- •1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
- •2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
- •3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері
- •5 Билет
- •Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •10 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •2) К.Қасымұлы бастаған кқтеріліс. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •15 Билет
- •1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
- •16 Билет
- •19 Билет
- •XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
- •20 Билет
- •21 Билет
1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.
1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді.Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды.Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналды. Бұл ережелер екі жылдық сынақ мерзімі белгіленіп, уақытша статус алғандықтан, халық наразылықтарының тууына байланысты тек. 1886 жылдары Түркістанда, 1891 жылы Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді.Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орталық Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды.Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.Сот жүйесіндегі өзгерістер.1867—1868 жылдары "Ереже" бойынша Сот билігінің органдарына мыналар жатты:уездік соттар,
әскери-сот комиссиялары,облыстық басқарма және үкімет сенаты.Уездік сот, әскери сот комиссиялары қылмыстық істерді қарады, ал облыстық басқармада азаматтық істер қаралды. Бұл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде жұмыс істеді.
Билер соты сақталды. Сырдария облысында ол қазыларсоты деп аталды. Бірақ билерді де болыс бастықтары сияқты 3 жылға сайлайтын болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге әрбір болыстан 4-тен 8-ге дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті, алайда оларға жалақы төленбеді.Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы "Ереже" бойынша қазақ даласында империялық тұрпаттағы соттар құрылды:бітістіруші судьялар;облыстық соттар;жоғарғы сот инстанциясы — Үкіметтік сенат болды.1867 жылы Ережеден айырмашылығы — әскери соттар алынып тасталды. Халық соты (билер соты) сақталып қалды. Облыс шеңберінде облыстық соттар құрылды, ал уездерде және ірі қалаларда бітістіруші судьялар тағайындалды. Оларды Әділет министрі тағайындады.
Жер мәселесі және 80—90-жылдардағы әкімшілік басқару жүйедегі өзгерістер
"Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы "Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі" делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: "Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі" деп танылады.
"Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді". Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. "Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.1886 жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5:Қазалы,Перовск,Шымкент,Әулиеата,Ташкент уездерінен тұрды."Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды:облыстық,уездік,болыстық,ауылдық.
Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.1891 жылы 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал-губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы қарауына берілді.Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын Дала генерал-губернаторлығы басқарды, Орал, Торғай облыстарын әскери губернатор басқарды. Дала генерал-губернаторлығының орталығы — Омбы, сонымен қатар Ақмола облысының орталығы да Омбы, Семей облысыныкі — Семей қаласы, Орал облысыныкі — Орал қаласы, Торғай облысыныкі — Орынбор қаласы болып белгіленді.Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.
Реформалардың басталуы
Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен «Дала қомиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері мүлде жолатылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды. Өкімет билігінен шеттетілген билеуші-сұлтандар мен аға сұлтандар ескерусіз қалдырылмады. Оларға түрлі әскери шендер берілді, өмірлік зейнетақылар тағайындалды.1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс — уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс — ауылдардан тұрды.Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің құрамына, ал Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.
Денсаулық сақтау саласындағы реформа
Әр облыста облыстық дәрігер тағайындалды. Әрбір уезде бір дәрігер мен акушер-кіндік шеше болатын болды. Уездік дәрігерге шешекке қарсы егу шараларын қамтамасыз ету міндеті жүктелінді. Ол науқас адамдарға тегін медициналық көмек көрсетіп, оларды дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуі тиіс болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекемелердегі емдеу орындарында да дәрігерге тексеріле алды. Шамасы, реформаның жағымды бір ғана сипаты болса, ол денсаулық сақтау саласындағы тап осы жаңалықтың енгізілуі дей аламыз. Солай бола тұрса да, дәрігерлердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтардың бұл мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді жарытымды пайдалануы мүмкін болмады. Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ халқының арасында, әсіресе балалар арасында өлім-жітім көп болды.
Реформаның отаршылдық сипаты
1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңінен етек алды. Болашақ болыстар өз қандастарының қамын жеуден қалды. Олар ендігі жерде орыс үкіметінің аузына қарап, жалтаңдаудан көз ашпады, қайтсем солардың қаһарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.
Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттілігінің ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.
Реформалардың мазмұны
Реформалардың аумақтық қана емес, сонымен қатар әкімшілік тұрғысындағы сипаты күшейтілді. Генерал-губернаторға саяси тұрғыдан сенімсіз қазақтарды әкімшілік жаза ретінде жер аударып жіберуге толық құқық берілді.Болыс басқарушыларды әскери губернатор бекітетін болды. Уезд бастықтарының әкімшілік қызмет аясы да кеңи түсті. Оларға ауыл старшындарын бекіту құқығы берілді. Ірі қалаларда полиция басқармалары құрылды. Ал бірқатар уезд орталықтарында полиция приставтықтары пайда болды. Қазақтың дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды.Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды Қазақстан жеріне қоныс аудару ісін ретке келтіру мақсатымен Қоныс аудару басқармалары құрылды. Түтін салығының мөлшері артып, 4 сомға дейін жетті. Мұның өзі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына келеңсіз әсер етті.
Реформаларды жүзеге асырудың салдарлары
XIX ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформаларын жүзеге асырудың одан әрі жалғасуы қазақ өлкесін Ресей империясының отар ретіндегі шет аймағына түпкілікті айналдырды. Өлкеге басшылық жасау бір орталыққа бағындырылды. Реформаларды жүзеге асырудың аяқталуы патша үкіметінің шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару үрдісін арттыра түсті.
1902 жылы шаруа бастығы деген жаңа лауазым енгізілді. Олар өздерінің мәртебесі жағынан қазақтың болыстарынан жоғары түрды. Шаруа бастықтары қоныс аудару мәселелері бойынша біржақты бағыт ұстап, орыс шаруаларының мүддесін қорғаумен ғана айналысты. Жергілікті байырғы тұрғындардың өтініш-талаптарымен санаспады. Сондықтан да қазақтар өздерінің үндеулері мен петицияларында бұл қызметті жоюды ұдайы талап етумен болды. Полиция қызметінің міндетін қоса атқару ауыл старшындары мен болыстардан алынып, полиция мен шаруа бастықтарының құзырына тапсырылды.
3) 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1995 жылғы 30 тамыз
(2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Конституцияны қабылданған күні - 1995 жылғы 30 тамыз
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметтер бойынша референдумға 8212773 адам, яғни ел халқының 89,14 пайызы қатысты. Референдумға қатысқан 800839 азамат қарсы дауыс берді, яғни бұл барлық қатысушылардың 9,9 пайызы. 78130 бюллетень жарамсыз деп табылды. Референдумның барысын қолдарына бақылаушы куәлігі берілген 928 тұлға қадағалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.
Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол - өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.
Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
