
- •1)Экономикалық теория дегеніміз не?
- •2)Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
- •4)Экономикалық категориялар дегеніміз не? Экономика туралы алғаш ұғымды енгізген кім?
- •5)Экономикалық теория мектептері
- •6)Экономикалық теория мектеп өкілдері, қағидалары
- •7)Экономикалық қажеттілік, игілік дегеніміз не?
- •8)Экономикалық теория қызметтері, мәні
- •9)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •11) Инвестициялау дегеніміз не?
- •13)Меншік дегеніміз не?
- •14) Иемдену дегеніміз не?
- •16)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •17)Экономикалық жүйе түрлері, мәні: дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық, аралас.
- •18)Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар дегеніміз не, қасиеттері?
- •19)Өндіріс факторлары
- •20)Құн заңы дегеніміз не?
- •21)Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық). Монетаның отаны.
- •22)Ақша дегеніміз не? Ақшаның атқаратын қызметтері, оларға мысалдар келтірілген.
- •23)Нарық инфрақұрылымы, құрылымы дегеніміз не?
- •24)Нарықтың атқаратын қызметтері
- •25)«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары.
- •26)Нарықтың элементтері.
- •27)Бәсеке дегеніміз не?
- •29) Монополия, олигополия дегеніміз не? Түрлері. Монополияға қарсы бірінші акт.
- •30)Сауда, коммерция дегеніміз не?
- •31)Кәсіпкерлік дегеніміз не?
- •32)Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері.
- •33)Франчайзинг дегеніміз не?
- •34)Венчурлық фирма дегеніміз не?
- •35)Шығындар дегеніміз не?
- •40)Сұранысқа, ұсынысқа әсер ететін факторлар. Субститут, субэлемент тауарлар дегеніміз не? Мысалдар
- •41)Сұраныс, ұсыныс бағасы дегеніміз не?
- •42)Икемділік дегеніміз не? Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •43)Негізгі, айналмалы капитал дегеніміз не? Оларға не жатады?
- •44)Негізгі капиталдың тозу түрлері.
16)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей менмикродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);технологиялық аяның жай-күйі;ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады. Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн:- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастаржиынтығы ретінде қарастырылады;- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.