
- •1)Экономикалық теория дегеніміз не?
- •2)Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
- •4)Экономикалық категориялар дегеніміз не? Экономика туралы алғаш ұғымды енгізген кім?
- •5)Экономикалық теория мектептері
- •6)Экономикалық теория мектеп өкілдері, қағидалары
- •7)Экономикалық қажеттілік, игілік дегеніміз не?
- •8)Экономикалық теория қызметтері, мәні
- •9)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •11) Инвестициялау дегеніміз не?
- •13)Меншік дегеніміз не?
- •14) Иемдену дегеніміз не?
- •16)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •17)Экономикалық жүйе түрлері, мәні: дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық, аралас.
- •18)Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар дегеніміз не, қасиеттері?
- •19)Өндіріс факторлары
- •20)Құн заңы дегеніміз не?
- •21)Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық). Монетаның отаны.
- •22)Ақша дегеніміз не? Ақшаның атқаратын қызметтері, оларға мысалдар келтірілген.
- •23)Нарық инфрақұрылымы, құрылымы дегеніміз не?
- •24)Нарықтың атқаратын қызметтері
- •25)«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары.
- •26)Нарықтың элементтері.
- •27)Бәсеке дегеніміз не?
- •29) Монополия, олигополия дегеніміз не? Түрлері. Монополияға қарсы бірінші акт.
- •30)Сауда, коммерция дегеніміз не?
- •31)Кәсіпкерлік дегеніміз не?
- •32)Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері.
- •33)Франчайзинг дегеніміз не?
- •34)Венчурлық фирма дегеніміз не?
- •35)Шығындар дегеніміз не?
- •40)Сұранысқа, ұсынысқа әсер ететін факторлар. Субститут, субэлемент тауарлар дегеніміз не? Мысалдар
- •41)Сұраныс, ұсыныс бағасы дегеніміз не?
- •42)Икемділік дегеніміз не? Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •43)Негізгі, айналмалы капитал дегеніміз не? Оларға не жатады?
- •44)Негізгі капиталдың тозу түрлері.
40)Сұранысқа, ұсынысқа әсер ететін факторлар. Субститут, субэлемент тауарлар дегеніміз не? Мысалдар
Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетедіә) бағалық емес факторлар.Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:- Тұрғындардың ақшалай табыстары;- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;- Тұтынушының талғамы мен талғауы;- Жинақталған мүлік;- Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:а) баға;ә) бағалық емес факторлар.Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;- Салықтар мен дотациялар;- Табиғи-климаттық жағдайлар;- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;- ресурстардың бағаларының өзгеруі;- күтім;- маркетинг, бәсеке,
жеткізушілер санының өзгеруі. субститут (1. бірінші мұрагер әлдеқалай мұрагерлік құқығына кіріспеген жағдайда өсиетнамада тағайындалған қосалқы мұрагер, 2. тұтынушының көз алдында бірін-бірі алмастыратын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер, сөйтіп олардың біреуінің бағасының өзгеруі баламалы тауарға немесе көрсетілетін қызметке деген сұранымға әсерін тигізуі). Мысалы, шикізат сияқты қажетті өнімнің бағасы шекті бағадан жоғары болса, бұл өткізуді едәуір күрделендіреді, кәсіпорын «асыл» материалдардың орнына субститут тауарларды (картон, пластмасса) қолданады.
41)Сұраныс, ұсыныс бағасы дегеніміз не?
Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни EDp =0;Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.
42)Икемділік дегеніміз не? Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.Баға бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары: икемді сұраныс – сұраныс деңгейі бағаға қарағанда жоғары пайызға өседі, яғни EDp >1;бірлік икемділікті сұраныс – сұраныс деңгейі мен баға бірдей пайызға өзгереді, яғни EDp =1;икемсіз сұраныс – сұраныс деңгейіне қарағанда баға жоғары пайызға өседі, яғни EDp <1;өте икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарамастан сұраныс деңгейінйң өте жоғарғы көлемге өсуі, яғни EDp =∞;өте икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне сұраныс деңгейінйң әсер етпеуі, яғни EDp =0;Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз – сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.Қиылысымды икемділіктің негізгі формалары:оңды – бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін;теріс – бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін;
нөлдік – бірін-бірі ауыстыратын, бірін-бірі толықтыратын тауарлар болып табылмайтын тауарларға тәуелді.Табыстар бойынша сұраныс икемділігі дегеніміз – тұтынушылар табыстарының көлеміндегі өзгеріске байланыстысұранылатын тауарлар көлеміндегі өзгеру дәрежесі. Табыстар бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті барлық шарттар тұрақты болған уақыттағы тауарларға сұраныс деңгейіінің пайыздық өзгеруінің тұтынушылар табысының пайыздық өзгеруіне қатынасы.Табыс бойынша сұраныс икемділігінің негізгі формалары:оңды – сұраныс көлемі табыстың өсуімен өседі; қалыпты игіліктерге тәуелді теріс – сұраныс көлемі табыстың өсуімен төмендейді; сапасыз және төмен тауарларға нөлдік – сұраныс көлемі табыстың өзгеруіне әсер етпейді; күнделікті қолданылатын тауарларға тәуелді.