
- •2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
- •23 Сұрақ Дипломатиялық өкілділік туралы жалпы түсінік
- •24 Сурак Қазақстан Республикасының 12 наурыз 2002 ж. “Дипломатиялық қызмет туралы заңы” және оның мазмұны.
- •26 Сурак Қазақстан Республикасының президенті, парламенті, үкіметі және дипломатиясы.
- •27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
- •41Сұрак Консулдық қызмет
- •44 Сұрақ Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен
- •45 Билет Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
- •46 Билет Қазақстанның дипломатиясы
- •47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
- •50)Жаһандану:
- •51) Терроризмнін түрлері:
- •52) Дипломатия түрлеріне сипаттама берініз:
- •53) Халықаралық қатынастардағы Вестфаль жуйесінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз:
- •55.Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
- •56 Сұрақ Ялта-Потсдам жүйесі
- •57 Сұрақ Беловеж жүйесі
- •58 Сұрақ Халықаралық ұйымдардың саясаттағы рөлін сипаттаңыз
- •60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз
- •61. Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды берудегі негізгі мақсат қандай
- •62 Сұрақ Мемл. Тудың елтаңбаның әнұранның дипл. Протоеолдағы маңызы
- •63 Сұрақ Дипломатиялық дережелерде болу мерзімдері
- •64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
- •65 Сұрақ бұұ ұйымы
- •83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
- •98 Бұұ принциптері мен дипломатиясына анықтама беріңіз
- •99, Вестфаль келісімі және оның көпжақты дипломатияның дамуына әсері.
- •100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
- •101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі
- •102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
- •120 Сурак
- •131 «Қырғи қабақ» соғыс пен ксро ыдырағаннан кейінгі ақш әлемдік саясаттағы орнын көрсетіңіз
- •132 Қазіргі Қазақстандық дипломатияның міндеттерін айқындай отырып, болашақ стратегияға талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
- •144. Діни экстремизм мен террор дегенді қалай түсінесіз?
- •Интеграция ұғымын қалай түсінесіз. Мысал келтіріңіз
- •148.Көпполярлы әлемде қр-ның алатын орны қандай деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді нақтылаңыз.
- •150.Жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудағы ақш-тың рөлі қандай?
118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпы адамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар
119-Сепаратизм дегенді қалай түсінесіз?
Сепаратизм - бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылады. Ұлт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі - оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды. Сепаратизм территориялық қақтығыстың тудыратын бірден бір фактор болып табылады
120 Сурак
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай.Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.
80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста «бір полюсті жүйенің» құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.
Ялатада (4ши-11ши акпан 1945 ж) Потсдам(17 маусым-2тамыз) калаларында откен конф. Натижесинде жана алемдик тартип бекитилди.Аталган жиында ХҚ-ң жаңа жүйесі ретінде АҚШ пен КСРО төрелік ететін биполярлы әлемнің негіздері қалыптасты. Әлемнің қос полярлы тәртібі тарихта ''қырғи қабақ соғыс'' д.а. Бұл дегеніміз капиталистик-социалистик лагерлердің арасындагы текетиреске алып келди. Бул жуйе 1991ж б/ды.
121-Қазақстан Республикасының Парламенті қандай қызмет атқарады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ (ҚРП) – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілдікті орган. 1995 ж. 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екі рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Өкілеттік Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен белгіленеді. ҚРП құрылымы тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: жоғ. палата – Сенат және төм. палата – Мәжілістен тұрады.
122 - Мемлекеттік Тудың айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең:Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi
123- Қазақстан Республикасының Парламенті қандай қызмет атқарады
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл.салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады
124- Төтенше және Өкілетті елшілердің Сенім Грамоталарының мазмұнын айтып беріңіз
125 - Дипломат пен консулдың лауазымын, артықшылықтары мен ерекшеліктерін және өкілеттілігінің арасында қандай айырмашылықтар бар?
126 -Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан мен Египеттің саяси өзара әрекеттестігіне саяси талдау жасай отырып, болашақ саясатына жоба ұсыныңыз?
127 - Мемлекеттің саяси жүйесі мен сыртқысаяси үрдістеріндегі Сыртқы істер министрлігінің рөлі
128 - Дипломаттарға қойылатын талаптар, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері.
129 ) 1814-1815 жж. Вена конгресіндегі дипломатиялық қызмет мәселесі
130-сұрақ Биполярлы жүйе кезіндегі халықаралық қатынастар
Биполярлы жүйе кезіндегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс елдері. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және Таяу және Орта Шығыс елдерінің әскери стратегиялық, экономикалық, саяси маңызының күшеюі. Аймақтағы АҚШ, Совет Одағы мен Ұлыбританияның бәсекелестігі. Түркия, Иран, Сирия, Ливан және Біріккен Африка республикаларындағы демократиялық қозғалыстар.Араб елдеріндегі АҚШ пен Ұлыбританияның бәсекелестігі. Мандаттық жүйенің күйреуі. Израиль мемлекетінің құрылуына БҰҰ Палестинаға резолюциясы. Таяушығыстағы тоқырау және оның себебі. Таяушығыс қақтығысының негізгі кезеңдері. Палестинаны азат ету ұйымының құрылуы (ООП). «Алты күндік соғыс» 1967 ж. және оның қорытындылары.1973 ж. қазан соғысы, Мұнай саласындағы батыс компанияларының мүлкін Ирактың ұлттандыруы. Мұнай бағасының өсуі және әлемдік энергетикалық тоқырау. Мұнай газ мәселелерінің халықаралық қатынастардың стратегиялық құрамдас юөлігіне айналуы және әлемдік шаруалардағы Қиыр Шығыс аймағының маңызының өсуі.
5.Биполярлы жүйе кезіндегі Азия Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастар. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азия тынық мұхиты аймағының қалыптасуы. АТА негізгі кіші аймақтары. Әлемдік саясаттағы АТА ролінің күшеюі. Аймақтық саясаттағы ҚХР мен Жапонияның тәуелсіз орталықтар ретінде қалыптасуы.ҚХР сыртқы саясатының негізгі ұстанымдары. Корей міселесінің туындауы. Совет Одағымен АҚШ тың Кореяға өатысты саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Жапония. Азиядағы әскери блоктардың құрылуы.Аймақтың халықаралық дамуының ең басты факторы. Совет Одағы, АҚШ, ҚХР, Жапонияның қатынастары.Аймақтағы негізгі келіспеушіліктер. АТА дағы АҚШтың ерекше ролі.АТА қауіпсіздік мәселелрі. Азиядағы әскери блоктардың құрылуы. Тайвань мәселесі. Оңтүстік Қытай теңізі аймағындағы территориялық дау дамайлар. Аймақтық саясаттағы Оңтүстік Кореяның ролі. Кореяны біріктіру мәселесі.Аймақта қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі. Қауіпсіздік саласындағы екіжақты келісішапттар. Аймақтық қауіпсіздік қамтамасыз етудің негізгі құрамдас бөлігі.
АТА мемелкеттерінің экономикалық интеграциясының ерекшеліктері. Аймақтық көпполюстіктің дамуы.
1.Көпжақты дипломатия - әлемдік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде. Халықаралық қатынастар, Сыртқы саясат, Әлемдік саясат, Ұлттық мүдде ұғымдарын саралау. Өзара тәуелділік пен қазіргі кезде жаһанданудың кең етек алуы. Қазіргі жаһандану үрдістері және халықаралық қатынастар жүйесіндегі мәселелер. Жаһандану кезеңінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.Әлемдік, аймақтық халықаралық ұйымдардың рөлі мен мәні. Бейүкіметтік халықаралық ұйымдардың халықаралық үрдістерге ықпалы мен беделінің нығаюы. Қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер және оны шешудегі көпжақты дипломатияның рөлі. Халықаралық конгрестер мен конференциялардың құжаттары мен материалдары көпжақты дипломатияның деректері ретінде. Кәсіби дипломаттардың естеліктері дерек ретінде. Халықаралық конгрестер, конференциялар - көпжақты дипломатияның тәжірибесі.Дүниежүзілік баспасөз беттерінде халықаралық конференциялардың дайындық жұмыстарының, ұйымдастырылуы және барысының баяндалуы.Көпжақты дипломатияның дүниежүзілік тәжірибесі. Көпжақты дипломатия және қазіргі жаңа коммуникациялар мен техникалық мүмкіндіктер. 2. XYIII-XIX ғғ. көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибелері. 1648 ж. Вестфаль бейбіт шарты және Еуропадағы Отызжылдық соғыстың нәтижелері. Жаңа халықаралық қатынастардың бекітілуі. Еуропалық өркендеу тарихының басталуы. “Мемлекеттік мүдде”, “табиғи шекара”, және “саяси тепе-теңдік” қағидалары халықаралық қатынастардың ортақ еуропалық қағидалары ретінде. Негізгі құжат ретінде Весфаль трактатының Еуропа мемлекеттері үшін және Еуропалық көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибесі үшін маңызы.Утрехт конгресі және ХҮІІІ ғ. Еуропа тарихындағы оның маңызы. Наполеон соғыстары барысындағы антифранцуз коалициялары – көпжақты дипломатияның тәжірибесі ретінде. Шоман трактаты. 1815 ж. Вена конгресі және оның міндеттері.