
- •III. Глоссарий
- •Пән бойынша берілген тапсырмаларды орындау және тапсыру графигi
- •Пәнді оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету картасы
- •IV. Дәрістер кешені
- •1.1 Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі тәлім-тәрбие
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •1.4 Орта ғасырда және Қайта өрлеу дәуiрiндегi Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •1.5 Ақш пен Батыс Еуропа елдерiндегi тәрбие, мектеп және педагогика
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Ұсыныл5ан әдебиеттер:
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған дебиеттер:
- •2 .4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.5 1980-1991 Ж. Ж. Аралығындағы тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 3 Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. 4 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •V. Практикалық сабақтар
- •1.1 Практикалық сабақ тақырыбы: Таяау және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттеріндегі Шумер тәлім-тәрбиесі
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •1.3 Практикалық сабақ тақырыбы: Византиядағы ағарту iсi және педагогикалық ой-пiкiрлер
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.1 Практикалық сабақ тақырыбы: X-XVIII ғ. Ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікір
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.2 Практикалық сабақ тақырыбы: XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Реферат тақырыптары:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •2.3 Практикалық сабақ тақырыбы: 1917-1941 ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •2.4 Практикалық сабақ тақырыбы: 1941-1980 ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •3. I. Қазақ даласындағы ортағасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пiкiрлерi
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.2 Практикалық сабақ тақырыбы: хү-хүiii ғ.Ғ. Қазақ хандығының құрылуы
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •3.3 Практикалық сабақ тақырыбы: хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Антикалық замандағы Византиядағы педагогикалық ой-пiкiрлер
- •3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.
- •4.Орыс жеріндегі хiv- XVI ғ. Ғ. Тәрбие мен оқыту.
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •2. 2 XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымы
- •Өзбетінше орындалатын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.3 1917-1941 Ж. Ж. Аралығында тмд елдеріндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •2.4 1941-1980 Ж. Ж. Аралығындағы Тәуелсiз мемлекеттер достатстығы (тмд) елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуы
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •3.3. Хүiii ғ. Екiншi жартысы мен хiх ғ. Аяғына дейiнгi Қазақстандағы саяси- әлеуметтiк жағдайлар және қазақ демократ ағартушыларының ой-пікірлері
- •Өзбетінше орындайтын тапсырмалар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жалпы педагогика кафедрасы
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
Алматы, 2011
Студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешенді (СОӘК) құрастырушы:
Тәжібаева С.Ғ, п.ғ.к., доцент
Студентке арналған оқу әдістемелі кешенді (СОӘК), мамандықтың оқу-әдістемелік кешені (МОӘК) және мамандық пәндерінің кешеніне (ПОӘК) сәйкес құрастырылды .
Студентке арналған оқу әдістемелі кешенді (СОӘК) бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы Қазмемқызпу студенттерінің қолдануына арналған және ішкі қолданыстағы құжат болып табылады.
III. Глоссарий
Педагогика тарихы ғылымы – өткен кезеңдердегі тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарының қызметі жайлы ғылым. Тарихи - педагогикалық зерттеулер адамзат дамуының тарихы, этнография, этнология және археология салаларының зерттеулерімен тығыз байланысты. Ғалымдардың білім және тәрбие беру тарихы төңірегіндегі зерттеулері адамзат дамуының кезеңдерімен, соның ішіндегі алғашқы қауымдық құрылыс, құлдық, феодалдық, капиталистік, социалистік қоғам дамуымен сәйкес қарастырылады.
Педагогика тарихы пәні - әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-эконмикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпаќты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын және шығармашылқ ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Антикалық педагогика – Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі құлдықтың даму сатысндағы тәрбие, білім беру және педагогикалық ойдың даму кезеңі. Ежелгі Греция құл иеленуші бірнеше мемлекеттерден құралған, соның бірі – Лакония, орталығы Спарта және Аттиканың орталығы Афины. Ежелгі Грециядағы тәрбие мен білім беру спартандық және афиналық болып екіге бөлінді. Спартандық тәрбие беру қатаң тәртіпке, дене тәрбиесіне және құлдарға қайырымсыздыққа тәрбиеледі. Құлдардың ешқандай адамдық құқықтары және баласын мектептерде оқытуға мүмкіндігі болмады. Құлдар бүкіл Грецияда «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды. Еңбек ету тек құлдардың міндеті деп саналды. Спартада жас өспірімдердің дене тәрбиесіне ерекше назар аударылды.
Баламалық ұстаным әдіснамалық ұстанымның бірі – мәндік талдау ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелігі және бірегейлігін анықтап, обьектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен даму заңдылықтарына, шарттары мен даму жағдайларына талдау жүргізіп, олардың маќсатты түрде өзгерістерге түсу мүмкіндіктері талданады.
Тарихи-генетикалық ұстаным – педагогикалық фактілерді немесе құбылыстарды зерттегенде, олардың пайда болуын, онан кейінгі дамуын түрлі саяси-экономикалық жағдайлардағы білім беру үрдісінің бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге ауысуы жан-жақты қарастырады.
Тарихилық және қисындылық ұстанымы - зерттеу жұмыстарында обьектінің тарихын (генетикалық қыры), теориясын (құрылымы, қызметі, обьектінің қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Тарихи талдаудың қажеттігі - обьектінің құрылымы мен қызметін талдау, белгілі бір ғылыми тұжырымдама жасау үшін керек.
Теориялық талдау ұстанымы - обьектінің генезисін (пайда болуы, қалыптасуы) қарастырмай, ақиқатқа жетуі мұмкін емес. Сондықтан да, тарихи-педагогикалық және теориялық-педагогикалық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми болжамына байланысты болады.Қарастырып отырған ұстанымнан шығатын талап - зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер, бұрынғы зерттеу обьектілерінің генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдаудан шығады.
Тұжырымдамалық бірлік ұстанымы - басқа зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлерін талдап, негіздеп, ізденіс жүргізу барысында зерттеудің алдына қойған мақсат-міндеттерін, ғылыми болжамын анықтап, ғылыми ізденісін жүргізіп,, нақты ғылыми жетістіктерге жеткізеді. Ол үшін алғашқы ғылыми болжамды тексеріп, дамытып, қажет болса, іздену барысында түзетулер енгізіп, тұжырымдаманы жетілдіреді. Сонда ғана ғылыми ізденіс өз нәтижесін береді.
Әдіснама - теориялық және практикалық iс-әрекеттердi құру мен ұйымдастырудағы заңдар, заңдылықтар, ұстанымдар мен құрылымдар жүйесi. Әдiснама – ғылыми-танымдық iс-әрекеттердi құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы iлiм.
Тарихи-теориялық зерттеу әдiстерi – тарихи-педагогикалық құбылыстардың кейбiр жақтарын, белгiлерi мен ерекшелiктерiн тарихи-теориялық тұрғыдан талдайды. Кейбiр фактiлердi талдағанда оларды мазмұндық жақтарына қарай топтастырып және жүйелеп, зерттеушiлер педагогикалық құбылыстың жалпылығын және ерекшелiгiн айқындайды. Тарихи-теориялық зерттеулерде идуктивтi және дедуктивтi әдiстер қолданылады. Идуктивтi әдiсте iзденушiнiң ойлау қабiлетiн жеке пiкiрден жалпы қорытынды жасауға, дедуктивтi әдiс – жалпы пiкiрден жеке қорытындыға келуге бағыттайды.
Тарихи-педагогикалқ тәжiрибелердi зерттеу әдiсi кейде дәстүрлi педагогикалық әдiстер деп аталады. Бұл әдiстердi кезiнде Платон, М.Ф.Квинтилиан, Я.А.Коменский, И.Песталоццилер де қолданған, қазiргi ғылымда да пайдаланылады. Педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу, бақылау, әңгiмелесу, сауалнама жүргiзу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп құжаттарын т.б. зерттеу әдiс-тәсiлдерi iзденiс жұмыстарында қолданылады.