Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Ұсынылған әдебиеттер

1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.-

Алматы, 2009. 35-46 б.

2.5 1980-1991 Ж. Ж. Аралығындағы тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы

Мақсаты: 1980-1991 ж.ж. аралығындағы ТМД елдеріндегі мектеп пен педагогика ның дамуымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1. Жалпыға бірдей және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары (1984).

  2. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі орта білім тұжырымдамасы (1988).

  3. Проблемалық оқыту әдісі.

  4. Жаңашыл педагогтардың теориялық және әдістемелік ізденісі.

Партияның программалық құжаттарындағы халыққа білім беру мәселелері (1981). 1980-ші жылдардың басында жалпы орта мектепке жүктелген мәселелер өз шешімін таппағаны және тиімді оқыту нәтижелерін көрсете алмағаны белгілі болды.

Бiлiм саласы қоғам дамуын қамтамасыз етуі үшін үздiксiз өзгерiске түсiп, жетiлiп, дамып отыратын қозғалмалы жүйе болғандықтан, үнемi өмiрмен тығыз байланыста болуы қажет едi. Қоғам дамуын iлгерiлететiн ғылым мен техниканың жетiстiктерiне қол жеткiзу бiлiм саласын қайта құруды күн тәртібіне шығарды. Осыған орай оқыту мазмұны мен әдістерін өмірмен байланысты жетілдіру мақсатын жүзеге асыру үшін ғылыми-тәжірибелік ізденістер жүргізілді.

Жалпыға бірдей және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары (1984). Мектептегi оқытуды жетiлдiру реформасы мектептi қайта құрудың негiзгi бағыттарын белгiледi, олар:

- оқытылтын пәндер мен олардың мазмұнын анықтау, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды күрделi және артық материалдардан арылту;

- оқу пәндерiнiң негiзгi түсiнiктерi мен жетекшi идеяларын анықтап, ғылым мен техника жетiстiктерiн көрсету;

- еңбек тәрбиесi мен жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушыларға кәсiби бағдар берудi түбегейлi өзгерту; оқытудың политехникалық бағытын күшейту; зертханалық және практикалық сабақтарды молынан жүргізу; физика, химия заңдылықтарын технологиялық жағынан көрсету арқылы еңбекке баулу және жастарға кәсiби бағдар беру;

- оқушыларды есептеу техникалық құралдарымен жұмыс жасай бiлуге үйрету оқу үрдiсiнде компьютерлердi қолдану;

- әр пән, әр сынып бойынша берілетін бiлiм, бiлiк, дағдылардың көлемiн анықтау;

- мектептерде, кәсiби-техникалық училищелерде, арнайы орта бiлiм орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.

Өкінішке орай, мектепті тоқыраудан шығаруды көздеген реформа (1984) белгілеген мақсатын толық жүзеге асыра алмады. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік білім беретін мектепті біріктіру, мектеп жұмысының мазмұнын кәсіби білім берумен толықтыру, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін бір арнаға түсіру - орта кәсіби техникалық училищелер ашу, білім беру жүйесінің жұмысын онан ары әлсіретті.

Үкiмет қоғамды қарқынды дамыту үшiн мектепте оқыту мәселелеріне үнемi жаңа талаптар қойып, оқыту сапасын жақсартуды көздедi. Осыған орай бiлiм саласы түбегейлi өзгерiстердi қажет еттi.

Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi орта бiлiм беру тұжырымдамасы (1989) қабылданды. Онда жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң негiзгi принциптерi анықталды:

- гуманитарландыру (iзгiлендiру) - әр оқушы тұлғасын әлеуметтiк құндылық деп танып, оның адамгершiлiк, интеллектуальдық (зияттық) және тәндiк жағынан жетiлуiн қамтамасыз ету;

- индивидуалдандыру (даралық сипатын ескеру) - әр оқушының интеллектуальдық (зияттық), эмоциялық-жiгерлiк және iс-әрекет, практикалық жағын дамытуда оқушының тәндiк және психикалық ерекшелiгiн ескеру;

  • дифференциациялау (саралап оқыту) - әр оқушының қабiлетiн дамыту үшiн оның ынта-талабын, дарын-қабілетін анықтау;

- демократияландыру - мектептегi оқушылар мен педагогтардың белсендiлiгiн арттыру, өзiндiк бастама және шығармашылық қызмет атқаруға бағыттау, көпшiлiктiң бiлiмдi басқаруға қатысуы;

- интеграциялау (кiрiктiре оқыту) - қоғамның барлық мүмкiндiгiн жас ұрпаққа коммунистiк тәрбие беруге, «мектеп-халықтық iс» деген iс-шараларды өмiрге енгiзуге жұмылдыру.

Жалпы орта бiлiм беру үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi өзегi болғандықтан, оқушыларға табиғат, қоғам, адам, техника, өндiрiс туралы ғылым негiздерiнiң белгiлi көлемiн, бiлiк, дағдыларын ғана игертiп қоймай, ең бiрiншi жан-жақты дамыған тұлға, жоғары адамгершiлiк азаматтық ұстаным негiздерiн қалыптастыру мақсаты қойылды.

Әлеуметтiк тәжiрибеге сүйене отырып, оқушының интеллектуальдық, жоғары адамгершiлiк қасиетiн, тәндiк жағынан жетiлген, диалектикалық-материалистiк дүниетаныммен, ауқымды рухани қажеттiлiктермен қаруландыратын, жеке бастық және қоғамдық қажеттiлiктi үйлестiретiн негiздердi айқындау; оқушылардың жалпы мәдени деңгейiн, бiлiмiн, политехникалық деңгейiн қамтамасыз ету арқылы еңбек, танымдық, қоғамдық, отбасылық және басқа да әлеуметтiк қызметтi атқаруы үшiн, яғни қоғамды өзгертуге белсендi араласуы, өздерiнiң әлеуметтiк орнын дұрыс айқындау арқылы келешек мамандығын таңдай бiлуге көмектесу, өздiгiнен бiлiмiн, тәрбиесiн, жеке бас қасиеттерiнiң дамуын қамтамасыз ету үшiн оқуға ынталы және бiлiмiн өздiгiнен толықтыруға ықпал ету мiндеттерi белгiлендi.

Орта мектептiң әр кезеңiндегі оқушыны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаты нақтыланып анықталды. Осы мiндеттердiң iске асуы оқу-тәрбие үрдiсiнiң сапалы жүруiн, оның нәтижесiн бақылау тиiмдiлiгiн, әр кезеңдегi оқу-тәрбие үрдiсiнiң сабақтастығын, оқу орындарының жетiстiкке жетуiн қамтамасыз ететiн құралдарға айналады.

Орта бiлiм берудiң құрылымы тұтастық, сабақтастық, вариативтiк (баламалы), адаптациялық (бейiмделушiлiк) принциптер негiзiнде құрылды.

Мектепке дейiнгi тәрбие орта бiлiм беру құрылымына қосылды. Мектепке дейiнгi тәрбиенiң маңызы жан-жақты талданып, сол кезеңдегi баланың психикалық қызметiне педагогикалық ықпалдың тиiмдiлiгi қарастырылды. Бала бақшаларының жүйесiн, материалдық жағдайын жақсарту, оларды бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету мәселелерiне назар аударылды. Бала бақша мен мектеп арасындағы оқу-тәрбиедегi сабақтастықтың маңызы атап көрсетiлдi.

Әр отбасы 6-7 жасар бала үшiн мектепке даярлықтың үш түрiнiң бiреуiн таңдауға ерiктi болды: отбасында тәрбилеу; қоғамдық (мектепке дейiнгi балалар мекемсiнде): аралас (үйден келiп, шет тiлi, сурет , музыка, дене тәрбиесiнен ақылы тәрбие алады), т.б. Даярлықтың осы үш түрiне баланы мектепке даярлау мiндеттелдi.

Денсаулығы жақсы дамыған 6-7 жасар бала ата-анасының тілегі бойынша мектепке қабылданатын болды. Мектептегi орта бiлiм үш сатыдан құрылатын болды:

I саты – бастауыш мекеп (I-IV сыныптар);

II саты - негiзгi мектеп (VI-X сыныптар);

III саты – орта жалпы бiлiм беретiн мектеп (X-XI сыныптар).

Бастауыш мектеп балалардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз ету үшiн ғылым негiздерiн ең бастапқы мәліметтермен таныстыруды оқу еңбегiнiң дағдыларын мен жалпы еңбек бiлiктерi мен дағдыларын меңгертуді, көркем және техникалық шығармашылыққа баулуды және қоғамдық пайдалы еңбекке араластыруды белгiледi. Оқу-тәрбие үрдiсiн дифференциациялап (саралап) оқыту баламалы (вариативтiк) түрде жүргiзiлу: оқу материалдарын қарқынды оқыту, балаларға iс-әрекет түрлерiн таңдату, оқу орындарын балалардың мүмкiндiгiне лайықтау, дәрiгерлер мен психологтардың ұсыныстарын оқу-тәрбие барысында қолдану, 6-7 жастан бастап оқытудың ерекшелiктерiн ескеру ұсынылды.

Негiзгi мектеп бастауыш мектепте қалыптасқан бiлiм негiздерiн онан ары жетiлдiрiп, бiр-бiрiмен сабақтастықта, жүйелi және кешендi түрде дамытты. Оқушылардың ғылыми танымын, шығармашылығын, ойлау қабiлетiн арттыру әдiстерiн кеңінен пайдалануға назар аударылды.

Негiзгi мектепте оқу-тәрбие жұмысының әлеуметтiк өмiрге қажеттiлiгiн ескерумен бiрге, оның мазмұны сараланады. Негiзгi мектептiң басты қызметi – оқушыларға кәсiби бағдар беру деп аталды.

Орта бiлiм берудiң жоғары сатысына вариативтiк (баламалық) құрылым, дифференциация (саралау), жастардың өмiрлiк бағдары мен ынтасын ескеру тән екені ескертілді.

Оқушы негiзгi мектептi бiтiрген соң, орта бiлiм алудың мына түрлерiн таңдай алатын болды: жалпы бiлiм беретiн жоғары сыныптар; орта кәсiби-техникалық училищелер; орта арнайы оқу орындары; кешкi мектептер мен экстерн типтi оқу орындары. Орта бiлiм алудағы осы жолдары жалпыға бірдей мiндеттi деп есептелінді.

Орта бiлiм берудiң жоғары сатысында (X-XI сыныптар) индивидуалды (даралап) және диференциация (саралап) оқыту мынадай бағыттарда жүрдi: бiлiм мазмұны бойынша ( оқу пәндерiн бiрыңғай базалық деңгейде дайындауды таңдау); әр оқушының қабiлетi мен шығармашылық мүмкiндiгiн ескеру (дарынды балаларға пәндердi тереңдетiп оқыту сыныптарын, топтарын ұйымдастыру және жеке бағдарламалар даярлау); оқушылардың ынтасы мен қабiлетiне қарай (факультатив курстар, үйiрмелер, секциялар) ұйымдастыру; жеке стильмен оқыту (қарқынды оқыту, тиiмдi оқыту әдiстерi арқылы бiлiм мен оқу материалдарын игерту).

Селолық мектептердi әлеуметтiк-экономикалық, жалпы мәдени жағынан қоғам талаптарын қанағаттандыра алатындай дәрежеге көтеру үшін, оны жетiлдiру мәселесi де белгiлендi. Елдi мекендердегi шағын комплектiлi мектептердегi оқыту ерекшелiктерi, оларға мамандар даярлау, мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi қаралды.

Жалпы орта бiлiм беру мазмұны әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық жетiстiкке жетудi қамтамасыз етуге тиiстi болды. Сондықтан қоғамдық, жаратылыстану-математикалық, тiлдiк, көркем-эстетикалық, еңбек пәндерiнiң ара қатынасын ескеру және адамның жеке iс-әркетiн және қоғамдық қатынастарын қалыптастыру белгiлендi; дүниенi бiртұтас таныту үшін, және оқушылардың оқу жүктемесiн жеңілдету үшiн пәндердi интеграциялау (кiрiктiре) оқыту, бiлiмдi iргелi ғылыми идея, түсiнiк, принциптер төңiрегiнде бiрiктiру, оқушының шығармашылық қабiлетiн, эмоциялық-құндылық қатынасын, диалектикалық-материалистiк ойлауын бағдарлау, оқытудың политехникалық бағытын, өмiрмен байланысын iске асыру, оқушыларды қоғамдық және өнiмдi еңбек атқаруға бағыттау, ұлттық ерекшелiктерге байланысты қоғамның даму заңдылықтарын ашып көрсету талабы қойылды; оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының баламалы түрлерiн даярлау, оларда жергiлiктi жердiң ерекшелiктерiн, оқушылардың психологиялық дамуын ескеруі қажет деп табылды.

Педагогикалық үрдiс - мұғалiм мен оқушы iс-әрекетiнiң күрделi және көпқырлы қызметiнен құралады. Дәстүрлi оқытуда қабылдау, саналы түсiну, алғашқы есте сақтау, оқу материалын қайталап айтып беруге баса назар аударылып, педагогикалық үрдiсте оқушының шығармашылық мүмкiндiгiн дамыту, дүниеге эмоциональды-құндылық қатынасын қалыптастыру тәрiздi маңызды бiлiм мазмұнының компоненттерi ескерiлмей келдi. Сабақтың тәрбиелiк қызметi төмен болды. Қазiргi дидактикалық тұжырымдамалар (оқу мазмұнын түйiндеу, ақыл-ой iс-әрекетiн сатылы қалыптастыру, дамыта және проблемалы (жағдаят тудыру арқылы) оқыту, оқытуды оңтайландыру және интенсифтендiру, т.б., сонымен бiрге оқушылардың танымдық iс-әрекетiн арттыратын озат мұғалiмдер тәжiрибесi жинақталып, оқушыны оқуға ынталандыру, педагогикалық үрдiстi жетiлдiрудi қажет еттi.

Проблемалы оқыту әдiсi оқушыны iзденiске, пiкiрлеусге бағыттап, дидактикалық ойындар өткізуді, жеке шығармашылық тапсырмалар орындауды, әр түрлi жастағы балалармен жұмыс жасауды, фронталды, топтық және жеке сабақтарды педагогикалық үрдiсте ретiмен қолдануды талап ететін болды. Жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орындарында оқытатын стильге, оқу еңбегiне даярлау белгiлендi. Шығармашылыққа үйрету үшiн проблемалық iзденiске бағыттау, оқытуда зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерiн қолдануды ұсынылды.

Оқушының белсендiлiгiн арттыру үшiн оның жеке бас қабiлетi мен қажеттiгiн бiлу шарт. Даралап және саралап оқыту үшiн оқушыны жан-жақты бiлу керек. Жеке тұлғаны дамыту мектепте психологиялық қызметтi жүргізуді, оқушы психикасын зерттеудi ұйымдастыруды қажет еттi.

Педагогикалық үрдiстi жаңарту оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесiн тексерудi талап еттi. Бiлiмдi тексеру жүйесiнiң бұрынғыдан ерекшелiгi - оқушының бiлiм мен бiлiктерiн тексерумен қатар, шығармашылық тұрғыдан дамуын және оқушының жеке бастық тұлғалық құндылықтарын тексеру белгiлендi. Педагогикалық үрдiстiң нәтиже көрсеткiшi ретiнде оқушының оқу мазмұнын шығармашылықпен игеруi және белгiлi құндылықтар жүйесi мен оқу ынтасын қалыптастыруға тиiстi болды.

Мектептi қайта құруды iске асыратын басты мәселе кәсiби шеберлiгi мен педагогикалық мәдениетi жоғары мұғалім даярлау болғандықтан, олардың педагогика мен психолгияны жетiк меңгеруiн талап етiлді.

Болашақ мамандарды даярлау студенттердiң үздiксiз педагогикалық практикасын ұйымдастыруды белгiледi. Мұғалiмнiң бiлiктiлiгiн көтеру мәселесi теорияны алдыңғы қатарлы, озат тәжiрибемен ұштастыруды қажет еткендіктен, жаңашыл педагогтардың тәжiрибесiн, авторлық мектептердiң, мектеп-зертханалардың жұмысын зерттеу мұғалiм бiлiктiлiгiн көтеретiн институттар, педеагогикалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен жүргiзілетін болды.

Педагогтардың материалдық жағдайын, еңбек ақысын қайта қарау мәселесi қаралды.

Халыққа бiлiм берудi демократиялық принцип негiзiнде қайта қараудың шаралары жан-жақты зерттелiп, оны iске асырудың жолдары көрсетiлдi.

Педагогикалық ғылымның халыққа бiлiм берудегi маңызы орасан зор. Сондықтан педагогика ғылымы өз назарын iргелi зерттеулерге және педагогиканы түрлi ғылым салаларымен байланыста зерттеуге аударатын болды. Ғылыми ізденістер әлеуметтiк орта мен мектеп тәжiрибесiнiң байланысын айқындауға, оқытуды жоғары технологиямен қаруландыруға, зерттеу үрдiсiнiң және оқыту-тәрбиелеудiң бiрлiгiн қамтамасыз етуге, қажетті теориялық зерттеулерді жүргiзуге бағытталды.

Жалпы орта бiлiмдi қайта құру педагогика саласындағы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi басқа ғылым салаларымен кiрiктiре жүргiзудi қажет еттi.

Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi базалық орта бiлiм беру тұжырымдамасын (1989ж.) бiлім саласында iске асыру шаралары жүргiзілдi. Дегенмен де тұжырымдамада белгіленген шаралар кеңестiк кезеңдегi саяси-идеологиялық және экономикалық жүйенiң тоқырауына байланысты қоғамдық сұранысты қамтамасыз ете алмады. Бұл кезде Одақтың ыдырауы да белең ала бастап едi. Қоғамдық даму тығырыққа тiрелiп, жаңа нарықтық қатынастар жүйесiне лайық болашақ ұрпақты тәрбиелеудiң жаңа тұжырымдамаларын жасау үшiн ғылыми iзденiстер жүргiзу қажеттігі пайда болды.

Жаңашыл педагогтардың ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі. Теория мен практиканы өзара кіріктіре отырып жүргізуде жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амоношивили, В.Ф.Шаталов, Н.Лысенков, И.П.Волков, И.П.Иванов, т.б. іргелі педагогикалық мәселелерді шеше білді.

Ш.А.Амоношивили мектеп практикасында алты жасар балалармен жұмыс істеудің мазмұны мен принциптерін ғылыми негіздеп тексерді. “Мектепке алты жастан“ атты еңбегінде алты жасар баланың бойында болатын қасиеттерді саралап көрсетті. Ол алты жасар балалармен қарым-қатынаста төмендегі қасиеттер негізге алынуы керектігіне тоқталады:

“Біріншіден, біз мейірбанды болуға тиіспіз, балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, миғұланы да, жалқауды да, ынталыны да бірдей жақсы көруіміз керек.

Екіншіден, біздер балаларды түсіне білуіміз керек. Бала кішкентай болғанымен оның ісі мен қарекеті үлкен. … Балаларды түсіну дегеніміз – олардың позициясында тұру, олардың сезімін қадырлеу, қам-қарекеті мен ісін елеу, олармен санасу деген сөз. Баланың көңіл-құбылысы мен жүрек тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне отырып қана әр баланың өміріне ең жақын адамыңдай қоян-қолтық араласа отырып, педагог баянды тәрбиеге қол жеткізе алады.

Үшіншіден, педагогиканың, тәрбиенің жасампаз күшіне сенуіміз керек.

Төртіншіден, біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды қалыптастыруға міндеттіміз“.

Ш.Аманошивили мектептің міндеті білім беру арқылы тәрбиелей отырып, мұғалім балаларды бұрынғы және қазіргі ұрпақтардың материалдық және рухани байлықтарымен таныстыру деп санайды.

Т.И.Гончарованың әдістемесі тарихи материалдар негізінде жастардың өзін-өзі және бүгінгі күнді танып-білуіне көмектесу мәселесін көтереді. “Тарих тағылымы - өмір сабағы“ атты еңбегінде: “Нағыз сабақ – дегеніміз мұғалім мен оқушылардың ақиқатты бірлесе іздестіруі, ойлау мәдениетінің лабораториясы. Бұл жоқ жерде көңілсіздік, селсоқтық, рухани жұтаңдық орын алады…

Ғалымның алдына қойған негізгі мақсаты – жеке адамды қалыптастыру. “Жеке адам болу дегеніміз өзін адамзаттың адамы ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасына, күнделікті тұрмысқа енгізу деген сөз. Жеке адам – болмыстың жаңа формасын жасау жөніндегі өз халқының жасампаз істеріне, бұқараның творчествасына белсенді және саналы түрде қатысатын, қоғамға пайдалы болуға деген ішкі қажеттілікті сезінетін адам“, дейді.

В.Ф.Шаталов педагогикадағы ең қиын міндеттердің бірін - әр оқушыны күнделікті қажырлы ой еңбегіне қатыстыру, жеке бастың сапасы ретінде танымдық дербестікті тәрбиелеу, әр оқушының өзіндік адамгершілік сезімін, өзінің күш жігері мен қабілетіне деген сенімділігін нығайту мәселелерін ойдағыдай шешу жолдарын ұсынды.

С.Н.Лысенкова балаларды оқытудың, оқу-таным қызметін өздігінен реттеудің тәсілдерін ұсынумен бірге төменгі сынып оқушыларының оқуын басқарудың пәрменді жүйесін жасады.

И.П.Волков төменгі сынып оқушыларымен шығармашылық сабақтарды өткізу барысында оқу материалдарының мазмұны мен оқу процесінің құрылымы айырықша көңіл бөлуді талап етеді. Оқу процесін оқу мазмұнына сай құра білу балалардың талабы мен қабілетін анықтап, мақсатты түрде дамытуға көмектеседі, әр істегі шығармашылықтың алғы шарты болып табылатын сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді дегенді айтады.

И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық тәрбие әдістмесі А.С.Макаренконың идеяларын қазіргі жағдайларға сай дамытып, ұжымшылдықты қалыптастырудың, сол кездегі пионер және комсомол ұйымдарындағы оқушылардың өмірін жетілдірудің, балалардың қоғамдық игілікке деген жекелей және ұжымдық қамқорлықтарын арттырудың жолдарын көрсетеді.

“Коллектившілдерді тәрбиелеу“ атты еңбегінде Иванов кеңестік дәуірдегі ұжымшылдық - өскелең ұрпақтарды қоғам талаптарына және оның мүдделерімен өмір сүруге тәрбиелеу – мектептің аса маңызды міндеті болғанын, әрбір ұстаз тәрбие беретін ұжымды құрудың және оны нығайтудың мейлінше тиімді жолдары мен құралдарын шығармашылықпен іздестіруге шабыттандыратын ой-пікірдің сарқылмас қайнар көзі деп бағалайды.

Қорыта айтқанда педагогтардың бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерiн жетiлдiру бағытындағы педагогтардың шығармашылық iзденiстерi дидактиканы теориялық және әдiстемелiк жағынан жаңа мағынадағы түсiнiктермен толықтырды.