
- •43.Бәсекелестіктің ұғымы.
- •57. Биржа және сауда саттық түсінігі мен белгілері
- •4 Кәсіпкерлік қызметтің ұғымы, белгілері. Кәсіпкерлік қызметтің ынталылығы.
- •34.Кәсіпкердің банкроттығы.
- •30Кәсіпкерлік қызметін лицензиялау
- •32. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәсілдері.
- •29.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ұғымы
- •42.Коммерциялық құпия ұғымы.
- •46.Жекешелендіру туралы жалпы ережелер.
- •47.Жекешелендірудің субъектілері мен объектілері.
- •36.Экологиялық сараптама.
- •37.Экологиялық бақылау.
- •27.Франчайзинг мәні.
- •45.Монополияға қарсы органдар,олардың мәртебесі.
- •26.Лизингтік құқықтық негіздер.
- •58. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу
- •44.Табиғи монополия ұғымы.
- •40.Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
- •39. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негізгі бағыттары.
- •85.Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құықтың мына субъектілері туралы айтылған ,биржалар,холдиттер,коммерциялық емес серіктестер,,,,,,,,,,,
- •82.Лицензиның бағасын белгілеудің тәртібі барма?Сіздің ойыңызша заңды тұлға қызметті лицензиясыз жузеге асыратын болса,оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болама?
А------------
11.Азаматтардың кәсіпкерлік қызметінің нысандары.Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:
а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
ә) табыс алуға бағытталған;
б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;
в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.
Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.
Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:
а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;
б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.
«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығы арналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.
Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді.
Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың:
елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға;
кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоциациялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге;
ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар.
Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:
1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;
2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.
Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.
Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады.
Б---------------
43.Бәсекелестіктің ұғымы.
Бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;
12.Бірлескен кәсіпкерлік қызметтің құқықтық сипаттамасы. Бірлескен кәсіпкерлік — екі немесе бірнеше елдердегі серіктестердің өндірістік-шаруашылық қызметінің нысаны. Өндіріс саласындағы бірігу және ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервис салаларындағы айналыс оның мазмұны болып табылады. Бірлескен қызмет — жай серіктестік келісімшарты негізінде кәсіпкерлік субъектілері арасында пайда болатын қарым-қатынастар. Азаматтық заң қағидаларына сәйкес олар ортақ шаруашылық нәтижелеріне жету мақсатында бірлесе әрекет жасауға міндеттенеді. Өзара келісім бойынша олар Бірлескен қызметке басшылық етіп, ортақ істерді жүргізу міндетін қатысушылардың біріне тапсырады, ал ол келісімшарт жасасқан өзге серіктестердің сенімхаты негізінде әрекет етеді. Бірлескен қызметке қатысушылар ортақ мақсатқа жету үшін жарналарын ақшалай немесе мүлік түрінде не еңбек үлесі арқылы қоса алады. Олардың ақшалай немесе мүліктік жарналары, сондай-ақ, шаруашылықты бірлесе жүргізу нәтижесінде иеленген немесе сатып алынған мүліктері ортақ үлесті меншік болып табылады. Ортақ шығындардың және ықтимал залалдардың орнын жабу тәртібі қатысушылардың өзара келісімшартында белгіленеді. Егер мұндай тәртіп алдын ала көзделмесе, ортақ шығындар мен залалдар қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен жабылады. Ал жетпей қалған жағдайда осы мүліктегі үлестеріне қарай әрқайсысы бөліп өтейді. Бірлескен қызметке қатысушылардың құрған серіктестігі заңи тұлға саналмайды. Бірлескенкәсіпкерлікті оларғаортақменшікқұқығындажататынмүлікбазасында, сондай-ақмүліктібірлесіппайдалануғажәне (немесе) мүлікке иелікетугеболатынөзгедейқұқықкүшіндежекетұлғалартобы (дара кәсіпкерлер) жүзегеасырады. Бірлескенкәсіпкерліккезіндежекешекәсіпкерлікпенбайланыстыбарлықмәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктербірлескенкәсіпкерліктіңбарлыққатысушыларыатынансатыпалынадыжәнежүзегеасырылады.Бірлескенкәсіпкерліктіңнысандарымыналарболыптабылады:а) ортақменшікбазасындажүзегеасырылатынерлі-зайыптыларкәсіпкерлігі;ә) фермер немесе шаруақожалығының ортақменшікнемесежекешелендірілгентұрғынүйгеортақменшікбазасындажүзегеасырылатынсубасылықкәсіпкерлік;б) жай серіктестік, бұлсеріктестіккезіндекәсіпкерлікқызметжалпыүлестікменшікбазасындажүзегеасырылады.«Жекеменшіктікқосалқышаруашылық» туралызаңдажеке-меншіктікқосалқышаруашылық - ауылдыжерде, қаламаңындаорналасқанжеручаскесіндеөзініңмұқтаждарынқанағаттандыруғаарналғанқызметтүрі. Жекеменшіктікқосалқышаруашылықжүргізугеқұқықменшікқұқығынданемесеелдімекендер мен қосалқыжерлердіңауылшаруашылығы арналымыныңжерлеріненжерпайдалануқұқығындажеручаскелері бар азаматтарғажатады.Жекеменшіктікқосалқышаруашылықжүргізуүшіназаматтарғаберілетінжеручаскелерініңшектімөлшері, мал ұстаудыңнормативтерізаңнамалықтүрдерегламенттелінеді.
57. Биржа және сауда саттық түсінігі мен белгілері
Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.
Биржа – бұл биржа сауда- саттығының ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға. Биржа сауда- саттығы – ол өнімнің (бағалы қағаздары, валюта және басқадай құндылықтарды) айырбастау және сату саласы. Биржалар капиталдың бастапқы жинақталу заманында пайда болған. Алғашқы биржалар тауарлық болған: XV ғасырда Венецияның, Генуяның, Флоренцияның және Италияның және басқа да сауда- саттық қалаларының базарлары мен сауда биржалары кеңінен танымал болды, ал XVI ғасырда оларға Нидерландияның, Францияның, Англияның ірі тауар биржалары қосылды. Тауар биржалары Антверпенде (1531 ж.), Леонда (1545ж.), Тулузда (1549 ж.), Лондонда (1556 ж.), Амстердамда (1608 ж.), құрылыд. Ресейде алғашқы биржа Петр I бұйрығымен 1703 жылы (Санкт- Петербор тауар биржасы), Жапонияда алғашқы күрішпен сауда жасау биржасы 1730 жылы, АҚШ- та 1792 жылы Нью- Йорк биржасы, ал 1848 жылы Чикаго тауар биржасы (оның үстіні АҚШ- та ең көне биржасы Нью- Йорк биржасы емес, XVIII ғасырда үзіліспен болса да, 1754 жылдан жұмыс істейтін Филадельфия қор биржасы саналады) пайда болды.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде биржаны сипаттайтын белгілер төмендегілер болып табылады:
Белгілі бір биржа тауарымен сауда- саттық (биржа тауары болып белгілі бір түрдегі және сападағы айналымнан алынбаған, оның ішінде экспортқа шығаруға рұқсат берілген (квота және лицензия), биржалық сауда- саттыққа белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарға биржа берген стандартты шарт және коносамент саналады );
Жария және көпшілік сауда- саттық өткізу (қалауы бойынша барлық адамдар жасалған мәмілелер мен қалыптасқан бағалар туралы ақпарат ала алады);
Сауда- саттықты алдын ала белгіленген және белгілі бір уақытта жүргізу;
Биржа сауда- саттығын өткізу ережелерін белгілеу.
Қандай мақсатта құрылуына байланысты биржалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Өз қызыметінің басты мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін және оны құрылтайшылар арасында бөлісетін биржа коммерциялық ұйым болып табылады, ал коммерциялық емес биржалар құрылтайшылардың мүшелік жарналары есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда, негізінен, биржалар коммерциялық емес ұйымдар болып құрылуда, өйткені биржаның коммерциялық емес атауы оның мәртебесін айтарлықтай көрсетеді. Сөйтіп, АҚШ- та жекелеген биржалар, әсіресе ірілері, мәртебелерін көтеру үшін, кейде өздерінің жылдық есеп- қисаптарында миллиард доллар айналыммен 500-1000 долларлық қана мүлдем мардымсыз пайда көрсетеді. Алайда бұл барлық биржалар коммерциялық емес дегенді білдірмейді, мысалы, Сидней қор биржасы ЖШС болып саналса, Мәскеу банкаралық валюта биржасы жабық тұрпатты АҚ ретінде құрылған және т.б.
Биржалық сауда- саттыққа келушілерге рұқсат етуге байланысты биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда, алғашында ашық- жиынға келушілердің барлығы үшін қолжетерлік, сатушы мен сатыпалушы делдалсыз- ақ сату- сатып алу шартын жасай алатын биржалар пайда болады. Қазіргі заманғы биржалар, әдетте, жабық болып келеді, яғни сауда- саттыққа тек қана осы биржада тіркелген биржа делдалдары (брокерлер, дилерлер) қатыса алады (басқа адамдар биржада тек солардың көмегімен тиісті шарт жасасу негізінде тауарын сата алады немесе тауар сатып алады). Сонымен қатар ашық биржалардың мынандай: мүлтіксіз ашық
Е
14.Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметі. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады. Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.
К---------------
1 Кәсіпкерлік құықтық түсінігі, пәні, құқықтық реттеу әдістері.Кәсіпкерлік құқық жалпы шаруашылық тәртіптемелерді анықтайтыды, ал осы тәртіптемелерді ң жекелеген жақтарын оз тұрғысынан азаматтық, әкімшілік, құқық және кейбір басқа да құқық салалары реттейді. Аталмыш жағдай кәсіпкерлік құқық түсінігінің анықтамасын және құқық жүйесіндегі алатын орнын қыйындатады. Кәсіпкерлік құқық дегенимиз нені білдіреді деген мәселеге қатысты ғалымдар бірнеше жжылдар аясында і түрлі көзқарас қалыптастырады: 1 Кәсіпкерлік құқық жеке дара құқық саласы болып табылады, ол Ресей мен Украйна академигі Мамутовтың басшылығымен құрастырылған. 2 Кәсіпкерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Бұл тұжырымдама шаруашылық құқық жеке құқық саласы деген тұжырымдамаға тура қарама қарсы тұжырымдама. Оның жақтаушылары Жилинский, Пучинский болып табылады.3 Кәсіпкерлік құқық кешенді құқық саласы болып табылады. Аталмыш тұрғыда кәсіпкерлік құқықты Губин мен Лахно да қарастырады, олар кәсіпкерлік құқықты шоғырландырылған кешенді құқық саласы ретінде тандиды. Басқа құқық салалары сияқты кәсіпкерлік құқықта өзінің реттеу пәніне ие. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәні ең жалпылама түрде кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барыснда орын алатын қоғамдық қатыстар ретінде анықтауға болатын кәсіпкерлік қатынастар ретінде анықтауға болатын кәсіпкерлік қатынастар болады. Кәсіпкерлік қатынастардың ерекшелігі- бір мезгілде олардың азаматтық-құқықтық, қаржылық және озге де құқықтық қатынастар бола алатындығы.
3 Кәсіпкерліктің ҚР даму тарихы. Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды. Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды
8 Кәсіпкерліктің субьектілеріКәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. Не до конца