Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_tarikh_ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
991.23 Кб
Скачать

21 Билет

1) ) ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.

Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.

ХҮ ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.

Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.

Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.

. Әбіл-хайыр хандығы қүрамында қоңырат, маңғыт, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлүқ, таңғүт, үиғыр, таи-мас, бүркіт, қият, кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында қыпшақтар, ой-раттар, мажарлар да қызмет еткен. Әбілхайыр хандығын-да аталың (көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмир-и шикар, жасауыл, михман-даруға, худай, мубашир, басқақ сияңты лауазым ие-лері маңызды рол атқарды. Хандық қүрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзген, та-ғы басқа қалаларда қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәс-түрлі мал шаруашылығы да-мыды. 1457-1459 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбіл-хайыр ханнан бөлінуі Әбіл-хайыр хандығының ыдыра-уына әкеліп соқтырды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін мемлекет жеке үлыстарға, иеліктерге ыдырап кетті.

2) Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.

Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.

Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.

3. ) Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 2012 жылғы 1 маусымда 750 мыңнан астам адам болды. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.

Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызға тең.

Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.

Астана – заманауи сәулеткерліктің, қазіргі архитектураның мүмкіндіктері толық көрініс тапқан қала. Кең байтақ қазақ даласының нақ ортасында ғаламат ғимараттары бар қайталанбас әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар мен XXI ғасырдың қала салу өнерінің инновациялық әдістері қолданылуда. Қазақстанның қазіргі елордасына Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін жарасымды тоғыстырған сәулеткерлік стиль тән. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері мұнда өздерінің үздік жобаларын іске асырды.

«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Триумф Астана» және «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешендерін, «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының кеңселік ғимараттарын атауға болады.

Спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионын, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегін атап өту қажет. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны.

Елорданы әлемнің жиырмадан астам қаласымен достық және бауырластық қатынастар байланыстырады. Астана 1999 жылы шілдеде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген сыйлығына ие болды. 2000 жылдан бері Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болып саналады.

Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарында болды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. 2010 жылы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Қазіргі уақытта Астана «Expo-2017» халықаралық көрмесін өткізуге арналған конкурсқа қатысуда және оны өткізуге басты үміткерлердің бірі.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды және жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:

«Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар».

 22 – билет

1) ) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІү-Хү ғғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси өзгерістерден туған занды қүбылыс. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, халықтардың жіктелуіне жағдай жасады.

XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілхайыр хандығының қурамындағы қазақ халқының бір бөлігі Барақ ханның інісі Керей мен баласы Женібектің теңірегіне топтасып Сырдарияның теменгі сағасына, Қаратау қойнауының шығыс бөлігіне шоғырланды. 1465-1466 жылдары Жетісудың батысындағы Шу мен Талас өзендерінің өңіріне Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалар квшіп барып Казақ хандығының шаңырағын көтереді. Жасының және жолының үлкендігіне қарай алғаш хан Керей болды. Қазақ хандығының қүрылуына байланысты шығыста Моғолстан, оңтустік батыста Әбілхайыр хандығы құрамындағы қазақ рулары мен тайпаларының Женібек пен Керейдің қол астына келуі бурынғыдан бетер күшейіп, қазақ хандығының шекарасы бірте- бірте кеңейе түсті. Алғашқы қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларды ездеріне қаратуға тырысты. Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. «Таурих - и гузидаий Нусратнама» (1268-1270) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан - Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы. 1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих - и - Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады…

Жәнібек хан мен Керей ханның дипломатиясы

Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханның Жетісуға, ойраттардың (қалмақтардыңМоғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 ж. Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханменМахмұт ханменИбақ ханмен және т.б. одақтасты.[2]

Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы СағынақСауранОтырар,Ясы (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.

Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың ақырында Сырдария бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.[

2) Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.

Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды.

1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.

1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті.

Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.

Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:

ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;

Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;

шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;

ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;

төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;

кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;

заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;

кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;

облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;

жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

3) Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

Программа реализуется по нескольким направлениям:

- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;

- археологиялық зерттеулер;

- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;

- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру

2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.

Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Апмения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.

Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, тарихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.

Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.

«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.

«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.

Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.

Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.

«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.

 23 – билет

1) Қасым хан Жәнібекұлы (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды

Орналасқан жері

Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.

«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;

Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;

Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;

Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523—24 жылдар деп көрсетеді.

Қадырғали Жалайыридың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы [[Чулошников|А. П. Чулошников[[ Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады

2) Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері.

Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.

Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.

Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).

Интервенттердің негізгі мақсаты:

1) Большевизмді қоршауға алып, жою.

2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді.

3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.

4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды.

5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.

Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.

1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.

1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.

Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.

1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.

Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.

1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.

Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты.

Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.

Черкасск қорғасының тарихи маңызы:

- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;

- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.

Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.

Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.

Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.

Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.

Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.

«Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:

1) Азық – түлік салғырты енгізілді.

2) Жеке саудаға тыйым салынды.

3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.

4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.

5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.

6) Басқару ісі орталықтандырылды.

7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.

Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.

Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.

3) Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Мазмұны

1 Ассамблеяның қызметі

2 Ассамблея туралы Заң

2.1 Ассамблеяның негізгі міндеттері

3 Ассамблея құрылымы

4 Ассамблеяның парламенттік өкілдігі

5 Сыртқы сілтемелер

6 Дереккөздер

Ассамблеяның қызметі

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын

Ассамблея туралы Заң

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның негізгі міндеттері

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Ассамблея құрылымы

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады.

Ассамблеяның парламенттік өкілдігі

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.

24 – билет

1) XVI ғасырдың 60-70 жж. Ақназар хан өзбек ханы Абдолланы қолдау арқылы қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда, экономикалық байланыстарын жандандырады. Оның Абдолламен достық байланысынан қорыққан Ташкент билеушісі Баба султан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтіртеді.

Қазақ ханы болып Женібектің немересі Шығай (1530-1582 жж.) сайланады. Ол өзінің үлдарымен бірге Баба султанға қарсы куресте өзбек ханына қолдау көрсетті. Шығай хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығының билігі оның үлы Тәуекелге көшті. Ол Түрікстанның біраз қалаларын өзіне қаратып, Ресеймен қарым-қатынасты жолға қойды. 1593 ж. Орта Азияға жорық кезінде жараланып Ташкентте қайтыс болды. Оның орнына Шығайдың тағы бір үлы Есім (1593-1623 жж.) хан болды. Ол Бүқармен бітім шартын жасасты, шарт бойынша Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіліп берілді, бірсыпыра уақытқа Ферғана да кірді.

XVII XVII ғ. Қазақстанның ішкі жағдайы турақсыз болды. Қазақ хандығы іштей белшектеніп, феодалдық қақтығыстар кушейді. Сыртқы жағдай да курделене тусті. 1635 ж. Жоңғар хандығының пайда болуымен қазақ жеріне жаңа қауіп төнді. Жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп журген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Есім ханның орнына хан болған баласы Жеңгір (1623-1652) 1644ж. Жалаңтөс басқарған самарқандтық ескермен бірігіп Жоңғар тауының шатқалында жоңғарларға бас көтертпейтін соққы берді. Жеңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізіп, оларға қарсы жорықта журіп 1652 ж. қаза тапты. XVII ғ. соңына қарай жоңғар ескерлері Оңтустік Қазақстанға басып кіріп Сайрам, Манкент, Қарааспан, Шымкент, Ташкент қалаларын басып алады.

1630 ж. Қазақстан жеріндегі хандықтың билігі Жеңгірдің бласы Теуке ханға (1630-1713 жж.) көшті. Оның түсында қазақ хандығындағы жағдай біршама турақтанып, жоңғарлардың шабуылы бесендейді. Ол қазақ билеріне суйене отырып иЖеті Жарғы" деген атаумен едеттегі қүқық өлшемдерінің жинағын қурастырды. Ол көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қарым-қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.

Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы

16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».

Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы

Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ.

2) 1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).

1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан территориясы 2,8 млн. км2 дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.

Қазақ АКСР – інің құрылуы.

1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.

3) ) Нарықтық экономикаға өту жолындағы Қазақстан.

Кеңестер Одағы ыдыраған соң Қазақстанда теуелсіз мемлекеттің дамуының қарқынды процесі басталып, жергілікті жерлердің езін-езі басқару негізінде, обылыстарда, қалаларда және аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалынып, екімдер лауазымы енгізілді. Мемлекеттік меншік бойынша комитет, Антимонополиялық комитет, Мемлекеттік салық инспекциясы т.б. қурылды. Республиканың Валюта, Алмаз және Алтын қорлары жасалынып, айналымғы 1993 ж. 15 қарашасынан үлттық теңге енгізілді.

Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада, табиғи байлықтардың аса бай қоры барлығын негізге алатын, экономикалық қайта қүрылыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісі жүзеге асырылуда. Республика экономикасының мемлекеттік емес секгоры дамытылуда. 1992 ж. ортасында оның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30-дай концерндер мен консорциумдар, 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания, 2 ірі аудиторлық орталық болды.

Мемлекетте жаңа қүрылыстың қалыптасуының маңызды көрсеткіші шағын және орта квсіпкерлердің санының өсуі болды. Теуелсіздіктің 10-шы жылында шағын және орта бизнестің 200 мындай жаңа квсіпорындары пайда болды, 250 мыңнан астам адам еркін квсіпкерлік қызметпен айналысты, ал аграрлық секторда 1,3 млн. фермер мен кооператорлар еңбек етті. 1993 ж. республикада ендірілетін жалпы ішкі өнімнің 75 % жуығы жеке меншік секгордыңүлесіне тиді.

Тәуелсiздiк кезеңі

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3) макроэкономикалық тұрақтандыру;

4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;

5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.

Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)

1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді.1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.1990 ж. төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.

Әлемде алуан түрлі басқарушылар – реформаторлар мен консерваторлар, арманшылдар мен прагматиктер болған, олар әлі де бар. Біздің Пре­зидентіміз – Батыстың жаңашылдығы мен Шығысқа ғана тән ғасырлардан жалғасқан құндылықтарды, дәстүр мен қоғамның не­гіз­дерін құрметтеуге деген шексіз ұмтылыс пен динамизмді табиғи үй­лес­тіре білген жасампаз Көшбасшы. Сөйте тұра, Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан перзенті ретінде туған халқымен жаны да бір, қаны да бір болып қала береді.

Ұстанымының, яки мерейінің ең басты құпиясын тәуелсіздіктің алғашқы таңынан-ақ Елбасымыз даусыз өзі нақты анықтаған болатын – «халықпен бірге және халық үшін ғұмыр кешу». Осы жыл­дар­дың барлығында Н.Назарбаев елінің тағдыры – өзінің тағдыры екенін дәлелдеп, ұлт пен көшбасшы бірлігін ой-көзқарасымен де, ісімен де арттырып, осы принципін бекем ұстап келеді.

Дәл осы тұлғаны 1991 жылы 1 жел­тоқсанда көпұлтты Қазақстан халқы алғашқы еркін сайлауда өздерінің Тұң­ғыш Президенті етіп сайлау арқылы қолына елдің тағдырын сеніп тапсыр­ға­ны нағыз әділеттілік болатын. Азамат­та­рымыздың осынау дана таңдауы 21 жыл ішіндегі тәуелсіз Қазақстанның қа­лып­тасуы мен даму парадигмасын ғана анық­тап қойған жоқ, сонымен қа­тар, елдің болашақтағы ілгері қарыш­та­ған сенімді дамуының баянды факторы болды.

Тарихқа әмірін жүргізу – шын­ды­ғында да, көздеген мақсаттарға жетудегі сирек кездесетін қарым, асқан батыл­дық пен қажымайтын әрі талмайтын жұ­мыс қабілеті, өз таңдауының дұрыс­ты­ғына талассыз сенімі мен мұқал­май­тын жігер, ғажайып жады мен өткір са­раптамалық ақыл-ой, жағдайды стра­те­гия­лық бағам­дау мен оны шешудің ең тиімді жолын алдын-ала болжап білу сияқты ерекше қа­сиеттерге ие ұлы адамдардың сыба­ға­сы. Ондайлар аса батыл келеді әрі ойға алған игі ой-мақсаттарын орындай алмау, шалағай­лық секілді мінездер олар­ға тән емес.

Ақиқатында, жасампаз көшбасшы­ның Құдай берген осындай қасиеттері­нің барлығы ғасырлар ауысқан өліара кезеңде, тектоникалық өзгерістер дәуі­рінде тәуелсіз жаңа мемлекетті орна­тып, оның алға қарай қарышты қадам ба­сып, табысты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік үдеріске де ай­тарлық­тай ықпал еткен Н.­Ә.На­зар­баевқа ғана тән екені артта қалған жылдар ішінде нақты дәлелденді.

Сөйтіп, қазақстандық Көшбасшы­ның стратегиялық көрегендігі мен жо­ғары беделінің арқасында, 1991 жылы 21 жел­тоқсанда тұңғыш рет одақтас рес­пуб­ликалардың басшылары Н.На­зар­баевтың шақыруымен, Мәскеуге жалтақтамай, Алматыға жиналды. Дәл сол жерде Пре­зи­дентіміздің бастама­сы­мен және көш­бас­шылығымен тарихи Алматы Декла­ра­циясы қабылданып, іс жүзінде КСРО бейбіт жолмен тара­тыл­ды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

Алпауыт державаның құлауы құр­лық­тың алтыдан бір бөлігін шарпуы мүмкін аса ауқымды азамат соғысын алып келмегеніне Нұрсұлтан Назар­баев­тың жұмсаған күші мен қосқан жеке үлесін тарихтың әлі лайықты бағалай­тынына сенімдімін.

Тұңғыш рет қазақ халқының көп азап шеккен сан ғасырлық тарихында өзінің тәуелсіз мемлекетін құру мүм­кін­дігі пайда болды. Күйреген импе­рия­ның қиран­дысынан жаңа мемлекетті құру – аса қиын іс. Ал Қазақстанға келгенде, бұл тіптен күрделі шаруа екені белгілі еді.

Сөзбен айту бір бөлек, ал оны іске асы­ру – басқа. Әсіресе, әлемдік сарап­шылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүру мүмкіндігіне жеткілікті түрде пессимистік болжам жа­сауға ұмтылғанда, бұған объективті себептер де аз болмағаны белгілі. Оның үстіне, сол кезеңдерде бірқатар кеңес­тік рес­пуб­ликаларды көптеген этнос­ара­лық жан­жалдар жайлап, қан төгіліп жатқан-тын. Осы орайда, көпұлтты және көп­кон­­фессиялы Қазақстанның да объек­тив­ті тұрғыдан айтарлықтай осал бол­ған­дығы анық.

Осындай аса күрделі жағдайда Пре­зиденттің басқан әрбір қадамы айрық­ша дәлдікте байыпталып барып жаса­луы қажет болатын. Жан-жақтан енді ел­дің мазасы қашады деген болжамы­ның жоққа шыққанын Нұрсұлтан Әбіш­ұлы мен халқымыз бүкіл әлемге дәлелдеді. Бәрінен бұрын, біздің көп­ұлтты мекенімізде бейбітшілік пен келісім, бірлік пен өзара түсіністік қам­та­ма­сыз етілді. Және ол тәуелсіз Қазақ­стан­ның нық сеніммен ілгері қарыш­таған дамуының берік негізі болды.

 25 – билет

1) "Қазақ" этносы мен Қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған.

Орталық билікке бағынбаудың нақты себептерінің бірі көшіп-қону мен халықтың бір бөлігінің ханның қарамағынан жаңа мекендерге кетуі болды. өз қарамағында көшпелі өзбек мемлекетінің халқы бар Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өздері үшін беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге бағынғысы келмеді.

1459 жылы олар Әбілқайырға қарсы халық наразылығына басшылық жасап, өздеріне бағынышты халықпен шығысқа қарай көшіп кетті. Олар Моғолстан мемлекетін құрап отырған өздеріне туыстас тайпаның жеріне келді. Моғолстан ханы да қайтып оралған отандастарына Шу және Қозы басы (батыс Жетісу) аймақтарын бөліп берді. Көшпелі халықты "қазақтар" деп атап, бұл ұғым ерекше этникалық мағынаға ие болды. Мырза Мұхаммед Хайдар: "Жәнібекпен және Кереймен кеткендер "қазақтар" деп аталып, бұл ат оларға мәңгілікке берілді", - деп жазды.

Халықтың қалыптасуындағы көп жылдық этникалық процестің шыңы "қазақ" этнонимі мен Қазақ хандығының құрылуы болды. Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін жаңа тайпалар мен рулардың көшіп келуінің нәтижесінде өсті.

Жаңа этникалық қауымның бірігуіне еш кедергі болған жоқ. Тек Жошы әулетінің басқа бір тармағы - Мұхаммед Шайбани билікке дәмелі болды, бірақ ол да XVI ғасырдың басында өзбек тайпаларын басқарып, оңтүстікке, Орта Азияның территориясына кетіп қалды. Ол жақта Мавреннахрды бағындырып, жаңа этникалық қауымға "өзбек" деген ат берді. Қазақстан жерінде қазақ этникалық қауымы мен Қазақ хандығы қалды және олар қазіргі уақытта да өздерінің географиялық шегінде өмір сүріп келеді .

Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек.

2) Қазақстандағы ЖЭС.

Империалистік соғыс пен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда елдеқайда ауыр болды. Қазақстанның мемлекет иелігіне алынған 307 квсіпорынның 250-і жүмыс істемеді. 1913 ж. салыстырғанда Қазақстанда мүнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін ендіру 5 есе қысқарды. Егістік келемі1914 ж. 3,6 десятинадан, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға дейін, мал басы осы екі аралықта 10,3 млн. басқа азайды. Осының салдарынан 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында 445 мың адам, Қостанай губерниясында- 225 мың Оралда - 400 мың Ақтөбеде - 360 мың Бөкей губерниясында - 100 мың адам аштыққа үшырады.

"Соғыс коммунизм" саясатына сай жүзеге асырылған шаралар халықтың наразылығын күшейте түсті. Азамат соғысы жылдары азық-түлік салғырты жүзеге асырылып, шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлігі ескер мен өндіріс орындарындағы жүмысшылар үшін күшпен өтеусіз алынды. Бүл жағдай бүкіл елде шаруалардың наразылығын туғызып, Қазақстанда Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына себеп болды.

Наразылықтың күшеюі амалсыздан Кеңес өкіметін уақытша 1,вскери коммунизм" саясатынан бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге межбүр етті. Партияның 1921 ж. наурызда өткен X съезі жаңа экономикалық саясатқа кешу, азық-түлік салғыртын азықт-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рүхсат берілді, ауылшаруашылық, несие және түтыну кооперациясын үйымдастыруға қолдаушылық керсетілді. Еңбекке міндеткерлік жойылды. Ұсақ квсіпорындар жеке адамдарға, кооперативтерге жалға берілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалар басы артық енімдерін қалаға апарып сатуға мүмкіндік алды.

Жер-су реформасы. Қазақ республикасы патша өкіметінің жер мәселесі жөніндегі саясатының ауыр зардаптарын жоюға бағытталған шараларды қолға алды. 1921 ж. сәуірде кезінде патша өкіметі Сібір мен Орал әскерлеріне берген жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет қабылданды. Декрет бойынша қазақ шаруаларына Ертіс өңірінен 177 мың десятина, Жайықтың сол жақ жағалауынан 203 мың десятина, Жетісуда 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге бүрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскелерінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін 1 млн. десятинадан астам жер қоры қүрылды. Декрет 1913 ж. Қытайға кеткен 300 мың босқынның қайтып оралуына жағдай жасады. Алайда, реформаны жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателікгер мен бүрмалауға жол берілді. Ұлт араздығы орын алды. Жер-су реформасын жүзеге асыруға 1921 ж. қүрылған "Қосшы" одағы тартылды.

Жаңа экномикалық саясат кеп үзамай-ақ республика экономикасын кетеруге езінің игі әсерін тигізді. 1925 ж. егістік келемі 3 млн. гектарға жақындап, 92 млн. пүт астық жиналды, бүл 1914 ж. сәл ғана кем еді. Мал саны 1922 ж. салыстырғанда 2 есе өсті. Сауда саттық жанданып, 1926 ж. өлкеде 123 жәрмеңке жүмыс істеді. Республика экономикасы кеп укпадты сипат ала бастады. Меншіктің әр алуан түрлерінің қатар өмір сүруі, олардың өзара бәсекелестігімен бірін-бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізді. Республика енерквсібі де біртіндеп еңсесін кетере бастады. 1925 ж. аяғына қарай республикада енерквсіп өнімін өндіру 1920 ж. салыстырғанда 5-6 есе есіп, соғыстан бүрынғы деңгейдің үштен екісіне жетті. Бірақта, екінішке орай, мүндай жағдай ұзаққа созылмады. Өйткені, 20-шы жылдың екінші жартысынан биліктен айырылып қалудан қорыққан Кеңес екіметі жаңа экономикалық саясаттан бас тартып, қайтадан басқарудың вкімшілдік жолдарына көшті.Осы түста 1924 ж. Орта Азия республикаларын үлттық-мемлекеттік межелеу жүзеге асырылып Түрікстан АКСР-нің құрамында болған Жетісу мен Сырдария обылыстарының жерлері Қазақ АКСР-не қайтарылды. Соның нвтижесінде, бір жағынан қазақ жерлері қайтарылып, Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы 1 млн. 463 724 адамға өссе, екінші жағынан Орынбор губерниясы Ресейге қосылды. Астана Орынбордан Қызылордаға көшті. 1925 ж. ақпанда қазақ обылыстық партия комитеті өлкелік партия комитеті болып қайта қүрылды.

3) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Тарихи шолу

"Алматы декларациясы" - 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Белорусь, Молдова, Түркіменстан басшылары қол қойды.

Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД- нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономика¬лық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тә¬уелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.

1996ж «Ғасырлар тоғысында» еңбегі жарияланды. Кеңістік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы; екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]