- •1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
- •2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
- •3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері
- •5 Билет
- •Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •10 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •2) К.Қасымұлы бастаған кқтеріліс. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •15 Билет
- •1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
- •16 Билет
- •19 Билет
- •XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
- •20 Билет
- •21 Билет
1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
10 Билет
1) Оғыз мемлекеті. ІХ-Х ғасырларда Қарлүқ қағанатының солтүстік- батыс жағында, Сырдарияның орта және теменгі бойларында, Батыс Қазақстан өңірінде Оғыз тайпаларының мемлекеті қалыптасып, өмір сүрді.Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. VIII ғ. ортасында Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлүқтардың қысымымен оғыздар Сырдария бойына келіп қоныстанады. Жергілікті тайпалармен одақтасып, печенегтерге қарсы соғысып, олардан еуелі Сырдарияның теменгі ағысы мен Арал өнірін, кейін Орал мен Еділ өзендерінің аралығын алады. Печенегтермен соғыс барысында оғыз тайпаларының саяси бірлігі нығайып, оның құрамына осы өңірді ежелден мекөндепі келе жатқан көшпелі және жартылай кешпелі рулар мен тайпалар енеді. Махмүд Қашғари оғыз елінің 22 тайпаға бөлінгенін және ер тайпаның ез белгісі мен туы болғанын айтады.Х ғасырда оғыздардың астанасы Орта Азияға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасқан Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Мемлекет басшысы жабғу атағын иеленді. Билік атадан балаға мүра болып қалып отырды. Жабғу орынбасарлары 1"күл-еркін", ескер басшысы Чсюбашы" деп аталды. Оғыздар путқа табынды, шамандарға сенді. Кейін біртіндеп ислам діні ене бастады.Оғыздар 965 ж. Киее Русімен одақтасып, Хазар қағанатын, 20 жылдан кейін Еділ Булгариясын жеңеді, ал 1041 ж. Хорезмді жаулап алады. Бірақта X- XI ғасырларда ішкі ауыр алым-салықтарға қарсы наразылықтың күшеюіне байланысты Оғыз мемлекеті қүлдырай бастайды. Ішкі қайшылықтардан елсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының қысымына шыдамай қүлайды.
Қимақ қағанаты. Кимекгер VII ғ. басында Монғолияның солтүстік батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік өңіріне, Ертіс бойына қарай қоныс аударады.Батыс Түрік қағанаты қүлағаннан кейін, VIII ғ. екінші жартысы мен IX ғ. басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік батыстағы Оңтүстік Оралға, оңтүстік батыстағы Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстік бағыттағы Солтүстік Шығыс Жетісу жеріне өтіп, оғыздармен керші болады.340 ж. Ұйғыр қағанаты қүлағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар кимек бірлестігіне қосылады. Осы түста кимек бірлестігінің құрамында: еймүр, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар атты жеті тайпа болды. Кимек тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді.IX ғ. бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай қозғалып, қарлүқтармен одақтасып, оғыздарға Сырдария мен Арал өнірінен қанғар-печенег тайпаларын қуып шығуға көмекгесіп, ездеріне Алтайдан Ертіске дейінгі, батыста оңтүстік Орал таулары мен Еділ (Волга) өзеніне дейінгі өңірді қаратады. Енді кимек одағының құрамындағы тайпалар 12 жетеді. IX ғ. аяғы мен X ғ. бас кезінде Кимек мемлекетінің шекарасы тұрақтанып, олардың ханы қаған атын алады. Қағанның билігі шексіз болды. Ол ез қарамағындағы жерлерге билеушілерді тағайындады. Қаған мен билеушілердің билігі атадан балаға мүра болып қалып отырды X ғасырдың бас кезінде Кимек қағанаты ішкі тартыстардың күшеюіне және Орталық Азиядан көшпелі тайпалардың қоныс аударуына байланысты ыдырады.
2) Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранименкеліссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысыкезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
3) «Тың және тыңайған» жерлерді игеру.
Тың игерудің 1960 жылдарында республика бойынша 25 млн. 484 мың га тың және тыңайған жерлер игеріліпті. Яғни осыншама жердің « ішек- қарны ақтарылып» жыртылған екен. Тың игерудің салмағы қазақтарға ауыр тиді. Тыңның екпіні қатты еді. Барлық салада орыс тілі үстемдік етіп, қазақ тілінің қолдануы аясы тым тарылып кетті. Осы өлкедегі қазақ мектептері жабылуға айналды. Қазақтар өз балаларын орысша оқытуға мәжбүр болды. Егер біз біраз жылдар бұрын республикада 700- ге жуық қазақ мектептері жабылды десек, соның көбісі тың игеру көзінде осы өлкенің үлесіне тиді. Бұл аздай, сыншылдары республиканың солтүстіктеріндегі, тың игерген бес облысты барлық облыстық және аудандық қазақ газеттері жабылып, бір ғана « Тың өлкесі» газеті ғана шығарылды. Бұл жғдай да елді күйзелтті. Әдебиеттің, өнердің ұлттық таланттары да кеми түсті. Себебі өрістететін тілдік орта болмаған соң талантта тұмшаланып, тоқырайды. Ұлттық салт- дәстүр, тұрмыс өзінің сәнін шектеумен қатар жергілікті тұрғындар ежелгі дағдысынан ауытқып басқа жұрттың тұрмыс ыңғайына қарай бейімделді. Міне, тыңды игеруді айтқанда, көбіне осы жағдайлар еске түседі. Тыңның бізге бергені де көп. Тізіп айтсақ оның бәрі ұзақ әңгіме. Осы жылдар ішінде республиканың экономикалық қуаты артты. Өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының қай саласын алсақ та кері кеткен жоқ. 25-26 ақпан күндері Ақмола қаласында өткізілген тыңның 40 жылдығына арналған саяси- қоғамдық көзінде осының дұрыстығына көз жеткізгендей болдық. Республиканың түпкір- түпкірімен келген адамдар кездескен жерде бір-біріне « той құтты болсын» десті. Біз- той қадірін білетін халықпыз. Тының 40 жылдығын атау бізге, әсіресе өткендегі тарихты таразылап, әділ баға беру, тыңды игеруге қатысты. Белгілі бір көз қарастарды қалыптастыру, соны пікірлерге жол ашу үшін қажет екенін де түсіндік. Тың игерудің 40 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев тың игеру тарихына тоқтала кетіп, бірталай шындықтың бетін ашып әділін айтты.Сол кездерде жіберілген кемшіліктердің, оның зардаптарының кінәлісіде комунисті режим оның идиалогиясы, әкімшілдік- әміршілдік басқару жүйесі делінді.КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылы қыркүйек айында өткен пленумда азық-түлікті молайту үшін ауыл-шаруашылығын барынша дамыту мәселесі қаралды. Осы пленумның шешіміне Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлердің көлемін анықтау, құнарлылық жағдайын тексеру мақсатында КСРО ғылым академисының топырақтану институты бас болып, ғылыми қызметкерлердің қатысуымен бригадалар ұйымдастырылды. Ғылыми экспедициялардың зерттеу қортындысы бойынша алтын өндіруден ірі базасын жасау мақсатында игі іске жарамды 20 млн. Гектар жер таңдап алынды. Қазақстандық ғылымдар қазақ жерінің табиғат жағдайын зерттей келе, топырақтың эрозияға бейімділігін дәлелдеп, жаңа жерлердің топырағын зерттеу және қажетті тыңайтқыштар қызметін анықтауды ұсынды. Өкінішке орай, бұл ұсыныстың дұрыстығы сол кезде ескерілмеді. 1954 жылы партияның Орталық Комитетінің ақпан-наурыз пленумының «Елімізде астық өндіруді одан ары арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысына сәйкес қысқа мерзім ішінде млн-ған га жерді игеріп, оның ішінде астық өндіруді күрт арттыру мақсатында қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының жайылымдық және шабындық жерлерінің табиғи тірлігі бұзылды, қазақ даласының табиғатына шабуыл басталды.
Тың игерудің идеологы Л.И. Брежневтың «біз тың жерге оны игеріп, қоныс табу үшін, астық алу үшін бардық» -деп ашық айтқан.Олардың партия саясатының бір жола қазақ даласына орнығуы еді.Еліміздің сол кездегі басшылығы интернационализмді басты идея ретінде ұсына отырып, тың игерілетін аудандарға словян халықтарын, орыс, украин, беларусь көптеп қоныстандырылды соның нәтижесінде, 1959 жылғы санақ бойынша қазақтар 30℅, ал орыстар 42℅ болды. Осылайша жергілікті қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып, Қазақстан ең көпшілік халыққа орыстар болып табылатын көп ұлтты республикаға айналды. Қазақтардың азаюімен қатар, тың игеруші аудандарда олардың ана тілінде қолданыс аясы тарылып, бұл өлкедегі 700 қазақ мектебі жабылып көптеген қазақ тіліндегі газет- журналдар орыс тілінде шығарыла бастады. Сөйтіп сол кезеңдегі басшылық ұлттық сана мен мүддені шын мәнісінде ескерусіз қалдырды. Ал бұлтұтас бір халықты мәңгүрттікке, мәдениетін, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дәстүрлерін жоғалтуға апаратын қауіпті бағыт еді. ғылыми берік негіздің және жүйенің болмауы, әсіресе, Қазақстан да шамадан тыс көп жерді жыртуға, сөйтіп, шөбі шүйгін өлкелердің эрозияға ұшырауына алып келді. Қазіргі таңда тың игеру науқаны нәтижесінде жыртылған 25 млн га астам жердің 9 млн га жері эрозиға ұшырап, жарамсыз болып қалды, онымен қоймай бұл қасірет одан әрі жалғасуда. Тыңды игеру негізіндегі елімізде орын алған ауыл шаруашылығындағы қайта орналастыру және мамандандыру үдерістері Қазақстанның солтүстік облыстарындағы мал шаруашылығының дамуына да қолайсыз әсер етті. Шошқа шаруашылығын дамытудың тасасында қалған, жайлымдардан айырылған түйе мен жылқы шаруашылығы ақсап, қожырап кетті. Шамадан тыс көп жерді экстентивті жолмен жырту- Қазақстанның егін шаруашылығын интенсивтендіру арнасына түсіруді қиындатып, топырақ құрамының тозуына және одан алынатын өнімнің төмендей төсуіне жол ашты.Халқымызға тың игеру заманының әкелген зардабының белгілері әлі де алда ашыла бермек. Қаншама млн даған гектар жеріміз әумесерлікпен ойсыз жыртылып, шаңы аспанға шығарылды. Осынау берекесіздіктің кесірінен аз уақыттың ішінде жеріміздің құнарлылығы 20-25 ℅ дейін құлдырап түсіп кетті. Ол аз дегендей қаншама жеріміз жарамсыз болып, бұл күнде аррам шөп басты. Енді ел өмірлердің байырғы бозын, бидайығын қалпына келтіру үшін әліде 30-40 жылдай уақыт керек. Қорыта айтсақ,тың және тыңайған жерлерді игеру уақытында Қазақстанға пайдасы да, зияны да болды деп айтуға болады. Негізінен тың игеру Қазақстанның Ақмлоа, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазқстан және Қостанай облысында кен түрінде жүрді. Тың игеру Қазақсанның солтүстік облыстарында ғана жүрді деп айтуға болмайды. Ол бүкіл Қазақстан территориясын қамтыды. Бірақ, Бұл жерлерде аз мөлшерде тың игерілді. Осы кездегі негізгі өзгерістер, ол Қазақстан территориясына басқа халықтардың келуі мәселен Қазақстанға шамамен 640 мың адамдар көшіп келеді. Ең бірінші келген халықтар украиндер. Онымен қатар құрылыс жұмысы жақсы жүрді. Көптеген мектептер, клуб, асхана, үйлер совхоздар және де тағы басқа құрылыс түрлері көп мөлшерде жүріп салынып отырды.
11-билет
1)Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.Саяси тарихы:Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайдыЭтникалық және тайпалық құрамы:Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенеттермен, қарлұқтармен, қыпшақ- тармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады:Қимақтардың шаруашылығы
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия менШығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.Тайпалық және этникалық құрамы:XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.Шаруашылығы:Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді.
2) Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.
Жәңгірдің билік басына келуі:Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды.Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін. Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды. Өзінің жеке билігін нығайта түсу үшін хан сот билігін өзі қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешімі мен шығарған үкімі жөнінде шағым жасауға рұқсат етілмеді. Бұл ретте орыстарды күштеп тұтқынға алып, құлдыққа сатып жіберуге, қарақшылықпен ел тонауға, адам өлтіруге қатысты мәселелерге байланысты қылмыстық істер бойынша ғана шағым жасауға рұқсат етілетін. Ал мұндай қылмысты істерді Орынбор шекаралық комиссиясы ғана берілген шағым бойынша қайта қарай алатын. Неғұрлым ұсақ-түйек істердің тағдыры билер сотында шешіле беретін. Жәңгір хан билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды.Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті, Каспийдің жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала бастады.жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті.Бөкей хандығында, Кіші жүздің басқа бөлігіндегіге қарағанда оның бір айырмашылығы — оңда сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді айырбастауды және сатуды үйренді. Сауда-саттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы да оңтайлы ықпал етті. Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді. Ханның қол астындағы адамдардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне оның өзі кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал және мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды.
Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі:Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу саласында қыруар көп жұмыстар атқарды. 1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай кұлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті. Ресейдің зерттеуші ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда,“хан бірде-бір рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бірге мешітке барып тұрған, рамазан айындагы ораза кезінде онда таң атқанша болып жүрген.1841 жылы Жәңгірдің өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бірқатары кейінірек көрнекті инженерлер, орманшылар, әскери қызметшілер, ғалымдар ретінде даңққа бөленді.Жәңгір хан барлық жерде іс қағаздарын жургізу тәртібін енгізді, жеке өзінің мурағат қызметін құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгізді. Оның күш-жігер жұмсауы арқасында Ішкі Ордада аурухана және дәріхана ашылды. Жәңгір ханның қайтыс болуы:Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның отбасында екі әйелі, алты ұлы, үш қызы қалды. Жәңгірдің төрт ұлы Ресей императорының ақшалай жәрдемін алып тұрды. Олардың бәрі де Императорлық паж корпусында арнаулы курстарда оқып, сол кездегі ең тамаша білім алып шықты.Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Еділ мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылдық басқару жүйесіне енгізу саясатын жүргізе бастады. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша Кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтандар тобынан екі өкіл және мемлекеттік мүлік министрлігінен бip кеңесші енді. Кейіннен Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеунігі тағайындалды. Сөйтіп патша үкіметі бұл аймақтағы отаршылдық әкімшіліктің жағдайын нығайта түсті. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына берілді.Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны
Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бдерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға кол жеткізе алды. Сонымен қатар жер мәселесінің асқынуы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліске алып келді.
3) Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді. - Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. - Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді. Өндіріс саласындағы кемшіліктер: - Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. - Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген. - Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды. - Кәсіпорындар құқы шектелді. - Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. - Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:
1. Лисаков кен-байыту комбинаты,
2. Шерубай – Нұра шахтасы,
3. Талдықорған аккумулятор заводы,
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.
Ауыл шаруашылық жағдай.1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.
1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.
Экологиялық жағдайҰлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. 1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.Өнеркәсіптің дамуы. 60-шы жылдардың ортасында басталған зкономикалық реформалар халық шаруашылығына бір шама оң ықпал жасап, республика енерквсібі бірсыпыра жетістіктерге жетті. Өндіріс саласындағы жоспар сегізінші бесжылдықтың (1966-1970 жж.) негізгі көрсеткіштері бойынша орындалып, енерквсіптің жалпы өнімі 56 пайызға өсті. Бірақ өміршіл-екімшіл жуйе экономикалық реформалардың толық жузеге асуына жол бермеді.Осының салдарынан 70-ші жылдардың басында экономикалық реформалардың қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бурмаланды. 1970-1935 жж. Республика халық шаруашылығы тоғызыншы, оныншы жвне он бірінші бесжылдық жоспарларына сай дамыды. Өнерквсіпті еркендетуге 40,3 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жумсалаған қаржының 32 %-ы жумсалды. Негізгі ендірістік қорлар ЗД есе артты, оның ішінде химия жвне №унай химиясына 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын енерквсібінде 3,3 есе есті. 15 жыл ішінде өнерквсіп енімінің жалпы келемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнерквсібі сияқты салалар 3 еседен астам өсті
