Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_tarikh_ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
991.23 Кб
Скачать

13 Билет

1) Найман Керей ұлыстарыХристиан дінінің таралуы.

Наймандар. Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалардың бірі. VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында найман тайпалар одағы (түрікше "сегіз тайпа одағы") пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты. Х-ХІІ ғасырларда найман одағы мемлекет дережесіне дейін кетеріледі. Найман одағы хандар басқарған бірнеше үлыстардан түрды. XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында наймандар Монғолиядан бірнеше қатарынан жеңіліп, бір бөлігі Алтайдан Жетісуға қоныс аударды. Екінші бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Күшлік ханның басқаруымен Жетісуға келген наймандар 1213 ж. қара қытайлардың мемлекетін қүлатып билікті жаулап алады.Сегіз оғыздар Түрік қағандығының шығыс бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының, кейіннен Солтүстік Қытайдан ауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзинь әулетінен (шүршіттер) жеңіліп, Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың 2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті, жетекші мемл. бірлестіктердің біріне айналып, алыс-жақын елдермен дипломат. қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті). Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан[2] империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедейханның ұлысына қарады. Керей мемлекеті. X ғасырдың басында Алтайда қүрылған керейлердің этникалық одағы түркі тілдес және монғол тілдес тайпалардан қуралған. Керей мемлекетінің солтустік астанасы Орхон өзеніндегі Қатын балық қаласында, ал оңтустіктегі астанасы Хуанхэ өзенінің солтустік жағалауында орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар нестроиандық бағыттағы христиан дінін қабылдайды. XII ғасырдың екінші жартысында Керей мемлекеті солтустіктегі Селенга өзенінің жоғарғы ағысынан оңтустіктегі Хуанхэ өзеніне дейінгі, батыста Хангай тауларынан шығысындағы Халқын көлге дейінгі жерді иеленді.Керейлер мен наймандардың әлеуметтік-саяси даму деңгейі бірдей болды. Мемлекет үлыстардан түрды. Әрбір үлыстың өзінің территориясы, өзінің ханы, кешпелі өмір салтына лайық зандар жиынтығы болды. Іс қағаздарын жургізу дестурі енгізілді. Олар көшпелі мал шаруашылығымен, аң балық аулаумен айналысты.Қыпшақ хандығы. XI ғ. басында кимек қағанаты қүлаған соң сол еңірде билік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Кэіпшақтар этнос ретінде VIII ғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда қалыптасқан. Қолдарына билік тигеннен кейін қыпшақ хандары Сырдария, Арал және Каспий өнірінен оғыздарды ығыстырып шығарады. XI ғ. ортасына қарай қыпшақтарға, Жетісудан езге, бүкіл Қазақстан елкесі қарайды. Енді бүл өңір Дешті-Қыпшақ деп атала бастайды. X—XI ғасырларда христиан дініне керейлердіңнаймандардың біразы кіргендігі жөнінде тарихи деректер бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Тіпті, кейде христиан католиктеріні ел басқарушы мұсылман халифтер тағайындады. Бірақ монғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғасырда) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде монғол хандарының біразы христиан дінін қабылдаған болатын. Мысалы, Батыйдың ұлы Сартақ несториандық дінге үлкен қолдау жасаған.

2) ХІХ ғ І жарт-*ғы патша үкіметінің Қаз саясаты. 1822-24ж жарғылыр.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» — қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I-ның 1822 ж. 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:әкімшілік ауыл 50-70 түтін

ұлыс 10-12 ауылдан

округ 15-20 болыстықтан тұрды.

Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.“Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.1822—1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдарыБұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды

3) 1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық. Халықтардың қарым-қатынасындағы басты да мәнді қырлардың бірі-гуманитарлық, соның ішінде мәдени ықпалдастық. Көптеген парасат иесі ғалымдардың эконномикалық проблемалар қанша күрделі, қаншама білгір болса да, мәдениет мәселелері, рухани игілік жайлары басым тұрады дейтін санаспасқа болмайды: шынында да, адамдардың санасы мен имандылығындағы ақау-нағыз қасірет.Ықылым заманнан-ақ мәдени ынтымақтастық, рухани астасу тарихының қандай тар кезеңдерінде болсын халықтарды тұтастырып, ел мен елді табыстыратын берік дәнекер болған.

Құрлық бойымен дүние жүзіндегі ең ұзақ ортақ шекаралардың бірі және іргелес жатқан ұлан-ғайыр территория өткен уақыт ішінде біздін халықтарымызға тату көршіліктің мейлінше мол тәжірбиесін тауып, жинақтауына мүмкіндік берді. Кемеңгер ақын әрі ойшыл Абай қалдырған рухани мұраның ғасырлар бойғы берік-байланысты одан әрі дамытуға тигізетін ықпалына баға жетпейді.

Туғанына 160 жыл толуы 1995 жылы атап өтілген қазақтың тамаша ғалымы Шоқан Уалиханов: «Біз орыстармен тарихи, тіпті қандас туыстықпен байланысқанбыз- деп жазды.Ресейлік және европалық талғам биігінде тамаша білім алған Шоқан өз халқының арман-мүддесін қалдықысыз білетін.Қазақ халқының болашағы туралы ой толғай келіп ол: «Халықтың қалыпты өсуі мен дамуы» үшін ең әуелі бостандық пен білім керек,-деді1994 жылы бүкіл шығармашылық өмірі қазақ халқының музыка әениетімен тығыз байланысты болған белгілі музыкантэтнограф. Қазақстанның халық артисі Александр Затаевичтің туғанына 125 жыл толуы кеңінен аталып өтті. 20-ші жылдары Орынборда тұрған көзінде А. Затаевич қазақ музыка мәдениетінің байлығымен ерекшелігін барынша сөзінді. Ол ұлттық музыканның фольклордың шығармаларын тұңғыш жинап, бастырып шығарды, 2300-ден аса халық әндері мен күйлері жазып алды.

Қазақстан мен Ресей тәуелсіздік алғаннан кейін де мәдениет саласында пәрменді ынтымақтастық жасап, кең ауқымды байланыстарын дамытумен келеді. Ресей мәдениет қайраткерлерінің 1993 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстанда өткен гастрольдерінің, көрмелерінен, концерттерінен соң келесі жылдың сәуірінде Ресейде Қазақстанның Мәдениет күндері дүркіреп өтті. Оның ресми ашылуы «Россия, мемлекеттік Орталық концерт залында болды. Қазақстан өнер шеберлерінің консерваторияның үлкен залында, П.И. Чайковский атындағы концерт залында өткен концерттеріне жетекші солистер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Алуан қырлы әрі ауқымды бағдарламаға Ресей мемлекеттік Үлкен театрының спектакльдерінен А.Адамның «Жизель», Қазақстанның жетекші солистері Г. Түктібаевтың, Б.Смағұловтың,Н.Үсенбаеваның және Ғ.Есімовтың, дирижер Б.Жалтибаевтың қатысуымен Дж.Вердидің «Травиатасың кірді.

1994 жылы ұлттық киноматографиялар мен «Мир» мемлекетаралық телекомпаниясының бірлескен шаралары шеңберінде ТМД мемлекеттері киноматогрофтар одақтарының конфедерациясы Мәскеуде «Московский» фестивалін өткізді де, оның біркүні Қазақстанның әртүрлі халықаралық кинофорумдарда көзге түскен жас киноматогрофтарға арналды.1995 жыл Қазақстан мен Ресейдің мәдени қарым-қатынасындағы ерекше жыл болды. Осы жылы қазақтың ақыны және ойшылы Абайдың туғанына 150-жыл толып, ол ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен көптеген елдерде аталып өтті. Сәуір айында М.Рудомино атындағы шетел әдебиетінің бүкіл ресейлік мемлекеттік кітапханасында «Абай және әлемдік мәдениетң дейтін тақырыппен әдеби көрме ұйымдастырылып, оған дүние жүзінің 22 тілінде шыққан 200-ге жуык аса сирек әрі бірегесі басылымдар қойылды. Әлемдегә ең ірі кітапханалардың біреуінің шаңырағы астында Абай туралы жүрек жарды сөздер айтылып, оның өлеңдері оқылды, әндері шырқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]