
- •III. Глоссарий
- •Пән бойынша берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру графигi
- •Пәнді оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету картасы
- •IV. Дәрістер кешені
- •1.1 Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбие
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •1.4 Орта ғасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •1.5 Ақш пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған дебиеттер:
- •2 .4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.5 1980-1991 Ж. Ж. Аралығындағы тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 3 Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 4 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •V. Практикалық сабақтар
- •1.1 Практикалық сабақ тақырыбы: Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •1.3 Практикалық сабақ тақырыбы: Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.1 Практикалық сабақ тақырыбы: X-XVIII ғ. Ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.2 Практикалық сабақ тақырыбы: XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Реферат тақырыптары:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •2.3 Практикалық сабақ тақырыбы: 1917-1941 ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.4 Практикалық сабақ тақырыбы: 1941-1980 ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.2 Практикалық сабақ тақырыбы: хү-хүiii ғ.Ғ. Қазақ хандығының құрылуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.3 Практикалық сабақ тақырыбы: хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзбетінше орындалатын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •3.3. Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
Ұсынылған дебиеттер:
1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.-
Алматы, 2009. 35-46 б.
2 .4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
Мақсаты: 1941-1980 ж. ж. аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер
достатстығы (ТМД) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және тәрбие мәселелері.
2. Жалпыға бірдей бастауыш және жетіжылдық мектеп.
3. Оқу орындарының жаңа типтері.
4. Педагогикалық білім беру және мұғалім мамандарын даярлау.
5. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары.
6. Білім беруді жетілдіру және ғылыми-педагогикалық зерттеудің жаңа бағыттары.
Негізгі ұғымдар:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және тәрбие мәселелері. Ұлы Отан соғысы мектеп қызметіне күрделі өзгерістер әкелді. Бейбіт өмірден соғыс жағдайына көшу, халыққа білім беру органдарын басқару ісіне және мектеп алдына жаңа міндеттер жүктеді: бастауыш, жетіжылдық оқуға тартылатын, оның ішінде эвакуацияға ұшыраған балалардың нақты есебiн алу, оларды мектептегі оқуға қамту қажет болды.
Осыған орай Одақ көлемінде мектепте жаппай оқытуға жататын балалардың толық есебi үздіксіз жүргізілді, олардың мектептегі оқуға қамтылуына қатаң бақылау қойылды.
Ұлы Отан соғысы жылдары барлық республикалар өзiнiң бүкiл экономикасын Отанды қорғау, майданға жәрдем көрсету жұмысына бейiмделдi. Кеңес одағының фашистiк Германия басқыншылығына қарсы соғысы көптеген материалдық күштi қажет еттi, миллиондаған адамдардың бейбiтшiлiк өмiрi үзілді. Мектеп мұғалiмдерi мен студенттердiң, жоғары класс оқушыларының басым бөлігі армия қатарына қосылды. Оқушылар завод, фабрикаларда, колхоз бен совхоз егiстiктерiнде ересек адамдармен қатар қажырлы еңбек еттi.
Тылдағы мұғалiмдер мен оқушылар қорғаныс жұмыстарына, колхоздар бен совхоздардың ауылшаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрi-дәрмек жию, ауруханаларда жаралыларға дәрiгерлiк жәрдем көрсету, әскер отбасыларына көмек беру жұмыстарына белсене араласты. Мектепте қоғамдық пайдалы еңбекке араласу жұмысы кең өрiс алды.
Ұлы Отан соғысы барысында майдан шебiнде ата-анасынан айырылған балалар саны күрт өстi. Соғысқа жақын жердегi балалар тылға көшiрiлiп, олар үшін мектеп-интернаттар ұйымдастырылды.
Немiстер жаулап алған жерлерде, мысалы Украинада, Ресей Федерациясында мектептер қиратылып, талан-таражға түсiтi. Соғыс жылдарында мыңдаған балалар ата-анасынан айырылды. Балаларға деген қамқорлықты мемлекет өз мiндетiне алып, олар үшiн балалар үйiн көптеп ашу жұмысы жүргізілді.
Соғыс жағдайының ауыртпалығына қарамастан үкiмет Орал, Сiбiр, Орта Азияда мектептер жанынан көптеген интернаттар ашып, мыңдаған балалардың оқу-тәрбиесiн ұйымдастырды. Мектептерде, интернаттарда балалар ұжымын қалыптастыруға айырықша назар аударылды, оқушылар, оларды өзiн-өзi басқаруға, дене еңбегiмен және қоғамдық еңбекпен айналысуға тәрбиелендi.
Қазақстанға көшiрілген балалар мекемелерi мен оқу орындарына қажеттi жағдай жасау істері қолға алынды. Қазақстанда майдан шебiнен келген 149 балалар мекемелерi мен оқу орындары орналасты.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның балалар үйiнде 45 мың бала тәрбиелендi. Олар Ресей Федерациясынан, Украина, Белоруссиядан әкелiндi. Мәскеудің бiрнеше ауданынан Қазақстанға әкелерi майданға, аналары қорғанысқа еңбек етуге кеткен төменгi класс оқушылары әкелiндi. Польшадан келгендер үшiн балалар үйлерi ашылды. Жергiлiктi халық келген балаларға зор қамқорлық көрсеттi. Мыңдаған балалар жергілікті тұрғындардың отбасына тәрбиеге берiлдi. Жүздеген баланы жұрт асырап алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тәрбие жұмысы. Соғыс жағдайында мектептің тәрбие жұмыстарында идеялық-саяси және патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударылды. Сол кезеңде оқушыларға идеологиялық ықпалдың мынадай түрлері жасалды: комсомолдық саяси үйірмелер жүйесі; әр түрлі саяси оқиғаларға байланысты оқушылар митингілері, үгіт биргадалары, үгіт плакаттары мен стенділер, қабырға газеттері мен ашық хаттар (листовкалар) шығару, соғыс жауынгерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Саяси тәрбие жүргізу комсомол және пионер ұйымдарының балалар арасындағы жұмысының маңызды бөлігіне айналды.
Ұлы Отан соғысы педагогика ғылымының назарын соғыс жағдайына қажеттi патриотизм, саналы тәртiп, ұйымшылдық, ерлiк тәрiздi тұлғалық қасиеттердi қалыптастыруға аударды. Оқушыларды қоғамдық-пайдалы еңбекке қатыстыру өріс алды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мектептегі білім мазмұныныдағы өзгерістер. Соғыс жылдары мұғалiмдер мен оқу құралдарының жетiмсiздiгiне қарамастан балаларды жаппай оқуға тарту жұмысы тоқталған жоқ. Ресей Федеративтiк республикасында гуманитарлық пәндердi оқыту жүйесi – орыс тiлi, КСРО тарихы курстарын оқыту қайта қаралды. КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесi А.М.Панкратованың редакциясымен «Ұлы Отан соғысы жағдайында тарихты оқыту» туралы әдiстемелiк құрал шығарылды. Оқушыларға саяси-идеялық тәрбиеге қатысты тарих, конституция, әдебиет сабақтарында және сабақтан тыс тәрбие жұмысында оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеуге баса назар аударылды. Дене тәрбиесi күшейтілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өмiрiне аздаған өзгерiстер енгiзiлдi. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндерi жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды. Оқу жұмысына өнiмдi еңбекпен байланыстыру, 8-10 кластарда мiндеттi түрде трактор мен машина жүргiзудi оқыту, 5-7 кластарда ауылшаруашылық негiздерiн оқыту iске асырылды. Мектеп оқушылары үйiрмелерде агротехника негiздерiн игердi.
Оқу-тәрбие мекемелерінің жаңа типтері. Соғыс жағдайы мұғалімдерден оқу-тәрбие жұмысының жаңа формаларын қажет етті. 1943 жылдан бастап өндiрiске кеткен оқушыларға, жұмысшы жастарға арналған кешкi жетiжылдық және орта мектептер ашылды, 1944 жылы ауыл жастарына арналған кешкі мектептер ашылды. Олардың алған білім көлемі мен құқығы, күндізгі жетіжылдық және орта мектепті бітіргендермен бірдей болды.
Сол жылы сырттай оқитын мектептер жүйесі құрылды. Онда 5-10 сыныптарда білімдерін толықтыру алу мақсатында жұмысшы жастар, колхозшылар мен қызметкерлер оқуын жалғастырды. Бұл мектептерде ауызша сынақтар, жазбаша жұмыстар жүргізіліп, жартыжылдық емтихандар өткізілетін болды. Олардың мектеп бітіріп алған құжаттары орта мектепті бітіргендермен тең құқықты болды.
Кеңестiк халық комиссариатының қаулысымен 1944 жылы 21 маусымда «Мектепте оқыту сапасын арттыру шаралары» бекiтiлдi. 1943 жылдан бастап «Оқушылар ережесi», 1944 жылдың қаңтарынан бiлiмдi бағалаудың бес баллдық жүйесi, кәмелеттiк аттестат алу үшiн емтихан тапсыру, орта мектептi үздiк бiтiргендердi алтын, күмiс медальдармен марапаттау енгiзiлдi. 1943 жылы енгiзiлген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешiм ретiнде өзгертiлдi.
1944/45 оқу жылы одақ бойынша бастауыш мектепте жетi жастан бастап мiндеттi оқытуға көшу енгiзiлдi. Осы талаптардың барлығы мектеп жұмысын жақсартуды мақсат еттi, мұғалiмдер мен оқушылардың жауапкершiлiгiн күшейттi.
Сонымен бiрге мектеп жұмысында елеулi кемшiлiктер де орын алды. Оқыту ісіне социалистiк жарысты қосу, оқушыларға көтерме баға қоюға әкелiп соқты. Кейiннен бұған тыйым салынды. Бұл кезеңде мектеп бiтiрген оқушылардың өмiрге даярлығы, мектептегi бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерi қоғам талабынан төмен болды.
Мектептегi бiлiм сапасын көтеру үшiн педагогиканың теориялық мәселелерiн зерттеу мақсатында 1943 жылдың қазан айында КСРО Кеңестiк халық комиссариатының қаулысымен Ресей Федерациясы Республикасының Педагогика ғылымдар академиясы құрылды. Оның басты мақсаты ретінде - жалпы педагогика, арнаулы педагогика, педагогика тарихы, психология, мектеп гигиенасы мәселелерiн зерттеу, жоғары және бастауыш сыныптарда пәндердi оқытудың ғылыми-әдiстемесiн жасау жұмыстары белгіленді.
Соғысқа аттанған мұғалiмдердiң орнына мамандар даярлау қарқынды түрде iске асырылғанымен де педагогтардың кәсiби даярлығы төмен болды.
Мұғалiмдер мен бiлiм саласының қызметкерлерi майданда және жау тылында ерлiкпен соғысты. Соғыстағы ерлiктерi үшiн медаль, ордендермен, Отан соғысының батыры атақтарымен марапатталды, көпшiлiгi майданда қаза болды. 1944 жылы бес мыңнан аса мұғалiмдер мектептегi қажырлы еңбектерi үшiн медаль, ордендермен марапатталды.
Жоғары білімді педагог мамандарды дайындау мақсатында 1944 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институты мен Қазақ қыздар педучилищесі ашылды.
Жалпыға бірдей бастауыш және жетіжылдық мектеп. 1945 -1950 жылдарында мектеп алдындағы басты мәселелердің бірі жаппай бастауыш және жетіжылдық оқуды жүзеге асыру болды. Кеңес одғында халық шаруашылығын қалпына келтiру жұмысы жүргізілді. Онда қираған мектептердi қалпына келтiру, жаңа мектептер салу, мектепте оқитын оқушылар санын және мектеп жүйесiн арттыру жоспарланды. Жетiжылдық жаппай мiндеттi оқуды толық жүзеге асырумен қатар, орта мектептiң жоғары кластарында оқитын оқушылар санын көбейту белгiлендi. Жаңа мектеп үйлерiн салуға өндiрiс орындары мен колхоз, совхоздардың көмегi зор болды.
Халықтың қажырлы еңбегiнiң арқасында белгiленген мерзiмде жаңа мектептер салынып, кiтапханалар, оқу кабинеттерi, мектептен тыс мекемелер қалпына келтiрiлдi. Одақтас республика халықтары бiріне-бiрi бауырластықпен көмек көрсеттi, мысалы, Ресей Федерациясында украин, молдаван мектептерi үшiн кiтаптар басылып, соғыс кезiнде жойылған мектеп кiтапханаларын қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi.
Мемлекет тарапынан мәдениет пен бiлiмдi дамытуға қаржы жылдан-жылға ұлғайтылды. Мектеп жүйесiн қалпына келтiру және дамыту халықтың орналасу тығыздығы мен экономикалық дамуына қарай жүргiзiлдi. Соғыста ата-анасынан айырылған балаларды оқуға тартуға ерекше назар аударылды, мұғалiм мамандарын көптеп даярлау мәселесi қолға алынды.
1950 жылдардың басында бүкіл Ресей мектептері жаппай міндетті жетіжылдық оқуға көшті.
1950/51 оқу жылы Одақ көлемінде 220 мың жалпы бiлiм беретiн мектепте 35 миллионға жуық оқушылар оқыды.
1951/55 жылдары халық шаруашылығын дамыту барлық республикаларда, облыс орталықтарында, iрi қалалар мен iрi өндiрiс орталықтарында жетi жылдық оқудан жаппай мiндеттi толық орта бiлiм алуға көшу белгiлендi.
Селолық жерлердегі жетi жылдық және орта мектептер саны көбейдi. Орта мектептi бiтiрушiлердiң белгiлi бөлiгi өнеркәсiп пен ауыл шаруашылық еңбегiне араласуға тиiстi болды. Алайда мектеп бiтiрген жастардың өмiрлiк iс-әрекеттерге тiкелей араласуға қажеттi даярлығы болмады. Олардың арнайы даярлығын арттыру үшiн техникумдерде екi-үш жылдық бөлiмдер ашылып, бiр-екi жылдық училищелер ұйымдастырылды.
Оқушылардың үлгерiм сапасын арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудiң белсендi әдiстерi қолданылды. Сабақта түрлi жаттығулар жүргiзуге уақыт бұрынғыдан көп бөлiндi. Оқу үлгерiмiн арттыру, екiншi жылға қалып қоюды болдырмау үшiн жұмыстар жүргiзiлдi.
Тарих, география сабақтарында өз өлкесiнiң тарихын, адамдардың ерлiгiн бiлу, өз өлкесiн тану үшiн туристiк саяхаттар жасау жұмыстары кең ауқымда iске асырылды. Оқу-тәрбие үрдiсiнде техникалық құралдар кеңiнен қолданылды.
КСРО Жоғары Кеңесi 1958 жылы желтоқсанда қабылдаған «Мектептiң өмiрмен байланысын нығайту және КСРО-да халық ағарту жүйесiн одан әрi дамыту туралы заң» жаппай сегiзжылдық оқуды жүзеге асыруды талап еттi. 1962-1963 оқу жылы барлық жетiжылдық мектеп сегiзжылдық мектепке айналуы тиiстi болды.
1970 жылдары негізінен жаппай сегізжылдық оқуға көшу аяқталды.
Сегiзжылдық мектепте оқушылар жалпы бiлiммен қатар, политехникалық дайындық алды, өнеркәсiп және ауылшаруашылық негiздерiмен, техникамен танысты. Сегiзжылдық мектеп бiтiрушiлер орта мектептiң IX сыныбына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетiн болды. Он жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды.
Оқу орындарының жаңа типтерi. Соғыстан кейiнгi жылдары жұмысшылар мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесiн көтеру мақсатында оқу орындарының жаңа типтерiнiң бiрi - кешкi мектептер кеңiнен дамыды.
Халық шаруашылығы мен мәдениеттiң дамуын жүзеге асыру барысында сегiзжылдық және орта мектептердiң саны өстi. Мектеп жүйесi негiзiнен өзгерген жоқ, алайда, оқу-тәрбие үрдісі мектептiң өмiрден алшақтығын, оқыту сапасының төмендiгiн көрсеттi.
Отбасы тәрбиесi мен қоғамдық тәрбиенi жетiлдiру мақсатында 1956 жылдан бастап мектептiң жаңа түрi – мектеп-интернаттар ашыла бастады. Онда жалғыз ана тәрбиесiндегi балалар, Отан соғысы мүгедектерiнiң балалары, ата-анасыз қалған балалар, көп балалы және аз жалақы алатын отбасындағы балалар, шалғай мекендерде тұратын отбасыларының балалары тәрбиелендi. Ата-анасыз қалған балалар, көп балалы отбасы және жалақысы төмен отбасындағы балалар мемлекет қаржысынан тәрбиелендi.
Мектептерде ұзартылған күн топтары мен бөлімдері ашылды. Мектептiң бұл түрiн ұйымдастыруға өндiрiс орындары, колхоз, совхоздар мен ата-аналар белсене араласты. Бұндай мектептерде оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы тәрбиешiлердiң басқаруымен жүргiзiлдi. Ұзартылған күн тотарының жұмысы оқушылардың мектептi тастап кетуi, сыныпта екi жыл қалып қоюы тәрiздi кемшiлiктерiмен күресуде, жаппай мiндеттi оқуды жүзеге асыруда маңызды қызмет атқарды.
Бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерiн жетілдіру мәселелері. Соғыстан кейiнгi алғашқы бейбiт өмiрге көшу кезеңiнде халыққа коммунистiк тәрбие беру мәселесiнiң маңызы күшейдi. Сол тұстағы кеңестiк идеология және Ұлы Отан соғысының нәтитжесiндегi жаңа тарихи жағдайдағы идеология, буржуазиялық идеологияға қарсы күрес жүргiзуге бағытталды, әдебиет пен мәдениет халықтық және социалистiк реализм принципiмен даму қажеттiгiн талап еттi.
V-VII, VIII-Х сыныптарда тарих, КСРО конституциясы, әдебиет бағдарламаларына өзгерiстер енгiзiлдi. Жас ұрпақ тәрбиелеу мәселесiнде коммунистiк идеология мен социалистiк қоғам құрудың жетiстiктерiн мадақтауға, патриоттық тәрбиеге ерекше мән бердi.
Соғыстан кейiнгi жылдары орта мектептерде политехникалық оқытуға көшу талаптары қойылды. Одақ құрамындағы республикалардың оқу-ағарту министрлiктерi оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қайта қарап, политехникалық оқытуға көшудi мақсат еттi. 1953-1955 жылдары Ресей Федерациясының Педагогика ғылымдар академиясы политехникалық оқуға көшуге байланысты бiлiм негiздерiн оқытудың әдiстемелiк нұсқауын даярлап шығарды.
1954 жылдан бастап Украинада жалпы бiлiм беретiн мепктептерге өндiрiстiк оқыту енгiзілдi. Мектептердің VIII-Х сыныптарында ғылым негiздерiн оқытумен бiрге, практиканы өндiрiс орындарында, машина-техникалық станцияларда, колхоз-совхоздарда өткiзудi мiндеттелдi. Мектепте жоғары сынып оқушылары орта бiлiм алумен қатар халық шаруашылығының түрлi саласында жұмыс жасауға, мамандық алуға даярланды.
Орта мектептерге политехникалық оқытуды iске асыру мiндетi жүктелдi. 1954/55 оқу жылынан бастап жаңа оқу жоспары мен бағдарламалары енгiзiлдi. Бұл оқу жоспары бойынша бастауыш сыныптарда еңбек сабағы, V-VII сыныптарда оқу тәжiрибе учаскелерiнде жұмыс жасау, VIII-Х сыныптарда машина тану, электротехника және ауылшаруашылығынан практикумдар жүргiзiлдi. Мектепте оқытылатын жаратылыстану және физика-математика пәндерiнiң өмiрмен байланысты жүргiзiлуi ескерiлдi. Алдыңғы қатарлы мұғалiмдер зертханалық сабақтар жүргiздi.
Мектептерде 1955 жылдардан бастап жоғары сынып оқушыларынан өндiрiстiк бригадалар құрылды. Алғашқы бастама Ставраполь өлкесiнен басталып, Алтай өлкесi, Ростов, Новгород, т.б. облыстар мен автономиялық республикаларда кең өрiс алды. Рязань обылысында ұйымдастырылған оқушылардың оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтарының тәжірибелері одақ мектептерде жүзеге асырыла бастады. Бұл бригадалар оқушыларды ауылшаруашылығы еңбегiне араластыруға, оның негiзгi салаларымен таныстыруға, оқытуды қоғамдық еңбекпен байланыстыруға мiндеттелдi. Мектеп оқушылары өндiрiс және ауылшаруашылық орындарында практикадан өтетiн болды.
1956/57 оқу жылдары Ресей Федерациясының оқу-ағарту министрлiгi мен Педагогика академиясы 585 мектепке эксперименттiк жаңа оқу жоспарын жасады.
Бұл эксперименттiк мектептерде арнайы курстарды оқыту, оқушыларды индустриялы өндiрiспен және ауылшаруашылығымен таныстыру мақсатында практикадан өткізу мiндеттелдi.
Педагогикалық бiлiм беру және мұғалiм мамандарын даярлау. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейiн мектепке қажеттi мұғалiмдер саны жетiспедi, сондықтан жоғары және орта бiлiмi бар мамандар даярлау iсi жүзеге асырылды.
Орта бiлiм алған жастардың санының артуына байланысты 1953 жылдан бастап орта мектеп негiзiнде екi жылдық педагогикалық училищелер ашылды.
Мұғалiмдердiң ғылыми және арнайы даярлығын арттыру мақсатында бұрынғы мұғалiмдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылып, орта мектепке мұғалiмдер даярлау бiр жүйеге келтiрiлдi.
1957/58 оқу жылы кейбiр педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш мектеп мұғалiмдерiн даярлайтын арнайы факультеттер ашылды.
Педагогикалық институттардың оқу жоспарларына болашақ мамандарды даярлау үшiн мектептерде политехникалық бiлiм негiздерiн оқыту және өнiмдi еңбектi енгiзуге байланысты, әсiресе, физика-математика, жаратылыстану-биология факультеттерiнде 1953/54 оқу жылы өзгерiс енгiзiлдi.
Мұғалiмдермен әдiстемелiк жұмыс жүргiзу үшiн мұғалiмдердiң аудандық әдiстемелiк бiрлестiктерi мен оқу қабинеттерi туралы ережелерi iске қосылды.
Соғыстан кейiнгi жылдарындағы педагогика ғылымдарының дамуы. Соғыс жылдары құрылған Педагогика ғылымдар академиясы педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргiзуi үшiн барлық ғылыми-педагогикалық мекемелер мен жеке ғалымдардың зерттеулерiн бiрiктiрiп үйлестiруге тиіс болды.
Алғашқы құрылған күнiнен бастап Педагогика ғылымдар академиясы педагогика тарихы мен мектепке дейiнгi тәрбие, жеке пәндердi оқыту әдiстемесiне, психология, дефектология, балалар физиологиясына байланысты зерттеулер жүргiзді. 1944 жылдан бастап мектепте балаларды жетi жастан оқыту мен тәрбиелеуге байланысты олардың физиологиялық және психологиялық ерекшелiктерi зерттеле бастады. Жаңа әлiппелер құрастырылып, жетi жасар балаларға орыс тiлi, математиканы оқыту ерекшелiктерiн және оқыту мен тәрбиенiң тиiмдi жолдарын қолдану қарастырылды.
К.Д.Ушинский мен А.С.Макаренконың, т.б. педагогтардың толық шығармалар жинағы даярланып, басылып шығарылды.
Сол кезеңде Педагогика теориясы мен тарихына арналған монографиялық еңбектер мен оқу құралдары шығарылды. Мысалы, Н.К.Гончаровтың «Педагогика негiздерi» (1947), И.А.Каировтың редакциялық жетекшілігімен педагогикалық жоғары оқу орындары мен университеттерге арналған «Педагогика» оқу құралы (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтың мұғалiмдер институтына арналған «Педагогика» оқулығы (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған «Педагогика» (1950) оқулығы жарық көрдi.
Ұрпақ тәрбиесiне байланысты демократ-ағартушылардың еңбектерi басылып шығарылды.
Мектепте политехникалық оқуды iске асыруға және коммунистiк тәрбие беру ісін жақсарту мәселесiне басты назар аударылды. М.А.Мельникова мен М.Н.Скаткиннiң редакциясымен «Жалпы бiлiм беретiн мектептегi политехникалық оқыту», А.Г.Калашникованың редакциясымен «Мектепте политехникалық оқыту мәселелерi» атты зерттеу жұмысының қорытындылары жарық көрдi. Бұл еңбектерде политехникалық оқытудың мәнi, мазмұны, оқыту әдiстерi, оқушыларды өндiрiс негiздерiмен, техника, физика мен химия, биология сабақтарында зертханалық және практикалық жұмыстардың жүргiзiлуiмен таныстырды. Кейбiр пәндердi политехникалық тұрғыдан оқытудың әдiстемелерi баспадан шығарылды.
Педагогика ғылымдар академиясы мен барлық одақтас республикалардағы педагогикалық институттардағы педагогика кафедраларының күшiмен мектеп алдында тұрған маңызды мәселелер, жалпы және политехникалық бiлiм берудiң мазмұны, ғылым негiздерiн оқыту әдiстемесi, коммунистiк тәрбие жүйесiнiң негiздерi, оқушылардың жас және жеке бас ерекшелiктерi зерттелдi.
Жалпы педагогика тарихымен қатар, басқа ұлттар педагогикасы да зерттеле басталды. Соның нәтижесiнде Ресейде жоғары оқу орындарына арналған «Педагогика тарихы» (1955), Е.Н.Медынскийдің «XVI-XVII ғасырлардағы Украина мен Белорусиядағы туысқан мектептер» (1954); Н.А.Константинов пен В.Я.Струминскийдің «Ресейдегi бастауыш бiлiм беру жайлы очерктер» (1949); М.Ф.Шабаеваның «Орыс прогресивтiк-демократиялық педагогикасының қалыптасу тарихынан» (1951); Ш.И.Ганелиннің «XIX ғасырдың екiншi жартысындағы Ресейдегi орта мектеп тарихының очерктерi (1950); Ф.Ф. Королевтің «Кеңес мектебi мен педагогика тарихының очерктерi» (1958) атты еңбектері жарық көрдi. Одақтас республикаларда да құнды зерттеулер жүргiзiлiп, педагогика тарихына байланысты еңбектер жарық көрдi.
Кеңес мектебi мен педагогикасының қалыптасу тарихына зор үлес қосқан Н.К.Крупскаяның педагогикалық шығармалары, А.В.Луначарский, А.С.Бубнов, С.Т.Щацкий, П.П.Блонский таңдамалы педагогикалық шығармалары қайта басылып шығарылды.
Орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Д.Д.Семенов, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Н.И.Пирогов, Л.Н.Толстой, П.Ф.Лесгафт шығармалары педагогика тарихын маңызды жаңалықтармен байытты.
50-шы жылдардың соңына қарай мектептегi оқытуды жетiлдiру бағытындағы ғылыми iзденiс жұмыстары кең көлемде жүргізіле бастады. Бiлiм мазмұнының экономика, ғылым, техника, мәдениет жетiстiктерiне сай дамуы; техника жетiстiктерiне сай бiлiм мен тәрбиеге қойылатын талаптар; әр жас кезеңiндегi оқыту әдiстерiнiң ерекшелiктерi; тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптерi, т.б. зерттеу жұмыстарының басты тақырыбына айналды.
Ғалымдар политехникалық оқыту әдiстерiн ұйымдастыру үшiн жаңа бағдарламалар жасау мақсатын қойды. Политехникалық бiлiм мен дағдыны игеру үшiн педагогикалық жағдайларды анықтау, ғылым негiздерiн игерумен бiрге, арнайы пәндердi - өндiрiс негiздерiн, машина жүргiзудi, электротехниканы оқыту көзделдi. Физика, химия, биология, сызу мен политехникалық пәндер циклының арасындағы байланыстар зерттелдi. Осы мәселелерге арналған iргелi теориялық және әдiстемелiк еңбектер жарық көрдi.
Педагог ғалымдар бастауыш мектепте 7-10 жасар балаларды оқыту барысындағы олардың жалпы дамуын зерттедi. Алты жасар балалардың сауатын ашу, есеп шығару, жазу қабiлетiн анықтау үшiн тәжiрибе жұмыстары жүргiзiлдi.
Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу мәселесiне байланысты тәрбие бағдарламасы жасалып, онда оқушы өмiрiн ұйымдастыру мен оқытуда еңбек принципi арқылы тәрбиелеу көзделдi.
Кеңестік кеңістіктегі мектептер бiр типтi болды, мұғалiмге жоғарыдан берiлген белгiлi әдiстемелiк талапты ғана ұстану, бағдарлама, оқулық, әдiстемелiк нұсқау ауқымынан шықпау тәрiздi талаптар қойылды. Ұлт мектептерiнiң өзiндiк бет-бейнесi жоғала бастады. Олардың оқу бағдарламалары бiр типке келтiрiлiп, орыс тiлiнiң мәнi күшейтіліп, оның оқу жоспарындағы жүктемесi көбейдi. Ресей Федерациясындағы орыс емес ұлттардың ана тiлi ғана бөлек пән ретiнде оқытылды, басқа пәндер орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Барлық ұлт мектептерiндегi оқыту мазмұнынан ұлттық салт-дәстүр, мәдениет жайлы материалдар қысқартылып, тек кеңестiк саяси-идеологиялық бағыт ұстанылды. Соның нәтижесiнде әсiресе аз санды солтүстiктегi халықтар ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерi мен ата-кәсiптерiнен ажырап, өзi туып-өскен ортасын бөтенсiп, өмiрге араласуы жағынан қиындықтар көрді.
Кеңестiк идеология барлық ұлттарды төл мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарынан ажыратқан едi. Бiлiм саласындағы партия-мемлекет тарапынан жасалған қатаң бақылау, оның жұмысын тұйыққа тiредi, мұғалiмдердiң шығармашылығына тосқауыл қойылды, соның салдарынан оқушылардың оқуға ынтасы төмендедi. Дегенмен, жаңашылдыққа талпыныс жасаған педагогтар қатары өріс ала бастады. Бұған мысал ретiнде В.А.Сухолминскийдiң өмiрi мен шығармашылық еңбектерiн айтуға болды.
В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистiк педагогикалық идеялары. В.А.Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Украинадағы Павлыш селосының жанындағы Кременчуг деген жердегi шаруа отбасында дүниеге келдi. Рабфакты бiтiргеннен кейiн Полтавадағы педагогика институтына түсiп, оның күндiзгi бөлiмiнде бiраз уақыт оқығаннан кейiн, сырттай оқу бөлiмiне ауысып, өзiнiң туған жерiне жақын маңдағы мектепте қызмет еттi. Он жетi жасында бастауыш сыныптың мұғалiмi болып қызмет атқарды. 1939 жылы украин тiлi мен әдебиетi мамандығы бойынша институт бiтiрдi. Ұлы Отан соғысында кеудесiнен ауыр жарақат алды, сол снаряд жарықшағы денесiнде қалды.
1947 жылы соғыстан оралып, Павлыш орта селолық мектебiнiң директоры қызметiн атқарды.
Василий Александрович Сухомлинский 33 жыл бойы өмiрiнiң соңына дейiн Павлыш мектебiнде директорлық қызмет атқарған жылдарын «ең үлкен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтiн бақыт» деп жазды.
1958 жылы В.А.Сухомлинский кандидаттық диссертация қорғап, директорлық қызметiн сол Павлыш мектебiнде жалғастыра бердi. 1968 жылы КСРО Педагогикалық академиясы оны өзiне ғылым корреспондент мүшесi етiп сайлады. Ол педагогикаға саласына арналған 38 кiтап жазып шығарып, бiрнеше басылмаған еңбектердiң қолжазбасын даярлады.
В.А.Сухомлинскийдiң еңбектерi әлемдегi халықтардың 40 тiлiне тәржiмаланды. Ол - тәрбиенiң теориясы мен тәжiрибесiне, дидактика мен мектептануға зор үлес қосқан белгiлi ұстаз.
Ол тәжiрибе мен теорияны ұштастырған талантты педагог болды, өмiр бойы селолық мектепте ұстаздық қызмет еттi. Оның қызметiндегi ең маңызды нәрсе - педагогтың өз кәсiбiне шығармашылықпен қарауы әлеуметтiк мәнi зор мәселе болды. «Жас мектеп директорымен әңгiме» атты еңбегiнде В.А.Сухомлинский былай деп жазады: «Егер сiз мұғалiмнiң еңбегi оған қуаныш әкелсiн десеңiз, онда оны күнделiктi бiрқалыпты қызықсыз iс-әрекеттен бас тартқызып, әр мұғалiмдi iзденiс жолына түсiрiңiз». Тәрбиешi жұмысының нәтижелi болуы үшiн ол әр баланың жан дүниесi мен ерекшелiгiн ескере отырып, педагогикалық шеберлiгi мен шығармашылығын ұйымдастыру арқылы iске асыра алуы керектігін көрсетті.
В.А.Сухомлинский басты назары жас ұрпаққа азаматтық тәрбие беру болды. Ол тәрбие үрдiсiнде ұжымды қалыптастыру теориясын жетiлдiрiп, ұжымдағы жеке оқушымен жұмыс жасау әдiстемесiн жасады.
Ол «Оқушылардың ұжымдық тәрбиесі» (1956) атты еңбегінде «Балалар ұжымы – ортақ мұратты көздеген, зияттық-эмоциональдық жағынан ұйымдасқан қауым. Ұжымның бай рухани өмiрiн қалыптастыру өте күрделi: ол әр оқушының рухани өмiрiн қалыптастырып, ұжымдық «рухани байлыққа» айналып, одан жеке оқушыға әсер етiп, үнемi бiр-бiрiнiң дамуына өзара ықпал ететiн терең байланыстар орнатады» деп көрсетеді.
В.А.Сухомлинский педагогикаға «ұжымның рухани өмiрi», «сыныптың зияттық (интеллектуалдық) қалпы» тәрiздi жаңа түсiнiктердi енгiздi. Оқушылардың түрлi қызығушылықтары мен жұмыла атқарған iстерi, рухани игiлiктерi, бiлiмi, бiлiктерi бiрiне-бiрi ықпал етiп, ұжым мүшелерiнiң зияттық деңгейiн дамытады, бiлуге деген құштарлығын оятып, шығармашылық iзденiске түсiрiп, ұжымдық iс-әрекетке үйретедi.
В.А.Сухомлинский – халық дәстүрі мен, фольклорының, табиғаттың тәрбиелiк ықпалын терең зерттеп, педагогикада өзiндiк қолтаңбасын қалдырған педагог.
В.А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» (1969) атты еңбегiнде тәрбиешi қызметiнiң нәтижелi болуы - балаларды жан-жақты дамытуға, олардың рухани өмiрi мен әр баланың даму ерекшелiгiн терең бiлуге байланысты дедi.
Оның жоғары азаматтық парыз бен мораль туралы ойлары «Балаларға жүрек жылуы» (1969), «Азаматтың қалыптасуы» (1971), «Ұлыма хат» атты еңбектерiнде жалғасын тауып, жастарды тәрбиелеуге арналды.
В.А.Сухомлинский өмірінің соңғы жылдары оның педагогикалық идеяларында «тапсыздық тәрбие насихатталды» деген желеумен орталық баспасөз бетінде коммунистік партияның қатаң сынына ұшырады.
В.А.Сухомлинскийдiң өзiн үнемi аяаусыз жұмысқа жегуi, негiзсiз сынға ұшырауы, бұрынғы жарақатының асқынуы, 1970 жылы оның өмiрiнiң үзiлуiне әкелiп соқты.
Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. ж.)
1960-1970 жылдар аралығындағы бiлiм саласындағы басты мiндеттер төмендегідей еді:
жалпы мiндеттi орта бiлiм берудi жүзеге асыру;
мектептегi бiлiм мазмұнын жаңарту;
оқу үрдiсiн жетiлдiру және оқушыларға коммунистiк тәрбие беру болды.
Жалпы мiндеттi орта бiлiм беру үрдiсiн жүзеге асыру бiрнеше кезеңге бөлiнiп жүргiзiлдi.
Орталық партия комитетi мен КСРО Министрлер Кеңесiнiң 1966 жылғы 10 қарашада «Орта бiлiм беретiн мектептiң жұмысын жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулыда жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң материалдық-техникалық базасын жақсарту (жаңа типтi мектеп үйлерiн салу, жаңа мазмұнды оқулықтар даярлап, басып шығару, мектеп кабинеттерi мен шеберханаларын оқу жабдықтарымен және спорт құралдарымен жабдықтау), жоғары сынып оқушыларын мектепке толық тарту үшiн мектеп жүйесiн тиiмдi орналастыру шаралары қарастырылды. Сегiзжылдық мектептi бiтiрген оқушылар оқуын өз еркiмен кәсiби-техникалық және орта арнайы бiлiм беру оқу орындарында жалғастыруы көзделдi.
Осы қаулыға байланысты оқу-тәрбие үрдiсiн қайта құру қарастырылды: бұрын ғылым негiздерi V сыныптан бастап оқытылса, ендi IV сыныптан бастап оқытылатын болды; мектепте оқытылатын ғылым негiздерiне қосымша оқу жоспарына VII сыныптан бастап кейбiр пәндерден оқушылардың таңдауымен факультативтiк курстар енгiзiлдi.
Кейбiр мектептердiң жоғары сыныптарында физика, математика, кейiннен химия, биология, гуманитарлық пәндердi саралап оқыту жүргiзiлдi.
Жақсы жабдықталған селолық мектептерде жоғары сынып оқушылары машина, трактор, комбайн және ауылшаруашылық машиналарды жүргiзудi игердi. Мектептегi тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыратын педагог штатқа алынды.
Осы жаңалықтардың мектепке енуiне байланысты 1970 жылы Орта мектептiң жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттiк құжатта сегiзжылдық мектеп оқушылары бiлiмдерiн мынадай бiлiм мекемелерiнде жалғастыратын болды: жалпы бiлiм беретiн орта мектепте (онжылдық) (IX-X сыныптарда); арнайы орта оқу орындарында - техникумдарда (3-4 жылдық оқу); орта кәсiптiк-техникалық училищелерде (КТУ) (3-4 жыл); жұмысшы және ауылшаруашылығымен айналысатын жастар мектебiнде (IX-XI сыныптар). Осы оқу орындары толық орта бiлiм мен кәмелеттiк аттестат бердi.
Қорыта келгенде, жастарға орта бiлiм беру халық шаруашылығында жұмыс жасай алатын кәсiби даярлықпен ұштастырылды.
1970 жылы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, техникумдердiң, орта кәсiби-техникалық училищелердiң, жұмысшы және ауылшаруашылығымен айналысатын жастар мектебiнiң IX-X сыныптарында сегiзжылдық мектептi бiтiрушiлердiң 78,8 пайызы оқыды. Орта мектептi бiтiрушiлердiң саны бес жылда (1965-1970) екі есе өстi.
Жалпыға мiндеттi орта бiлiмдi қамтамасыз ету осылай iске аса бастады.
Оқу орындарының жаңа типтерi. 1959 жылдан жалпыға мiндеттi сегiзжылдық мектептiң санының артуына байланысты толық орта мектеп саны да арта түстi. Одақтың географиялық және экономикалық жағдайына байланысты халық сирек орналасқан жерлерде шағын комплектiлi мектептер сақталып қалды, бұл арада бастауыш сынып оқушыларын отбасында тәрбиелеу қажеттiгi ескерiлдi.
Халықтың тұрмыс жағдайының көтеріле түсуіне байланысты балаларды жан-жақты дамыту, бала мен ананы материалдық жағынан қолдау қызметi, қоғамдық бала бақша мекемелері жүйесiнiң өрбуi, балалар ағзасының ертерек жетiлуi, бастауыш мектептiң берілетін бiлiм көлемiн төмендетпей, төртжылдық оқудан үшжылдыққа өтуiне мүмкiндiк бердi. Педагогика, психология ғылымдарының және бастауыш мектепте оқыту әдiстемесiнiң жетiстiктерiнiң арқасында бастауыш сынып оқушыларының бiлiм деңгейi соңғы жылдары артқаны байқалды.
Сегiзжылдық мектеп сол кезеңдегi баланы жан-жақты дамыту, ғылыми бiлiм беру, саяси-идеялық, еңбек, эстетикалық тәрбие мен оқушыларға кәсiби бағдар беру мiндеттерiн шештi.
Қалалық және селолық жерлердегі орта мектеп саны өсті, бастауыш және сегiзжылдық мектептердiң саны қысқарды, яғни мектептер iрiлендiрiлдi.
Мектеп оқушыларға кәсiби бағдар берiп, еңбекке тәрбиелеу мен оқытуда үлкен жетiстiктерге жеттi. Еңбек пәнiнiң мазмұны мен оқыту әдiстерi жетiлдiрiлiп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Ол үшiн қоғамдық ұйымдар, кеңестiк атқару комиттеттерi, өндiрiс ұжымдары көмек бердi. Жоғары оқу орындарында еңбек мамандарын даярлайтын факультеттер мен индустриялы- педагогикалық техникумдар ашылды.
Мектеп аралық оқу-өндiрiстiк комбинаттар (ОӨК) қалыптасып дамыды, олар тұрақты қаржымен қамтамасыз етiлiп, онда қызмет етуге жергiлiктi өндiрiс орындарынан бiлiктi мамандар тартылды. 1979-80 оқу жылы 2 мың оқу-өндiрiстiк комбинатта 1 млн. 543 мың жоғары сынып оқушылары еңбек және политехникалық бiлiм алып кәсiби мамандық таңдауға даярланды.
Көптеген өндiрiс орындары оқу-өндiрiстiк комбинаттарды нығайтып дамытуды өз қамқорлығына алды.
1976-1980 жылдары ұзартылған күн тобында оқитын оқушылар саны 20,8 пайыздан 32,4 пайызға көтерілді.
Iрi қалаларда, колхоз-совхоздарда жергiлiктi жердегi халық пен үкiмет орындарының қолдауымен жаңа типтi тәрбие мен бiлiм беретiн мекемелер –мектеп-кешендер ашылды. Мектеп-кешендер бала тәрбиесiне қатысты жалпы бiлiм беретiн мектептерді, пионерлер үйлерiн, балалар клубын, түрлi қоғамдарды, көркемөнерпаздар үйiрмелерiн, техникалық шығармашылық ұйымдарын, т.б. бiрiктiрдi. Мектеп-кешеннiң басты мақсаты балалардың қоғамдық тәрбиесiн жүзеге асыру болды.
Қорыта келгенде, Одақ кеңістігінде халыққа бiлiм беру жүйесi жаңа типтi тәрбие-бiлiм беру жүйесiмен толықтырылды.
Оқытудың белсендi әдiстерiнiң дамуы және бiлiм берудi жетiлдiру. 1970 жылдары қоғамдағы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мектептегi бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерiн жетiлдiру мәселесiн алға тартты. Сондықтан мектепте оқытылатын ғылым негiздерiн ғылым мен практика жетiстiктерiне сәйкестендiру қажеттiгi туындады.
Оқыту мазмұны мен оқытудың теориялық деңгейiн арттыру жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаңа оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқулықтарын қайта даярлау жұмыстарын қажет еттi. Осы жұмысты жүзеге асыру үшiн Кеңес одағының барлық бiлiм саласының iрi ғалымдары, белгiлi әдiскерлерi, озат тәжiрибелi ұстаздары қамтылды.
70-ші жылдары ғылым мен халық шаруашылығының жетiстiктерiн ескере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептiң барлық сатыларындағы ғылым негiздерi жаңа мазмұнда құрылды.
Бастауыш сыныптағы оқу бағдарламалары оқушылардың ойлау қабiлетiн арттыруға бағытталды. Оқу материалдары оқушылардың ойлау қабiлетi мен қорытыды жасау мүмкiндiктерiн дамытуға, өз ынта, қызығушылығымен фактыларды бақылай отырып, шешiм iздеу мақсатын қойды. Бастауыш сынып бағдарламалары мұғалiмдердi оқушылардың өзiндiк жұмыстарын және оқу қызметiн ұйымдастыру мәдениетiн арттыруға бағыттады.
Оқытудың жаңа мазмұнға өтуi оқу жоспарындағы гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің сағаттарын өзгерттi, соңғысының сағаттары көбейдi.
1977 жылы қабылданған мектеп құрылысына байланысты үкімет қаулысында оқу бағдарламалары мен оқулықтарын оқушыларға түсiнiксiз күрделi оқу материалдарынан арылту шаралары ұсынылды. Кейбiр пәндер бойынша (физика VIII-IX сыныптар, геометрия VI- VIII сыныптар, тарих VIII-X сыныптар) эксперименталды оқулықтар даярланып, сынақтан өткiзiлiп, талданып, қорытындыланды. Нәтижесiнде ғалымдар мен педагогтар жаңа оқулықтар оқытудың теориялық негiздерiн бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда төмендетпеуi тиiс деген шешiмге келдi.
Оқытудың жаңа мазмұнға өту тәжiрибесiнде байқалған мәселе, тиiмдi нәтижеге жетудiң басты құралы - оқытуды ұйымдастыру мен оқыту әдiстерi екенiн көрсеттi.
70-ші жылдары үкiмет пен өндiрiс орындары, колхоз-совхоздар тарапынан мектептерге материалдық жағынан үлкен көмек көрсетіліп отырды. Мектептердегi оқу кабинеттерi тегiс техникалық құралдармен жабдықталды. Теледидар арқылы оқу бағдарламалары, оқу сабақтары ұйымдастырылды.
Оқытудың жаңа мазмұнға өтуi мұғалiмдердiң шығармашылық iзденiсінекең жол ашты. Олар сабақты өткiзу, сабақта ұжымдық және жеке оқушының оқу iс-әрекетiн, оқушының өзiндiк iзденiсiн ұйымдастыруды жетiлдiру үшiн көп еңбек сiңiрдi.
Мектептегi оқу жоспарының өзгеруi еңбек тәрбиесi мен оқушыларды еңбекке оқыту, оқушыларға кәсiби бағдар беру мазмұнын да өзгерттi.
70-ші жылдары мектеп оқушыларды халық шаруашылығында еңбек етуге даярлауда бiршама жетiстiктерге жеттi. 1979 жылы жоғары сынып (IX-Х ) оқушыларының 75 пайызы (Украинада 95 пайызы) машина, трактор жүргiзушi, слесарь, т.б. мамандықтарын игердi.
Мектеп түлектерi арасынан бiрден өндiрiске, ауылшаруашылығына жұмысқа баратын бастамалар кеңiнен өрiс алды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердiң негiзгi бағыттары. 1960-1970 ж.ж. әлемдегі ғылыми-техникалық жетiстiктер, экономиканы дамытуды және кеңестiк қоғамды демократияландыру жағдайында бiлiм мазмұнын өзгерту мәселесiн алға қойды. Осыған орай 1960 -1970 ж. ж. жалпы міндетті орта білімге көшу, мектеп саясатының басты мәселелерінің бірі болды.
Жалпы орта білім беру тұжырымдамасындағы басты мақсат – жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені меңгерту болды (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин). Білім мазмұны қоғамның әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс еді.
Дидактикалық теорияларды жетiлдiрiп зерттеген ғалымдар қатарында В.В. Краевский, Лернер И.Я., М.Н. Скаткин, М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, Ю.К.Бабанский, т.б. болды. Бiлiм мазмұнын жетілдіруге байланысты негiзгi идеяларда: бiлiм беру уақыт талаптарына лайық құру, оқытудың ғылыми негізін күшейту; оқу үлгерiмiнiң сапасын арттыру мәселелеріне басты назар аударылды.
Өкінішке орай, сол кезең талаптарына лайық белгіленген осы маңызды мәселелер күнделiктi тәжiрибеде өз шешiмiн таппады. Оқушыларға ғылым негiздерiн оқыту практикалық жағынан қиындық тудырды.
Л.В. Занков түсiнiктiлiк принципiн жетiлдiрiп, оқытуды жоғары қиындық деңгейде және материалды жоғары қарқынмен оқытуды ұсынды. Ол оқу жұмысының тиiмдiлiгi оқушының ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етумен және кездескен қиындықты жеңе бiлуiмен iске асырады деп есептеді.
Ақыл-ой, таным үрдiсi оқушының зейiн қою қабiлетiн, талдау-жинақтау әрекетiн және ерiк-жiгерiн жетiлдiрудi қажет етедi. Оқытуды жоғары қиындық деңгейiнде жүргiзу - оқушыны белсендi танымдық iс- әрекетке жұмылдыру, бiлуге ынталандыру, қажеттi мөлшерде шығармашылық жаттығулар берiп, ақыл-ойын жаттықтыру, яғни жақсы және нашар оқитын оқушыларды оқу еңбегiне бiрдей жаттықтыру.
Л.В.Занков ұсынған түсiнiктiлiк принципiн практикада кең мағынада қолдану, оқу мазмұнының көлемiн ұлғайтып, теориялық деңгейiн күрделендiрдi.
60-70-ші жылдары дамыта оқыту теориясы оқушының ақыл-ой қабiлетiн дамыту әдiс-тәсiлдерiне барынша көңiл бөлгенімен, оқыған материалды есте сақтатуға жете назар аудармады. Дидактикада оқу материалын есте сақтау деген мүлде естен шығарылып, ол механикалық жаттау ұғымымен теңестiрiлдi. Оқу-танымдық үрдiс барысында оқушының материалды игеруi үшiн есте сақтау қабiлетi қалыптасуы тиiс, өйтпесе ешқандай бiлiм көлемiн игеруге болмайтыны белгiлi.
Сонымен, үлкен үмiт артқан дамыта оқыту теориясы тиiмдi нәтиже бермедi. Оқушылардың оқу үлгерiмi төмендеп, оқу үлгерiмiн пайызға шағу, бағаны көтермелеп қоюға әкелiп соқты.
Дидактикада И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқушылардың оқу-танымдық әрекетiн арттыру үшiн оқыту әдiстерiнiң маңызына назар аударып, оларды топтастыруға ат салысты. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында оқу материалдарын түсiндiрiп - көрсететiн немесе ақпаратты - рецептивтi (рецепция - қабылдау) әдiстер: әңгiме, лекция, түсiндiру, оқулықпен жұмыс, суреттердi қолдану, диафильмдердi пайдалану; репродуктивтi (бiлiмiн практикада қолдана бiлу, алгоритм бойынша жұмыс жасау, бағдарламалау) әдiстері; оқытылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдiсi; жартылай-iзденiске түсiру немесе эвристикалық әдiс; зерттеу әдiсi, оқушыларға танымдық мiндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздiгiнен шешуіне қажеттi басқа да әдiстер ұсынылды.
Ю.К.Бабанский көптеген оқыту әдiстерiн үш негiзгi топқа бөлдi: оқу-танымдық iс-әрекеттi ұйымдастыратын әдiстер; оқу-танымдық iс-әрекетке белсендiретiн және түрткi тудыратын әдiстер; оқу-танымдық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн тексеретiн және өзiн-өзi тексеретiн әдiстер.
М.Н.Данилов пен Б.П.Есипов оқыту әдiстерiн дидактикалық мақсат пен мiндеттердi шешетiн топтарға бөлдi: жаңа бiлiмдi игертетiн әдiстер; бiлiк пен дағдыларды қалыптастыратын және бiлiмiн практикада қолдана бiлу әдiстерi; бiлiм, бiлiк, дағдыларды тексеру және бағалау әдiстерi.
Г.М.Щукинаның зерттеу еңбектерінде оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетi белсендiлігін көтеру, көптеген құнды пікірлер айтылды.
Оқушының әлеуметтiк тәжiрибесiн қалыптастыруды ұйымдастыру үшiн оқушылардың ұжымдық қарым-қатынасын күшейту, А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинскийдiң ұжымды қалыптастыру тәжiрибесiне сүйене отырып, мектепте өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру жұмыстары жүргiзiлдi.
60-70 жылдары педагогикалық қауымның назарына Л.В.Занковтың «Оқушыларды оқытудағы көрнекілік және белсенділікті арттыру», Д.Б.Элькониннің «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту психологиясы», В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту мәселелері», И.Я.Лернердің «Проблемалық оқыту», М.И.Махмутовтың «Теорияның негізгі мәселелері», Н.Ф.Талызинаның «Программалық оқытудың теориялық мәселелері», Г.Н.Волковтың «Этнопедагогика» кітаптары, т.б. еңбектер ұсынылды.
1971 жылы Қазақстанда Қ.Бержанов пен С.Мусиннің “Педагогика тарихының” қысқаша курсы жоғары оқу орындарының студенттерін педагогика ғылымының бай қазынасымен таныстыратын баспадан шығарылған алғашқы оқулық болды.