
- •1)Экономикалық теория дегеніміз не?
- •2)Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
- •4)Экономикалық категориялар дегеніміз не? Экономика туралы алғаш ұғымды енгізген кім?
- •5)Экономикалық теория мектептері
- •6)Экономикалық теория мектеп өкілдері, қағидалары
- •7)Экономикалық қажеттілік, игілік дегеніміз не?
- •8)Экономикалық теория қызметтері, мәні
- •9)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •11) Инвестициялау дегеніміз не?
- •13)Меншік дегеніміз не?
- •14) Иемдену дегеніміз не?
- •16)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •17)Экономикалық жүйе түрлері, мәні: дәстүрлі, әкімшіл-әміршіл, нарықтық, аралас.
- •18)Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері. Тауар дегеніміз не, қасиеттері?
- •19)Өндіріс факторлары
- •20)Құн заңы дегеніміз не?
- •21)Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық). Монетаның отаны.
- •22)Ақша дегеніміз не? Ақшаның атқаратын қызметтері, оларға мысалдар келтірілген.
- •23)Нарық инфрақұрылымы, құрылымы дегеніміз не?
- •24)Нарықтың атқаратын қызметтері
- •25)«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары.
- •26)Нарықтың элементтері.
- •27)Бәсеке дегеніміз не?
- •29) Монополия, олигополия дегеніміз не? Түрлері. Монополияға қарсы бірінші акт.
- •30)Сауда, коммерция дегеніміз не?
- •31)Кәсіпкерлік дегеніміз не?
- •32)Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері.
- •33)Франчайзинг дегеніміз не?
- •34)Венчурлық фирма дегеніміз не?
- •35)Шығындар дегеніміз не?
- •40)Сұранысқа, ұсынысқа әсер ететін факторлар. Субститут, субэлемент тауарлар дегеніміз не? Мысалдар
- •41)Сұраныс, ұсыныс бағасы дегеніміз не?
- •42)Икемділік дегеніміз не? Түрлері (сұраныс, ұсыныс бойынша барлығы), анықтамалары.
- •43)Негізгі, айналмалы капитал дегеніміз не? Оларға не жатады?
- •44)Негізгі капиталдың тозу түрлері.
1)Экономикалық теория дегеніміз не?
Экономикалық теория — бұл: ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым: қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым; өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.Экономикалық теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген теориялық түсініктер. Экономикалық Теория неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экон. үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейді. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбекнәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экономикалық-өндірістік қатынастардың теориялық тұжырымы экономикалық категориялар (қоғамдық еңбек бөлінісі, тауар, ақша, капитал, ұлттық байлық, т.б.) арқылы жасалады.
2)Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болғаы жағдайда ғана объектіні мүмкіндіғінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, үгымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Та-ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасыігың мацызы зор. Мұның Өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.
3)Экономикалық заңдылықтар дегеніміз не? Қандай түрлері бар? Анықтамалары
Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді. Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.