
- •2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
- •23 Сұрақ Дипломатиялық өкілділік туралы жалпы түсінік
- •24 Сурак Қазақстан Республикасының 12 наурыз 2002 ж. “Дипломатиялық қызмет туралы заңы” және оның мазмұны.
- •26 Сурак Қазақстан Республикасының президенті, парламенті, үкіметі және дипломатиясы.
- •27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
- •41Сұрак Консулдық қызмет
- •44 Сұрақ Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен
- •45 Билет Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
- •46 Билет Қазақстанның дипломатиясы
- •47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
- •50)Жаһандану:
- •51) Терроризмнін түрлері:
- •52) Дипломатия түрлеріне сипаттама берініз:
- •53) Халықаралық қатынастардағы Вестфаль жуйесінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз:
- •55.Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
- •56 Сұрақ Ялта-Потсдам жүйесі
- •57 Сұрақ Беловеж жүйесі
- •58 Сұрақ Халықаралық ұйымдардың саясаттағы рөлін сипаттаңыз
- •60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз
- •61. Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды берудегі негізгі мақсат қандай
- •62 Сұрақ Мемл. Тудың елтаңбаның әнұранның дипл. Протоеолдағы маңызы
- •63 Сұрақ Дипломатиялық дережелерде болу мерзімдері
- •64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
- •65 Сұрақ бұұ ұйымы
- •83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
- •98 Бұұ принциптері мен дипломатиясына анықтама беріңіз
- •99, Вестфаль келісімі және оның көпжақты дипломатияның дамуына әсері.
- •100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
- •101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі
- •102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
- •120 Сурак
- •131 «Қырғи қабақ» соғыс пен ксро ыдырағаннан кейінгі ақш әлемдік саясаттағы орнын көрсетіңіз
- •132 Қазіргі Қазақстандық дипломатияның міндеттерін айқындай отырып, болашақ стратегияға талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
- •144. Діни экстремизм мен террор дегенді қалай түсінесіз?
- •Интеграция ұғымын қалай түсінесіз. Мысал келтіріңіз
- •148.Көпполярлы әлемде қр-ның алатын орны қандай деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді нақтылаңыз.
- •150.Жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудағы ақш-тың рөлі қандай?
83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
Біз ұлы бабаларымыздың дипломатиялық табыстарын лайықты мақтан тұтамыз. Олар күрделі тарихи кезеңдерде ел мүдделерін шебер қорғаған. Алайда, Қазақстанның жаңа тарихында тәуелсіздікке ие болумен бірге, еліміздің сыртқы саясаты тіпті күрделі жағдайларда қайта жасалған. Біздің қазіргі заманғы сыртқы саяси қызметтің тәжірибесі және шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріміз болған жоқ, білікті кадрлардың үлкен жетімсіздігі байқалды. Қазір дипломатиялық қызметтің майталмандарының, КСРО СІМ жүйесінде жұмыс істеген біздің кадрлық дипломаттардың, елдің тәжірибелі саясаткерлерінің белсенді қатысумен жаңа егеменді мемлекеттің сыртқы саясаты құрылуының күрделі мәселелерін жедел жағдайда шешуге мәжбүр болдыСонау 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев«саяси және экономикалық реформалар негізіндегі елдің тұрақты дамуы үшін жағымды сыртқы ортаны құрудан» тұратын сыртқы саясаттың негізгі мақсатын айқындады. Кейін әлемдік қоғамдастықтың кең тануына және қолдауына ие болған белгілі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, дәл Елбасы Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының авторы болып табылады. Қол жеткізілген елеулі табыстар Қазақстан Президенті іске асырып жатқан сыртқы саяси бағыттың қисындылығы мен даналығының айқын дәлеліне айналды.
Шетелдерде ұлттық мүдделерді қорғау, бітімгерлік бастамаларды ілгерілету, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту, шетелдік әріптестерге Қазақстан жөніндегі объективті ақпаратты жеткізу Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары болады.
Тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстан халықаралық қатынастардың жауапты субъектісі ретіндегі беделін бекітті. Мемлекетіміз өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысуда. Бүгін Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың, мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің генераторы ретінде лайықты бағасын алып отыр.
84-сұрақ БҰҰ-ның мамандырылған мекемелерін атап көрсетіңіз
Біріккен Ұлттары Ұйымының Арнаулы Мекемелер — халықаралық үкіметаралық экономика, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі ұйымдар. Олар: Дүниежүзілік Почта одағы (Unіversal Pоstal Unіon, UPU); Халықаралық Еңбек ұйымы (Іnternatіonal Labour Organіzatіon, ІLO); Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ( Іnternatіonal Cіvіl Avіatіon Organіzatіon, ІCAO); БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (UNESCO); Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organіzatіon, WHO), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (World Meteorologіcal Organіzatіon, WMO), Халықаралық Теңіз ұйымы (Іnternatіonal Marііtіme Organіzatіo, ІMO);Дүниежүзілік интелектуалды меншік ұйымы (World Іntellectual Property Organіzatіon, WІPO), Біріккен Ұлттардың өндірісті дамыту ұйымы (Unіted Natіons Іndustrіal Devolopment Organіzatіon, UNІDO), Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (Food and Agrіculture Organіzatіon of the Unіted Natіons, FAO), Халықаралық қайта өркендеу және даму банкі (Іnternatіonal Bank for Reconstructіon and Development, ІBRD), Халықаралық даму ассоциациясы (Іnternatіonal Devolopment Assocіatіon, ІDA); Халықаралық қаржы корпорациясы (Іnternatіonal Fіnance Corporatіon, ІFC);Халықаралық валюта қоры (Іnternatіonal Monetary Fund, ІMF); Халықаралық ауыл шаруашылық даму қоры (Іnternatіonal Fund for Agrісultural Development, ІFAD). БҰҰ-ның жалпы жүйесіне тағы да кейбір автономды ұйымдар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (World Trade Organіzatіon, WTO) және Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (Іnternatіonal Atomіc Energy Agency, ІAEA) кіреді.
85-сұрақ БҰҰның Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының құрылымы және жұмысы туралы баяндап беріңіз
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикасы, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеячның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.
Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.
№87. Қазақстан Республикасының Үкіметі қандай қызмет атқарады
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Өкiлеттiктері
Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:
ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен боса
Тарихы
1917—19 жж. Алаш Орда
1920—24 жж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советi (Халкомсов),
1925—36 жж. Қазақ АКСР Халкомсов,
1936—46 жж. Қазақ КСР Халкомсов,
1946—91 жж. ҚазКСР Министрлер Кеңесі деп аталды.
1991—93 жж. ҚР Министрлер Кеңесі деп аталды
1993—95 жж. ҚР Министрлер Кабинеті деп аталды
1995—қазіргі кезге дейін ҚР Үкіметі деп аталды
Үкiмет құрамына кiретiн орт. (респ.) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемл. органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде мына салалар бойынша респ. орт. атқарушы органдары жұмыс iстейдi: экономика салалары бойынша: Экон. және бюджеттiк жоспарлау мин.,
Қаржы мин., А. ш. мин., Көлiк және коммуникациялар мин., Энергет. және минералдық қорлар мин., Индустрия және сауда мин., Қоршаған ортаны қорғау мин., Мемл. материалдық резервтер жөнiндегi агенттiк; Мемл. сатып алу жөнiндегi агенттiк, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiк; әлеуметтiк-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет мин., Ақпарат мин., Бiлiм және ғылым мин., Еңбек және халықты әлеум. қорғау мин., Денсаулық сақтау мин., Туризм және спорт жөнiндегi агенттiк, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiк; әкiмшiлiк-саяси қызмет бойынша: Сыртқы iстер мин., Iшкi iстер мин., Қорғаныс мин., Әдiлет мин., Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiк, Қаржы полициясы агенттiгi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемл. қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп к-тi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемл. орган мәртебесi берiлген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-тi тиiстi орт. атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орт. атқарушы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемл. органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.
ҚазАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалары:
В.А.Радус-Зенькович (1920 — 21);
М.К.Мырзағалиев (1921 — 22);
С.Сейфуллин (1922 — 25);
Н.Нұрмақов (1925 — 29);
О.Ж.Исаев (1929 — 38).
ҚазКСР Мин. Кеңесiнiң төрағалары:
Н.Д. Оңдасынов (1938 — 46, ҚазКСР Халық комиссары, 1946 — 51, КазКСР Мин. Кеңесiнiң төрағасы);
Е.Б. Тайбеков — 1951 — 55);
Д.А.Қонаев (1955 —60, 1962 — 64),
Ж.А.Тәшенов (1960 — 61);
С.Дәуленов (1961 — 62);
М.Бейсебаев (1964 — 70);
Б.Ә. Әшiмов (1970 — 84);
Н.Ә.Назарбаев (1984 — 89);
Ұ.Қараманов (1989 — 92);
ҚР Премьер-Министрлерi:
С.А. Терещенко (1992 — 94);
Ә.М.Қажыгелдин (1994 — 97);
Н.Ө. Балғымбаев (1997 — 99);
Қ.К.Тоқаев (1999 — 2001);
И.Н.Тасмағамбетов (2001 — 03);
Д.Ахметов (2003 жылдың шiлдесiнен);
К.Қ. Мәсімов (2007 қантардан).
№88. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер ұғымдарын қалай түсінесіз
Кең мағынадағы дипломатия ұғымы – бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкідділіктер жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушылардың құқуқтарымен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия – бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістермен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.
Тар мағынада дипломатия ұғымы ұғымы – бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге , халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп – білуге негізделетілін айту керек.
Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселерінде оның маңызды құралының бірі – дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір – бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.
Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі дипломатиялық аппараттарды (Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер, миссиялар, консулдықтар ) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат – бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекттің әлеуметтік – экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озақ тәжірибелерін зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту – халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілікпен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.
Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне жұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтың нормалар реттеу заты бойынша салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салалардың ішіндегі анағұрлым жүйеленген және үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық – бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғасырдың басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқыққа айналды.
Дипломатиялық құқық – бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін ( функциялары мен мәртебесін ) реттейді.
Шарт және салт-дәстүр дипломатиялық құқықтың негізгі қайнар көздері болып табылады. 1961 жылы дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен қатар, дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін, сондай-ақ халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін реттейді. Ол, ең алдымен 1969 ж. арнайы миссиялар тұралы Конвенция, мемлекеттер өкілдіктерінің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастары туралы 1975 жылғы Вена Конвенциясы.
Шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін ескере отырып, Қазақстан дипломатиялық және консулдық қызметтерді ұйымдастру жөнінде өз заңдарын қабылдауда, сыртқы саяси ведомство – Сыртқы істер министірлігінің жұмысын жетілдіруде, консулдық заңдастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын жасауда; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел адамдардың және азаматтағы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы; Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу және тіркеу туралы; Қазақстан азаматтарының шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді рәсімдеу туралы және тағы басқа жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет Ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік органдарға азаматтардың кәсіби қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық лауазымға тағайындау тәртібі халықаралық стандарттарға сай. Мәселен, дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын боламыз. Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер министрін тағайындау тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату ерекшеліктері, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін қамтамасыз ету, кепілдік беру және өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі, жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайда қамтамасыз етеді.
Біздің мемлекетіміздің дипломатиялық және консулдық қатынастарын шетел мемлекеттеріндегі өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер қамтамаcыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық және аймақтық қауыпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге асырады.
Елшілік және миссия – бұл дипломатиялық өкілдіктің екі түрі. Қазіргі таңда дипломатиялық өкілдіктер деңгейін елшілік деңгейіне дейін жоғарылату үрдісі нығайып келеді. Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар тығыз, әрі достық сипатта бола бастағанда дипломатиялық өкілдіктер бір деңгейден екінші деңгейге қарай қайта құрылады. Мұндай жағдайларда, тиісті елдердің үкіметтері халықаралық қатынастардың сапалы екендігін білдіру үшін өздерінің дипломатиялық өкілдіктерінің деңгейін жоғарылатуға және оларды миссиядан елшілікке айналдыруды, ал уәкілдерді елшілер дәрежесіне көтеруге шешім қабылдайды.
А.В Мальконың пікірі бойынша, құқықтық иммуниттер дегеніміз аса маңызды жеңілдіктер мен артықшылықтар, олар тікелей халықаралық құқық бекіткен нормалардан босатылу болып табылады. Сонымен қатар белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерден құтылу.
И.П. Блищенко, В.Н.Дурденевский Ресей авторлары «иммунитет» терминіне «дипломатқа немесе консулға ұсынылған жеңілдіктер, мемлекет ұысынған құқықтар мен игіліктер, олар шетелдік өкілдердің жұмысын жеңілдетеді.
Ю.М.Колосов және В.И.Кузнецовтардың пайымдауынша, дипломатиялық корпустың қызметкерлері арнайы иммунитеттер, жеңілдіктері, игіліктер, артықшылықтармен пайдаланылады, олар қарапайым азаматтар мен шетелдіктерге берілмейді.
Қазақстанның атақты ғалымы, халықаралық құқық профессоры М.А.Сарсембаев иммунитеттер мен артықшылықтар бұл тәуелсіз мемлекеттің дип.өкілге берген жеңілдіктер деп түсіндіреді.
Жалпы ҚР –да дипломатиялық қызметкерді және дипломатиялық қызметкер жанұясы республикалық бюджет тарапынан қаржылық қамтамасыз етіледі. Дипломатиялық қызметкер арнайы көлікпен, қызметкерлік мекемемен, байланыс құралдарымен және т.с. мүліктермен қамтамасыз етіледі. Дипломатиялық қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету дипломатиялық қызметінің қиындығы мен шетел мемлекетінің ерекшелігіне де байланысты қамтамасыз етіледі. Шетелде дип.қызметкердің жанұясында бір адам қаза тапса немесе дүниеге бала келіп жатса, адам ауырып қалса, онда ҚР заңнамасына сәйкес қаржы бөлінеді, оны алуға олар толық құқылы болып табылады. Сонымен қатар, Республикалық бюджет тарапынан кепілденген белгілі бір көлемдегі кепілденген медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. ҚР Үкіметі бекіткен норма бойынша шетел мемлекетіндегі дипломатиялық қызмет қызметкері жанұясымен қоса тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Дипломатиялық қызмет қызметкерінің балалары жалпы орта білімді республикалық бюджет тарапынан қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, шетелде жұмыс атқаратын дип.қызметкер және оның жанұясы республикалық бюджет тарапынан медициналық кепілдемемен қамтамасыз етілуге жатқызылады.
Дип.қызметкер персоналына жыл сайын төленетін отыз күндік демалыс беріледі.
Шетелдегі ҚР дип.персоналдың артықшылықтар мен иммунитеттері Вена Конвенциясына (1961 жыл, 18 сәуір), ҚР дипломатиялық қызмет туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР-да дипломатиялық қызметкерлер дипломаттың артықшылықтары мен иммунитеттерімен жұмысқа түскен соң бірден игере бастайды.
Дипломатилық иммунитеттердің қайнар көздері болып халықаралық құқық нормалары, регламенттер, конференциялар мен мекемелер бекіткен қаулылар табылады. ҚР дипл.персоналының иммунитеттері мен артықшылықтары арнайы дипломатиялық паспорттармен дәлелденеді. Дип. қызметкерлер аса қорғалады, олар штелде өз қызметттерін атқарып жүргенде жандарында арнайы күзетші азаматтар болады. Дип.қызметкер қолсұқпайтын жеке тұлға болып табылады. ҚР-да оның құқықтық негізін Вена Конвенциясынан басқа ҚР Конституциясы, Қылмысты-процессуалды кодекс негіздері болып табылады. Шетелде ҚР дип.қызметкері қылмыс жасаған жағдайда, ол заңға тартылады.
№89. 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының қағидаларын ашып беріңіз
Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы, 1963 жылы 24 сәуірде Венада (Австрия) қабылданған. Онда “Халықаралық көпжақты консулдық құқық жөнінде ереже (кодекс)” бекітілді. Бұл конвенция 1911 жылғы консулдардың қызметі жөнінде Каракас конвенциясын және 1928 жылғы консулдық шенеуніктер жөніндегі Гаага конвенциясын толықтырды. Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясында штаттағы консулдардың негізгі қызметі мен штаттағы емес консулдардың халықаралық құқықтық мәртебелері бекітілді.
Консулдық құқық – консулдық мекемелердің және олардың қызметкерінің қызметін реттейтін, олардың мәртебесін, атқарымдарын, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ұлттық және халықарлық құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол консулдардың құқықтық жағдайын, олардың құрылу рәсімі мен қызмет ету режимін ретке келтіреді, консулдар мен басқа да лауазымды қызметкерлерді тағайындау ретін тәртіптейді, олардың міндеттерінің тізбесін, оларға берілетін артықшылықтардың, жеңілдіктер мен иммунитеттердің ауқымын айқындайды. Консулдық құқық сонымен қатар консулдық мекемелерін өкіл еткен мемлекеттердің оларды басқару жөніндегі құқықтары мен міндеттерін, тиісті мемлекеттердің азаматтығы бар заңи және жеке тұлғаларының осындай мемлекеттермен өзара қарым-қатынасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Консулдық құқықтың негізгі бастау көздері – 1911 жылғы Консулдық функциялар туралы Каракас конвенциясы, 1928 жылғы Консулдық шенеуніктер туралы Гаага конвенциясы және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы. Аталмыш көп жақты халықаралық шарттардың бастапқы ережелері екі жақты келісімдерде (консулдық конференцияларда) және ұлттық нормативтік актілерде пысықталып, нақтыланады.
№90. Консулдық қызмет қандай мәселелермен шұғылданады
Консулдық қызмет - дипломатиялық қызметтiң Қазақстан Республикасы Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы негiзiнде жүзеге асырылатын бiр бөлiгi.
Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына қажеттi консулдық қорғау мен көмек көрсетуге, олармен қарым-қатынас жасауға, кеңестер беруге және егер қажеттiлiк туындаса консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес немесе екi мемлекет арасындағы қолданылып жүрген келiсiмдерге сәйкес өзiнiң құзыретiмен олардың құқықтарын қорғауға көмек көрсетуге құқығы бар.
Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы да қандай да бiр шектеусiз консулдық қызмет адамымен байланыс жасауға және оның қабылдауында болуына құқығы бар.
Консулдық қызмет адамы осы Конвенцияда жазылған өз функцияларын орындау мәселелерi бойынша:
- консулдық округтың құзыреттi жергiлiктi өкiмет орындарына,
- консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары қаншалықты
мүмкiндiк берсе, соншалықты деңгейде консулдық орналасқан елдiң орталық өкiмет орындарына шығуына құқығы бар.
Консулдық қызмет адамы консулдық округтегi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарын есепке алуды жүргiзуге құқығы бар.
Консулдық қызмет адамы жүргiзетiн есепке алу - өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматын шетелдiктердi тiркеу мәселелерi бойынша консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары талап ететiн формальдылықтарды сақтау қажеттiлiгiнен босатпайды.
Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары мен басқа да өкiмет орындары алдында өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының тиiстi өкiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес шаралар қолдануға құқығы бар. Ол өз мемлекетi азаматтарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған, егер мұндай құқықтары болмауына немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша олар өздерiнiң мүдделерi мен құқықтарын уақтылы қорғай алмаған жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес уақытша шаралар қабылдануы үшiн iс-әрекет жасай алады.
Консулдық қызмет адамы сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматына қатысты мәселенi қарауды осы туралы азамат хабар алғанға дейiн және жеке өзi немесе өкiлi арқылы қатысуға нақты мүмкiндiк алғанға дейiн iстi кейiнге қалдыру туралы соттарға немесе өкiмет орындарына өтiнiш айтып шығуына құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағында көзделген өкiлдiк - мүдделерi қорғалатын адамдар өзiнiң уәкiлдерiн тағайындаған немесе өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды өзiне алған уақытта тоқтатылады.
Консулдық қызмет – тәуелсіздік тұтқасы
Консул – нағыз қара нардың жүгін көтеретін дипломат. Қандай да болмасын, шетелдерде жүрген еліміз азаматтары үшін тұрмыстық түйткілдерінен бастап, ірі мәселелеріне дейін шешіп отыратын консул қызметін қалай бағаласақ та сиятындай. Биыл қыркүйектің 27-сінде еліміздің Консулдық жарғысының Елбасы Жарлығы арқылы бекігеніне 10 жыл толды. Бұл нормативтік-құқықтық құжатты еш күмәнсіз консулдық қызметтің «конституциясы» деп атауға болады, өйткені онда еліміздің консулдық қызметінің мақсаттары, қызметтері, негіздері мен құрылымы және консулдық қызметтің көп қырлы аспектілері нақты айқындалған.
Консулдық Жарғы еліміздің консулдық құқығының негізі болып табылады. Консулдық жұмыс көпсалалы, егер бейнелі түрде айтар болсақ, консулдың бір өзі Сыртқы істер министрлігінің, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің кейбір бөлімдерінің қызметтерін, тіпті қажет тұсында атқарушы өкіметтің де қызметтерін қамтиды.
№91. Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық құжаттардың орнын айқындаңыз
Халықаралық қатынастар саяси, экономикалық, әлеументтік, дипломатиялық, әсекери және гуманитарлық қатынастардың және әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері қатынастарының біркелкі жиынтығы.
Халықаралық қатынастар мемлекеттердің сыртқы саясатының нітижесінде қалыптасатын күрделі жүйе мен үрдістер. Мемлеттердің әлемдік деңгейдегі өз – ара қатынастары. Халықаралық қатынастар сонымен бірге халықаралық келісімдер жүйесі. Әлемдік саясаттың акторларының әртектілігі. Жеке және ресми қатынастар. Халықаралық қатынастар деңгейі мен оның жүйелік мәні. Сыртқы ортаның қалыптасуы. Халықаралық қатынастардың субъектілерінің құрылымы мен мемлекет аралық, үкімет аралық және ұлт аралық қатынастардың даму деңгейі.
Халықаралық қатынастар халықаралық универсалды ұйымдардың қызметі, оның ішінде БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕҚЫҰ және т.б. Халықаралық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдардың және трансұлттық корпорациялардың қызметі, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар мен Аймақтық мемлекеттер.
Әлемнің жаңа саяси картасы. Халықаралық қатынастардың аймақтануы мен аймақтану мәселелері. Экономикалық аймақтану. Превентивтік дипломатия мен гуманитарлық интервенция. Европа континентіндегі жаңа геосаяси өзгерістер: Германияның бірігуі; Югославия мен Чехословакияның ыдырауы; Шыңыс және Орталық Европа мемлекеттерінің батыстық бағыт ұстанымы; Прибалтика мемлекеттерінің ұстанымы. Европоцентризм. ҚХР экономикалық күшеюі мен оның сыртқы саяси белсенділігінің артуы. Жапонияның өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуына сәйкес әлемдік саясатта өз орнын анықтауы. АТА халықаралық қатынастардың дамуы.
«Қырғи қабақ» соғыс пен КСРО ыдырағаннан кейінгі АҚШ әлемдік саясаттағы әлеуетінің өсунуінің объективтік алғы шарттары. Аймақтану. Көпполярлық, бірполярлық және полицентристік жүйелер.
Бүгінгі күні халықаралық мәселелерді шешудің құралы ретінде халықаралық келіссөздердің рөлінің өсуі. “Келіссөз” ұғымының ежелгі кезеңде тікелей сауда-саттық мәселесімен байланысты болуы. Халықаралық құқық туралы сөздіктегі «келіссөз» ұғымының анықтамасы. Келіссөздер – адамдар арасындағы көптеген өзара әрекет түрлерінің бірі ретінде. Келіссөздерге ғана тән негізгі сипаттамалар. Келіссөздердің ерекшеліктері. Келіссөздер топтамасы. Келіссөздердің басты қызметі. Келіссөздерді алдын-ала жобалау және келіссөздердің дайындық кезеңдері. Келіссөздерді ұйымдастыру тәсілдері. Келіссөздерде қатысушыларды отырғызу мәселесін талқылаудың маңыздылығы. Халықаралық келіссөздерді жүргізу тілін айқындау мәселесі. Келіссөздер барысындағы сауал қоя білудің мәні мен қызметі. Әріптестерден ақпарат алудың маңыздылығы. Халықаралық келіссөздерді жүргізу тәртібінің негізгі ережелері. Қазіргі кезеңдегі халықаралық келіссөздер тәжірибесінде көпжақты келіссөздерде шешім қабылдаудың екі тәсілін сараптау. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс берудің арнайы тәртібі. Халықаралық келіссөздердің қорытынды құжаттарының түрлері. Халықаралық шарттар құқы жөніндегі Вена конвенциясы. Халықаралық тәжірибеде кездесетін халықаралық шарттардың атаулары. Қатысушы тараптардың шеңберіне байланысты халықаралық шарттардың жіктелуі. Халықаралық шарттардың нышаны мен құрылымына байланысты бөлінуі. 2005 ж. 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңы». Халықаралық келісімдердің құрылымы. Халықаралық шарттарды ресімдеу сатылары.
Халықаралық келісімге қол қою өкілеттігі. Келісімге қол қоюдың қатысушылары. Көпжақты келісімге қол қою тәртібі. Келісім-шартты парафирлеу. Көпжақты келісім-шарттарға қосылу. Жеке шетел мемлекеттердің көпжақты келісім-шарттарды ратификациялау және денонсациялау заңдары. Көпжақты келісім-шарттың күшіне енуі. Келісім-шарттың күшінің мерзімі. Келісім-шарттың пролонгациясы. Көпжақты келісім-шарттың негізгі мазмұны.
Халықаралық қауымдастыққа арналған дипломатиялық құжаттардың бағытталуын ресімдеуге қойылатын талаптар. Екіжақты сипатқа ие дипломатиялық құжаттардың бағытталуын ресімдеуге қойылатын талаптар. Дипломатиялық құжаттардың халыққа жолдануы. Дипломатиялық құжаттардың мағыналық құрылымы: хаттамалық сөз орамы, мағыналы өзегі, дәлелдеу бөлімі, дерек келтірілетін бөлім. “Хаттамалық сөз орамы” түсінігі. Дипломатиялық құжаттардағы хаттамалық сөз орамының қызметі мен рөлі. Хаттамалық сөз орамы қолданылатын дипломатиялық құжаттар.
Дипломатиялық құжаттардың бағытталуы. Дипломатиялық құжаттардың екі бағытта жолдануы. Үкімет - дипломатиялық құжаттың бірінші адресаты ретінде. Халық - дипломатиялық құжаттың екінші адресаты ретінде. Дипломатиялық қатынастағы екінші бағыттың рөлі. Ең кең таралған хаттамалық сөз орамдары. Нотада, есте сақтау жазбаларында, үкімет басшыларының жеке арнауларында хаттамалық сөз орамдарын дұрыс ресімдеу. Хаттамалық сөз орамдарын рұқсатнама алу мәселелеріне қатысты ноталарда ресімдеу ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде хаттамалық сөз орамдарын пайдаланбайтын сәттер.
№92.Дипломатиялық құжаттардың түрлерін атап беріңіз
Дипломатиялық тіл және оның ерекшеліктері. “Дипломатиялық тіл” түсінігі. Дипломатиялық тіл дипломаттардың ауызша және жазбаша түрдегі қатынастарда қолданатын тілі ретінде. Дипломатиялық қатынастар барысындағы жалпы тіл ретіндегі латын тілінің рөлі. Дипломатия тарихындағы француз тілінің рөлі. Дипломатиялық қатынастардағы қазіргі ресми тілдер. Тілмаштар (аудармашылар) институты, олардың қызметі және дипломатиялық келіссөздердегі рөлі. Дипломатиялық тіл дипломатиялық сөздіктің техникалық сөз орамы ретінде. Дипломатиялық тілге қойылатын талаптар, дипломатиялық тілдің ерекшеліктері. Сөздің дипломатиядағы мәні мен беделі.
Дипломатиялық құжаттың негізгі бөлімі - мағыналы өзегі. Мағыналы өзектің қызметі мен рөлі. Ішкі мазмұнына қарасты дипломатиялық құжаттардың түрлері. Мазмұны жағынан наразылық білдіретін дипломатиялық құжаттар. Ұсыныс жасауды білдіретін дипломатиялық құжаттар. Мүмкін болатын жауап қадамды ескертетін дипломатиялық құжаттар. Мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын айқындайтын құжаттар. Іс-шара жөнінде хабарлайтын құжаттар. Келіскендікті ресімдейтін дипломатиялық құжаттар.
Дипломатиялық құжаттың мәліметтік бөлімі. Дерек келтірілетін бөлімдер, негізгі кескіндері мен ерекшеліктері. Дипломатиялық құжаттардың деректік бөлімін жазу және оны ресімдеуге қойылатын талаптар. Дерек келтірілетін бөлімнің қызметі мен рөлі. Мәліметтік бөлімді жазу барысында деректі сұрыптай білу, оны жіктеп, сараптап, дипломатиялық құжатта орын тәртібін белгілеу.
Мәліметті баяндау бөлімі, және оны рәсімдеу талаптары. Мәліметті баяндау негізгі бөлігі мен негізгі сипаттары. Дипломатиялық құжаттардың мәліметті баяндау бөлімін жазу жәнен рәсімдеуге қойылатын талаптар. Мәліметті баяндау бөлімінің рөлі, функциялары. Мәліметті баяндау бөлімін жазудың және оны рәсімдеудің талаптары. Мәліметті баяндау бөлімін жазуға мәліметтер жинақтау, олардың сыныпталуы, талдануы, дипломатиялық құжаттарда қиыласуы.
Дипломатиялық хат алмасу. Дипломатиялық хат алмасуға қатысты құжаттар. Дипломатиялық нота - дипломатиялық хат алмасудың негізгі құжаты ретінде. Ноталардың түрі. Вербальды нота, жеке нота. Дипломатиялық ноталарды құрастырудың техникасы. Естелік жазбаларының түрлері. Естелік жазбаларын құрастырудың техникасы. Меморандум. Меморандум түрлері. Меморандум құрастырудың техникасы. Жартылайресми сипаттағы жеке хат. Жартылайресми сипаттағы жеке хатты құрастырудың техникасы. Мемлекет басшыларының жеке жолдаулары мен сыртқы істер министрлерінің хаттары. Оларды рәсімдеу техникасы.
Дипломатиялық құжаттар негізінде мемлекеттердің хат арқылы байланысының жаңа түрлері. Дипломатиялық құжаттардың мемлекеттік дипломатиялық қызмет түріне сәйкес келуі. Декларация, дипломатиялық құжаттың бұл түрінің ерекшелігі. Үкіметтің (Сыртқы істер министрлігінің) мәлімдемесі, оның ерекшеліктері. Баспасөзге арналған мәлімдеме. Халықаралық мәжілістердегі және халықаралық ұйымдардағы мемлекеттердің өкілдерінің мәлімдемелері мен баяндамалары. Дипломатиялық тост (ресми тілек айту). Жеделхат.
№93. Вербальды нота үлгісі және оның сипаттамасы
Вербальды нота - мазмұны баса көңіл аударуды қажетсінетін, бірақ жариялауға жатпайтын өте маңызды дипломатиялық құжат. Ертеректе елдер арасында жеке нота кеңінен қолданылатын кезде, мемлекеттер арасындағы вербальды нотаның жүруі олардың қарым-қатынасының аса достық сипатта емес екендігінің белгісі болды. Кейінірек вербальды нота дипломатиялық хат алмасудың нормасына айналып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың сипатына (жақсы, жаман) аса мән бермеді. Вербальды ноталар агреман (келісім) сұраудан бастап, ақпарат алу, қабылдаушы елге дипломаттардың келу немесе кетуі, виза мәселелері және екі жақты қарым-қатынастың ағымдағы мәселенің кең көлемін қарастырады. Вербальды нота мәтіні үшінші жақтан жасалады. Арнайы нота парағына басылып, шығу реттік саны болады, қол қойылмайды. Нотаның соңына белгілі елтаңбалы мөр басылады. Кейде мөрдің үстіне немесе мәтіннің соңына елшілік жетекшісі өз инициалдарын қояды. Вербальды нотаның төменгі сол жағында мекен-жай мен жіберілу мерзімі көрсетіледі.
94-билет. Жеке нота үлгісі және оның сипаттамасы.
Жеке нота-маңызды және принципті мәселелерді шешу үшін қолданылады.Нота 1-ші жақта ноталық бланкте мекен-жайы көрсетіліп жазылады,бірақ мөр басылмайды.Қаратпа сөзбен басталыпбміндетті түрде комплиментпен аяқталуы тиіс.Жеке нота үлгісі төмендегідей:
Құрметті министр мырза!
Менің Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрі болып тағайындалуыма байланысты жолдаған шын жүректі құттықтауынызға ризашылығымды білдіремін.Еліңізге жасаған сапар кезінде көрсеткен қонақжайлылығыңызға рақмет айта отырып,екі жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларымыз жүзеге асатынына сенімдімін.
Министр мырза,өзіңізге мықты денсаулық пен бақыт,бауырлас Пәкістан халқына амандық пен өркендеу тілеймін.
Шынайы құрметпен,
Жоғары мәртебелі _____________мырзаға
Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі
№95. Жаднамалық жазба қай кезде жазылады және не себепті
№96.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзасжәне Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болдБірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния,Греция, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішіндеГермания – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.s[1][2]
97 Вашингтон конференциясы. Негізгі шешімдері.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бітімінің қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңіліс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға көндіру болды.
АҚШ үкіметінің тікелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел - АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президенті Гардинг салтанатты түрде: «Біз дүниежүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін бас қосып отырмыз» - деді. Америка Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден, Англияның әлемдік мұхиттар мен теңіздердегі үс- темдігін әлсірету; үшіншіден, Тынық мұхит аралдарында ман- даттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзінің дүние жүзіндегі қаржылық үстемдігін пайдаланып, өзінің негізгі қарсыластарын көндірді де, дүниежүзілік билеу саясатын жүргізуге жол ашты.
Біріншіден, 1922 жылдың 6 ақпанында «тоғыз держава келісіміне» қол қойылды. Мұнда Қытай елінің егемендігі мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, «ашық есік» және «тепе-тең қатынас» принципі ұсынылды.
АҚШ-тың «ашық есік» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негізгі мақсаты - Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету еді. Сөйтіп, «тоғыздық келісім» барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темір жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшілерін кейін шақы- рып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегін де Қытайға қайтарды. Сөйтіп, Жапония Қытайдағы беделінен айырылды.
Екіншіден, конференцияда «бес ел келісіміне» қол қойылды. Соғыс-теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерін жасауды тоқтата тұру; ескі соғыс кемелерін жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңіз кемелерінің арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негізгі ойы жаңадан соғыс- теңіз кемелерін жасап, Англияның әлемдік сулардағы үстемдігін әлсірету болатын. Конференциядағы «бес ел келісіміне» сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келісімге АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ - 5, Англия - 5, Жапония - 3, Франция - 1,75, Италия - 1,75 болып пропорциялық түрде белгіленді. 575 мың т. линкор жасау - АҚШ және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. әрбір линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады.
Үшіншіден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция «төрт елдік келісімге» қол қойды. Бұл келісімде «Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу» сөз болды. АҚШ-тың мақсаты - Тынық мұхит арал дарындағы Жапонияның беделін әлсірету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келісімінің күшін жою болды. Жапония делегациясы бұл келісімнің жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкілі: «Сіздер қорықпаңыздар, бір келісімнің орнына төрт келісім қабылданды» - деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкілі: «Сіздер бәрібір біздің келісімді жерге көмдіңіздер» - деген жауап қайтарды.
Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы Америка Құрама Штаттарының ең ірі жеңісі болды. Олар Париж конференциясындағы жеңілістің есесін қайтарды. АҚШ- тың дүниежүзін билеу және ұлы державалық саясаты асықпай іс жүзіне аса бастады. Бірақ, Версаль-Вашингтон келісімдер жүйесі империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкіметінің сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзінің билеу саясатын еркін жүргізе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесі, ұлы держава елдерінің арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екінші дүниежүзілік соғысқа әкелді