Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
касипкерлик кукык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73.02 Кб
Скачать

34.Кәсіпкердің банкроттығы.

Банкроттың субъектілері:коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер. Басқа да ТМД мемлекеттеріндегідей Қазақстандағы заңды тұлғалардың банкроттығына байланысты материалдар жиналған. Ал азаматтардың яғни жеке кәсіпкерлердің банкроттығы тиісті дәрежеде емес. Оған себеп жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы заңның тәжірибелі қолданылмауында. Кәсіпкердің ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы,еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыс алмауы, сондай ақ бюджетке және бюждеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі деп түсіндіріледі. Жеке кәсіпкерді банкрот деп тануға өтінішті борышкер, несие берушілер және салық органдары және басқа да өкілетті мемлекеттік органдар бере алады.Жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы істі қозғау және қарау заңды тұлғаларға қатысты ,тәртіп бойынша келесі ерекшеліктерде жүзеге асырылады.: банкроттық туралы іс,борышкердің несие берушіге беруге тиісті ақша мөлшеріне қарамастан сотпен қарастырылады. Кәсіпкердің банкроттығы туралы істер бойынша оңалту рәсімі банкроттық туралы заңдарда заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізіледі: Оңалту жоспарын банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді сот кейінге қалдырған кезден бастап бір ай ішінде борышкер жеке кәсіпкер не оңалтубасқарушысына кандидат әзірлейді. Сот жеке кәсіпкерді банкрот деп тану туралы шешім туралы шешім шығарған кезден бастап мынадай салдар болады: кәсіпкерлер қызметке байланысты міндеттерді орындау мерзімдері басталған болып табылады.; кәсіпкерлік қызметке байланысты банкрот берешегінің барлық түрлері бойынша өсім мен проценттер есептеу тоқтатылады;сот шешімімен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылады.

30Кәсіпкерлік қызметін лицензиялау

Лицезиялар мынадай белгілігілері бойынша ажыратылады:  1.Субъектілер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берілетіндер; 2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік азаматтарғағ азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берілетіндер 2. Қызмет көлемі бойынша: 1) бас – қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға, мерзіміне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі; 2) бір жолғы - рұқсат етілген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрінде), сондай-ақ капиталды қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт- импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегінде белгілі бір шаруашылық операциясын жүргізуге берілетіндер. 3) операциялық – банк қызметінде белгілі бір операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгіленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берлетіндер.3. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағымен шектелетін; 2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылатын;3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.Лицензиялардың нысандары Лицензиялардың берілетіндерінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардыңнысандарын қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.Лицензия беру шарттарыЛицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтің осы түріне қойлатын талаптарға біліктілік сай келетін субъектіге беріледі. Лицензияланатын қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасның Үкімет бекітеді. Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау,санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысын қажет ететін қызмет түрлерінің осы Заңға сәйкес лицензияланатын тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:1) нысанын Қазақстан Республикасның Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі арыз;2) өтініш берушінің талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар;3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.Лицензия (патент) беру туралы арызды қарау мерзіміЕгер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензиялар барлық қажетті құжаттармен қоса арыз берілген күннен бастап бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін –он күн мерзімнен кешіктірмей беріледі.Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алымҚызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленетін ставкалары, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленеді. 

31Кәсіпкерік қызметті құқықтық реттеу. Нарық ұйымының институционалдық бүкіл жүйесінде меншік құқықтары белгіленген қағидаларға және осы қағидалардың нық сақталатынына орай негізделеді. Осы қағидалар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. нарықтық экономикада шешім орталықта қабылданбай, ал экономикалық қатынастар ерікті айырбас қағидасына негізделетіндіктен, кәсіпкерліктің дамуы үшін заңның билік етуі маңызды шарт болып табылады.Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу осы функцияларға сәйкес қатынастардың келесі төрт түрін қамтиды:1)кәсіпкерлік субъектісі ішінде - меншік иелерінің, меншік иелері мен әкімшіліктің, әкімшілік пен қызметкерлердің арасындағы;кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік және аумақтық билік органдарымен;2)кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы саласының мекемелерімен - банктермен, валютаны реттеу мен бақылау органдарымен, кеден қызметімен;3)кәсіпкерлік субъектілерінің өз әріптестерімен - жеткізушілермен, сатып алушылармен, сақтандырушылармен, тасымалдаушылармен және т.б.Кәсіпкерліктің дамуы және тұрақты экономикалық өсуі үшін құқықтық жүйенің сапасы жоғары болуы тиіс. Құқықтық жүйе жеткіліксіз дамыған жағдайда, оның осал жақтарын басқа институттар толтыруға тиіс. Осы функциялар (қызметті лицензиялау, жеңілдік беру, жауапкершілікке тарту) кәсіпкерлікке қатысушыларға ықпал ететін үкіметке жүктелуі мүмкін.

32)Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу:

1.Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк реттеудің мақсаттары жеке кәсiпкерлiк субъектiсi өндiретiн және өткізетін өнiмнiң адамдар өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.2.Кәсіпкерлікті мемлекеттiк реттеудің түрлерi:1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiктің субъектілеріне, сондай-ақ өнiмдерiне, процестерiне талаптар белгiлеу;2) сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу;3) өнiмнiң, процестердің жекелеген түрлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн мiндеттi растау;4) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау;5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың өзге де түрлерін беру;6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру;7) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгiлеу. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгi мақсаты мен принциптерi 1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі; жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады. 24.КӘСІПКЕРЛІК МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ

Мәміле [1]— азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:

ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру. Мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа.;

жанама ниет білдіру. Мысалы.: адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;

кейбір жағдайда үндемеу де ниет білдіру болып саналады. Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін.

Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;

әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;

мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;

мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

33)Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Кәсіпкерлік қызметін лицензиялау Лицезиялар мынадай белгілігілері бойынша ажыратылады:  1.Субъектілер бойынша: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берілетіндер; 2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік азаматтарғағ азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берілетіндер 2. Қызмет көлемі бойынша: 1) бас – қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға, мерзіміне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі; 2) бір жолғы - рұқсат етілген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрінде), сондай-ақ капиталды қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт- импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегінде белгілі бір шаруашылық операциясын жүргізуге берілетіндер. 3) операциялық – банк қызметінде белгілі бір операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгіленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берлетіндер.3. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағымен шектелетін; 2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылатын;3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.Лицензиялардың нысандары Лицензиялардың берілетіндерінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардыңнысандарын қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.Лицензия беру шарттарыЛицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтің осы түріне қойлатын талаптарға біліктілік сай келетін субъектіге беріледі. Лицензияланатын қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасның Үкімет бекітеді. Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау,санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысын қажет ететін қызмет түрлерінің осы Заңға сәйкес лицензияланатын тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:1) нысанын Қазақстан Республикасның Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі арыз;2) өтініш берушінің талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар;3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.Лицензия (патент) беру туралы арызды қарау мерзіміЕгер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензиялар барлық қажетті құжаттармен қоса арыз берілген күннен бастап бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін –он күн мерзімнен кешіктірмей беріледі.Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алымҚызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленетін ставкалары, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленеді. 

34. Кәсіпкердің банкроттығы. 1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышқордың сотқа өтініші немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.3. Дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтатылады.Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім, егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.4. Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:1) ол банкрот деп танылған;2) тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған;3) қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;4) ол қайтыс болды деп жарияланған;5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.5. Осы бапта көзделген негіздемелерден басқа, дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда:1) өзіндік кәсіпкерлік - дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;2) отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бірлескен кәсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда, сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады

35) Кәсіпкелік қызметті стандарттау және сертификаттау арқылы реттеу. ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т.-на сәйкес «Кәсiпкерлiк — меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады».  1.  Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі. Ол ҚР  Конституциясы 26-б. 1-т.-да: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз  мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға  құқығы бар» деп бекітілген.Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай  конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау,  елдің қорғанысы мен  мемлекет қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада  шектелуі мүмкін.Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.2. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б.-да бекітілген: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық , коммуналдық немесе жеке меншіктегі  мүлік қолданып, жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі  бір түрлеріне  қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.3. Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге   бағытталған (Конституцияның 26-б-ы) экономикалық қызметке жол бермеу  принцип. Бұл принцип сақтау – нарықтық  экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-қаңтардағы «Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі.4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында — кәсіпкерлердің және мемлекеттің  жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.5. Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы- құқықтық  мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық  актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.6. Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады.Кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптерінің түпкі мақсатты — тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға   мұқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының,  1992 ж. 4- шілдесіндегі «Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы»; 1998 ж. 31-наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы» және кәсіпкерлік қызметті реттейтін  басқа заңдардың нормалары бағытталған.. Бұрын Заңда кәсіпкерліктің нысаны – жеке және жекеше нысандары жайлы айтылса, қазір көрсетілген заңның жаңа редақцияда баяндалған бабы жекеше  кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне -  жеке  кәсіпкерліктің субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің субъектілеріне бөлінеді.Жеке  кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері  шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын,   кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.Қазіргі уақытта заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорларының айналымымен байланысты қызметті: акцизделетін өнімдерді (алтын, платина мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды өндіруді қоспағанда);  өндіру және (немесе) өткеру,  ойын-сауық және шоу-бизнесі, стандарттау, метрология, сертификаттау, сапаны тіркеу мен басқару саласындағы қызметті; сақтандыру рыногындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметін  қоспағанда): бағалы қағаздардың   рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]