
- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2005
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі «Мұнай және газ геологиясы» пәні бойынша
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •1 Модуль
- •2 Модуль
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •2. 5 Студенттердің өздік жұмыстары
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •Тапсырма
- •Тапсырма
- •Тапсырма
- •Тапсырма
- •Тапсырма.
- •2.6 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2 Каустобиолиттер туралы түсінік
- •8 Конденсаттар
- •050706 Геолгия және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мамандығына арналған
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
1 Тапсырма. Мұнайдың физикалық қасиеттерін анықтау және зерттеу. Қазақстан мұнайының химиялық құрамы және физикалық қасиеттері кестелерін талдау
Әдістемелік ұсыныстар. Мұнай деп - көмірсутекті қосылыстардан тұратын ашық түстен, қоңыр, қара түстіге дейін (бағалы) майлы сұйықтарды айтады. Мұнай судан жеңіл, ерекше иісі бар. Мұнайдың элементтік құрамы бес химиялық элементтен – көміртегі, сутегі, оттегі, күкірт және азоттан тұрады. Мұнай құрамындағы көміртектің мөлшері 82-87%, сутегі 12-14%, қалған үш элементтің мөлшері 5-8 %, (күкірт 0,1-7%, оттегі0,05-3,5 %, азот 1,7 % ) Мұнай көмірсутектердің негізгі үш тобынан тұрады: парафинді, нафтенді және ароматты (хош иісті).
Өткізу түрі. Тапсырманы орындағаннан кейін оны қорғауы тиіс. Пікір алмасу түрінде жүргізіледі.
Әдебиеттер: негізгі 1 [48-50], 4 [12-15], 5 [11-26]
2 Тапсырма. Коллектор-жыныстар мен флюидтіректі (жапқыш) жыныстарды талдау
Әдістемелік ұсыныстар. Жер қойнауында мұнай мен газ тау жыныстардың кеуек-қуыстарын, жарықшақтарын және каверналарын толтырып орын алады. Көпшілік жағдайда мұнайгаздың кәсіптік жиналымдары шөгінді тау жыныстарында орналасқан, нақтылы айтқанда терригенді және карбонатты жыныстармен байланысты.
Мұнай мен газды өзіне сыйғызу қабілеті бар тау жыныстары кеуекті болу қажет. Кеуектілік дегеніміз тау жыныстарының жалпы көлемінің кеуек-қуысты бөлігі. Кеуектілік процент мөлшерімен немесе бірліктің бөлігімен белгіленеді. Кеуектілік пайда болу жағдайымен байланысты бірінші (бастапқы) және екінші (соңғы) болып бөлінеді. Бірінші кеуектілік тау жынысы шоғырланып, қалыптасу кезінде пайда болып, құмдарға, құмтастарға, алевролиттерге, оолитті әктас, коралл әктастарына тән.
Екінші кеуектілік тау жынысы қалыптасқаннан кейін жарықшақтар және каверналар түрінде пайда болады. Олар доломиттерде, әктастарда, сирегірек құмтастар және алевролиттерде байқалады.
Өткізу түрі. Тапсырманы орындағаннан кейін оны қорғауы тиіс. Пікір алмасу түрінде жүргізіледі.
Әдебиеттер: негізгі 1 [38-41; 95 -114], 4 [45-66], 5 [34-48]
3 Тапсырма
Қазақстан, ТМД және Әлем мұнайгаз кенорындарының стратиграфиялық кестеде орналасуы
Әдістемелік ұсыныстар. Стратиграфиялық кесте белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен қабаттасып, жиналған шөгінді жыныстар кешенін көрсетеді, ал оған сәйкес келетін геохронологиялық кесте уақыт өлшемін белгілейді.
Өткізу түрі. Стритиграфиялық және геохронологиялық кестені жатқа тапсыруы тиіс.
Әдебиеттер: негізгі 6 [38-49]
4 Тапсырма
Құрылымдық карталарды құрастыру тәсілдері (үшбұрыш және профиль тәсілдері )
Әдістемелік ұсыныстар Құрылымдық карталарда жер қойнауындағы тіректі горизонтты (жабынын) стратоизогипсалар немесе жер асты горизонталдары арқылы көрсетіледі.
Өткізу түрі. Құрылымдық карталарды құрастырып, оларды құрастыру тәсілдерін түсіндіру. Пікір алмасу түрінде жүргізіледі
Әдебиеттер: негізгі 5 [190-197]