Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып-күнделікті сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
250.37 Кб
Скачать

Vі. Бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы: 16 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру. 4 тарау параграфтарын қайталап, тестке дайындалу

Сынып: 7

Күні

Тақырыбы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер дүние тармағы туралы жалпы мәлімет.

Мақсаты: Білім алушыларды жоғары сатыдағы өсімдіктермен таныстыру. Олар неге жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататынын түсіндіру.

Міндеті: білім алушыларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер споралы және тұқымды болып бөлінетінін көрсетіп, түсіндіру.

Дамытушылығы: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге жататын өсімдіктер туралы хабарларын әрі қарай толықтырып, дамыту.

Білімділігі: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетіп, олар туралы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелігі: білім алушыларды табиғатты қорғауға, табиғатты сүйіп, бағалауға баулу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар: Жоғары сатыдағы өсімдіктер суреттері, флипчарт, балдырлардың суреттері.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандас, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4 тарау бойынша өткен тақырыптардан алған білімдерін тексеру.

  1. Ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі қалай аталады?

  2. Жүйенің ең кіші бірлігі

  3. Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы

  4. Жасыл балдырдың бір жасушалы талшықты түрі

  5. Ғарышқа алғаш ұшырылған бір жасушалы талшықсыз жасыл балдыр.

  6. Хромотофоры оралма тәрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр.

  7. Қоңыр балдырлар қайда кездеседі?

  8. Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекінеді?

  9. Қағаз өндірісіне пайдаланатын жасыл балдыр?

  10. Хромотофоры білезік тәрізді су түбіне бекініп өсетін жіп тәрізді жасыл балдыр.

  11. Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы

  12. Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады?

  13. Балдырлар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан не пайда болады?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына жалпы сипаттама

Б ұдан бұрын біз төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылысымен, түрлерімен таныстық.. Өсімдік мүшелеріне не жататынын 6-сыныптан білеміз. Төменгі сатыдағы өсімдіктерден жоғары сатыдағы өсімдіктердің басты айырмашылығы, олардың ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің аталық және аналық жыныс мүшелері көпжасушалы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер

споралы

Жоғары сатыдағы өсімдіктерге. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтәріздестер, ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар бөлімдері жатады.

Әсер етуші факторлар

IV. Бекіту: Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылығы неде?

V. Сабақ қорытындысы: Кесте толтырайық

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]