Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-күнделікті сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
250.37 Кб
Скачать

Vі. Бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы: 5 тараудың кіріспесін оқып, төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жоғары сатыдағы өсімдіктер айырмашылығын жазып келу

Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі

Мақсаты: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру.

Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.

Білімділігі: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мүктәріздес өсімдіктердің көбею, даму, өсу ерекшеліктерін түсіндіру.

Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Мүктәріздес өсімдіктер суреттері, флипчарт, электронды көрсетілімдер.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы не білесің?

  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ерекшеліктері

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Мүктәріздес өсімдіктер ерекшелігі

2. Көкек мүгі

Дүние жүзінде 22 – 27 мыңға дейін түрлері бар.

Бриология – мүктерді зерттейтін ғылым.

Мүктәріздестер – аласа, көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. 1 мм – 70 см дейін.

Құрылысы

Ризоид сабағы жапырағы

Ризоид – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі

Сабағы - сыртын бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады.

Көкек мүгі – екіүйлі өсімдік. Аталық- көпжылдық, аналық – біржылдық. Биіктігі – 40 см. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Фотосинтез жүреді.

Көбеюі

Жынысты жыныссыз

Жынысты – аталық өсімдік ең ұшында аталық жыныс жасуша. Аналық ең ұшында аналық жасуша. Аналық + аталық – ұрықтанады – жұмыртқажасуша – қауашақ – спора.

Жыныссыз – споралар шашылып, өніп, өскін пайда болады.

Әсер етуші факторлар

ІV. Бекіту: 1. Ризоидтың тамырдан айырмашылығы

2. Мүктәрізділердің жынысты және жыныссыз көбеюін талдау.

V. Қорытынды: Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі. Көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.

VІ. Үй тапсырмасы: 17 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]