Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-күнделікті сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
250.37 Кб
Скачать

Vі. Бағалау

Сынып

Күні:

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Төменгі сатыдағы біржасушалы саңырауқұлақтар. Зең саңырауқұлақтары.

Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы мәлімет беру. Білім алушыларға саңырауқұлақтар неге бөлек дүниеге жатқызылғанын түсіндіру.

Міндеті: Білім алушыларға саңырауқұлақтар дүниесін, олардың жасушаларының құрылысын, біршасушалы саңырауқұлақтарға қандай саңырауқұлақтар жататынын түсіндіру, таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Саңырауқұлақтың нақпішіндері, суреттері, электронды көрсетілмдер, флипчарт.

Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Жалпы сипаттамасы

2. Саңырауқұлақ жасушасының құрылысы

3. Біржасушалы саңырауқұлақтар

4. Зең саңырауқұлақтары

1 00 мыңнан астам түрі бар. Өсімдіктерге тән: қанша тіршілік етсе, сонша өсе береді, қозғалмайды. Жануарларға тән: дайын қорекпен қоректенеді, хитин жамылғысы сияқты қабық болады.

Микология ғылымы – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.

Жасушаның сыртында қатты қабығы, ішінде цитоплазма, ядро, митохондрия, лизосама, рибосома.

Көбею

­­

­­өсімді жынысты жыныссыз

көбею көбею көбею

Біржасушалы саңырауқұлақтың мысалы ретінде ашытқы саңырауқұлақтары жатады.

Олар бір жасушадан тұрады. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы тез көбейеді. Жынысты көбею кезінде екі өсімді жасшалар қосылады.

Зең саңырауқұлақтары да төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Олардың құрылысын тек микроскоп арқылы көруге болады. Үйде ұннан жасалған тағамдардың беті 2-3 күн жабық тұрса, бетін жұмсақ мақта тәрізді мукор саңырауқұлағының жіпшумағы пайда болады. Ол түссіз бір жасуша. Пеницилл мен аспергилл зең саңырауқұлақтары болып табылады. Медицинада пенициллдің 2 түрінен пениццлл дәрісін алады. Оны өкпе қабынуынан, дифтериядан, ревматизмнен қолданады.

Әсер етуші факторлар

№ 2 зертханалық жұмыс. Ашытқы және зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау

ІІІ. Бекіту: зең саңырауқұлақтары медицинада дәрі-дәрмек ретінде, қымыз, сүт, шарап ашытып, нан пісіруде пайдаланылады. Олардың зияны да бар: кротп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді. Адам және ауыл шаруашылық малдарына ауру туғызады.

ІV. Сабақ қорытындысы: Микроскоптармен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қарау

V. Үй тапсырмасы: 6 -7 параграфтарды оқып, сұрақтарға жауап беру

Vі. Бағалау

Сынып

Күні:

Тақырыбы: Қына – ерекше тірі ағза. Қыналар.

Мақсаты: білім алушыларды осы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатқызып жүрген қыналар өсімдік тобымен таныстыру.

Міндеті: білім алушыларға қыналардың құрылысын, маңызын түсіндіру

Дамытушылығы: қынаның табиғатта кездесетін жерлерін көрсетіп, солар туралы білетін білімдерін одан әрі дамыту.

Білімділігі:білім алушыларға қыналардың маңыздылығын көрсету

Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, еңбекшілікке, ұжымдық қатынастарын дамыту

Құрал-жабдықтар: электрондық көрсетілім

Сабақ типі: аралас сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ашытқы саңырауқұлақтары туралы не айта аласын?

2. Зең саңырауқұлақтарының шаруашылықтағы маңызы

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Қыналар туралы жалпы мәлімет

2. Қына пішіндері

3. Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы

Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүние ретінде қарастырылады. Олар – ерекше және ғажап ағзалар. Қыналар денесі саңырауқұлақтан және балдырдан тұрады. Қынаны төсеміке саңырауқұлақ орналастырады. Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі бар. Қынаны зерттеушілер – лихенологтар деп атайды.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді:

1. ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық тәрізді қына. Олар сраы-қызыл, сары, сұр, көгілдір, қоңыр, жұқа болады.

2. орманда ағаш діңіне, түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары – жапырақ тәрізді қыналар.

3. қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл-жасыл, ақшыл түстілер – бұта тәрізді қыналар.

Қынылар өсімді жолмен көбейеді.

Қыналардың топырақта қоректенуі нашар жүреді. Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

Әсер етуші факторлар

Климат

Экология

Күн

Ауа райы

Ылғал

Жаңы ұғым

Қына

ІV. Бекіту: Қыналар қайда кездеседі?

Қынаның қандай түрлері бар?

V. Сабақ қорытындысы: қыналар – ерекше құрылымды тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырдық.

VІ. Үй тапсырмасы:12 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7

Күні

Тақырыбы: ­­Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу

Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту.

Міндеті: Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.

Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту

Білімділігі: Білім алушыларға туыс, тұқымдас, қатар, клас ұғымдарын түсіндіру.

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктердің көбею жолдары көрсетілген суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Өсімдіктердің бөлінуі

2. Өсімдіктерге тән белгілер

3.Өсімдіктердің көбеюі

4. Өсімдіктерді жіктеу

1. Өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер болып екіге бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырларды жатқызамыз. Ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге мүктерді, қырықбуындарды, өсімдіктерді жатқызамыз.

2. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер:

1. Қасеттері: зат алмасу, көбюе, тыныс алу, тітіркену, қоректену, т.б

2. барлығы жасушалардан тұрады.

3. Ұлпалары: түзуші, негізгі, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады.

4. Мүшелері: сабығы, тамыры, жапырағы, гүлі болады.

5. Өсімдіктер тіршілігінің соңына дейін өсе береді

6. Көбеюі: өсімді, жынысты, жыныссыз

3. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.

Өсімді көбею дегеніміз – денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы.

Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспора қозғалғыш спора деген мағынаны береді. Зооспоралар арқылы көбюе суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән.

Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар қосылып зигота пайда болады.

4. Қазір жер бетінде 500 мыңдай түрі, ал ҚР 5600 дей өсімдік түрлері бар. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға, ұқсас қатарларды – класқа, кластарды- бөлімге жіктейді. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр.

Әсер етуші факторлар

IІІ. Бекіту. Түр – туыс – тұқымдас – қатар – класс – бөлім. Осы қатарға мысал келтіру.

ІV. Сабақ қорытындысы: Өсімдіктердің барлығына тән ортақ белгілер болады. Басқа тірі ағзалар тәрізді зат алмасады, қоректенеді, тыныс алуды, көбейеді, тітіркенеді. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Өсімдіктер ажырату үшін оларды жүйелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]