Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
munai_kurs_22.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8 Мб
Скачать

1 Сурет. Ортадан тепкіш сораптың сұлбасы:

1-жұмыс дөңгелегі; 2-отвод; 3-подвод; 4-қалақша.

Негізгі жұмыс мүшелері

1)-Жұмыс дөңгелегі – бір немесе екі диск арқылы қосылған төлке мен қалақшадан тұрады. Дискілердің санына байланысты жұмыс дөңгелегі жабық (екі диск), жартылай ашық (бір диск) және ашық (дискісіз) болып бөлінеді. Ашық және жартылай ашық жұмыс дөңгелегінің негізгі кемшіліктері – сұйықтық дөңгелекпен корпус аралығында тесіктер арқылы ағып кетеді, бірақ олар ыңғайлы және пайдалану кезінде көп тазалауды қажет етпейді. Дөңгелектерді бір жақты (2-а,в,д,е суреттер) немесе екі жақты (2-б,г суреттер) кіретін етіп жасайды. Екiншi түрiнде параллель әсер ететiн екi дөңгелек бiр бөлiкке бiрiктiрiлген.

Ортадан тепкiш дөңгелектiң қалақшаларының бетi цилиндрлi болып келедi, ал осьтi-радиалды жұмыс дөңгелектерде шеңберлi қалақшалар, олар ағында кең етiп таратады.

Осьтiк сораптың жұмыс дөңгелегiнiң цилиндрлiк төлкесiнде бұрама пiшiндi үш-бес қалақшалар орнатылған (2-д сурет). Қуатты сораптарда қалақшалар осьтi айналасында оське перпендикуляр түрде айнала алады, бұрандама арқылы немесе бұру механизмi арқылы. Қалақшалардың орнын ауыстыру арқылы сораптың берiлiсiн кең ауқымда реттеуге болады, ПӘК-i жоғары болып тұра бередi.

Ауыр заттарды (құм, топырақ, т.б.) және канализация суын қатты ластайтын заттарды айдауға арналған сораптардың жұмыс дөңгелегiнiң каналдары едәуiр кең (2-е сурет), ал қалақшалар саны азайтылған (екiге, кей-кезде бiрге дейiн).

2 Сурет. Қалақшалы сораптың жұмыс дөңгелектері.

2)-Отвод – сұйықтықтың жұмыс дөңгелегінен алып кету жабдығына барады. Отвод спиральді бөліктен және диффузордан тұрады. Оның негiзгi функциялары:

-Сұйықтықтың неғұрлым аз гидравликалық шығындар мен жылдамдығын азайту үшін.

-Жұмыс дөңгелегі – су ағынының пульсациясыз болуы.

-Ағынды шығу потрубкасына немесе сораптың келесі сатысына жіберу үшін.

Бiр каналды спиральдi отвод (3-а сурет) дөңгелектi айнала қоршайды. Ағынның жылдамдығының азаюы осы жерден басталады да, конустық шығу патрубкасына (1) дейiн жалғасады (диффузор). Спиральдiң қима пiшiнi әртүрлi болады: шеңберлi, трапециялы, алмұрт пiшiндi, төртбұрышты.

Ағынның осьтiк симметриясы бұзылған жағдайда бiлiктi майыстырып, мойынтiректерге үлкен күш түсiретiн көлденең гидравликалық күш пайда болады. Сол күштi азайту үшiн кей жағдайларда екi шырмауықты отвод қолданылады (3-б сурет). Осы мақсатта көп дөңгелектi сораптардың спиралiнiң потрубкаларын шахматты түрде (3-г сурет) орналастырады.

3 Сурет. Отводтар, аудару каналдары және подводтар.

3)-Бағыттаушы аппарат - Көп сатылы сораптарда қолданылатын бағыттаушы аппарат авс ауданды спиральдi және bcde ауданды диффузорлы бiрнеше каналдардан тұрады (3-д сурет). Бағыттаушы аппарат спиральдi отводпен салыстырғанда үйлесiмдiрек, соның нәтижесiнде көп сатылы сораптың габаритi кiшiрейедi. Сораптың максимал ПӘК-i кiшкене өседi (шамамен 2%-ке). Бiр жағынан спиральдi сораптар дайындағанда және жинақтағанда қарапайым және ағу бөлiгiн бақылап қарауға ыңғайлы. Сонымен қатар олар пайдалану кезiнде жоғары ПӘК-пен қамтамасыз етедi.

4)-Аудару каналдары - Көпсатылы сораптардың аудару каналдары алдыңғы сатының отводы мен келесi сатының подводын жалғастырып тұрады. Бағыттаушы аппараты бар сораптарда (3-е сурет) аудару каналы (2) отводтың диффузорлық ауданы мен керi бағыттаушы аппараттың каналын жалғастырып тұрады. Спиральдi отводты сораптарда аудару каналдары жүрек пiшiндi подводпен бiтедi (3-ж сурет). Егер алдыңғы дөңгелектiң отводы екi каналды болса, онда келесi дөңгелектiң подводы үйлесiмдi болады (3-з сурет).

5)-Подвод – сұйықтықтың жұмыс дөңгелегіне кірер кездегі неғұрлым аз гидравликалық шығындар мен сұйықтықтың жылдамдығын біртекті өзгерту үшін арналған жабдық. Бiр сатылы сораптарда бiр жақты соратын осьтiк подвод (3-и сурет) қарапайым және үнемдi болып келедi. Iргелi подвод екi сатылы сораптарда және көлденең көп сатылы сораптарда қолданылады (3-к сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]