Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оэт.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.84 Кб
Скачать

43)Негізгі, айналмалы капитал дегеніміз не? Оларға не жатады?

Негізгі өндірістік  капитал (қор, қаржы) – бұл өндірістік процестерде пайдаланатын құралдары. Негізгі өндірістік капиталға жатады: өндіріске қатысы бар бір жылдан артық пайдаланатын еңбек құралдары. Кәсіпорында сондай-ақ негізгі бейөндіріс капитал болуы мүмкін: тұрғын үйлер, мектептер, балалар мекемелері, мәдениет үйлері және т.б.Негізгі капитал - ұлттық байлықтың үлкен бөлімі. Өнеркәсіп және құрылыс үздіксіз істегенде ұлттық байлық жылдан-жылға  өседі. Негізгі капиталдың сапасы да өседі. Оның себептері: жаңадан салынатын  және жасалатын үйлер, жабдықтар  алғы жобаны және конструкцияны пайдаланады. Сондай-ақ ескі үйлер, жабдықтар модернизация арқылы жаңартылады.Негізгі капиталға — өндіріс  үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады. Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.

44)Негізгі капиталдың тозу түрлері.

Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды. Физикалық тозу — негізгі капиталдың  оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, суықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.Моральдық тозу — негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жаса­ла­тын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны ескі, неғұрлым қымбат машиналарға  құнсызданады және өзінің

бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақ та  құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бір­лі­гі­н­е, оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәти­жес­інде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішінара) құнсыз­да­нады. Негізгі капиталдың тозуына қарай амортизациялық қор өзінің құнын өндірілетін өнімдерге бірте-бірте ауыс­тырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық  аударымдар (жарналар) сомасы­ның қатынасы амортизация нормасы болып саналады.Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақ­талған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.

45)Капитал айналымы дегеніміз не? Формуласы.

Капитал айналымы– капиталдың үздіксіз жаңарып отыратын ауыспалы айналымы; компанияның жылдық сату көлемінің салынған капиталға (меншікті қаражаттың орташа сомасына) қатынасы; жылдық өткізу (сату) көлемін тұрақты капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына тең шамасына бөлу арқылы есептелетін көрсеткіші. Өнеркәсіп капиталы ауыспалы айналымның барлық сатысынан өтетін уақыт капитал айналымының уақытын құрайды. Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен авансыланған капитал (А) оған қосымша құн әкеле отырып (А1-а+∆а), өзінің иесіне қайтарылады. Осыдан барып капиталдың қозғалысы (оны авансылау, өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы)  ақша формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады және   мынадай формуламен жазуға болады: …Ө…Т1 — А1 :Мұнда:А — бастапқы бетте авансыланған ақша;Т – тауар ол:ӨҚ — өндіріс құралы;ЖК — жұмыс күші;…Ө… — өндіріс;нүкте қозғалыстың (айналым жасаудың)тоқталғандығын білдіреді.Т1 – шығарылған жаңа тауар;А1 – тағы да ақша формасындағы  авансыланғанкапитал, бірақта пайдамен (А1 = А + ∆а).