
- •1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
- •2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
- •3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері
- •5 Билет
- •Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •10 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •2) К.Қасымұлы бастаған кқтеріліс. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •15 Билет
- •1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
- •16 Билет
- •19 Билет
- •XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
- •20 Билет
- •21 Билет
20 Билет
1) Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
2) ) XIXғ. II ж. Қазақ әдебиеті, музыка мәдениеті
|
Әдеби процестер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев болды. Абай жиырма жыл бойы халықтың поэтикалық шығармашылығын, шығыс ақындырының шығармаларын және орыстың классикалық әдебиетін оқып-үйрендй. 1886 ж. 40 жасында «Жаз» деген өленің жазды, одан кейінгі жиырма жылғы өмірі поэтикалық қызметпен өтті. Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адамқоршаған болмысқа деген өзінің саналы қатынасын қалыптарыстуға тиісті. ОЛ адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс. «Ақыл, ғылым, еркіндік» қана адамды асқақтататын қоғамның прогресті дамытылуына талпынас Абай шығармашылығындағы басты бағыттардың бірі болды. Жекелеп алғандағы әрбір адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолдарын Абай ең алдымен қоғамның материалдық және рухани гүлдеуіне жетудің құралы ретінде еңбектен көре алды. Абайдың бүкіл шығармашылығы жұмысы жоқтықпен ымыраға келмеушілік идеяларына құрылған. Оның пікірінде адамның мінез-құлқы тек қиыншылықтармен күресте, соларды жеңіп шығуда ғана шыңдалады. Ақын қоғамдық өмірдің өзіне белгілі сол кездегі жағдайында халық бұқарасы еңбегінің жемісін түгел пайдалана алмайтының түсінсе де, халықтың жасампаздық күшіне берік сенді. Әшкерелеуші өлеңдерінде Абай еңбекшілер көпшілігі мен үстемдік құрушы азшылықтың арасындағы антагонизмнің қарама-қайшылықтарын ашып көрсетті. Абайдың демократиялық көзқарасы оның ағамандар мен билердің қызметіне қатысын да айқындады. Царизм билердің құқықтарын шектегенімен, олардың едәуір қолында сот билігі шоғырланды, ал қазақ шаруаларының тағдыры көбінесе солардың кесіміне байланысты болды. Көптеген мәселелер бойынша билердің шешімдері патша әкімшілігінің мүддесін қорғады. Халықтың қараңғылығын пайдаланып, билер олардан пайда табуға барынша табысты. Абайдың сөзімен айтқанда, негізінен халық бұқарасын «ақымақ қылды». Абайдың жастар бойына ғылым мен білімге сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіруге деген табанды талпынысы оның қазақ қоғамының, бірінші кезекте, надандық пен қараңағылыққа байланысты кеселдерін әшкерелеуінен көрінді. XIX–XXғ. басы қазақ халқы музыкалық мәдениетінің бұрын кездеспеген өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нурпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ықылас өлмес күйлер шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың Ақан Серінің, Мұхиттың, Абайдың, Балуан-Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Мәдидің, Ыбырайдың, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттың сұлулығын дәріптеді, бітім болмысында өнегелілік және эстетикалық бағалылықтарды сақтады. Ол қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті, қарапайым адамдардың тыныштық пен аманесендікте өмір сүргілері келетін ынта-ықыласын білдірді. Айталық, Құрманғазының алғашқы музыкалық шығармасы – «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арналған болатын. Ал, 1916 ж. Оқиғалар Дина Нұрпеисованың «Әскерге алу» күйін шығаруына себеп болды. Егер Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына десек, онда Мұхиттың «Зәуреші» академик А.Жұбановтың берген сипаттамасы бойынша нағыз «Реквием» (қаралы музыкалық шығарма) саналды. Абай мен Жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленді. |
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
3) АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл – Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.
«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.
Сөзін жалғасытра келе ол: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзаратүсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады.»- деді.
Қ. Саудабаев төрағалықты 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төраға болған Грекия Премьер-министрі-Сыртқы істер министрі Георгиос Папандреудан қабылдап алды.
«Мен Премьер-министр Георгиос Папандреға ЕҚЫҰ-дағы төрағалық кезіндегі жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді – деді Қ.Саудабаев. – Сонымен қатар мен Литваны және оның оның Сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкасты Үштікке қатысуымен құттықтағым келеді».
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезінде Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қауіпсіздіктің жаңа жолдарын барынша ұсынуға, Ауғанстан мәселесінде созылып кеткен жанжалдарды шешуге мән берді. Біздің мемлекетіміз Ресей және Грузия елдерімен жақсы қарым-қатынасы арқасында осы екі мемлекет арасындағы созылып кеткен текетірестерді, Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Карабақтағы мәселелерді шешуге ұмтылыс жасап, аталмыш әрекеттердің оңды нәтижеге әкелгендігін де айтып кеткен орынды. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Вена, Брюссель, Лондон, Вашингтон, Нью-Йорк, Женева, Тбилиси, Баку мен Ереванда бірқатар келіссөздер жүргізіп үлгерді, Астанада Түркия, Ресей сыртқы істер министрлерін қабылдады. Осы арқылы ЕҚЫҰ саммитіне дайындыққа қатысты көптеген негізгі уағдаластықтарға, халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдастыққа, ЕҚЫҰ кадр мәселелері бойынша бірқатар жайттардың шешілуіне қол жетті. Қазақ төрағалығының ең басты ерекшеліктерінің бірі - барлық қатысушы мемлекеттермен кеңесу жүйесін қалыптастыра алуында.
Еліміздің басшысымен ұстанған мақсаты - ЕҚЫҰ эволюциялық дамуына қолайлы жағдай жасау, оның әлеуетін жетілдіру, мандатын нығайту, әлем қауіпсіздігін барынша нығайту. Осыған сәйкес, біздің мемлекетпен ЕҚЫҰ-ның болашағына байланысты жаңаша көзқарас қарастырылуы ұсынылуда. Ұйымның негізгі құжаттары 1975 жылы (Хельсинки актісі), 1990 жылы (Париж хартиясы), 1999 жылы (Еуропалық Қауіпсіздік туралы Стамбул хартиясын) қабылданған.
Қазақстан төрағалығының аса маңызды ісінің бірі ретінде лаңкестікке қарсы жұмылуға бүкіл әлем назарын аудару, тек әскери-саяси ғана емес, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық шаралар кешенін кеңінен қолдану қажет тұжырымдамасын қолдану. Мемлекетіміз лаңкестікке, трансұлттық сипаттағы қауіпсіздік қатерлеріне қарсы қаруды ғана емес, бейбіт тетіктерді де кең пайдалану қажеттілігін пайымдайды. Қазақстанда лаңкестік орын алатындай күрделі мәселелер, алғышарттар жоқ деп айтуға болады. Ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығы, экономиканың өрлеу деңгейі оның дәлелі. Дегенмен, Қазақстанға лаңкестік сырттан енуі мүмкін. Ресми мәліметтер бойынша жекелеген халықаралық лаңкестер ұйымдары немесе топтардың біздің азаматтарды өздеріне тарту, үгіт-насихат жүргізу деректері бар. Әсіресе, діни экстремизм, әртүрлі уағыз жастардың кейбірін адастыруы ықтимал. Қазақстанда адамдардың өмір сүру деңгейі жоғары. Тұрмысы төмен жандарға мемлекет жеткілікті жәрдем береді. Жұмыссыздық азайып келеді. Демек, «көрінген көк аттының» арандатушылық, іріткі салу мақсатындағы сөздеріне еруге себеп жоқ. Лаңкестікке қарсы күрес – әлем елдерін ынтымақтастыққа шақырып отыр және осы насихаттың бастамашыларының бірі ретінде Қазақстан да табылып отыр. Осы насихатты уағыздау ЕҚЫҰ тарихында 11-жылдан бері бірінші рет өткізілетін желтоқсан саммитінің басты мақсаттарының бірі.
ЕҚЫҰ жетоқсан cаммитінің күн тәртібінде ең алдымен Еуропадағы, содан соң бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті бірлесіп сақтау, соның ішінде трансұлттық қауіп-қатермен қатар экономикалық және экологиялық қауіпсіздік жүйесінің шаралары қаралады.