Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-күнделікті сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
250.37 Кб
Скачать

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы: 13 парграфты оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7

Күні

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Мақсаты: Білім алушыларды сңырауқұлақтардың жоғарғы сатысымен таныстырып, олардың төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардан ерекшеліктерін көрсетіп, түсіндіру. Улы және жеуге жарамды сңырауқұлақтарды айыра білуге үйрету.

Міндеті: Білім алушыларды симбиоз, микориза терминдерімен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылығы: Білім алушылардың осыған дейінгі саңырауқұлақтар туралы біген ілімдерін одан әрі толықтырып, саңырауқұлақтардың улы және жеуге жарамды түрлерімен таныстыру.

Білімділігі: Білім алушыларға симбио бен микоризаның айырмашылығын түсіндіру.

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар: Улы саңырауқұлақтар, жеуге жарамды саңырауқұлақтардың суреттері, элктрокөрсетілімдер, флипчарт, саңырауқұлақтардың нақпішіндері

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Зең саңырауқұлақтарының тұрмыста пайда болу себептерін айтып бер.

2. Жіпшумақ, мукор, аспергилл, пеницилл ұғымдары нені білдіреді?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар

2. Саңырау-құлақтардың өсімдіктермен селбесуі

3. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың айырмашылығы

1. Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалпақтан және түбіртектен тұрады. Оны жемісті денесі деп атайды. Жемісті денесі жіпшумақтан дамиды.

Саңырауқұлақтар

Түтікшелі Қатпарлы

Қалпағының астында Қалпағының астында

майда шұрықтар болады. қатпарлар болады.

2. Микориза – саңырауқұлақтардың ағаш тамырларымен селбесіп өсуі.

Симбиоз – саңырауқұлақтар мен ағаштардың пайдалу өсуі.

Қалпақшалы саңырауқұлақтар споралары арқылы дамиды, көбейеді. Споралар суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді келеді.

3. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Оларды өсімдік еті деп, тағамдарға қосады. Оның құрамында 10-20% құрғақ затының, 2-4% нәруыз, 1% май болады. бұлар саңырауқұлақтың дәмін жақсартады. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 100-ге жуық түрі бар.

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды

Улы

Ақ саңырауқұлақ

Арышқұлақтар

Майқұлақ

Ойысқұлақ

Түлкіжем

Қозықұйрық

Бүріскі

Көңқұлақ

Жалған түлкіжем

Боз арамқұлақ

Шыбынжұт

Көңілкеш

Жалған түбіртек

Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың айырмашылығы

Жеуге жарамды

Улы

Кәдімгі түлкіжем- қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сары түсті

Жалған түлкіжем – қалпақшасының үсті тегіс, үстіңгі беті қызғыл-сары түсті

Қозықұйрық – қалпақшасының астынғы жағы алқызыл түсті болады.

Боз арамқұлақ – қалпақшасының асты ақшыл-жасыл түсті болады.

Әсер етуші факторлар

IV. Бекіту: 37 беттегі кестемен жұмыс

V. Сабақ қорытындысы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар көпжасушалы ағзалар. Хлорофилі жоқ, сондықтан күн жарығын керек етпейді. Бұлардың түтікшелі және қатпарлы түрі болады. саңырауқұлақтардың көбею сызбанұсқасы: қалпақша астындағы спорангий – споралар – жіпшелер – жіпшумақ – жемісті дене – пісіп жетілген қалпақшалы саңырауқұлақтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]