
Vіі. Бағалау
Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі
Мақсаты: қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.
Міндеттері
Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту
Білімділігі: өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, флипчарт
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілмдер көрсету, кітаппен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Плаун мен қырықбуын құрылысын салыстыр.
Қырықбуынның кебеюі туралы айтыңдар
Плаунның көбеюі жолдары
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу 1.Жалпы сипаттама 2.Көбею жолдары |
Қырықжапырақтәріздестер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертесі. 10000 астам түрі бар. Қырықжапырақтылар – тең споралы. Қазақстанда усасыр қырықжапырағы кездеседі. Ол ылғалды жерлерде өседі. Ол тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақты қысқарған сабақ дейді. Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады. 1) фотосинтез, 2) споралар түзіліп, көбеюге қатысады. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады. Қырықжапырқтар өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбею тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбею жаз кезінде қырықжапырақтың жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзеді. Оларды сорустар деп атайды. Сорус дегеніміз- спарангийлердің жиынтығы. Жыныстық көбею - өскіншеде жүзеге асады. өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 мм. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекінеді. Қырықжапырақтыларды өсімдікжайда сәндік үшін өсіреді. |
Әсер етуші факторлар |
ІV. Бекіту: 7 зертханалық жұмыс. Усасыр қырықжапырағының құрылысы.
V. Қорытынды: Қырықбуынтәріздес өсімдіктер мен қырықжапырақтәріздес өсімдіктерді салыстыру, тақтамен жұмыс.
VІ. Үй тапсырмасы: 21 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
Vіі. Бағалау
Сынып: 7
Күні:
Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер.
Мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктермен таныстыру. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру.
Міндеттері
Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту
Білімділігі: Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру, көбею жолдарымен таныстырып, сүрек, ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама беру.
Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:
Жүйелі жіктеу 1.Жалпы сипаттама 2.Кәдімгі қарағай |
Біз енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар. Ашық тұқымды өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни бұталар, ағаштар. Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі – жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейтүрде ұшы үшкір болады. 600-ге тарта түрі бар. Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. Ол жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діннің сүрегі, өзегі қабығы болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі – тұқымды деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымды қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтасып орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлері болады. Бұлар аталық бүрлер. |
Әсер етуші факторлар |
ІІІ. Бекіту: 8 зертханалық жұмыс. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.
ІV. Қорытынды: Кесте толтыру.
Қылқан жапырақты өсімдіктер |
Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы |
Қарағай |
|
Шырша |
|
Балқарағай |
|
V. Үй тапсырмасы: 22 параграфты оқып, сұқрақтарға жауап беру.