Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оэт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.84 Кб
Скачать

33)Франчайзинг дегеніміз не?

Франчайзинг , франшизинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге(қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата

компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.

34)Венчурлық фирма дегеніміз не?

Венчурлық фирма «тәуекелдік» технологияны өнеркәсіпте сынап, аяғына дейін жеткізу үшін құрылған «тәуекел» кәсіпорын, ол әдетте, жеке капиталдарды біріктіру арқылы құрылады. «Тәуекелдік» технологияға өнертабыстар, пайдалы модельдер және жасалуы белгілі тәуекелге байланысты басқа да жаңалықтар жатады. Венчурлық фирма өнеркәсiптiк өндiрiстiң кезеңiне келесi олардың берiлуi үшiн үлгiлер және үлгiлердiң өнiмнiң дамытуын бастапқы баспалдақпен, оның ресми түрде мақұлдауы, жасауымен таңдаумен және ғылыми немесе техникалық идеяның өңдеуiмен шұғылдана қызмет көрсетедi. Фирма осы өнiмнiң үстiнде жұмыстары көбiнесе аяқтаумен тоқтатады. Венчурлық фирмалар тек қана келіп түсетiн жобалардың ептеген еншiлерiн жүзеге асырады. Өйткенi 30-40% қабылданған жобалауларға шығынды, фирмалардың едәуiр бөлiктерi толып қалады.

35)Шығындар дегеніміз не?

Шығын – 1. белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады: материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады);еңбекақыға жұмсалатын шығын; әлеуметтік мұқтаждарға аударым; тозымпұл (амортизация).Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.

36)Шығындар түрлері(тұрақты, өзгермелі, жалпы, шекті, орташа, экономикалық, бухгалтерлік, айқын, айқын емес және т.б.), олардың мәндері және оларға не жатады. Формулалары Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.Өндіріс шығындарын жіктеп болудің

бірнеше жолдары болады.Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынныңтұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады. Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса; 2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны; 3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса; Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды.Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер жөне т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды.Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар өсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан төуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім кабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен.Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:АТС = TC / Q. Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорныныңкеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.Шекті шығындар МС — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.MС = ΔTC / ΔQ.Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты. МС, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының AC және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни МС = minAC.Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.

37)Сұраныс, ұсыныс заңы дегеніміз не? Қандай байланыс?

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды. Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше. Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

38)Сұраныс, ұсыныс қисықтары нені көрсетеді? Мысалдар

Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық. Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді. 

39)Тепе-теңдік баға дегеніміз не? Тепе-теңдік баға бұзылса қандай жағдай болады?

Сұраныс мөлшерi және ұсыныс мөлшерi тепе-тең кездегi бәсекелестiк рыноктағы баға; тауар мен көрсететiн қызметiнiң артығы да жоқ, дефицитi де жоқ кездегi баға; өсу немесе кему қарқыны көрiнбейтiн кездегi баға. Нарықтық инфляция тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдауына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз. Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляциядейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардың өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп, оны аса бұзбайды.Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те айтады. Ол бағаны реттейтін (жалақыда болуы да мүмкін) экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады.Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным тепе-теңдігінен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтатады. Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 %, 1994-те – 1258, ал 1995-тің аяғында «теңге» тұрақтана бастап, инфляция төмендеді және 60,3%-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7 %,-тың маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2%, 1998-ші жылы – 1,9 %, 1999-шы жылы – 17,8 %, 2000-ші жылы – 9,8 құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9 %-ға тұрақтады.Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.Экономика теориясында, жеке алғанда осы Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрінөндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляциясаясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20 %-200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қаорқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен. Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ қолдана отырып осыны қалай түсіндіруге болады? Егер М – n есе өскен болса, баға деңгейі сонша есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V – көрсеткішін де есепке алу қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір себебі ретінде қарастыруға болады.Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады.