
- •1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
- •2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
- •3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері
- •5 Билет
- •Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •10 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •2) К.Қасымұлы бастаған кқтеріліс. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •15 Билет
- •1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
- •16 Билет
- •19 Билет
- •XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
- •20 Билет
- •21 Билет
Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертісөзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды.Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды.Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс Қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгіәкімшілік және әскери орталығы — Орынборды қоршауға тырысты. 1773 жылы 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірекпен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне шабуыл жасайды.Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан. Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты.1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастады.Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді.1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады.Осының бері халықтың наразылығын күшейтіп, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачее бастаған шаруалар соғысына қатысуына себеп болды. Патша үкіметінің билігін елсірету мақсатымен сүлтандар Ералы, Досалы, Айшуақ кетерілісшілерге қолдау көрсетті. Пугачее кетерілісі жеңілгеннен кейін де қазақтардың қозғалысы тоқтамады. Оны Сапура Матенқызы, Досалы және Сейдалы о/лтандар басқарды. Қазақтардың 1773—1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.
3) Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бүл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады.
Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды.
Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.Соғыстан кейінгі қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан құйылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок.
Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының "Тайсойған", Балқаш көлі маңында "Ташкен - 4" және "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета "қоқыстарымен" ластанған.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигон-дарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының -190 га, Жезқазған облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3,0, Оңтүстік Қазақстан облысының - 2 гектар жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мсн ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады. Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктсрге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда -500-ден астам жарылыс жасалған. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол -Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. гекатарға жетті.Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған. 1991 жылы 20 тамызда елбасының бүйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бүл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бүл шешім "Семей-Невада" қоғамдық қозғалысының жемісі болды.Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда "Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру" (1992,1995) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын және радиактивті калдықтарды жою проблемасы халықаралық, мемлекеттік деңгейде жүргізілуде.
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсеріТұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
9 – билет
1) Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Карлүқтар Алтайдан Балқаш келінің шығыс жағалауына дейінгі аймақты жайлаған көшпелі тайпалар. VII ғасырдың ортасында Қарлүқ бірлестігіне тайпа: болат, шігіл және ташлық енді. Қарлүқ тайпаларының көсемдері елтебер деген атақты иеленді.756 жылы қарлүқтар шығыстағы үйғыр қағандығынан жеңіліп, Жетісуға келіп, онда өздерінің қағанатын қүрады. Карлүқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі аймақта қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас өзендерінің еңірлерін, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендейді. Қарлүқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар қаласының маңына барып қоныстанған.Қарлүқтар шығыста үйғырлармен, батыста арабтармен соғысады. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқтар үйғырлардан жеңіліп, Монголиядағы үйғыр қағанының билігін мойындайды. Ал батыста арабтар Күлан қаласына дейін жетіп, қарлүқтардың жабғысын қимақ еліне қашуға мәжбүр етеді. IX ғасырдың 20 жж. бастап Мәуреннахрда жергілікті саманилар әулеті билікгі өз қолына алып, Бағдаттағы араб халифатына сырттай теуелді болды.
Осы түста 340 ж. Енисей қырғыздары үйғыр қағанатын жеңіп, үйғырларды Түрпан мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға межбүр етті. Бүл жағдайды пайдаланып қарлүқ жабғуы, Испиджабтың билеушісі Білге Күл Қадырхан өзін Жоғарғы билеуші, қаған деп жариялайды.
IX ғасырдың аяғында арабтар қарлүқ жеріне тағы шабуыл жасап Испиджабты және Таразды алады. Қарлүқ қағанының астанасы енді Тараздан Қашғарға көшеді.Бірақ қарлүқтардың ішінде бірлік орнамайды. Оны Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 ж. Баласагүнды басып алып, Қарлүқ мемлекетін қүлатады.Vғ жазылған деректерде қарлұқтарды - /бұлақтар/ д.а. Мекені: Алтай, Балқаш көлінің Шығ.жағында 7ғ ортасы – Бұлақ, Шігіл, Ташлық тайпа-ы бірігіп, қарлұқ бірлестігін құрды. Бірлестік-ң билеушісі – елтебер; 756ж қарлұқ қағ-ы құрылды. Астаналары – Суяб, Тараз Территориясы: Жетісу (Шу мен Талас өзені, Бат. Тянь-Шань Ферғана, Сырдария маңы) билеушісі – жабғу, 840ж бастап қаған қарлұқтар жайлы араб ж/е парсы дерек-н білеміз. Араб географы Әл-Мауруази (12ғ) құрамында 9 тайпа болғанын дәлелдейді. (тухси, шігіл, азкіші, түркеш, халаж, жарұқ, барысхан, көкркін, бескіл) Тілі – түрік; 25 қаласы бол-н: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан, Талғар т.б. Ақсүектер көбінесе 2-ші астанасы – Баласағында тұрды. Жетісуа 200 жылай билік құрды
2) 1783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс
Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 жылы 25 шілдеден бастап «сезікті» деген кез келген Орынборға келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билік құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, қазақ-орыстармен бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырактан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мысалы, 1783 жылы қазақтар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алды. Басты соққы Төменгі Орал шебі мен Ор бекінісіне бағытталды.арих сахнасына халық қозғалысының көшбасшысы ретінде жастайынан шешендігімен, әділдігімен көзге түскен байбақты руының басшысы Сырым Датұлы шықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық түтін бар еді.Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып, халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап патша әкімшілігінің еркінен шықпайтын орыс шенеунігіне айналды.Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. Қазақ халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:
а) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару;
ә) жер мәселесін шешу.
Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті, қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына жеті мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Сырымға байбақты, шекті, табын, шеркеш, таз рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Симбирск және Уфа өлкелерінің билеушісі барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады.
3) Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді.
Республиканың индустриялық дамуы.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері