
- •2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
- •23 Сұрақ Дипломатиялық өкілділік туралы жалпы түсінік
- •24 Сурак Қазақстан Республикасының 12 наурыз 2002 ж. “Дипломатиялық қызмет туралы заңы” және оның мазмұны.
- •26 Сурак Қазақстан Республикасының президенті, парламенті, үкіметі және дипломатиясы.
- •27) Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес президенттің сыртқы саяси функциялары мен өкілеттіктері.
- •41Сұрак Консулдық қызмет
- •44 Сұрақ Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен
- •45 Билет Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
- •46 Билет Қазақстанның дипломатиясы
- •47 Билет Халықаралық сыпайылық және дипломатиялық қабылдаулар ұйымдастыру тәртібі.
- •50)Жаһандану:
- •51) Терроризмнін түрлері:
- •52) Дипломатия түрлеріне сипаттама берініз:
- •53) Халықаралық қатынастардағы Вестфаль жуйесінің ерекшеліктерін атап көрсетіңіз:
- •55.Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі
- •56 Сұрақ Ялта-Потсдам жүйесі
- •57 Сұрақ Беловеж жүйесі
- •58 Сұрақ Халықаралық ұйымдардың саясаттағы рөлін сипаттаңыз
- •60 Сұрақ Қырғи-қабақ соғысына анықтама беріңіз
- •61. Дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды берудегі негізгі мақсат қандай
- •62 Сұрақ Мемл. Тудың елтаңбаның әнұранның дипл. Протоеолдағы маңызы
- •63 Сұрақ Дипломатиялық дережелерде болу мерзімдері
- •64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
- •65 Сұрақ бұұ ұйымы
- •83Сұрақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жарияланып, Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы.
- •98 Бұұ принциптері мен дипломатиясына анықтама беріңіз
- •99, Вестфаль келісімі және оның көпжақты дипломатияның дамуына әсері.
- •100,Мемлекеттік Елтаңбаның айрықша белгілерін сипаттап беріңіз
- •101,Дипломатиялық өкілділіктің ашылу рәсімі
- •102,Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты халықаралық ұйым ретінде қай ұйымды ұсынасыз. Қазақстан сыртқы саясаты негізінде ұйым жұмысын сипаттап, өз ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •118 “Жаһандану” қандай процесті көрсетеді?
- •120 Сурак
- •131 «Қырғи қабақ» соғыс пен ксро ыдырағаннан кейінгі ақш әлемдік саясаттағы орнын көрсетіңіз
- •132 Қазіргі Қазақстандық дипломатияның міндеттерін айқындай отырып, болашақ стратегияға талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
- •144. Діни экстремизм мен террор дегенді қалай түсінесіз?
- •Интеграция ұғымын қалай түсінесіз. Мысал келтіріңіз
- •148.Көпполярлы әлемде қр-ның алатын орны қандай деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді нақтылаңыз.
- •150.Жаңа әлемдік тәртіп қалыптастырудағы ақш-тың рөлі қандай?
64 Сұрақ Терроризм себептері мен күресу жолдары
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану .
Терроризм – латын тілінен terror (террор) Қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар (Даль сөздігі)
Терроризм – жарылыс істеу, өртеу не басқа әрекеттер, адамдардың апатына қауіп-қатер жасайтын, мүлікке зиян келтіру жасау немесе басқа қоғамдық қатерлердің болу ақыры, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға мақсатталған болса, халықты қорқыту не басқарушы органдар шешіміне әсері, және де нұсқалған әрекеттерді сол мақсаттарда қауіп-қатер істеу.
Терроризм теориясы жалпы мәселе болып табылады, себебі ол ешбір террорист дұшпансыз әр бір адамды өзінің құрбаны ете алады.
Терроризімнің құралы ретінде қарсы жауға арналған психологиялық артықшылық болып табылады, ол: не, қайда, қашан, не үшін кезекті соққы болатының білмейді. Терроризм – ол оның ұзақ мезімді болашағына есептелген және оның іске асыруына глобальді қарқындалған жүйке соғысы. Терроризм, «өркениеттендірілген» соғыс ретінде, шайқас алаңында жеңбейді,ол адамның ішкі психика дүниесінде жеңеді. Адамның немесе үлкен адамдар тобының мінез-құлқын өзгерті үшін оларды өлтіріп, жарақаттау міндетті емес, тек олардың саналарының құрылымы мен күйін өзгерту керек.
Террориз себептері:
Терроризм себептерін басынан үш аспектіден қарастыруға болады.
Транснациональді қылмыстардың себептері – экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да тәртіптер (билікке таласу, меншікке, нарық өтімінде, әсер ету ортасының шегі, әлеуметтік теңсіздік, информациялық қайта өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс өзгерістері);
Терроризм себептері – (экстремизм, негізгі саяси, идеологиялық, діни және басқа көзқарастар т.б.);
Терроризмнің өршуі не бөлек террористік топтық актілердің (террористік ұйымдардың қалыптасуы, олардың жоғарғы әскери және басқа потенциалдары) себептері.
Терроризм – соғыстың өте белсенді және экономикалық хабарлары: ел-тұрғындарына қарсы максималды тұрақсыз қалпына минималды әскери шығындалады. Тұрақсыздық мақсатына жау елдің басшылығының ауысуы, жау елдің саяси бағытының ауысуы, жау елдің қорын өз қызығушылықтарында қолдану. Басты принциптер:
1) Әскери еш нарсе тасылмайды және өңдірілмейді – террор тек азаматтық технологиялық орталы жүйелі әдістерді және жаудың қару-жарағын қолданады, қарсыластардың жерінде орналасқан жеңілу құралдарын қолданады.
2) Ешқай террористер ашылмайды – террористер қарсыластарының барлық территориясы бойынша ашық бөліп жайғастырылған.
3) Ешкім террористердің басшыларын байқай алмайды – жауынгерлік әрекеттерді басқаруда иерархиялық жүйелердің орнына өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің басқару торы құрастырылған.
4) Ештеме рөлді ашып тастамайды, атқарушы терактардың мақсаттарында – террористерде белгілі қызмет, атақ, ерекшелейтін белгіері жоқ.
5) Террористер басқарудың қымбат «өркенделген» соғыстың әдістерін қолданбайды –оларда жалпы қамтылатын саяси идеологияға табиға қарсы тұратын көпжылдық идеология болып табылады.
6) Жаңа заман шынайлығына теріске шығару жоқ, оларды өздерінің қызығушылығында қолдану бар – ашық қоғам, шексіз әлем, ғылыми-техникалық революция кері бейнеде қолданылады, бірақ оны құраушы әлеуметтік және ғылыми-техникалық иновациялық елдерден жылдамырақ және белсендірек қолданады.
ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы Қанат Саудабаевтың айтуынша, халықаралық ұйымға төрағалық еткен еліміз ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттермен лаңкестікпен күрес бағытында тығыз қарым-қатынас орната отырып, қыруар жұмыстар атқарды. Нақтырақ айтқанда, лаңкестікпен күрес тақырыбында ірі-ірі жиындар өткізді.
Төрағаның пайымдауынша, терроризммен күрес мәселесінде халықаралық ұйым өкілдерінің іс-қимылдарын барынша белсендендіріп, мүмкіндігінше оларды тереңде түскен дұрыс. Бұл мәселелер 2009 жылы Афиныда өткен Министрлер кеңесінде жан-жақты талқыланды, енді сол басқосуда көтерілген мәселелерді жүзеге асыруда табандылық танытқан жөн. 2001 жылы қыркүйектің 11-інде болған АҚШ-та болған лаңкестік шабуылдың салдарынан 3 мың адамның өмірін жалмағаны әлі көз алдымызда. Бұл оқиға адамдарға лаңкестіктен келетін қауіптің қаншалықты қорқынышты екендігін көрсетті. Соған қарамастан, адамзат баласы терроризммен күрестің жолын таба алған жоқ. Бұл тіпті уақыт өткен сайын үдей түсіп, соңғы уақытта Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Испания, Түркия, Пәкістан сияқты елдерде де көрініс таба бастады.
Қ. Саудабаевтың пікірінше, лаңкестікпен күресте әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттарды қамтитын кешенді шаралар қажет. Осыған қарай ол ЕҚЫҰ-ның лаңкестіктің алдын алуға бағытталған тұжырымдамасын нақты тәжірибемен толықтырған маңызды екендігін атап көрсетті. «Жұт жеті ағайынды» демекші, лаңкестік әрекеттер ұйымдасқан қылмыс, заңсыз есірткі және қару-жарақ саудасы, адам саудасы сияқты трансұлттық деңгейдегі қылмыстық әрекеттерді, лаңкестік шараларды қолдауға бағытталған әдіс-тәсілдердің бірі екендігін білеміз. Осы себепті халықаралық ұйымның басшысы ретінде Қазақстан биылғы жылдың шілде айында лаңкестікпен күреске бағытталған ЕҚЫҰ-ның конференциясын ұйымдастырды. Сонымен қатар біз, ЕҚЫҰ-дан тыс аймақтардан келетін қауіп-қатерді де дер кезінде болжай білдік. Өз кезегінде ол халықаралық ұйымның күшін Ауғанстандағы жағдайды реттеуге жұмылдыруға мүмкіндік тудырды. Сонымен қатар біз, әлемдегі шиеленіс аймақтарының шешілуіне де ықпал етуге тырыстық. Өйткені бұл да түрлі қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған алғышарттардың бірі еді. Кейініректе біздің бұл саясатымыз Қырғызстанда орын алған оқиғалар кезінде өзінің өміршеңдігін көрсетті. Өйткені қырғыз елінде болған тәртіпсіздік пен бассыздықты түрлі лаңкестік ұйымдардың өз пайдасына асырулары әбден мүмкін еді», - деді Төраға өз сөзінде.
Жиынға қатысқан сарапшылардың пікірлерінше, терроризммен күрес мәселесі ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетін Саммитінің күн тәртібіне де енгізілуі тиіс. Себебі терроризм ешқандай да мемлекет жападан-жалғыз күресе алмайтын қауіптердің бірі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың пікірінше, лаңкестік әрекеттер қазір ұлттық деңгейден асып, жаһандық қатерге айналып отыр. Өкініше қарай, қазір терроризм әрекеттері тек үдеп қана қомай, оны тудыратын шарттар да әркелкіленіп отыр. Осы уақытта азаматтардық құқықтарының бұзылуы, жоқшылық, қоршаған ортаны ластануы сияқты шарттардың өзі лаңкестік әрекеттердің туындауына негіз болуда. Әсіресе қазір діннің радикалдануы мен террористік идеологияның интернетте тарауы үлкен алаңдаушылық тудыруда. Бұл келеңсіздіктердің Қазақстанға да қауіп төндіруі бек мүмкін.