Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_tarikh_ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
991.23 Кб
Скачать

3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері

1925ж желтоқсан – БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды.Индустрияландыру-халық шаруашылығының барлық салаларын техникамен жабдықтау,инфраструктураның дамуы.

Жетістіктері:Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып,шикізат көздеріекпінді қарқынмен игерілді;Урбандалу күшті жүріп,қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар,қала халқы көбейді; қысқа мерзімде орасан зор материал-қ қазаналар мүмкіншілігі жасалды, республикада қалалар мен тұрғын-ң үлес салмағы өсті, ұлттық жұмысшы табы құрылуы.

Кемшіліктері: Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәспорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау-кен шикізтын дайындаушы база ретінде қала берді. Республикада сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. Теміржоларқылы жүк тасымалдау 1913 деңгейінен 21,3 есе асып түсті.

5 Билет

1) Үйсіндер - Орта Азия аймағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Б.з.б. II ғасырда Жетісудағы сақ жерлерін Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Олар шығысында ғұндармен, оңтүстікте Ферғанамен, батысында қаңлылармен шекаралас болды. Астанасы Ыстықкөлдің жағасындағы Қызыл аңғар (Чигучен) қаласы болды. Мемлекет басшысы гуньмо деп аталды. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар және қатардағы малшылар мен егіншілер болған.Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б II ғасырдың аяғында пайда болды. Қытай императоры ғұндарға қарсы одақ іздеп батысқа Чжан Цзянь бастаған елшілік жібереді. Чжан Цзянь он жылдай ғұндарда түтқын болып, кейін қашып шығып, жолында Жетісуға соғып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цзяньнің хабарына қарағанда үйсіндердің саны 630 мың адам. Олар соғысқа 133 мың жауынгер шығара алатын болған. Қытай деректерінде үйсіндердің саяси тарихы б.з. III ғасырына дейін жеткізілген. Үйсіндер Қытаймен қарым-қатынас жасап, олардың гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырды.Үйсіндердің этникалық тегі елі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы оларды шығыс Иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері - түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді.Үйсіндердің шаруашылығы. Үйсіндер мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Қыстау мен жазғы жайылымның арасы 30-100 шақырым аралығында болған. Шудағы үйсіндердің үйлері қам кірпіштен, Кегендегі үйсіндердің үйі тастан жасалынған, төрт бөлмелі және мал қамайтын бірнеше бастырмалары бар. Бір ауылда 5-6 үйден. Ауыл маңында ру қорымы орналасқан. Үйсін қорғандары иесінің қоғамдағы орнына сай үшке бөлінеді: үлкен қорғандар - диаметрі 30 м, биіктігі 15 м дейін, орташа қорғандар - диаметрі 15 м, биіктігі 4 м дейін және көптеген кішкене қорғандар - диаметрі 10 м, биктігі 1 м. Үлкен қорғаннан археологтар көптеген алтыннан жасаған сәндік бұйымдар, қару-жарақтар, ыдыстар тапқан.

Қаңлы мемлекеті. Қаңлылар б.з.б.III ғасырда Қазқстанның оңтүстігінде Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген, астанасы Битянь деген қала. Халқының саны 600 мың адам, ескер саны 120 мың адам. Қаңлылар Қытай, Парфия, Рим және Каеказ елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасаған. Олар әуелі ғұндармен одақта, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға қарсы шығады. Қаңлылар өз жерінен өтетін Ұлы Жібек жолын бақылауларында ұстаған. ІІІ-ү ғасырларда олар бірқатар теуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Қаңлылар қоғамында ру басшылары, әскери көсемдер және ақсақалдар кеңесі өздеріне берілген билікті пайдаланып, бұқараны бағынышта ұстады. Билік әкеден балаға көшіп отырды. Атақты адамдардың қол астында мол байлық жинақталды. Тұтқындар құлға айналдырылды. Қаңлы жерінде көптеген қалалар мен елді мекендер болды.Қаңлы арасында табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сияқты діни ұғымдар орын алған. Олар табиғаттың тыс күштеріне сеніп, оларға құрбандықтар шалған. Жұлдыздар арқылы көшкен кезде жол тауып, егіншілікке байланысты жұмыстардың уақытын белгілеп және діни әдет- ғұрыптарды реттеп отырған.Қаңлы халқының этникалық сипаты және қай тілде сөйлегені жөнінде екі пікір бар. Бірінші пікір бойынша олар түрік тілді, екінші пікір бойынша иран тілді халық. Олардың қару-жарақтары - найза, садақ, екі жүзді семсер және сауыттар болған.Қаңлылардың шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен үйсіндер сияқты мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысқан. Қосымша аң мен балық аулаған. Қолөнер де дамыды. Колөнершілер өз өнімдерін мал өнімдері мен астыққа айырбастады. Айырбас саудамен қатар ақша айналымы да болды.

2)15-17ғ.ғ қазақтарда шаруашылықтың негізгі басты саласы:көшпелі және жартылай көшпелі мал шар-ғы.Малдың негізгі түлігі-қой,жылқы,түйе.Ірі қара аз болып,негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді.Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды.Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді.Көшпелі жіне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарған.Жетісу мен Оңт Қаз-өте ертеден егіншілік мәдениеттің өркендеген жері.Суармалы егіншілік жақсы жолға қойылған аймақ-Сырдария,Арыс,Шу,Талас,Іле өзендері.Егіншілік айтарлықтай дамыған жерлер-Қаратау,Ұлытау етегі,Ертіс,Зайсан көлі маңы.Негізгі дақылдар-тары,бидай,арпа,жүгері.Қазақ хандығының Орта Азия,Шығ Түркістан,Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған.Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп,күміс жалатылғанмыс дирхемдер негізгі айналым құралы болды.15-17ғ.ғ. «Ұлы жібек жолы» бойындағы қалалар Сығанақ,Сауран,Отырар,Түркістан,Сайрам,Жент т.б. қалалардың тездеп өркендеуі,қазақ халқының біртұтас ел болуына,жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді.Қазақ халқының ауыз әдеьиеті 16-17ғ.ғ кеңінен өркендеді.Ауыз әдебиет қоғам өмірінің айнасы.Халық арасында көп тараған батырлық эпостар:Қобыланды,Ер тарғын,Қамбар,Алпамыс,Ер Қосай т.б.15-17ғ.ғ өмір сүрген жыраулар:Доспамбет,Марғасқа,Жиембет,Шалкиіз,Ақтамберді,Бұқар.16-18ғ.ғ би-шешендер арасында мемл-тік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы,шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы(1663-1756),Қазыбек Келдібекұлы(1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы(1682-1766)ерекше орын алды.Олар тек Қаз-да ғана емес,сонымен қатар Ресейде,Хиуада,Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.

3)Қоғамдық-саяси өмір.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары - қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комитеттері және оған біріккен түрлі одақтары елеулі орын алды. Шаруалардың бұқаралық ұйымдары кооперативтік және әлеуметтік-мәдени қүбылыстарға белсене араласты.20ж. аяғы мен 30 ж. басында шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі тоқтатылды. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи санасын, тарихи сананың иелері ұлттық интеллигенцияны жоюға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асыра бастады. 20 жж. аяғында әуелі ұзақ жылдар бойы қазақтардың пайдаланып келген араб алфавиті латын алфавитімен, ал 1940 ж. кириллицамен алмастырылды. Әміршіл-әкімшіл жүйенің нығая түсуімен байланысты "Алаш" партиясына қатысқандарды, сондай-ақ, республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері бойынша өзіндік көзқарастары бар мемлекет қараткерлерін қудалау күшейе түсті. 1925 ж. Ф.И. Голощекиннің Қазақстанға келумен байланысты бұл қудалау ерекше қатаң сипат алды. 1927-1929 жж. әртүрлі сылтаулармен Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Н.Иүрмақов, С.Кожанов, М.Мырзағалиев және т.б. қызметтерінен босатылып, республикадан шеттетілді. 1923 ж. соңында 16уржуазияшыл ұлтшылдар" деген жалған айыппен бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің 44 адамы қамауға алынды. Олардың екінші тобы 1930 ж. қыркүйек айларында тұтқындалды. Партияда бірнеше қайтара тазалау жүзеге асырылды.Осындай жағдайда 1936 ж. 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақ АКСР-ы Одақтас Республика болып қайта құрылды. 1937 ж. 12 желтоқсанда Қазақстан Кеңестерінің X төтенше съезі Қазақ КСР-нің сталиндік Конституциясын қабылдады. Заң жүзінде Конституция барлық азаматтардың демократиялық еркіндік пен қүқықтарын мойындағанымен, іс жүзінде бұл ережелер өрескел бұрмаланып, 1937-1933 жж. көрнекті мемлекет және қоғам, ғылым мен мәдениет қайраткерлері кінәсіз жазалаудың құрбаны болды. Тек 1937 ж. ғана Қазақстан бойынша 106 мың адам НКВД-ның қармағына ілініп, оның 22 мыңы атылып кетті. Олардың отбасындағы әйелі мен балаларына дейін қудаланып, туған жерлерінен аластатылды.

6 билет

1) Ғұндар. Б.з.б. I мыңжылдықта қазіргі Монголияның Оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі аралықта тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеді. Олар Қазақстан даласындағы сақ тайпаларын ығыстырып, жаңа одақтар құра бастады. Уақыты жағынан алғаш б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда, Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аймақта әр түрлі тайпаларды бірікгіріп, құрылған ғұндар (сюнну) одағы болды.Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әзірше толық анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігудің басты себебі қытайлармен арадағы төрт ғасырға созылған соғыс. Хань империясы ғұндарды талай рет басып алмақшы болды, бірақ ғұндар көршілес тайпалармен бірігіп, оларға тойтарыс беріп отырды. Ғұндардың жоғарғы билеушісін Қытай деректері шаньюй деп атады. Б.з.б. 206 ж. ғұн тайпаларын Мөде Шаньюй басқарды. Мөде тұсында ғұндар Қытайдың шекаралық аудандарына шабуыл жасап, Ордосты өздеріне қаратып алды, Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны женді. Хань империясы б.з.б. 133 ж. өзінің жеңілгендігін мойындап «Тыныштық пен туыстық» туралы шартқа қол қойды. Шартқа сай Мөде қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, ал хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға міндетті болды. Соғыстың нәтижесінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түрікстаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғундардың қол астына өтті.Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде ғұн мемлекеті ішкі ала ауыздықтың нәтижесінде - Оңтүстік және солтүстік болып - екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынады. Ал солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, солтүстік Монголияда және Шығыс Түркістанның солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Олардыңбір бөлігі Тянь Шаньнан, қаңлы тайпаларының шығыс жағына келіп қоныстанады. Бұл ғұндардың Қазақстан және Орта Азия жерлеріне алғаш етуі.Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылдан басталады. Қытай ескерлерінің ығыстыруымен олар батысқа қарай жылжи отырып, бір тайпаларды бағындырса, екіншісін қосып алды. Кейінірек ғұндар Сырдарияға, Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті. IV ғасырда ғұндар басқа да көшпелі тайпалармен бірігіп орыс даласына, одан әрі Дунайға дейін жетіп, Венгрияға қоныстанды. V ғасырда олар Рим империясына қауіп төндіріп, оның құлауына өз әсерлерін тигізді.

Ғұндардың қоғамдың қурылысы. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды рубасылары (ақсақалдар) басқарған. Ақсақалдар кеңесі сақталды. Жылына 3 рет жиналыс шақырылып, ақсақалдар мемлекеттік мәселелерді шешті. Коғамда малға, жерге әулеттік және жеке меншік болды. Ғұндардың қарауында әскери тұтқындардан, қол астындағы тайпалардан әкелінген құлдары болды.Елді Шаньюй басқарды. Онан кейінгі сатыда түменбасы деп аталатын бекзаттар тұрды. Бекзаттар шаньюйдің балалары, інілері немесе жақын туыстары болды. Түменбасы саны 24. Олардың әрқайсысының көшіп-қонатын жерлері болды. Ғұндарда лауазымдар мен жоғарғы атақтар ұрпақтан-ұрпаққа көшіп отырған. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халыққа алым-салық салынды.Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндар киіз үйлерде тұрды. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар отырықшылдық пен егіншілік дамып, аңшылық та үлкен орын алды. Ғұндарда әскердің негізі атты әскер, олардың қару-жарағы садақ пен жебелер болды.

2) XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.

Солт Батыстан Башқұрттар,Солт Сібір Казактары,Оңт Қоқан Хиуа хандықтары,Шығыстан Жоңғария,Оңт Шығыстан Қытай.1718ж Аягөз шайқасы болған алқап 200км.жерді жерді алып жатты.Аңырақай жағында желді тау орналасқан.Бұл жердежел аңырап соғады. 1723ж Цеван Рабдан бастаған70000 Жоңғар әскері 7 шепке бөлініп,қазақ өлкесін ойрандады.(Жетісу,Қаратау,Талас алқабы).Бұл ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама.ақмешім(1723-27)осы кезде Елімай өлеңі туды.Қалмаққырылған шайқасы1726ж ,Сарысудың ортасы Торғай даласы.Бұланты өзеңінің жағасында Қарасиыр деген жерде 60000қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандалды.1729 көктем Аңырақай шайқасы Балхаш көлінің Онт.18ғ қазақ батырлары.Бөгенбай батыр 1678-1775, Қабанбай батыр1701-81,Есет батыр 1667-1749,Наурызбай батыр, Райымбек, Жәнібек, қолбасшы болды.

3) Ұлы Отан соғысының ңарсаңы мен алғашңы кезеңіндегі Қазақстан.

1941 ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысына Қазақстан біртүтас елдің бір белігі ретінде қатысты. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы жүргізілген үгіт- насихат адамдарға зор ықпал жасап, оларды Отанды қорғауға жумылдыруға мүмкіндік вперді. Соғыс жылдары вскерге 1196164, еңбек армиясы мен арнаулы қүрылыс белімшелеріне 700 мыңнан астам қазақстандықтар алынды.Республика экономикасы соғыс жағдайына кешіріліп, бейбіт мақсаттарға жүмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, шикізат және жұмысшы күші қайта бөлінді. Майдан шебінен 220 завод пен фабрика Қазақстанға көшіріліп әкеліп, олар көп ұзамай өз өнімдерін бере бастады. 1941-1942 жж. Қазақстанға батыс аудандардан 532,5 мың адам көшіріліп, 970 мындай немістер мен поляктар, 507 мың балқарлар, чешендер мен ингуштар, 110 мың месхеттік түріктер, 130 мың Қырым татарлары жер аударылды. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін-ақ қиын болған үй мәселесі одан сайын күрделене түсті.Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақстандықтар барлық майданда ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың даңқы шықты. Мунда республикада жасақталған, құрамында Б.Момышүлы басқарған батальон бар, 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері жаудың бір танк жвне екі жаяу вскер дивизиясын талқандады. Дубосеково разъезі түбінде саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған 23-гвардияшы - панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы түрды. Мвскеу түбіндегі шайқасқа панфиловшылармен бірге Қазақстанда жасақталған 233- ші дивизия жвне 39-шы атқыштар бригадасы қатысты.Қазақстандықтар Ленинградты қорғауға да белсене араласты. 1941 ж. қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға "Ленинградтық еренім!" атты жырын арнады. 1942 ж. көкгемде қазақстандықтар азық-түлік жинаудың айлығын өткізіп, ленинградтықтарға 1423 т азық-түлік жіберді.

Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңі Мвскеу түбіндегі жау әскерінің жеңілуімен аяқталды. Гитлердің қауырт жоспары күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі женіндегі аңыз жоққа шықты.

Қазақстан Отан соғысының түбегейлі бетбұрыс және аяқталу кезеңінде.

1942 ж. жазындағы Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысы барысында бетбурыс кезең болды. Қазақстан Сталинград облысымен 500 км бойына шектесіп жатқан еді, сондықтанда Батыс Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Қорғаныс заводтары, көмір және мунай өнеркәсібі кәсіпорындары толық қуатымен жүмыс істеді, майданда қираған техниканы күрделі жөндеуден өткізіп қатарға қосты. Ақтөбе авиация шеберханалары ай сайын 30 ұшақ жвне 160 авиамотор шығарып отырды. Батыс Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп орындары Сталинград майданының тапсырысын орындады. Теңіз флотының қызметкерлері мұнай өнімдерін тасуды 6 есе кебейтті.Ұлы Отан соғысы майдандарында ерліктері үшін мындаған қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды. 513 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос жүлдызы - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова болды.

Жапонияның жеңілуімен Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Соғыс бүкіл адамзат баласына үлкен қайғы-қасірет алып келді. Кеңестер Одағында ғана 27 млн. астам адам мерт болды. Олардың шамамен 410 мыңы қазақстандықтар.

7 билет

1) Б.з ІІ-У ғ.ғ. халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Еуропаның аумағындағы халықтардың құрамы мен орналасуына айтарлықтай өзгерістер енгізді. V ғасырда Солтүстік Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі өңірде сансыз көп туркі тілдес теле тайпалары өмір сүрді.Түрік қағанаты. VI ғасырда Қазақстан жерлерінде билеушілері түрік тайпасының ашин руынан Түрік қағанатының үстемдігі орнайды. "Түрік" атауы алғаш 542 ж. Қытай шежіресінде аталады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552 ж. түріктердің қолбасшысы Бумын юварларды (жуан- жуандарды) жеңіп, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Ол 553 ж. қайтыс болып, оның мұрагері Мұқан қаған кезінде Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды өздеріне бағындырды, Солтүстік Кытай мемлекеті оларға алым- салық төлеп түрды. Эфталит патшалығын жаулап алды. Түрік қағанатынан шыққан Тоқ жабғуы, Тарду, Истеми қаған, Кұтты қаған, Қапаған қаған, Бұғы тархан, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Жолдытегін сияқты атақты ерлер мен даналар исі түркі жұртының атағын әлемге жайды.Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанф билеген тұста ішкі соғыстар мен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, 603ж. Түрік қағанаты екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс түрік қағанатының астанасы - Суяб қаласы (қазіргі Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңы), ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) орналасты. Қағанаттағы ең жоғарғы билеуші, әскер басы, бүкіл жердің иесі қаған болды. Жоғарғы лауазымдар - жабғу, шад және елтебер қаған әулетіне берілді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі халқы – «Қара будун» деп аталды. Басып алған жерлерінде қағанның орынбасарлары отырды. Олар алым-салықтар жинап, оны қаған ордасына жіберіп тұрды.

Түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен өрістеді. Түріктердің ежелгі көне жазуы болған, оны Жетісу жерлеріндегі ескерткіштерінен көруге болады.Батыс Түрік қағанатындағы он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясының әскері VII ғасырдың ортасында Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер Таң империясына қарсы үздіксіз күрес жүргізіп, ақыры VIII ғасырдың басында ол күрес түргештердің жеңісімен аяқталады.

2) Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы өтті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын көп көңіл аударып, Петр І-нің нұсқауымен қазақ жерін зерттеу жұмысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды.Бұл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, әр жүздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жүз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқұл Кұндағұлұлы мен Кұтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін күтпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді.Әбілқайырдың бұл шешімін Кіші жүздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сұлтан түбірінен қарсы болса, Бөгенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымен Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Тіпті, орыс елшісін өлтіруге бел байлағандар да болды. Осыған қарамастан 1731 ж. қазан айының 10-ы жұлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бұл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, өзінің қарсыластарын әлсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүйектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің әкімшілік және саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді.1734 ж. орыс үкіметі Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов басқарған экспедиция ұйымдастырды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді зерттеу, Ор бекінісін салу, орыс пен қазақ арасындағы шекараларды белгілеу міндеті жүктелді. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция өзіне тапсырылған істерді толығынан іске асыра алмады. Тек 1735 ж. Ор бекінісінің негізі салынды.1732 ж. Әбілқайырдың ұсынысымен Орта жүздің Сәмеке хан бастаған кейбір бөлігі де Ресей құрамына сөз жүзінде өтеді. 1734 ж. қалмақтардың жаңа қауіп қатерінің күшеюіне байланысты Орта жүз ақсүйектері өздерін қарамағына қабылдау жөнінде Ресейге екінші рет өтініш жасайды. 1734 ж. 10 маусымдағы грамотамен Сәмеке хан мен оның жақтастарының өтініші қабылданады.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылғандығы заңдастырылған соң орыс үкіметі қазақ даласындағы өзендердің бойынан бекініс қамалдар салып, олар біртіндеп қалаларға айналды. Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII ғ. 50 жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железняк, Петропавл, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Қалалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салынды.Осылайша Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінің Ресейге қосылуы қазақтарға отарлық езгіні күшейтті. Шығыстан қалмақтардың шапқыншылығы басылмады. 1742 ж. жоңғар әскері қазақ жеріне тағы да қайтадан басып кірді. Сұлтандар арасындағы алауыздық жалғаса түсті. 1743 ж. Әбілқайырды сұлтан Барақ өлтіреді. Орта жүзде хандық билік Абылай сұлтанның қолына көшеді.

3) Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі. Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қазатапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия - кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сезі бүкіл майданғатарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікгері үшін мындаған қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды. 513 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос жүлдызы - Әлия Молдағүлова мен Мвншүк Мвметова болды.Жапонияның жеңілуімен Ұлы Отан соғысы жвне екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Соғыс бүкіл адамзат баласына үлкен қайғы-қасірет алып келді. Кеңестер Одағында ғана 27 млн. астам адам мерт болды. Олардың шамамен 410 мыңы қазақстандықтар.Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатыстыЛенинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одагының батыры атанды.Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді..Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден етті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшаққұрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан

Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясыт.б. Сталинградтықорғауғақатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиуллин, М.А. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери белімдері жауды талқан-дау барысында көп үлес қосты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына кұлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А.А. Бельгин ездерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасыңдағы ірі операцияларда шешуші рөл аткарды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған қазақстандықтардың қатысуы. Кеңестер Одағының жерін фашистерден тазарта отырып, Қызыл Армия батысқа қарай бет алды. Оның құрамында көптеген қазақстандықтар болды. Еліміздің батысындағы Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы елдерді азат етудің маңызы зор болды. Бұған қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Украинада Днепр маңындағы соғыста Г. Айтықов пен Қ. Аухадиев те Кеңестер Одағының батыры атагына ие болды. Ал сол Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.Қызыл Армия құрамындағы қазақстандықтар Польша мен Венгрияны, Волгария мен Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары атанды.

Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.

Партизан қозғалысы да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.

1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды.

1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.

№ 8-билет

1) Түргеш қағанаты 704 жылдан 756 жылға дейін өмір сүрді. Қағанатты құрушы Үшлік қаған. Ол Шаштан (Ташкент) Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Астанасы Суяб қаласында, екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшлік қаған өзіне қараған жерді 20 бөлікке бөліп, ерқайсында 7 мың әскер ұстады. 705-706 ж.ж. түргештер соғдылықтармен одақтасып арабтарға қарсы соғыс жүргізді. Бірақта арабтар одақтастарды өзара араздастырып Бұқарды басып алады.706 жылы Үшлік қаған қайтыс болып, оның орнына Сақал қаған (706- 711 ж.ж.) отырды. Сақал қаған түсында да мемлекет ішінде бірлік болмады. Оның үстіне оған батыстан арабтар, шығыста Таң империясы және Орталық Азия түріктері қауіп төндіріп тұрды. 711 ж. Шығыс түрік қағаны Қапаған түргештерді жеңіп, батысқа қарай бет алып Сырдарияның арғы жағына өтіп, Орта Азия халықтарымен бірлесіп арабтарға қарсы соғыс жүргізеді. Арабтар оларға жауап ретінде Шаштың төңірегіндегі қыстақтарды аса қаталдықпен жазалап, 714 ж. Испиджабқа (Сайрам) жорық жасайды.Түргеш қағанаты Оғлу қаған (715-733 жж.) билікке келгеннен кейін барып қайта нығайды. Оулу қаған түсында мемлекеттегі билік "қара түргештердің" қолына көшіп, астана Тараз қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы топтастыруға мүмкіндік алады. 723 ж. ол Ферғана мен Шаш түрғындарымен одақтаса отырып арабтарға соққы береді. Бірақта арабтармен соғыс мұнымен аяқталмайды. 732 жылы арабтар түргештерді ығыстырып Бұқараны қайтадан басып алады. 737 ж. Сұлу қаған арабтарға тағы қарсы шығып, Тохарстанға дейін барады, бірақ ұзамай жеңіліп, қайтар жолда өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлу қайтыс болғаннан кейін қағанат ішінде "сары" және "қара" түргештер арасында билік үшін ұзақ күрес басталады.Осы алауыздылықты пайдаланып Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастады. Түргештер оларға ешқандай қарсылық көрсете алмайды. Осы тұста Қытай империясы өз әскерін Суябқа жіберіп, оны жаулап алады. Шаштың билеушісі жазаға тартылады. 751 ж. Тараз маңындағы Атлах қаласының жанында қытай мен арабтар арасында үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қытайлардың қол астындағы қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытайлар жеңіледі. Атлах түбіндегі жеңістің Жетісу мен Мәуереннахр халықтары үшін үлкен маңызы болды. Қытай әскері жергілікті халықтардың қысымына шыдамай Жетісуды ғана емес, Шығыс Түрікстанды да тастап шегінді. Арабтар да Талас өзені алқабында тұрақтай алмай, Шашқа шегінеді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. түркі тілдес қарлүқ тайпаларының тегеурініне шыдамай, біржола қүлайды. Енді бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерінде 3 мемлекет: Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісуда Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

2) XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы алауыздық 1748 жылы Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты болмады. Нұралыны Кіші жүздің рубасылары түгелдей мойындаған жоқ.Сырдария төңірегіндегі, шекті руы Батыр сұлтанды хан сайлады. Нұралыны тек байұлы рулары қолдады. Нұралы өз жағдайының қиындығын жақсы түсінді, ендігі уақытта қолдауды рубасыларынан емес, патша үкіметі тарапынан іздей бастады. Кіші жүздегі нақты жағдайдың барысын бақылап отырған патша үкіметі де өз тарапынан Қазақ жүздерінің саяси жағынан нығаюына мүдделі болған жоқ. Орта жүздегі Абылай ықпалының арта түсуі, қазақтарға көрші башқұрт халқында азаттық күрестің өрістеуі патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне қайшы келеді.1748 жылы патша үкіметі Нұралыға хан атағын бекітіп беріп, жылына 600 сом мемлекеттік жалақы белгіленген. Ол орыс мемлекетінен жалақы алатын шенеунікке айналды. Нұралы хан енді өзінің барлық іс-қимылдарын патша үкіметімен ақылдасып жүргізуге тиіс болды, оған Орынборға аманат жіберіп тұру міндеті жүктелді. Патша үкіметінің бұл шаралары Нұралыға деген сұлтан ақсүйектері мен рубасыларының қарсылығын одан әрі өршіте түсті. XVIII ғасырдың 40—60-жылдарында оңтүстік шекаралардағы жайылымдар үшін қарақалпақтар, түрікмендермен қақтығыстар да күшейе бастаған еді.Қазақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жерлер үшін торғауыт қалмақтарымен қарым-қатынасы нашарлай берді. Халықтарды бір- біріне айдап салу мақсатында патша үкіметі «ішкі жаққа» өткен қазақтарды тұтқындауға бұйрық берді. Осының бәрі Нұралы хандығында қысқы жайылымдар үшін жер тапшылығы дағдарысын туғызды.Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батыс өңіріндегі құнарлы да шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі қазақтардың дәстүрлі жайылымдық жерлерін мейлінше тарылтты. Жайық бойын қуалай тұрғызылған бекіністер тізбегі — Ор шебі қазақтар тарапынан қарсылық тудырмай қоймады. Ор өзенінен әрі жалғасқан Сібір, Ащы шебі Ертіс шебімен қосылды. Ал бекіністерге қоныстандырылған орыс-қазақтар мен жерсіз орыс шаруаларының жергілікті қазақтардың жеріне көз салуы патша үкіметі езгісіне қарсы наразылықтың өрістеуіне негіз болды.17421765 жылдардағы заң актілері бойынша казақтардың Еділ мен Жайық арасындағы, Есіл мен Тобылдың жоғары ағысындағы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салынды. Бұл жағдай казақтардың түпкілікті мүдделеріне қайшы келді. 1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтардың біразы Жоңғарияға көшіп кеткеннен кейін де бұл жер қазақ әскерлеріне және мемлекеттік қорға берілді. Осылайша жер тапшылығы қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты одан әрі ушықтыра түсті.Ертістің оң жағалауындағы жерлерге қоныстану құқынан айырылған Орта жүз қазақтарының жағдайы да Кіші жүз қазақтарының ахуалына ұқсас еді. Сібір қазақ әскері басшылары қазақтардың орыс бекіністеріне әуелде 10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жақын келіп мал жаюына тыйым салды.Жергілікті сұлтан, билердің Орынбор шекаралық комиссиясына наразылық білдірген шағым хаттары назарға ілінбеді. Онымен қоймай Орал әскери бекінісінің атаманы «барымташы, қазақтарды жазалау» деген желеумен «әскери серуендер» деп аталған әскери шапқыншылықтар ұйымдастырып тұрды.Аталған мәселелерді шешуде Нұралы ханның дәрменсіздігі оның тек сұлтандар мен рубасыларының ғана емес, халық алдындағы беделін түсірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]