
- •1)Экономикалық теория дегеніміз не?
- •2)Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
- •4)Экономикалық категориялар дегеніміз не? Экономика туралы алғаш ұғымды енгізген кім?
- •5)Экономикалық теория мектептері
- •6)Экономикалық теория мектеп өкілдері, қағидалары
- •7)Экономикалық қажеттілік, игілік дегеніміз не?
- •8)Экономикалық теория қызметтері, мәні
- •9)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •11) Инвестициялау дегеніміз не?
- •13)Меншік дегеніміз не?
- •14) Иемдену дегеніміз не?
- •16)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •17)Экономикалық жүйе түрлері, мәні: дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық, аралас.
- •18)Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар дегеніміз не, қасиеттері?
- •19)Өндіріс факторлары
- •20)Құн заңы дегеніміз не?
- •21)Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық). Монетаның отаны.
- •22)Ақша дегеніміз не? Ақшаның атқаратын қызметтері, оларға мысалдар келтірілген.
- •23)Нарық инфрақұрылымы, құрылымы дегеніміз не?
- •24)Нарықтың атқаратын қызметтері
- •25)«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары.
- •26)Нарықтың элементтері.
- •27)Бәсеке дегеніміз не?
- •29) Монополия, олигополия дегеніміз не? Түрлері. Монополияға қарсы бірінші акт.
- •30)Сауда, коммерция дегеніміз не?
- •31)Кәсіпкерлік дегеніміз не?
- •32)Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері.
- •33)Франчайзинг дегеніміз не?
- •34)Венчурлық фирма дегеніміз не?
- •35)Шығындар дегеніміз не?
- •40)Сұранысқа, ұсынысқа әсер ететін факторлар. Субститут, субэлемент тауарлар дегеніміз не? Мысалдар
- •41)Сұраныс, ұсыныс бағасы дегеніміз не?
- •42)Икемділік дегеніміз не? Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •43)Негізгі, айналмалы капитал дегеніміз не? Оларға не жатады?
- •44)Негізгі капиталдың тозу түрлері.
23)Нарық инфрақұрылымы, құрылымы дегеніміз не?
Нарық инфрақұрылымы – нарық экономикасында шаруашылық салалар мекемелерінің жиынтығы. Нарық экономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз: 1 баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. 2 осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін транскациондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.Нарық экономикасының төртінші орталық буыны — екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды элементі.Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің: бағаның, пайда нормасының, проценттің т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылуын және қызмет етуін талап етеді.