
- •2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
- •23 Сұрақ Дипломатиялық өкілділік туралы жалпы түсінік
- •24 Сурак Қазақстан Республикасының 12 наурыз 2002 ж. “Дипломатиялық қызмет туралы заңы” және оның мазмұны.
- •26 Сурак Қазақстан Республикасының президенті, парламенті, үкіметі және дипломатиясы.
- •27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
- •41Сұрак Консулдық қызмет
- •44 Сұрақ Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен
- •45 Билет Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
- •46 Билет Қазақстанның дипломатиясы
- •47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
- •50)Жаһандану:
- •51) Терроризмнін түрлері:
- •52) Дипломатия түрлеріне сипаттама берініз:
- •53) Халықаралық қатынастардағы Вестфаль жуйесінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз:
- •55.Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
- •56 Сұрақ Ялта-Потсдам жүйесі
- •57 Сұрақ Беловеж жүйесі
- •58 Сұрақ Халықаралық ұйымдардың саясаттағы рөлін сипаттаңыз
- •60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз
- •61. Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды берудегі негізгі мақсат қандай
- •62 Сұрақ Мемл. Тудың елтаңбаның әнұранның дипл. Протоеолдағы маңызы
- •63 Сұрақ Дипломатиялық дережелерде болу мерзімдері
- •64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
- •65 Сұрақ бұұ ұйымы
- •83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
- •98 Бұұ принциптері мен дипломатиясына анықтама беріңіз
- •99, Вестфаль келісімі және оның көпжақты дипломатияның дамуына әсері.
- •100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
- •101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі
- •102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
- •120 Сурак
- •131 «Қырғи қабақ» соғыс пен ксро ыдырағаннан кейінгі ақш әлемдік саясаттағы орнын көрсетіңіз
- •132 Қазіргі Қазақстандық дипломатияның міндеттерін айқындай отырып, болашақ стратегияға талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
- •144. Діни экстремизм мен террор дегенді қалай түсінесіз?
- •Интеграция ұғымын қалай түсінесіз. Мысал келтіріңіз
- •148.Көпполярлы әлемде қр-ның алатын орны қандай деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді нақтылаңыз.
- •150.Жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудағы ақш-тың рөлі қандай?
47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
Келіссөз жүргізуді ұйымдастыру.
Алдымен келіссөздің мақсаты қатысушы саны, өкілдіктер дңгйі және т№б фокторларға байланысты формасы таңдап алынады. Тарихи түрдегі ең бірінші фрмасы – конгресс (лат.congressus жиналыс, кездесу) мюнстерлік және Оскабрлоктік (1648 ж) 30 жылдық соғыстың аяқталуына себепкр болған. Дипломкатия тарихына Вена (1814-1815) және Ахен (1818) конгресі енді бұл құжатта дипломатиялық өкілдіктің регламнті бекітілген.
Мемлекетаралық келіссөз формасының бірі әр түрлі деңгйдегі конференция, саммит, сессия, жиналыс, кездесулер.
Қай форма болмасын келіссөзге мұқият дайындық қажет. Оның сәттілігі әдетте әр түрлі факторларын айқындайды: қатысушылардың шебрлігімн, өз позициясын логикалық түрд анық жеткізу, өз көзқарасының дұрыстығын әріптестеріне дәлелдей білу. Тағы да аз емес роль атқаратын мекеменің өзі және оның бзендірілуі. Дайындық жұмысы 2 стадиядан тұрады: ұйымдастырушылық және теоритикалық.
Ұйымдастыру кезеңі
Ұйымдастыру кезеңінің негізгі элементі осы күннің мәслесінің анықтығы және келісімділігі, өткізу уақыты жән орны, сәйкес мекеменәі құрылымы, қатысушыларды мекемеде орналастыру тиімділігі, делегацияны байланыс құралдармен, техникалық, транспортпен қамтамасыз ету, регламент дайындау.
Ондай мекемелер Нью-Йорк, Женева, Париж, Вена, Монреаль қалаларында бар. Ұлттар Сарайында (Париж) 20 конф.зал, 500 жұмыс кабинеті бар.
1949-1952 жылдары салынған БҰҰ Нью-Йорктағы кешені 38 қабаттан құрылған: хатшылық, БА, мекемелер және кітапханалар. Жалпы аумағы 700 мың м. Төтенше жиналыс залы 3,5 мың адам сияды.
Делегацияны орналастыру шарты, жағдайы тең, ұқсас болу керек. Мекеменің ішінде жағдайы жоғары деңгейде болуы тиіс.
Қатысушы мемлекет құрамын анықтағаннан кейін делегация құрылымын анықтайды. әдетте онымен СІМ айналысады.
Делегация басшысы келіссөз барысына толық жауап береді. Ол өз тобының жеке қасиетін, келіссөз құралын білу тиіс. Оның оң қолы болады.
Делегация басшысының хатшысы қызметтегі келіссөзге дайындалған адам болады. Оның функциясына жиналыстың негізгі түйіндерін жазып алып отыру, құжаттарды тарату, хаттамалрды толтыруда бақылау жасау, делегация жетекшісіне конференция есебін тапсыру кірді.
Делегация мүшелері болып сол конференцияға мүддлі министрліктер, ұйымның өкілдіктері тағайындалады.
Эксперттер мен кеңесші ғылымның әр саласындағы жоғары дәрежелі мамандар.
Бірінші отырыста конференция хатшылығы қалыптасады. Бас хатшы болып келіссөз жүріп жатқан мемлекет территориясының делегация өкілі тағайындалады. Конференция хатшысы төрағалығынан кейінгі екінші маңызды тұлға. Хатшылықтың негізгі міндеті, қызметі ұйымдастырушылық, құжаттың жүйелілігі және олармен делегацияны қамтамасыз ету, баспасөзбен байланыс. Өзгеше айтқанда хатшылық конфренция сәтті өтуін қамтамасыз ету керек.
Жан Газарян (Фр.) БҰҰ-да 40 жыл жұмыс істеп, хатшылық жұмысының қиын қызметі конференция қатысушысының тізімін жасау деп белгіледі. Тағы бір мәселе длегация арасында құжаттарды тарату. Себебі, құжаттар бір тілде ғана жазылады.
Бірінші отырыста әдетте бірінші болып келіссөз өтіп жатқан мемелкет басшысы бастайды. Егер мемлект басшысы қатыспаса, онда ол құқық премьер-министр немесе СІМ беріледі.
Келіссөзді даярлау.
Келіссөздің теориялық дайындығы. Келіссөз үрдісінің оптималдығы үшін теориялық бөлімде негізгі рөл ойнайды. Бұл кезеңде мына мәселелер шешіледі:
келіссөз концепциясын дайындау;
мақсатты алдын-ала және әріптестік позициясын талдау;
стратегиялық және тактикалық сызықтың анықталуы;
сөз сөйлеудің, құжаттың, резолюция жобасын айындау.
Даярлау жұмысында орталық орында келіссөз концепциясының жобасы болды. Алдымен, соңғы мақсаттар анықталады. Ол үшін меншік мүдделерді анық-қанық біліп, талқыланатын мәселеге байланысты позицияны қалыптастыру керек.
Келіссөздің мақсаты әр түрлі болады:
келісімге қол жеткізу және оны жүзеге асыру талаптары
қоғамдық пікірге әсері
әріптестің мүддесі және позициясы туралы мәлімет алу
келіссөз мақстаны қалыптастастыра отырып жағдайдың тәуелсііз экспертизасын жүргізу
өз позициясын абсолюттік ақиқат ретінде емес, позициялық мүдде ретінде анықтау
тараптардың позицияның паритетінен шығу
Келіссөз концепциясын жасау кезінде әрбір мәселенің өзіндік альтернативтік шешімдерін ескеру қажет. Сондықтан бір ғана нұсқаға тоқталу қажет емес.
Сонымен келіссөз концепциясы:
қатысушы мемлекеттің негізгі мақсаты мен міндетін анықтайды
мәселені шешу жолдарының шкаласы болады
оптималды нұсқаны таңдалады
берілген нұсқаның тиімділігін анықтайды.
Келіссөз кезеңдері.
Келіссөздер - өте күрделі, кейде мерзімі ұзаққа созылған, өзіндік даму динамикасы бар үрдіс. Барлық зерртеушілер (М.Лебедева, М.Бергман, А.Загородски, Н.Скотт) бір ауыздылықпен үш кезеңді көрсетеді:
Бастапқы (зерттеулік, диагностикалық, талқылаушы)
Болашақ келісімнің жалпы рамкасын және аргументінің анықталуы
Қорытынды - позицияның келісімділігі
Келіссөз тәжірибесі нақты, шектеулі рамкалар көрсетпейді, себебі ол келіссөз сипатына және жағдайға байланысты. Дайындық кезеңде әріптестің мақсаты, позициясы, мүдделері анықталса да, кейбір анықталмаған жәйттар қалады. Сондықтан бірінші кезеңде қатысушылардың позициясын нақтылау жүргізіледі.
Кейбір халықаралық келіссөздерде жалпы саяси талқылау жүреді. Әсірісе БҰҰ БА сессиясында делегация мүшелері өз пікірлерін кең ауқымда айта алады.
Келіссөздердің қорытынды құжаттары.
Келіссөздер қолданылған құжаттардың қабылдануымен аяқталады, әдетте қорытындысында пресс-конференция ұйымдастырылады.
Құжаттардың негізгілері – келісімшарт, келісім, конвенция, хаттама, декларация, коммюнике. Кейде келіскен тараптар бір-бірімен хаттармен, ноталармен алмасады. Бұл құжаттар халықаралық құқықтың субьектісі арасындағы міндеттмелерді және өзара құқықтарды көрсетеді.
Тарихи бірінші дамыған қорытынды құжат болып келісімшарт (договор) саналады. Қатысушыларға байланысты келісімшарт екіжақты және көпжақты болады. Көпжақты келісімшарт ашық және жабық болады. Қосымша, анықтамалар келісімшартқа кейде арнайы хаттама болып рәсімделеді. Хаттама бұл жерде жеке нақты мәселе бойынша болуы да мүмкін.
Хаттама преамбуладан (тізімде қатысушылардың мотивтері, мақсаты, принциптері жазылады), нақты бөлімнн, қорытындыдан тұрады. Кейбір саяси сипаттағы келісімшарт «пакт» терминімен аталады. әдетт олар ұжымдық қауіпсіздік, өзара көмек және әріптестік, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастағы ішкі саяси принциптерді шығарады. Мысалы, «үш державалық пакт» (1940ж) Германия, Италия, Жапония арасында кімде-кім осы 3 мемлекеттің біріне шабуыл жасаған болса, бір-бірне саяси, экономикалық жағынан болсын, әскери жағынан болсын көмек көрсетуді ұйғарады.
Бұл термин «жаңа тәртіп» деп аталды. Негізінде ол әлемді бөлісу келісімі еді. 1940-1941 жылы оған Венгрия, Румыния, Словакия, Болгария, Финляндия, Испания қосылды.
Тағы да мысал ретінде «Экономикалық, әлеуметтік және саяси құқық туралы » халықаралық пакт.
Келісімдер және конвенциялар (convenio - келісім) экономикалық, саяси, әскери немесе тағы басқа аймақтағы белгілі бір мәселе бойынша мемелекет арасында реттелетін құжат.
Көбінде көпжақты конвенциялар маңызды болып келеді. Мысалы, Вена конвенциясы 1815 жылы және 1961 жылы «Ашық мұхит туралы» Мұхит құқығы бойынша дипломатиялық қатынасты реттейтін конвенция; «Босқындар құқығы туралы » (1951); «Әйелдердің саяси құқығы туралы» (1952);
Коммюнике (лат. Communico мәлімдеу) құжаттың бір түрі, жалпы ақпаратттық сипаттағы мемлекеттің жалпы саяси принципі, оның белгілі бір мәселеге байланысты позициясы туралы болады.
Екіжақты келісімшарттар келіскен тараптардың тілінде құрылады, көпжақты бір, екі немесе одан да көп тілде болады.
Екіжақты келіссөзде қатаң түрде альтернатив принципі (лат. Alternus ауыспалы) сақталады. Онда өкілетті тұлғаның қолы және мөрі бірінші орында қойылады. Қол қоюдағы мәртебе орын – келісімшарт мәтінінің астында, сол жағында (егер бағана ретінде орналасқан болса). Өзге өкілетті өкілдер өз қолдарын тәртіп бойынша: Алфавит, жребий бойынша болады.
Көпжақты келісімшарт құжаттары бір немесе бірнеше тілде рәсімделеді. Мысалы: БҰҰ келісімшартының ережесінде бес тілде – ағылшын, француз, орыс, испан, қытай тілдерінде болады. Келісіп жатқан мемлекет аттары алфавит тәртібімен жазылады.
Кейде құжатқа қол қояр алдында парафирование - әрбір бетте өкілдің инициалдары қойылады, яғни мәтін толық келісілген деген сөз.
Қол қойылғаннан кейін құжат немесе парламент, немесе мемлекет басшысымен ратификацияланады. Әдетте келісім ратификациялық грамотамен өз күшіне алысқанда кіреді. Кейде ратификациялау қарастырылмайды, онда келісім өз күшіне қол қоюдан бастап енеді.
Мерзімі өткеннен кейін құжат ұзартылады (пролонгирование) немесе міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылады. Денонсирование – мемлекет құжат күші кеткенін жариялайды.
Аннулирование – біржақты тәртіпте болады, яғни жазба түрде нақты бір себепке байланысты құжат күші жойылады.
Халықаралық конференциялар, кездесулер, келіссөз құжаттары халықаралық, үкіметаралық ұйымдарға тіркеледі. Мысалы : БҰҰ хатшылығында.
48-билет. Дипломаттарға қойылатын талаптар.
Шет тілдерін жоғарғы деңгейде меңгеру.
ҚР Конституциясы мен «Дипломатиялық қызмет» заңын білу.
Ақпараттық технологияларды жақсы меңгеріп,ағымдағы мәліметтерді кәсіби талдай білу.
Шет мемлекеттерге елшілікке және өзге де дипломатиялық мекемелерге қызметке барған кезде сол елдің заңдарынбтәртібін ұстау.
49-билет.Сапарлар түрлері мен маңызы.
Шетелдік ресми делегацияға протоколдық рәсімдер мен сый-құрмет сапардың форматына, делегацияны басқаратын адамның мәртебесіне (мемлекет басшысы, үкімет басшысы, сыртқы саясат ведомствосының басшысы, халықаралық ұйымның басшысы немесе басқа да жоғары лауазымды адам), екіжақты қатынастардың деңгейіне сәйкес, сондай-ақ өзара сыйластық қағидаты ескеріле отырып көрсетіледі. Мейманның Қазақстан Республикасына сапары Қазақстан Республикасына келген кезінен басталады.Шетелдік делегациялардың деңгейіне байланысты сапарлар «аса жоғары деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға бөлінеді. «Аса жоғары деңгейдегі» сапарларға мемлекеттер немесе үкіметтер басшыларының, «жоғары деңгейдегі» сапарларға - сыртқы саясат ведомстволары басшыларының, басқа да ресми адамдардың сапарлары жатады. Форматына қарай сапарлар мемлекеттік, ресми, жұмыс бабындағы, жеке және жол-жөнекей сапарларға бөлінеді. Шет мемлекеттер басшыларының Қазақстан Республикасына сапарлары мемлекеттік сапарлар болып табылады. Сапарлардың бұл аса жоғары санаты шет мемлекетпен екіжақты қарым-қатынастың жоғары саяси деңгейін баса көрсету мақсатында өткізіледі. Мемлекеттік сапар кезінде мейманды қарсы алудың, шығарып салудың айрықша жоғары деңгейі және рәсімдік сый-құрметін барынша толық көлемі қамтамасыз етіледі. Мейманның Қазақстан Республикасында болуы, әдетте үш күннен аспайды. Жылына көп дегенде 5 мемлекеттік сапар өткізілуі мүмкін. Мемлекеттік сапарлар кезінде бағдарлама жасағанда: Президенттің «Ақорда» сарайында (бұдан әрі - Президент Сарайы) ресми қарсы алу рәсімі, шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер, екіжақты құжаттарға қол қою, бірлескен баспасөз конференциясы, мемлекеттік қабылдау, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағаларымен кездесу, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары депутаттарының алдында немесе елдің жоғары оқу орнында сөз сөйлеу, гүл себетін (гүл шоғы, гүлдесте) қою, ағаш отырғызу (ауа райы қолайлы болса), қаланың көрікті объектілеріне бару, сондай-ақ мейманның қалауы бойынша бизнес-форумға қатысу және елді аралау көзделеді. Мемлекеттік сапар барысында мейманның автомашинасына мотоциклшілердің құрметті эскортының ілесе жүруі көзделеді. Аса жоғары және жоғары деңгейлердегі сапарлар ресми сапарлар болып табылады. Ресми сапарлар кезінде бағдарламада, әдетте: Президент Сарайында ресми қарсы алу рәсімі, жүзбе-жүз кездесу, жұмыс бабындағы таңғы (түскі) ас, баспасөзге мәлімдеме, сондай-ақ келісім бойынша, екіжақты құжаттарға қол қою, қаланың көрікті объектілеріне бару, бизнес-форумға қатысу, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Парламенті палаталарының Төрағасымен/төрағаларымен кездесу секілді іс-шаралар көзделеді. Нақты мақсатқа арналған сапарлар (келіссөздер, консультациялар жүргізу, көрмелерді немесе қандай да бір объектіні ашу, көпжақты кездесулерге, халықаралық кеңестер мен конференцияларға, мерейтойлық күндерді, мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды мерекелеуге қатысу, осы тектес басқа да іс-шараларға қатысу) жұмыс бабындағы сапарлар болып табылады. Шет мемлекет басшысының жұмыс бабындағы сапарын өткізу кезінде делегацияны қонақүймен, автокөлікпен, жеке күзетпен қамтамасыз ету көзделеді. Жеке сапарларға шетелдік мемлекет қайраткерлерінің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша (демалысқа, туризм мақсатында және басқа жеке мақсатпен) келуі жатады.
Жол-жөнекей сапарлар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін аса жоғары немесе жоғары деңгейдегі ресми делегацияның Қазақстан Республикасында қысқа мерзімге аялдауына байланысты болады.