Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BBS wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
293.78 Кб
Скачать

100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.

1992 ж. маусымның 4 қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қаңтардың 24) белгiленген.

Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.

Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі

Дипломатиялық өкілділік-дипломатиялық өкіл басқаратын сыртқы қатынастарының шет ел мемлекеттік органы.

101сұрақ.Дипломатиялық өкәлдік калай ашады?

Өкілдік– 1) тапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мәміле не басқа да құқықтық маңызы бар әрекет (мысалы, талапкер атынан сотқа қатысу) жасауы. Өкілетсенімхат не құзыретті органның актісі арқылы тапсырылады немесе заңда көрсетілуі мүмкін. Өкіл тікелей өкілет беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Өкілдік адамның мүліктік қатынастарға тікелей қатысуына әрекет[1] қабілеттілігі жоқтығына, науқастығына, жұмысбастылығына немесе жер шалғайлығына байланысты қолданылады. Заңда көрсетілген реттерде және өзінің сипатына қарай мәмілелердің жекелеген түрлерін (өсиет қалдыру, некеге тұру, рента шартын жасасу) өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді. Заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз (науқас, мүгедек) адамдарға қатысты тағайындалады. Ерікті өкілдік шарт (тапсырма шарты, еңбек шарты, т.с.с.) негізінде пайда болады. Өкілдіктің ерекше түрі – коммерциялық өкілдік. Мұнда өкіл кәсіпкердің атынан үнемі және дербес өкілдік етеді. Коммерциялық өкілдік ақылы қызмет болып табылады, өкілге төленетін ақыны тараптар шартпен белгілейді; қысқаша Дипломатиялық өкілдік. 2) Халықаралық қатынаста өкілдік шетелдік ұйымдарды немесе олардың субъектілерін білдіреді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]