Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик кукык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.02 Кб
Скачать

32. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәсілдері.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәсілдері тікелей және жанама болып бөлінеді.Мем реттеудің тікелей тәсілдері негізінен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мем реттеудің ондай тәсіліне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу,кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау т.б жатады. Мем реттеудің жанама әдістерінің тікелей әдістерден айырмашылығы мем реттейдің жанама әдістерінің мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына тікелей билік әсері жолымен емес,экономикалық мүдделер тұрғысынан жанамалай ықпал етуден көрінетін ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген.

Кәсіпкерлік қызметті мем реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтің сапасына бақылау жасау боп табылады.

29.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ұғымы

Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады.Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі көпшілік(қоғамдық) мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүдделерді қорғауға тиіс.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар(министрліктер,комитеттер және т.с.с.) шығады.Оған қоса, көрсетілген субьектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар тұтастай және толық билікке және бағыншылыққа құрылған сатылас қатынастар(мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы және т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ(мысалы,келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін.Алғашқы жағдайда көпшілік-құқықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке- құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде:1) жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу 2)мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау шаралары аталған.Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік әкімшілік басқару мақсаттарына қатысты айтатын болсақ, онда оларға: жеке кәсіпкерлік субьектісі өндіретін және сататын адамдардың өмірі мен денсаулығына арналған өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін қорғау, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және ҚР ұлттық қауіпсіздігін қорғау; алдап -арбау практикасының алдын алу; табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу; ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жатқызылады.

42.Коммерциялық құпия ұғымы.

Коммерциялық құпия - жариялау олардың мүдделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәлімет. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар.

31.Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу шектерi 1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.2. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін.3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.

Қ--------------

7.ҚР дағы кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.

• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.

• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.

• Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.

• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.

• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.

• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.

Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.

Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.

2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.

Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:

1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.

2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.

Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік,

экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.

6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

Ж------------------

10.Жеке кәсіпкерліктің ұғымы.Жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi.Жеке кәсіпкерлік – жеке тұлғаның бастамасымен пайда табуға бағытталған жеке тұлға меншігіне негізделген және жеке тұлға атынан олардың тәуекелімен олардың мүлкін жауапкершілігмен жүзеге асырады. Қызмет жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлға және мемлекеттік емес заңды тұлға. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.Жеке кәсіпкерлік субъектілері –шағын кәсіп субъектісі заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын орташа жылдық 50 адаммен қызмет атқаратын жеке кәсіпкер және 50 адамнан аспайтын және орташа жылдық активтер құны 60 000 айлық есептік көрсеткіш көп емес кәсіптік қызметпен айналысатын заңды тұлға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]