Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оэт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.84 Кб
Скачать

9)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?

Экономикалық ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы. Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофиз.), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары. Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.Ресурстар төрт түрлі болады:1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін  әлеуметтік, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін  ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды  құрайды.Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді  білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да  ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

10)Өндіріс, ұдайы өндіріс дегеніміз не? Қоғамдық өнім сатылары: бөлу, тұтыну, өндіріс, айырбастау. Мәндері

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - ­ экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.Ұдайы өндіріс - бұл өндірісті тұрақты түрде жаңғырту және өндірісті қайталауда оның нәтижелерін, пропорцияларын, нысандары мен қатынастарын біртұтас ету. Қоғам тұтынуды тоқтата алмайды, демек, ұдайы өндіріс - тұрақты және үздіксіз тұтынудың шарты.Ұлттық ұдайы өндіріс процесінде қоғамдық өнім мен адамдар қызметінің басқа да нәтижелері ұдайы жаңартылады, табыс пен шығыс ауыспалы айналады, үй шаруашылықтары мен фирмалардың арасындағы жеке ұдайы өндіріс пен байланыс, жеке деңгейдегі, сонымен бірге өңірлік қатынастар деңгейіндегі экономикалық процестердің барлық субъектілері (қатысушылар) арасындағы экономикалық қатынастар жаңғыртылады.Бөлудің  арқасында  әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі анықталады.Айырбас - мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға ауыстырады­. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана  шикізатқа  мұқтаж болмайды ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол айырбастың арқасында ала алады. Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану ­арқылы, адамдардың  қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын болжайды.Тұтыну – өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоғамдық қажеттердің қанағаттандырылуы үшін пайдалану.Тұтыну ұдайы өндіріс циклінің ақырғы кезеңі болып табылады. Тұтынылатын игіліктердің арналу мақсатына қарай өндірістік тұтыну – өндіріс үдерісінде ресурстарды, яғни өнімді (тауарларды, бұйымдарды) дайындау барысында өндіріс құрал-жабдығын пайдалану.Мұнда өнім: шикізат, отын, энергия, машина, жабдық, т.б. өндіріс үдерісіне қайтадан пайдаланылады. Алайда өндіріс құрал-жабдығын өндіру жалаң мақсат болып табылмайды, ақырғы тұтыну заттарын ұдайы өндіру үшін құрал қызметін атқарады. Өндірістік тұтыну өніміне сұраныс тек тұтыну. тауарларына деген сұраныс көбейгенде ғана артады; бейөндірістік тұтыну – қоғамдық және жеке бастың тұтынуын қамтитын бейөндірістік саладағы тұтыну, яғни халықтың тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін түрлі игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануы. Жеке бастың тұтынуына тамақ

өнімдерін, киім-кешек, аяқ киім, мата, мәдени-тұрмыстық заттар, отын, электр энергиясын, тұрғын үй, т.б. сатып алуға жұмсалатын шығынмен бағаланатын материалдық игіліктерді тұтыну, сондай-ақ ақылы және ақысыз көрсетілетін қызметтерді коммуналдық, тұрмыстық қызметтерді, әлеуметтік қызмет көрсету салаларының қызметтерін тұтыну жатады; қоғамдық тұтыну – бейөндірістік саладағы мекемелер мен ұйымдар (білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, басқару, т.б.) тұтынатын материалдық игіліктер мен қызметтерді қамтиды. Тұтыну ұдайы өндіріс үдерісінің ақырғы кезеңі ғана емес, сонымен бірге оны жаңарту үшін жаңа алғышарт та болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбек уәждемесі, белсенділігі, экон. мінез-құлқы кімнің, нені және қанша тұтынғанына байланысты. Қоғамдық игіліктерді тұтынудың көлемі, сапасы мен деңгейі ел экономикасының жалпы жағдайына және бюджеттің кіріс бөлігінің толығу дәрежесіне қарай айқындалады. Тұтыну өндірістің дамуына зор ықпал жасайды. Ол қоғамдағы әлеуметтік-экономика ілгерілеудің қуатты факторы да, кері кетуінің себебі де болуы мүмкін. Тұтыну адам капиталының қорлануын айқындайды, нарықтық экономиканың серпінін және өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін тиімді сұранысты қалыптастырады. Қазіргі заманғы тұтыну жалпыa эконмикалық өрлеу үрдісіне де, ондағы шаруашылықты жүргізу үлгілері эволюциясының алғы шарттарының пісіп-жетілуіне де, оның қоғамдағы өндіріс пен тұтынудың өзгермелі жағдайына ұдайы бейімделіп отыруына да қуатты жеделдетуші ықпал етеді деген пайымдауға сүйенеді. Бүкіл халықтың тұтынуы көлемінің ұлғаюы отандық өндірістің тұрақты өрлеуіне байланысты.