Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_tarikh_ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
991.23 Кб
Скачать

12 Билет

1) X ғасырдың ортасында Шығыс Түрікстан, Жетісу өңірінде Карахан мемлекеті пайда болады. Карахан еулетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915-955 жж.) 942 ж. Баласағүн билеушісін қүлатып, ислам дінін және Арслан Карахан дережесін қабылдайды. Осыдан бастап оның еулеті Қарахандықтар деп атала бастады. XIғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бүхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қарахандықтар иелігі Балқаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар үйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 жж. ұзақ қиян-кескі соғыстардан кейін Меуереннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен түрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып түрды.ХIғ. 30 жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түрікстан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Баласағүн, кейін Қашғар қаласы болды. Меуреннахр жерлері Батыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дережесімен Шығыс Қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан дережесімен Батыс Қарахан қағанатын басқарды. Қағанат көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек және тегін дережесіндегі еншілік иелерінің қүқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссездер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мүрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне - "сатылық жүйе" арқылы жүзеге асырылды.

X ғасырдың ортасынан Арслан Қарахан мен Богра Қарахан еулеттерінің арасында алаауыздық, билік үшін күрес басталады. Бүл соғыстар Қарахан мемлекетін әлсіретеді. Осы жағдайды пайдаланып Батыс Қарахан мемлекетіне селжүқтар шабуыл жасап, Самақанд қаласын басып алады. Ал Шығыс Қарахан қағанатына қайта-қайта қарақытайлар шабуыл жасап, қауіп төндіреді. XII ғ. бірінші жартысында қарақытайлар Шығыс Қарахан қағанатын, 1141 ж. Батыс Қарахан қағанатын жаулап алады.Қарахан қағанатында халық көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қала өмірі, сауда, қолөнер, жақсы өрледі, түрік этносының ой-санасы еседі, мүсылман едебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Оның өкілдерінің бірі Юсуп Баласағүн болды. Хандар өздерінің жақындарына белгілі аймақтан салықты өзіне жинап алу қүқын берді. Мүндай салық 1,икга" деп аталды.Қара Қытай (ңидан) мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар мемлекетінің негізін қалаушылар Орта Азиядағы монғол тілдес қидан тайпалары. Олар Қытайдың солтүстігінде, Маньчжурия мен Уссури елкесі аймағында өмір сурді. 924 ж. Алтайдан Тынық мүхитқа дейінгі өлке қидан мемлекетінің (Ляо империясының) қол астына қарайды. Кғдандардың билеушісі Солтүстік Кытайда түрды.1125 ж. Ляо империясы Сунь Қытайы мен Чжурчжень мемлекеттерінің біріккен күшінен жеңіліп, Елүй Дашы басқарған қидандардың бір бөлігі батысқа - Жетісуға қарай қоныс аударады. Қоныс аударып келген қидандар алғашқыда жергілікті түркі тілдес халықпен бейбіт қарым-қатынас жасап, ңараңытайлар деп аталып кетті. Шамалы уақыттан кейін Елүй Дашы Баласағүн билеушісін қүлатып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін олар Шу мен Талас бойындағы қаңлыларды, Шығыс Түркістанды, Бүхарды, Орталық Мәуреннахрды бағындырып, Хорезм шахын алым-салық төлеп түруға межбүр етті.Қарақытай мемлекетінің басшысы Гурхан (хандардың ханы) деп аталды. Астанасы Баласағүн қаласы. Қарақытайлар жергілікті түрғындарға жылдан- жылға алым-салықты көбейтіп, ислам дініне тиым салды. Осыған байланысты Жетісуда қарақытайларға қарсы мүсылман қозғалысы кеңінен етек алады. Қолайлы жағдайда пайдаланған наймандардың ханы Күшлік қарақытайлардан Жетісудағы билікті тартып алады.

2) ) И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы көтерілісі

Көтерілістің шығу себептері

1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуыИсатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді.

Тастөбе түбіндегі шайқасШиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды.

Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекетіКөктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.

Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды.Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдарыЖазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ.

Көтерілістің тарихи маңызыИсатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді

3)Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

Қайта құру бағыты.1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]