жоңғария очеркi”. Ол Орталық Азия елдерiнiң бұрын шығыстағы ең мәдениеттi, ең бай ел болғанын, алкейіннен, Самарқан мен Ташкент, Ферғанадағы кiтапханалар, обсерваториялар мен архитектуралық көне ескерткiштердiң тозып, мүжiлiп олардың мұнаралары ғана қалғанын қынжыла сөз етедi.

Шоқан қырғыз жұртының Ыстықкөл маңына қашан, қалай келгенiн, олардың арғы тегiнiң (XV-ХIҮ ғ.ғ.) Енисей (Енесай) өзенi бойында болғанын, буряттармен қаны “бiр бауыр, тiлi ұқсас туыс” екенiн айта келедi де, олардың моңғол-қалмақ жұртымен соғысып қуғынға ұшырағаннан кейiн, үш мың шамасындағы отбасының XIV ғ. басында Алатаудың күңгей бетi мен Ыстықкөл бойына ауып келiп орналасқанын, жергiлiктi түркi тайпаларымен қан араласуынан қырғыз халқының пайда болғанын сөз етедi.

Шоқан 1858 ж. Қашқарияға бару сапарында Ыстықкөл бойындағы қырғыз ауылдарын аралай жүрiп, “Манас” жырының “Көкетайдың асы” деген бөлiмiн жазып алып, орысшаға аударып, Еуропа ғалымдарына ұсынуды мақсат еткенiн айтады. Шоқан: “Манас” жырында қырғыздардың тұрмыс қалпы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, географиясы, түсiнiктерi, тiптi олардың халықаралық қатынастары баяндалған” деп аса жоғары баға берген. Сөйтiп, “Манас” жырына терең талдау жасай келедi де, “Алтынорда дәуiрiнiң батырлары Едiге, Еркөкше, Орақ сияқты қазақ батырларының аттарының да бұл жырда кездесетiнiн моңғол тiлiнде сөйлеген көшпелi халықтардың бәрiн “қалмақ” деп атағанындай, бастапқы кезде Орта Азияда татар тiлiнде сөйлеген көшпелi түрiк және моңғол тұқымдарының бәрi ноғай, ноғайлы деп аталған. Ноғайлының аңыздары XIV ғ. аяғында XV басында болған. Бұл аңыздардың эпос сияқты сипаты бар. Осы ноғайлы жұртыныњ эпостық жырларында Орда батырлары Едiге, Еркөкше, Орақ-Мамай, Шора т.б. арналған өлең-жырлар кездеседi. Бұлар тарихта болған адамдар. Шоқан қазақ, өзбек, қырғыз жұрттарының аңыз-әңгiме, ертегi-дастандарындағы ұқсастықты тұрмыс-тiршiлiк, кәсiби ұқсастығынан iздестiредi. Солтүстiк Азия мен Орта Азияның көшпелi халықтарының ерекше бiр ортақ қасиеттерiне негiздей отырып, олардың түп атасы — түрiк дегенге келтiредi.

Шоқан Уәлиханов Ресей патшасының батыс Сiбiр генерал-губернаторының әскери құпия тапсырмасымен 1857 ж. қырғыз елiне Ыстықкөл маңында, ал 1856-1857 жылдар аралығында 5 ай Жоңғарияда, кейiн 1958-59 жылдары (октябрь-март аралығында) Қашқарияда (Шығыс Түркiстанда) болып қайтады.

Шоқан Петербургтегi орыс география қоғамының шақыруымен 1860 ж. ақпанында Петербургке келiп, 1861 ж. мамырға дейiн бiр жылдан астам сонда болады. Сыртқы iстер министрлiгiнiң Азия департаментiнде зиялы қауым алдында есеп бередi. Өзiнiњ бұрынңы Омбыда кездескен орыс достарымен жєне Шоқан осы сапарында Н.Г. Чернышевский, И.С.Тургенев, Т.Г.Шевченколармен кездесiп пiкiрлеседi. Шоқанды Қашқария сапарының қорытындысы бойынша Александр II патша арнайы қабылдап, “Әулие Владимир” орденiмен наградтап, штабс-ротмистерлiк әскери атақ және ашалай сыйлық бередi.

Шоқан мемлекеттiк жауапты iстермен айналыса жүрiп, халықты оқу-ағарту iсiне шақыруды үнемi есiнде берiк сақтаған. Халықтың келешегi тек оқу-ағарту, мәдениет iсiмен байланысты деп қараған. Шоқан 1862 жылы өзiнiң досы Ф.М.Достоевскийге жазған бiр хатында Атбасар округiне аға сұлтан болуға талпынғанын, өкiмет билiгiн қолға алып, қазақ байлары мен әкiмдерiн тәртiпке шақырмақ болғанын, ауыл-ауылда өкiмет қаржысымен орыс-қазақ мектептерiн ашып, балаларды тегiн оқытпақ болғанын бiлдiредi. Ол мәдениет пен ғылымды бүкiл адам баласының бәрiне бiрдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Шоқан сурет, бейнелеу өнерiмен де айналысқан. Оның “Ыстықкөл сапарының күнделiгiнде” жол сапардан алған әсерлерiн баяндаумен бiрге түрлi-түстi қарындашпен, қаламұшпен салған суреттерiн Ресей сурет академиясының президентi Ф.П.Толстойға табыс етiп, үлкен баға алған.

Шоқан қазақтың музыка мәдениетiн де зерттеп, келелi пiкiр бiлдiрдi. Шоқанның 1855-1856 жылдары жазған “Қазақ халқы поэзиясының формалары” атты еңбегiнде “Ер Көкше, Ер Қосай” мен “Орақ батыр” жырларынан мысалдар келтiре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгiмелей келiп, бас кейiпкерлердiң iс-әрекеттерi мен ой-пiкiрiн суреттеу өлеңдерi қобызбен сүйемелдеп әнмен айтылған деп жiктей келiп, қобыздың түркi елдерiнiң көне аспабы екенiн, оның ойнауы өте күрделi, үнi тартымды да әсерлi деп жоғары бағалайды.

Шоқан өмiрiнiң соңында (1864 ж. шамасында) Черняевтың армиясымен Әулиеата бойында болып, айдауда жүрген атақты әншi-композитор Жаяу Мұсамен танысып достасады.

Оның өз замандастары Ақан серi, Бiржан сал, Жаяу Мұса, Тәттiмбет т.б. өнер адамдарымен қарым-қатынаста болуы – арнайы зерттеудi қажет ететiн тың тақырып.

Ы. Алтынсариннің тәлiмгерлiк мұралары (1841-1889). Балғожа би өзiнiң немересi Ыбырайды орысша оқытып, әкiмдiк қызметке даярлау мақсатында 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының жанынан қазақ балалары үшiн ашылған орыс-қазақ мектебiне оқуға бердi.

Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жетi жылдық орыс-қазақ мектебiн үздiк бағамен бiтiрiп, әуелi атасы Балғожа биге хатшы, кейiн Орынбор облыстық басқармасында тiлмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмiрiнiң ақырғы күнiне дейiн (алғашқыда Торғайда мұғалiм, кейiн уездiк басқарманың мектеп инспекторы болып) оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етедi.

Ауыл-ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда, Красноуфимскiде орыс-қазақ бастауыш мектептерiн ашады. Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңiрiнде қолөнер училищесiн, қыздар пансионатын, мұғалiмдер мектебiн ашып, бар күш-қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту iсiне жұмсайды. Қазақ халқының келешегi тек өнер-бiлiмде деп түсiнген Ы.Алтынсарин өз ойын iске асыру жолында екi бiрдей кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бiрi – қазақ даласындағы ислам дiнiне негiзделген татарша оқу болса, екiншiсi патша үкiметiнiң отарлау саясатына негiзделген қазақ балаларына христиан дiнiнiң заңдарын оқытуды көздеген миссионерлiк саясат едi. Миссионерлiк саясатты қолдаушылар мүмкiн болғанша қазақ жастарын орысша оқыта отырып, өз ұлтының тiлiнен, дiнiнен, салт-дєстүрiнен мүлде бездiрiп, орыстандыруды-шоқындыруды көздедi.

Ыбырай дiни оқудың өзiн адамгершiлiктi, гуманизмдi насихаттауға бейiмдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен ол 1883 жылы өзiнiң “Мұсылмандық тұтқасы” атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпiмен, өзiнiң досы Н. И. Ильминскийдiң көмегiмен бастырып шығарды.

Ы. Алтынсариннiң “Мұсылмандық тұтқасы” (“Шараит-ул-ислам”) кiтабын жазып шығаруына екi түрлi жағдай себеп болды: бiрiншiден, сол заманда қазақ ауылдарында оқытылатын дiни кiтаптар (“Иманшарт”, “Кәлем шариф”, “Әптиек” т. б.) араб тiлiнде жазылғандықтан, оның мазмұнын не молда, не оқушы түсiнбей, құрғақ жаттаумен болды. Ал дiни оқулықтардың мазмұнын жете түсiнбеген дүмше молдалар дiн-шариғат қағидаларын өздерiнше бұрмалап, терiс түсiнiктер беретiн. Ыбырай ислам дiнiнiң аяттарындағы адамгершiлiк, иманжүздiлiк, қайырымдылық қағидаларын өзiнiң педагогикалық көзқарастарына негiздей отырып түсiндiрудi көздедi.

Екiншiден, XIX ғасырдың екiншi жартысында қазақ даласында тараған әдеби кiтаптардың бәрi дерлiк Қазан, Уфа қалаларында басылып және оларды жинап бастырып шығарушылар ағайынды Каримов, Барановский сияқты татар окығандары болғандықтан, олар қазақ әдебиетiнiң үлгiлерiне татар тiлдерiн араластырып, тiл шұбарлауға белсене кiрiстi. Ал Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты қазақтың ойшыл оқығандары ұлт тiлiнiң тазалығы үшiн күрестi.

Өзiнiң ағартушылық, тәлiмгерлiк iсiнде Ыбырай талай қиыншылықтарға кездестi. Оның елден қаржы жинап, орыс-қазақ мектептерiн ашып, дүнияүй пәндердi оқытуды енгiзiп, мәдениет атаулыны насихаттауын көре алмай өшiккен ел iшiндегi кейбiр қожа-молдалар оны “шоқынған кәпiр” деп өсек таратса, ендi бiреулер 1884 жылы Iшкi iстер министрлiгi мен Орынбор генерал губернаторына “үкiметке қарсы ойы бар”, “социалист” деп, өтiрiк арыз жазып, қаралауға дейiн барды.

Ы. Алтынсарин болса, өзi ашқан орыс-қазақ мектептерiн миссионерлiк бағыттағы жат пiкiрден де, шығыстың жаттамалы дiни оқуынан да қорғап бақты. Жастарға шынайы бiлiм беретiн дүнияүй пәндердi (жаратылыс тану, география, тарих, есеп, т.б.) оқытуды iске асырды.

Ол орыс-қазақ училищелерiнiң шәкiрттерiне сол кездегi прогрессивтiк, гуманистiк идеяда жазылған К.Д.Ушинскийдiң “Балалар әлемi”, Л.Н.Толстойдың “Әлiппе және оқу кiтабы”, Б.Ф.Бунаковтың “Әлiппе мен оқу құралы”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсы” атты оқу құралдарын пайдалануды ұсынды.

Ы.Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиетi мен салт-дәстүрлерiне негiзделген екi төл оқу құралын (“Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң бастауыш құралы”) 1879 жылы жазып бастырып шығарды.

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, оқушыларға арнап тұңғыш оқулықтар жазумен бiрге, мектептiң материалдық базасын күшейтуге баса зер салды.

Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлiмшесiнiң тапсыруы бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оғн ас беру дәстүрлерiнiң очеркi” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерiнiң очерктерi” атты екi еңбегiн жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшелiктерi туралы түсiнiк берген тұңғыш жазба еңбектер едi.

Абай Құнанбаевтың (1845-1904) педагогикалық көзқарастары. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетiнiң негiзiн салушы ғана емес, сонымен бiрге ұлы ойшыл педагогы.

Оның поэтикалық шығармалары мен “ғақлия” сөздерi пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пiкiрлерге толы.

Ұлы ойшыл адам баласы анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiрi – iшсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннiң құмарлығы. Екiншiсi – бiлсем екен деу – жан құмарлығы”… (жетiншi, қырық үшiншi сөз) деп ой түйiндей келе, “адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенiң аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерiнбей еңбек еткен адамның қолына түседi…” деген қорытынды жасайды.

Абайдың дүниенi тану жөнiндегi көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстары бiрбiрiмен өзара байланыста, үнемi өзгерiсте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаны – табиғаттың iшкi сырын бiлiм-ғылым арқылы бiлуге болады деп қарады.

Ол қазақ халқының саяси-эканомикалық және мәдени жағынан артта қалушылығы – оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыс етек алған көшпелi тұрмысынан туындап отырған бытыраңқылығының салдары екендiгiн жақсы бiледi. Ұлы ағартушы Абай өзiнiң көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мiнеп-шенедi. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттiгiн өтеудi ғана ескерiп, рухани қажеттiлiктi ойламайтын, бiреудi алдап, бiреудi арбап күн көрушiлерге, өзiнен күштi әкiмдер алдында жағымпаздықпен көзге түсiп қалуға тырысушыларға Абай мейлiнше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Жастарды бiлiм-ғылымды меңгеруге шақырды.

Ел болу үшiн қала салып отырыќшы болу керек, егiншiлiктi кәсiп ету, мектеп салып, оқу оқып, бiлiм алу қажет, тiршiлiктiң тұтқасы еңбек пен бiлiмде ғана тұр деп жар салады. Өнер-бiлiмсiз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкiн емес екендiгiн терең түсiнді.

“Ақыл – ардың сақтаушысы” деп қарап, адамгершiлiк мәселелерiн жоғары бағалап, ар тазалығы үшiн күресудi дәрiптеді.

Ұлы ойшыл Абай адамныњ өсiп, жетiлуiндегi тәрбиенiң рөлiне ерекше тоқтала келе, өзiнiң он тоғызыншы - қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нєрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”, – деп ақыл-естiң тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыда дәелдеп бередi. Абай: “Адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектiң бәрi ақымақтық”, – дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғмдық ортаның рөлiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетедi. Абай жастардың белгiлi бiр мамандықты игеруiн қуаттайды. Адал еңбекпен мал табудың арлығы жоқ, “егiннiң ебiн, сауданың тегiн үйрен” дегендi насихаттайды.

Абай махаббат мәселесiне де ерекше көңiл бөлiп, жастарды жұбайлық өмiрге үлкен жауапкершiлiк сезiмiмен қарауға шақырады. Ақын отау құрған жастардың бiрiнде махаббат сезiмi жалған құмарлық болмауын, махаббатсыз некеде өмiрдiң қуаныш-қызығы болмайтынын, үй iшiндегi қайырымсыздық, екi жүздiлiк пен опасыздық, осындай некенiң салдары деп ой түйедi. Абай әйелдiң бас бостандығының, жастардың сүйгенiне қосылып махаббатты өмiр сүруiн қорғаушы болды.

Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана “Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң елiңе, халқыңа тисiн” деген гуманистiк ой-пiкiрдi қуаттау болды. Оның жастарды тєрбиелеудегi педагогикалық көзқарастары дүниежүзiлiк педагогика классиктерi Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б., орыстың ойшыл ұлы педагогтары: Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдiң ағартушылық ой-пiкiрлерiмен терең қабысып жатыр.