Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BBS wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
293.78 Кб
Скачать

65 Сұрақ бұұ ұйымы

Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.

Құрылымы

Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.

Хатшылық - бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада.Хатшылықты бас хатшы басқарады.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес – 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экон. және әлеум. Ком., Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.

Қамқорлық жөніндегі кеңес – негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон., әлеум. пргресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басұаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогресситі дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.

Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық түлғалар қатыса алмайды.

16 арнаулы мекеме: Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ң балалар фонды,БҰҰ-ң өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықаралық Құқық комиссиясы, Халықарықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.

Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс. БҰҰ-ң Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.

Мақсаты

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

66-БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы: құрылымын, қызметін атап көрсетіңіз

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикасы, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеячның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.

Ассамблея құрылым

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.

Ассамблеяның қызметі

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.

Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.

67-сұрақ ҚР мемлекеттік және дипломатиялық хаттаманың маңыздылығын айшықтаңыз?

 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы болып табылады.

      2. Мемлекеттік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады.

      3. Мемлекеттік хатшы қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, осы Жарлық пен Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.

      4. Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 

      1) Қазақстан Республикасының Президенті үшін ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды; 

      2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: 

      Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; 

      халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді; 

      3) мыналардың: 

      Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың: Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалықкомиссияның, Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның; 

       Қазақстан халқы ассамблеясының қызметін үйлестіреді; 

      4) Қазақстан Республикасында қоса атқарушы ретінде тіркелген шет мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды; 

      5) Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      5. Осы Жарлықпен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Мемлекеттік хатшы:      

      1) өкімдер шығаруға; 

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге; 

      3) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының, Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға; 

      4) өз құзыретіне жататын мәселер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға; 

      5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.

      6. Мемлекеттік хатшының қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзгедей қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

68-сұрақ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколы (бұдан әрi - Мемлекеттiк протокол) қалыптасқан халықаралық тәжiрибеге сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми iс-шараларды өткiзудiң рәсiмдiк ережелерiн реттейдi.

Мемлекеттiк протокол бiрыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын орнықтырады әрi қамтамасыз етедi, 1, 2-қосымшаларға сәйкес мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзген кезде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендiк ретi қағидатын бекiтедi және протоколдық iс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдарының және ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгi) жүзеге асырады.

1-бөлiм. Шетелдiк делегациялар

сапарларының жiктелуi

2-бөлiм. Шетел мемлекеттерi басшыларының

Қазақстан Республикасына сапарларын

протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

69-сүрақ ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасы мемлекеттік протоколының негізгі тәртібі туралы Жарғысына” түсініктеме жасаңыз?

Сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмiн дайындау мен өткiзу тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

48. Сайланған Президенттiң қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмi (ұлықтау) ол сайланған жылдан кейiнгi жылғы қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде өткiзiледi.

Ұлықтау Астана қаласында, Президент Сарайында өткiзiледi.

2-тарау. Ұлықтауға қатысатын адамдар

49. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлықтауға Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қос Палатасының депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттерi қатысады.

50. Сондай-ақ ұлықтауға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы және Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi, өзге де орталық мемлекеттiк органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, шетел мемлекеттерiнiң және үкiметтерiнiң басшылары, Қазақстанда тiркелген дипломатиялық корпустың өкiлдерi, Қазақстанның және халықаралық қоғамдастықтың, отандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы.

3-тарау. Ұлықтауды дайындау мен өткiзу тәртiбi

51. Ұлықтауға дейiнгi дайындық iс-шаралары сайланған Республика Президентiн тiркегеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн, сайланған Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiне кiрiсуiнiң салтанатты рәсiмiн дайындау мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Салтанаттың басталғаны туралы диктор хабарлайды.

Содан кейiн мерекелiк кернейлер шырқалады.

Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң шерулiк топтары марш әуенiмен ұлықтау өткiзiлетiн орынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын, Президенттiң байрағын және Қазақстан Республикасының Конституциясын әкеледi.

52. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес Президент Қазақстан Республикасының халқына ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiсетiндiгi туралы хабарлайды.

Сайланған Президент Қазақстан халқына ант берген кезде Қазақстан Республикасының Конституциясына оң қолын қойып, мемлекеттiк тiлде Конституцияда белгiленген анттың мынандай мәтiнiн айтады: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң түрде сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал ниетпен атқаруға салтанатты түрде ант етемiн".

Ант берiлгеннен кейiн қызметiне кiрiскен Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауына келедi және оны сүйедi.

Содан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әнұраны орындалады.

Президент Сарайының үстiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы көтерiледi.

53. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өткен сайлау қорытындылары бойынша сайланған Президентке сөз арнайды және оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, кеудеге тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын Қыран" орденiн тапсырады.

Егер бiр тұлға Қазақстан Республикасының Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмге сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеудеге тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.

54. Қызметiне кiрiскен Президент сөз сөйлейдi, одан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң баянатын қабылдайды.

Президент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскерлерiнiң түрлерi мен тектерiнiң шерулiк топтарымен сәлемдеседi.

Қызметiне кiрiскен Президенттiң алдынан Қарулы Күштер әскерлерiнiң түрлерi мен тектерiнiң шерулiк топтары салтанатты маршпен құрмет көрсетiп өтеді.

Ұлықтау артиллериядан дүркiндете атумен қошеметтелiп тұрады.

Рәсiмнiң аяқталғаны туралы диктор хабарлайды.

70-Nigde net,tolko na ruskom

71- ҚР дипломатиялық протокол ережелерінің халықаралық тәжірибемен сәйкестігі

Халықаралық ұйымдар басшыларының және олардың

орынбасарларының Қазақстан Республикасына сапарларын протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету

97. Халықаралық ұйымдардың басшылары (олардың орынбасарлары) Yкiметтiң қонақтары ретiнде қабылданады.

Әуежайда Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары (Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы) және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерiнiң басшылары қарсы алады (шығарып салады).

Мейманның автомобилiне халықаралық ұйымның жалаушасы бекiтiледi.

Сапардың сипатын және мақсатын ескере отырып, Халықаралық ұйым басшысының болу бағдарламасында Президентпен, Премьер-Министрмен, Парламент палаталарының Төрағаларымен және Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдарымен кездесулерi көзделуi мүмкiн.

72-Мемлекеттік протоколды өткізу салтанатының ұлттық ерекшеліктерін айқындап мысалмен көрсетіңіз?

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік протоколы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы қалыптасқан халықаралық тәжірибеге сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми іс-шараларды өткізудің рәсімдік ережелерін реттейді.  

      Мемлекеттік протокол бірыңғай протоколдық-ұйымдық нормаларды орнықтырады әрі қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын өткізген кезде протоколдық үлкендік реті принципін бекітеді (N 1 және N 2 қосымшалар) және протоколдық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.  

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

73-ҚР дипломатиялық қызметкерлік мүшелерінің дипломатиялық артықшылықтарын айқындаңыз?

Таба алмадым меееееееееен (Меневше)

74-

ҚР СІМ-нің Президент аппаратымен, Мемлекет аппаратымен, Парламентпен сондай-ақ, елдің сыртқы саяси бағыттарын іске асыруға қатысты министрліктер мен ведомстволармен өзара қызметі

(1995- ) Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің бірыңғай Аппараты "Қазақ КСР Министрлер Кабинеті туралы" 1991 ж.'25 маусымда қабылданған ҚазақnКСР Заңына сәйкес құрылды. ҚР Президентінің 1994 ж. 13 сәуірдегі Жарлығымен бірыңғай Аппарат ҚР Президенті Аппараты мен ҚР Министрлер Кабинетінің Істер Басқармасына бөлу жолымен таратылды.

Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілертәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады.

Тәуелсіз елдің сыртқы саяси ведомствосын қайта құру Президент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүргізілді. Осы жолда «Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы», халықаралық құқық, Қазақстан Республикасының заңдары т.б. құжаттар зерттеліп сараланды.

Қысқа мерзімде сыртқы саясат ведомствосының заңнамалық құжаттары жасалды. 1992 жылы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасы елшілігі туралы», «Қазақстан Республикасының Төтенше жә-не Өкілетті уәкілінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» Президенттің Жарлығы шықты. Осы құжаттарға сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Коллегиясы тура-лы Ереже қабылданды. Министр-лікте басшылық қызметкерлерден және тәжірибелі дипломаттардан кеңесші рөл атқаратын 17 адамнан тұратын Коллегия құрылады.

Сыртқы істер министрлігі құрылымдық жағынан орталық аппарат және шетелдік өкілдіктер болып бөлінді. Құрылымға сәйкес министрдің тиісті орынбасарлары жетекшілік ететін департаменттер мен басқармалар, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшілер тобы құрылды. Бұл бөлімшелер министрлік қызметінің белгілі бір бағыттары үшін, соның ішінде ТМДшеңберіндегі өзара іс-қимылдар, шет мемлекеттермен екі жақты ынтымақтастық, жалпы еуропалық ынтымақтастық, көп жақты ынтымақтастық, халықаралық-құ-қықтық мәселелер, консулдық және хаттамалық тұрғыдан қамтамасыз

ету, кадрлар, қаржылық, шаруашы-лық қызмет көрсету, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық корпус, т.б. үшін жауап беретін болды.

75- БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіннің қызметіне сипат беріңіз

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі (ағылш. United Nations Security Council, фр. Conseil de sécurité de l'ONU, араб.: مجلس أمن الأمم المتحدة‎, қыт. 联合国安全理事会, ис. Consejo de Seguridad de la ONU, орыс. Совет Безопасности ООН) — БҰҰ-ның негізгі саяси органдарының бірі. Кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен құралған АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция кеңестің тұрақты мүшелері.

76-сұрақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберіндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық рөлін анықтаңыз?

ТМД-ның Қазақстанға әсері

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.

Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегіэкономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдерұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті.Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%),Франция (7,3 %), Вергин аралы (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланды (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушыларыШвейцария, Италия, Франция, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланды болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия жәнеИталиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Индия шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай жәнеТүркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.

Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы

ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгіЭкономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

77-сұрақ

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

 

      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiмен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.

      2. Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі.

      3. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесi бар және лауазымдық өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшілер.

      4. Дипломатиялық қызметтің жұмыскерлері - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер.

      5. Дипломатиялық қызметтің персоналы - дипломатиялық қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлері.

      6. Ротация - дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) мен шетелдік мекемелер арасында, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында лауазымдық орын ауыстыруы.

      7. Шет елдердегi мекемелер - Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi. 

78-сұрақ Сыртқы саясат ұғымына анықтама беріңіз

Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқамемлекет өкілдерімен әр түрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіс-сөздер.

79-сұрақ Мемлекетті де-факто тұрғысынан мойындау ерекшелігі қандай

Дэ-факто тұрғысынан мойындау толық сипатқа ие емес. Белгілі бір мемлекет үкіметі жаңа пайда болған мемлекеттің өмір сүру фактісін мойындағанымен, онымен тікелей дипломатиялық қатынастарды орнатпайды, бірақ онымен іскерлік байланыс орнатуға болады. Мысалы:сауда-саттық.

80-сұрақ Мемлекетті де-юре тұрғысынан мойындау ерекшелігі қандай

Дэ-юре немесе толық дипломатиялық тұрғыдан мойындау ең алдымен дипломатиялық қатынастарды орнату өзара келісім бойынша дипломатиялық өкілділіктермен алмасу, сауда, экономикалық, мәдени, және өзге салалардың өзара тиімді байланысын дамыту.

81-сұрақ Көпжақты дипломатия ұғымын айқындап, мысал келтіріңіз

Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет. Мысалға оған КСРО және т.б жатады.

82- Дипломатиялық құжаттарды жазуға және ресімдеуге қойылатын талаптар

Кез келген дипломатиялық қҧжаттың мазмҧны мен нысаны ӛте маңызды, Осыған байланысты дипломатиялық қҧжаттарды ресімдеуде оньң орындалуы мҧқияттылықты талап етеді. Дипломатиялық қҧжаттарды әзірлеу барысында кӛптеген жайттарды ескерген дҧрыс. Қҧжаттарды қалай ресімдеу керектігін, қандай дәйектемелерді ҧстану қажеттілігін ең алдымен дипломатиялық қызмет шешеді. Дегенмен, әрқашан да серіктестердің негіздеген дәйектемелерін ескере білген жӛн. Сол себепті дипломатиялық қҧжаттарды дайындау жоғары кәсіби біліктілік пен дипломатиялық тәжірибені талап етеді. Дипломатиялық хат алмасу да жалпы дипломатиялық ҥрдіс тәрізді ҧзақ даму жолынан ӛтті. Соның негізінде бҥгінгі кҥш дипломатиялық қҧжаттар шет тілдерде, сондай-ақ орыс тілінде ӛзіндік бір қалыптасқан тәртіпке сҥйенсе, қазақ тілінде халықаралық деңгейдегі ресми хат алмасудың ҥлгісі енді ғана қалыптасу ҥстінде. Бҧл ӛз кезегінде бірқатар қиыншылықтар туғызады. Сол себепті еліміздің халықаралық қатынастар саласындағы мамандары қазақ тіліндегі дипломатиялық қҧжаттарды ресімдеуді жетілдіруге шын ниетпен талаптанса қазақ тілндегі қҧжаттар да әлемге әйгілі болары анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]