Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оэт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.84 Кб
Скачать

13)Меншік дегеніміз не?

Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану

құқығы, билеу құқығы.Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі;Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі;Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды

14) Иемдену дегеніміз не?

Иемдену — көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара- бара екі типті шаруашылық қалыптасады — иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Әр елдердің экономикасындағыбұлардың рөлі бірдей болмаса да шаруашылықтың осы типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің натуралдық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуінінде қасиеттерін қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену қатынастары өндіріс, болу және айырбаспен толықтырылған болады. Индивидуалдық өндірістің коғамдық өндіріске айналуы, иемденудің құрылымының күрделілігін одан әрі көтеріп күшейтеді. Иемденудін ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын, өндіріс құрайды. Халыктың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы. Иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады. Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты өсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. 

15)Меншіктің құқықтық мәні, түрлері, сипаты. Жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу дегеніміз не, қажеттілігі, кезеңдері? Жекешелендіру тәсілдері?

меншіктік құқық – мұраға қалған жылжымайтын мүлікке шартсыз иелік ету құқығы (Фригольд) (жылжымалы жәнежылжымайтын мүлік). Сөздің түбірі Фьеф сөзінен шыққан. Бұл сөз феодалдық дәуірдің құқық саласында қолданылған. Қазіргі кезде заттай құқық ретінде меншікке қатысты кәдуілгі құқықты (белгісіз уақытқа мүлкінен айыру), меншікке қатысты шектелген құқықты (тұлғаға және оның ұрпақтарына берілген, егер иелік етуші ұрпақсыз қайтыс болатын болса қайтарылатын) және меншікке қатысты өмірлік құқықты (иелік етуші тек тірі кезінде құқылы) қосқанда, абсолютті меншіктік құқықтың бірнеше нұсқалары бар. Жалпы қатынастар мен құбылыстар кеңістігінде меншік заңды тәртіпте бекітілген мүліктік қатынастар ретінде көрініс табады. Меншіктің заң тұрғысындағы мазмұны келесідей дәстүрлі құқықтармен сипатталады:а)  иелену құқығы (затты физикалық иемдену);б) пайдалану құқығы (өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мүлікті өндірістік немесе жеке тұтыну);в)өкім беру (сату, сатып алу, сыйға беру т.б. заттың тиесілігін өзгерту).Ағылшын заңгері Б.Оноре меншік құқықтарының жиынын толық көрсетіп, жалпы меншік қатынастарының жиынтығынан келесідей 11 элементті бөліп көрсетеді: -иелену құқығы;-пайдалану құқығы;-басқару құқығы, яғни меншік объектісінің қалай, кіммен және қандай талаптарға сәйкес пайдалану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдау;-меншікті пайдаланудан табыс алу құқығы;-заттың капиталдық құнына құқық (иеліктен шығару, тұтыну, өзгерту, физикалық құрту құқығы);-қауіпсіздік құқығы – қарсы иммунитет;-мұраға қалдыру құқығы;-меншік құқықтарының мерзімсіздігі;-зиянды пайдалануға тыйым салу, яғни меншікті басқаларға зиян келтірмейтіндей пайдалану міндеті;-меншікті қарыз төлемі ретінде пайдалану мүмкіндігін көздейтін мүліктік жауапкершілік;-«қайтарым сипатындағы меншік құқықтары, яғни келісім-шарт мерзімінің бітуіне, оның талаптарының бұзылуына байланысты әлдекімге берілген құқық қабілеттілігінің  қайтарылуы.Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады.Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы.Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы:а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б.в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.Меншік мазмұнының экономикалық тұрғысы оның заңдылық тұрғысынан біршама ерекшеленеді. Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде

жүргізілді. ЖекешелендіруҚазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.