
- •43.Бәсекелестіктің ұғымы.
- •57. Биржа және сауда саттық түсінігі мен белгілері
- •4 Кәсіпкерлік қызметтің ұғымы, белгілері. Кәсіпкерлік қызметтің ынталылығы.
- •34.Кәсіпкердің банкроттығы.
- •30Кәсіпкерлік қызметін лицензиялау
- •32. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәсілдері.
- •29.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ұғымы
- •42.Коммерциялық құпия ұғымы.
- •46.Жекешелендіру туралы жалпы ережелер.
- •47.Жекешелендірудің субъектілері мен объектілері.
- •36.Экологиялық сараптама.
- •37.Экологиялық бақылау.
- •27.Франчайзинг мәні.
- •45.Монополияға қарсы органдар,олардың мәртебесі.
- •26.Лизингтік құқықтық негіздер.
- •58. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу
- •44.Табиғи монополия ұғымы.
- •40.Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
- •39. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негізгі бағыттары.
- •85.Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құықтың мына субъектілері туралы айтылған ,биржалар,холдиттер,коммерциялық емес серіктестер,,,,,,,,,,,
- •82.Лицензиның бағасын белгілеудің тәртібі барма?Сіздің ойыңызша заңды тұлға қызметті лицензиясыз жузеге асыратын болса,оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болама?
4 Кәсіпкерлік қызметтің ұғымы, белгілері. Кәсіпкерлік қызметтің ынталылығы.
Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендекінің алғышарты болып тауар-ақша қатнастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының эк-калық заңдылықтарын жанама түрге айналатын объективті экономикалық заңдар саналады. Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда,табыс табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамшылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет – ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынща мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындалған ережелерге сай жүзеге асырылатын экон-калық қызмет түрлерінің бірі. Экон-ка-қ қызмет- бұл өндірісті, сауда-саттық көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және тұтынуды қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдірістерінен көрініс табады.Егер осы ұғымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегіні айқыдауға болады: кәсіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пйда , табыс табуға бағытталған шаруашылық қызмет. ҚР заңдарында кәсіпкерлік қызмет түсінігі орнына кәсіпкерлік деген соз енгізілген. Сойтіп жеке кәсіпкерлік деп жеке кәсіпкерлік суъектілерінің табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері атынан жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтамыз. Сондықтан заң шығарушы жеке кәсіпкерліктің белгілері ретінде мыналар: Бастамашылыгы мен дербестігі,; Табыс табу; меншіктің болуы; Кәсіпкерліктің тәуекелі; Кәсіпкердің дербес мүліктік жауапкершілігі.
6.Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі.Кәсіпкер ұғымы.Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары:
жеке кәсіпкерлік кез келген түрін жүзеге асырауға;
жолданбалы еңбекті пайдалануға;
оригинал өкілдерді құруға;
қайтарымды негізінде жеке кәсіп, субъектілерінің заем беруге;
өндіретін тауар жұмыс,қызмет, бағасын жеке белгілеуге;
өзінің құқық қабілеттілік шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырауға;
жеке кәсіпкерлікті субъектінің бірлестіктерін құруға;
аккредиттелген бірлестіктер арқылы сараптама кеңсесінің жұмысына қатысуға;
жеке кәсіпкердің субъектілерінің құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша бақылаумен қадағалау қызметі жүзеге асыруға, құқық қорғау және мемлекеттік органға шағымдануға;
өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына шағымдануға;
жеке кәсіпті қолдау мен қорғау мәселесі бойынша нормативтік актілердің орындалмауы мен тиісті орындалмауына үлес қосатын себептермен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды қарауына мемлекеттік органдарға ұсынуға құқылы.
Жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің міндеттері:
ҚР Заңнамасын сақтауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
ҚР Заңнамасының талаптарына жататын жеке кәсіп қызмет түрін жүзеге асырып лицензия алуға;
Міндетті адамды құқықтық жауаптан сақтандыруға міндетті.
2. Бақылау қағидалары:
Заңдылық;
Жеке кәсіптік субъектінің адалдық презумуиясы;
Ашықтылық;
Заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
Бақылау жүргізу барысында жеке кәсіпкерлік субъект жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу.
Мемлекеттік орган уәкілеті өздерінің қызметтеріне міндетті орындалмағаны және тиісті орындалмаған және олардың өздерінің құзыреттерін асырғаны үшін жауапкершілік.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылаудың негізгі міндеттері:
Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету;
Алдау практикасының алдын-алу;
Табиғи және энергетика ресурстарын үнемдеуді;
Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды;
Жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын өнімдердің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін;
Олардың мүлкін қорғауды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мемлекеттік органдарға және кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі мәселері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады. Тексеру мемлекеттік органының тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
8.Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.Кәсіпкер - бұл тәуекелден орықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта бәсекеге түсетін субъектіні айтамыз.
Кәсіпкерлік қызмет процесінде бірнеше субъектлер қатысады.
1.Кәсіпкерлер
2.Тұтынушылар
3.Жалданушы жұмысшылар
4.Бизнес бойынша серіктер
5.Мемлекет
Кәсіпкерліктің негізгі қызығушылығы тұтынушыларға көп мөлшерде товарлар мен қызметтерді ұсына отырып, жоғарғы денгейде максималды пайда табу жатады.
Тұтынушы бизнес товардың қанша көлемде шығарылуын, қызметтердің қай денгейде ұсынылуын , қанша көлемде және қандай сапада, қандай бағамен сатылуын , қандай орындарда орналасуын
шешетін бизнес түрі б.т.
9.Кәсіпкерлік қызмет түрлері.Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады. Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім. Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.