
- •1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
- •2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
- •3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері
- •5 Билет
- •Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •10 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •2) К.Қасымұлы бастаған кқтеріліс. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •15 Билет
- •1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
- •16 Билет
- •19 Билет
- •XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
- •20 Билет
- •21 Билет
16 Билет
1) XIII ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті қүрылады. Оның негізін салушы монғолдардың бержегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Тимучин (1155-1227). 1206 ж. монғолдардың қүрылтайшы Тимучинге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың үлы өміршісі етіп сайлайды. Шынғысхан билікке келген соң езінің төңірегіндегі тайпалар мен үлыстарға шабуыл жасап, оларды (татар, қонырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт, найман, онғыт және т.б.) ездеріне бағындырады. 1207-1209 жж. Енисей қырғыздары, Сібірдің орман халықтары, үйғырлар монғолдарға бағынады. 1211 ж. Шыңғысхан ескері Солтустік Кытайға бет алып, 1215 ж. Цзинь астанасы Чжундуды (Пекинді) алады.1213 ж. Шыңғысхан Жебе ноян бастаған ескерін Жетісуға жібереді. Халық қолдауынан айырылған Күшлік хан соғыста жеңіліп, Жетісу аса кеп қарсылықсыз монғолдарға қарады. Жетісуды бағындырғаннан кейін монғол ескерлеріне Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Жорық 1219 ж. қыркуйекте Ертіс жағалауынан басталады. Монғол ескері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс хан балалары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді Отырарды қоршау үшін қалдырып, үлкен үлы Жошы бастаған ескерді Сырдария бойындағы қалаларды алуға жіберді, езі кіші үлы Төлемен Бүхарды алуға аттанады.Отырардың билеушісі Қайырхан 30 мың ескермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек сатқыншылықпен қала қақпасы ашылғаннан кейін ғана монғол ескері қалаға кіреді. Сырдария бойындағы өзге қалалардың турғындары да ерлікпен қорғанды. Сыр бойындағы қалаларды алған соң Шыңғысхан Орта Азияны басып алуға кірісіп, оны 1221 ж. көктемінде аяқтайды. Соғыс қимылдары енді Иранның Ауғанстан мен Солтустік Үндістанның жеріне көшеді. Монғол ескерлері солтүстік Иранды, Каеказды алып, аландарды, қыпшақтарды және орыстарды бағындырып 1224 ж. Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралады. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері енді оның балаларына бөлініп беріледі.Қазақстан жері Шыңғысхан балаларының үш үлысының құрамына енді. Жошы ұлысына Ертістен Орал тауларына дейінгі жерлер, оңтүстікте Каспий мер Арал теңізінің төңірегі, Хорезм мен Сырдария өңірі; Шағатай улысына Оңтустік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түрікстан мен Меуереннахр; Үгедей улысына солтустік-шығыс Қазақстан - жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандары және Батыс Монголия енді. Ал кіші үлы Төлей болса, ол Шыңғысханның негізгі журты - Монғолияны алды. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, Монғолия үлысы бірнеше теуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.
2) 19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:қалалар мен темір жолдар салынды;тауар-ақша қатынастары дамыды; көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі жәнеотырықшы түрлеріне ауыса бастады;әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды.Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.
Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.Сауда.Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды.Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын.Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:қозғалмалы айырбас саудасы, маусымдық жәрмеңкелер,тұрақты сауда.Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т.б.) болды.Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды.Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Қазақстандағы өндеу өнеркәсібінің құрылымы, оның силаты және ерекшеліктері.Сібір темір жолы салынғаннан кейін Қазақстан тауарлы мал шаруашылығымен айналысатын ауданға айналды. Тері, жүн, ет, май өндейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашылды. Петропавл және Семей қалалары мал саудасымен айналысатын ірі орталық болды.Май өндіретін, етті консервілеу өнеркәсіптері Ақмолада, Семейде, Петропавлда ашылды. Мал шаруашылығы өнімдерін ендеу кәсіпорындарының ішінде былғары шығару ісі жетекші орын алды. Былғары өндірісімен қатар қолғап тігетін, пима басатын кәсіпорындар жанында қой терісінен тон тігу қолға алына бастады. Тон тігетін кәсіпшіліктер Петропавл және Ақмола уездерінде жедел дамыды.Жергілікті жерлерде жүн шикізаты алғашқы ғана өндеуден өтіп, Ресейге жөнелтілді. Далалык өлкеде өңдеу өнеркәсібінде ұн тарту ісі маңызды орын алды. Ақмола облыстарында астық алқаптарының көлемі ұлғайды. Астық алқаптарының жартысынан көбінде бидай өсірілгендіктен, ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілді. Ұн тарту кәсіпорындары Сібір темір жолы бойында орналасқан Омбы, Семей, Петропавл, Орал, Ақмола сияқты қалаларда шоғырланды.Дала өлкесінде спирт, арақ-шарап өндіретін қаржы министріне бағынатын Томск-Семей және Тобыл-Ақмола акциздік мекемелері құрылды. Шарап монополиясы мемлекет кірісінің 30%-ын жауып отырды. Сонымен қатар спирт өнеркөсібі сыра қайнату өнеркөсібінің дамуына да ықпал етті.Құрылыстарға және шаруашылыққа қажетті орман ағаштарын кесетін өнеркөсіп дамыды. Мәселен, Сібір темір жолы құрылысына көп ағаш жұмсалды. Кебінесе олармен қазыналық мекемелер айналысты. Қазақстанда ұсақ тауар ендірісінің үлесі кашанда ірі өнеркөсіп үлесінен жоғары деңгейде болды.
Кәсіпшілік пен қолөнер түрлері әр аймақтағы шикізат түрлеріне қарай дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тері еңдеу, киіз басу, кілем тоқу кеңінен таралды. Мысалы, Ақмола уезіне қоныс аударған шаруа қожалықтарында жер өңдеуден кейін астық тарту, май тарту, май шайқау көсіпшіліктері екінші орын алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көсіпшілігімен егістік жері жоқ шаруашылықтар айналысты.1900 жылы Ақмола облысында кәсіпшіліктерге барып жұмыс істейтін қазақтар 12 мыңға жетті, ал Торғай облысында бүкіл шаруашылықтар санының 50%-ы шетке барып жалданатын болды. Бұл кәсіпшіліктерге көбіне кедейленген қазақтар мұқтаждықтан жалдануға мәжбүр болды.Жетісуда шарап жасау енеркөсібі XIX ғасырдың 60-жылдары пайда болды, XX ғасырдың мануфактура өндірісі механикаландырылып, өнімдері жоғары сапалығы жағынан бірнеше рет шет жерде жүлделерге ие болды. Сол сияқты Верныйда темекі жасау, ағаш өңдеу, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Түркістан мен Шымкентте мақта тазалайтын кәсіпорындар жұмыс істеді. Арал, Балқаш, Зайсан, Каспийде балық аулау көсіпшілігі болды.Сонымен, ауыл шаруашылығы шикізатын өндейтін өнеркөсіптердің ішіндегі ірі ұн тарту, шарап жасау, орман ағаштарын кесетін, металл өңдейтін салаларда фабрика өндірісіне көшу басталды. Қалған тері өңдеу, былғары жасау, балауыз, пима басу, тон тігетін, май шайқайтын, кірпіш құятын, т.б. көсіпорындар ұсақ кол еңбегі басым өндірістер қатарына жатты. Олардың көбі үй көсіпшілігі, қолөнер сипатында болды, кебінесе отбасы мүшелері мен мерзімді жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылды.
Қазақстан Ресей өнеркөсібінің негізгі шикізат базасы қызметін атқарды. Өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы өте төмен деңгейде қалды. Қазақстандағы түсті металл кен орындарын игерудің басталуы. Ежелгі заманнан бері Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында тау-кен өндірісі мен мыс, қорғасын, қола, күміс, алтын металлургия өндірісі дамығандығы тарихтан белгілі.Қазақ өлкесіне кен іздеп келгендердің алғашқыларының қатарына Томск губерниясынан алтын өнеркәсібімен айналысатын С.И.Попов және оның балаларын жатқызуға болады. Алтай өңірінде бірнеше алтын кеніштері болған Поповтар Баянауыл және Қарқаралы сыртқы округі қазақтарының арасында қосымша сауда ісін жүргізумен де айналысқан.1820 жылдан бастап Попов үкімет органдарының рұқсатымен ежелгі Берікқара кенішінен күміс-қорғасын рудаларын Алтай металлургия зауыттарына Ертіс бойымен тасып әкете бастады. Тек 1854—1860 жылдары ғана кеніштен таза 1 млн 300 мың сом таза пайда түсті. Көпес әрі кен кәсіпкері Попов Қарқаралы және Баянауыл округтерінде кен өндіру және тау-кен зауыттарын салып, оның шикізатымен Алтай металлургия зауыттарын жабдықтап тұрды.Қарағанды кемір кеніштері, сол сияқты Спасск мыс өндірістеріне енетін тағы басқа Спасск, Воскресенск, Успенск және Жезқазған мыс кеніштері, Саран көмір кеніші және Спасск мыс балқыту зауыты — осылардың бәрі 1847 жылдан 1904 жылға дейін кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов, т.б. екі Екатеринбург кәсіпкерлерінің компаниясына тиесілі болды. Кейіннен компания тараған кезде ең көп қаржысы бар (50%-дан астам) Рязанов барлық Спасск мыс кендері өндірісінің толық қожайынына айналды.Рязанов өндірісті 1904 жылы шетелдіктерге сатты. 1904 жылдан 1919 жылдың соңына дейін патша үкіметінің келісімімен шетелдік "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамын басқарды. Осылайша Қарағанды кемір кеніші, Спасск мыс өндірісі, т. б. ағылшын мен француздарға жалға берілді.Патша үкіметі Қазақстанға метрополияның тек шикізат көзі ретінде қарады. Сондықтан тау-кен және көмір кеніштерін өндіруге қазақтардың өздерін жібермеді. Мәселен, Қарқаралы уезінің бай қазағы Керсембек Қалмамбетовтің 1886 жылғы күміс-қорғасын орындарын алғаш ашушы ретіндегі ресми етініші қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты осы уездегі тас көмір кенішін игеру туралы 1903 жылғы Қазанғап Досановтың өтінішіне де теріс жауап қайтарылды.1856 жылы Қаржы министрінің нұсқауымен Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановқа алтын және кен кәсібімен айналысуға рұқсат бермеді. Павлодардан Балкашқа дейін созылып жатқан Екібастұз көмір кеніші және басқа пайдалы қазбалар "Воскресенск кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына" қарасты болды.Ұзындығы 110 шақырым болатын Екібастұз — Ермак темір жолын осы 1899 жылы ұйымдасқан "Воскресенск кен өнеркәсібі" акционерлік қоғамы салды. Бұл қоғамның негізгі акционерлері Деров, Бродский, Викторский, Смирнов және басқалар. Қоғамның жоғары басқармасы Киевте орналасты. Қоғам бес жылға (1899—1903 жылдары) жуық, 1903 жылғы дағдарысқа дейін емір сүрді. 1913 жылы барлық зауыт кеніштері, Екібастұз көмір бассейні және темір жол бар дүние-мүлкімен ағылшын-француз капиталистерінің қолына өтті.1914 жылы Лондондағы Орыс Азия корпорациясы ағылшын миллионері Л.Уркварттың басшылығымен екі кен өнеркәсібі акционерлік қоғамын негіздеді: "Қырғыз (Екібастұз) кен өнеркөсібі акционерлік қоғамы" және "Риддер (Лениногорск) кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы".Лесли Уркварт және оның компаниясы қарамағында сол кезде Оралдың түсті кен әндірісі ошақтары болды. Британ қаржы олигархиясының аса ірі екілі Л.Уркварт басқарған ағылшын-американ кәсіпкерлері аса бай Кенді Алтай және Екібастұз өңірінде ескі кәсіпорындарды қайта қалпына келтіріп, жаңаларын салуға кірісті.
1914—1915 жылдары Риддер кен байыту фабрикасы іске қосылды. Оларда байытылып қайта өңделген мырыш және қорғасын концентраттары ұзақ жол жүріп Екібастұзға жеткізілді. Екібастұз көмірі мен коксінде олар балқытылған металға айналды.
Қазақстан өнеркәсібі дамуының жалпы сипаттамасы
Қазақстан өнеркәсібі нашар дамыды. Сауда операцияларынан көп пайда түсетін болғандықтан, орыс және жергілікті буржуазияның ауыр өнеркәсіпті дамытуға ынтасы болмады. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп ірі капиталды қажет етті. Дегенмен өлкеде көмір, мұнай, мыс кендерін өндіретін кәсіпорындар ашылды.Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін фабрика-зауыттарға бағыттады. Ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланумен қатар алтын, тас көмір, мұнай сияқты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысты. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру XIX ғасырдың 30—40-жылдарынан басталды. Бұл кезеңде Спасск зауыты, Успенск және Жезқазған кеніштері жұмыс істеп жатты.Көптеген бай кен орындарын қазақтардың өздері тапты. Мысалы, 1833 жылы Апақ Байжанов деген кедей қазақ Қарағанды аймағында тас көмір кенін тапты. Бұл кен орыны Игілік Өтепов деген байдың жайылымында орналасқан еді. Әтепов бұл кен орнын 250 сомға Ушаков деген көпеске сатады. Екібастұз тac көмір кенін жұмысшы Қасымов ашты. Екібастұз көмірі Ертіс су кемелері мен Сібір темір жолында үлкен сұранысқа ие болды.XIX ғасырдың соңында тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолына өте бастады. Австриялық ақсүйек Турн-Такме Риддер мен Зыряновск түсті кен орындарына қожалық етті. Атырау ауданындағы мұнай орындары француз Нобель дегеннің қол астына қарады. Шетелдіктер аса зор пайдаға кенеліп, арзан жұмыс көзі арқылы өлкенің қазба байлықтарын тонаумен айналысты.Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты
3) Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер.
1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.,Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады.
1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.
Қазақстандағы компартиялық жүйе.Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15.Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
Казақстан социалистік партиясы (ҚСП)Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік пар¬тиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық КСП мүшелерін біріктіреді. Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың арасында көптеген мемлекеттік жүйенің баскарушылары, халық депутаттары бар.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халык бірлігі одағы 1995 жылы акпан айы-нан бастап аталмыш партияға айналды. Халык бірлігі одағының кұрылтай съезі 1993 жылы ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып оның кұрамына 71 адам мүшелікке енді. "Қазақстан халық бірлігі" одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтын лидері Президент Н.Назарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, К.Султанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде "Жас алаш" және "Экспресс К" газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ тілдерінде "Время". "Дәуір" атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Султанов Қытай Халык Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайлан¬ды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясынын кұрамына кірді.
Қазакстан Республикасының партиясы (ҚРП)
Партия өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен бастайды. Бұл күні "Азат" азаматтык козғалысының құрыл¬тай конференциясында Қазақстанның "Азат" азаматтық козғалысынын негізгі мақсаты мен принциптері деген декларация қабылданды.
1990 жылы мамыр айында "Әділет", "Акикат". "Аза-мат", "Жерұйык", "Кәусарбұлақ", "Форум", коғамдык ұйымдарының бастамасымен кұрылтай съезі шакыры-лып "Желтоксан ' коғамдық комитет негізінде "Желт оқсан" партиясың құру жөнінде декларация кабылданды.
Құрылтай съезіне Алматыдан республиканың бес об-лысынан, Кырғызстан, Өзбекстан, Мәскеуден, КСРО-ның баска да аймақтарынан келген 80 өкілі катысты.Партияның лидерлері болып X.Қожа Ахмет пен А. Нәлі-баев сайланды. Партия бағдарламасында республиканыдық саяси-экономикалык тәуелсіздігі үшін күрес, желтоксан кұрбандарын ақтауға қол жеткізу, қазак тілінің мемлекеттігін бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен қатар үлкен маңыз алып келе жаткан ислам факторына да көңіл бөлген.
Қазақстан демократиялық прогресс партиясыҚұрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада өт-ті. Республиканың алты облысында, негізінен орыс тілді түрғындар басым облыстарда 1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға алу мен айналысады. Партияның негізін орыс тілді зиялы-лар тобы құрайды. Партияның төрағасы А.Докучаева.Бұл партиялардан басқа партиялар да бар. Корыта келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.Қазақстанның республикалың Еңбек саяси партиясы"Қазақстан инженерлер Одағы" қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 10 қаңтарда қүрылған. Алғашында 11 облыста филиалы жұмыс істеді. Олар өздері центристік бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты -демократиялык мемлекет қүру. Әлеуметтік базаны инженер-техникалық зиялылар қауылы кұрады. Партиялык тізім бойынша Парламент сайлауына катысып,1.38 пайыз дауыс жинады. Алғаш төрағасы Мәжіліс депута¬ты Ө.Жолдасбеков, кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды.
Халықтық-кооперативтік партия ХКП
Өздерін аса ірі, таптык және әлеуметтік жіктеулерден ада, негізінен кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы кызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партиямыз деп жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды.
Қазақстанның "Дәуірлеу" партиясы
Өздерін парламенттік типтегі партия деп атады. Пар¬тия төрайымы болып 1995 жылдың қантар айының 27-де өтқен құрылтай сезъінде Алтыншаш Жағанова сайланды. КДП-ның басты ұстанар жолы руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып дәуірлеуіне күш салу болды.
Қазаңстанның Демократиялык Партиясы
1995 жылдың 1-шілде айында кұрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттін кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұларды 1999 жылы наурыз айында "Отан" партиясының құрамына кірді.
Республикалық социал-демократиялық "Отан" партиясы
1999 жылы акпан айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазакстанның Демократнялык плртиясы, Қазакстаннын Халык бірлігі партиясы. Казакстаннын Либералдық және "Казакстан-2030" коғамдык қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды. Парламент әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар. мемлекеттік кызметкерлер, студенттер, ғылыми және шығармашылык зиялылар кауымы, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды.
Құрылтайға 400-ге жуык уәкіл катысты. Бұрынғы экс-перимент С. Терещенко партияның төрағасы болып сайланды (казіргі уакытта республнкалык Отан" саяси партиясын партия төрағасынын міндетін аткарды Амангелді Ермегияев баскарады). 2004 жылы 12 наурызда кезектен тыс VI съезінде партия тәрағасынын орынбасары болып Казахстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевич Павлов сайланды.
"Қазаңстаннын республикалық Халықтық партиясы"
Оның төрағасы бүрынғы экс-премьер Ә. Кажыгелдин. 1998 жылы 17 желтоксанда күрылды. Оның шетелге кетуге мәжбүр болуына байланысты партияны саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов басқарады. Бір кездегі партия жетекшілігінде болған Ғ. Алдамжаров 2001 жылы қан-тар айында кенеттен бүл партиядан шығып, Президент әкімшілігіне ауысты, кейін Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі елшісі қызметіне ауысты. Партияның, алға койған мақсаттарының бірі адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын құқыктык мемлекет кұру деп жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына карсы шықты. Бұл бағытта бірнеше шаралар жасауға талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің кайта тіркелуі үшін 50000 мүшесі болу керек деген заң талабына байкот жариялап, өз жұмысын, тіркеуден өтпей-ак астыртын жалғастыруда.
"Азамат" Қазаңстанныц демократиялың партиясы
1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген "Азамат" қоғамдық қозғалысының негізінде қуылған. Тен төрағалары М.М.Әуезов. Ғ.Әбілов болған.
Әр түрлі қызметтерге ауысуына байланысты партия өз жұмысын тоқтатты.
"Азаматтық партия"
Төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашов. Ол 1996-1998 жылдары Президент Әкімшілігінде Стратегиялык зерттеулер орталығынын сектор меңгерушісі қызметінде болған. Партия 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбеде өзінің құрылтай съезін өткізді. Бұл партияны құрған бастамашылар "Алюминий Казакстан" АК (Павлодар), Жезказған мыс корыту зауыты, Ақтөбе ферросплав зауыты, Балкаш тау-кен байыту комбинаты. "Восточный" Екібастұз көмір кені, Рудный "ССГПО" АҚ, Ақсу.
Еуразиялық энергетикалық корпорациясы кәсіпорындары ұжымдары. Партия әуел бастан Президенттің саяси курсын қолдайтынын ашық жариялады. Ал Президент өзі бұл партиянның құрылтайына қатысып, ол партиянын саяси лидері болуға келісімін берді.Қазір Әділет министірлігі партияны қайта тіркеуден өткізген кездегі мүшелердің саны 63458 адам деп отыр. Ал партия жетекшілері өз мүшелерін 105303 адам деп жариялауда. Бүгінде КАП-ның Парламенте 24 депутаттан тұратын фракциясы бар.
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтың партиясы
21 ақпан 2004 жылы бұл партияның күрылтай съезі Алматы каласында "Анкара" қонақ үйінде өтті.Оған КТД-ның 1200 мүшесі атынан сайланған 167 өкіл катысты. Құрылтайда ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек Кожахметов баяндама жасады. Халыктык пар¬тия Казакстанның саяси билік жүйесіне түбегейлі езгерістер енгізу аркылы онын. демократия жолына біржолата түсуін камтамасыз етуді басты максат етіп койып отыр. Ғалымжан Жакиянов бірауыздан партияның лидері болып танылды. Құрамы 33 адамнан тұратын Саяси кеңес пен құрамы 7 адамнан тұратын Саяси кенес Төралкасы сайланды. Осы күрылтай съезінде партия Саяси Кенесінің тәрағасы болып Асылбек Қожахметов сайланлы.
"Қазакстан әйелдері үйымдарының саяси бірлестігі" партиясы
1999 жылы маусым айында кұрылтай съезін өткізді. Осы жылы 11 тамызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Негізгі мақсаты Казакстан әйелдерінің саяси, экономикалык, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандыңтарын корғау және жүзеге асыру деп жариялады. Бұлар Аграрлық партиямен бірігіп партиялык тізіммен Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысты. Партия жетекшісі Раушан Бергибайқызы Сарсембаева.
Қазақстанның "Патриоттар" партиясы (ҚАП)
Басқарушысы - Ғани Есенгелдіұлы Қасымов. Мәжіліс депутаты, бүрынғы Кеден комитетінің төрағасы, генерал. Партия 2000 жылы 1 шілдеде өзінің қүрылтай съезін ша кырып, өмірге келгенін жариялады. 2003 жылы 21 наурызда Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар. Олар казак ұлтының топтасып бірігуіне, олардын Отанды сүюшілік сезімдерін қалыптастыруға ат салысатындыктарын, оны рухани тәрбие арқылы іске асыратындықтарын жариялады. Партия жетекшілері казіргі саяси билікті сынаудан бас тартатындықтарын білдіргенімен, Касымовтын өзі депутат ретінде халық мүддесін корғау барысында үнемі белсенділік танытып келеді.
Қазакстаннын Аграрлық партиясы ( ҚАП )
Төрағасы - Ромин Ризүлы Мадинов, Мәжіліс депута¬ты. 1997-1999 жылдары бұрынғы Премьер-министр Н.Балғымбаезтын. кеңесшісі болған және партия же-текшілігін катар аткарған. КАП өз кұрылтайын 1999 жылы 6 кантарда өткізді. Казір партия катарында 98000 мүше бар. Кайта тіркеуден 2003 жылы наурызда өтті. Пдеологиялык жүмысынын басты міндеті ретінде ол ауылдың дағдарыска ұшырауын одан әрі болдырмау деп біледі. Сондай-ак халыктың әл-ауқатын көтеруді өзіне міндет етіп алған.
"Руханият" қоғамдық бірлестік партиясы
Бұл партияның қүрылтай съезі 2003 жылы 5 сәуірде өтті. Ол сол жылы 6 казанда Әділет министрлігінен тір¬кеуден өткен. Партия қатарында 53000 мүше бар деп жарияланды. Оның 65 пайызы әйелдер болды. Өз кызметін-де бұл партия бюджет тен каржыланатын сала кызметкерлері мен ғылыми, мәдени, техника саласының өкілдеріне және студенттер мен әйелдерге сүйетіндігін мәлімдеді. Бұл партия "Дәуірлеу" партиясыньщ мүрагері болды. Өйткені бүл аталған екі партияның басшылығында Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова болды. "Ру¬ханият" партиясы үшін басымдылык болып табылатын мәселелер: қоғамның аз қорғалған бөлігі - негізгі рухани
Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы
2000 жылы 30 қаңтарда өткен құрылтай съезінде құрылды. Осы жылғы 30 наурызда Әділет министірлігінен тіркеуден өткен. 2000 жылдың 1 тамызында ҚСД «Ауыл» партиясының қатарында 10000 мүше болған. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылықтарының басшылары мен шаруалар болды. Мақсаты: ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау,аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге ат салысу, қоғамды одан әрі демократияландырудағы саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді тездету, елдегі тұрақтылықты баянды ету. Партияның төрағасы – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани Әлімұлы Қалиев.
Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы.
Партияның құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда болды. 3 сәуірде Әділет министірлігінен тіркеуден өткені туралы куәлік алды. Ақ жол өзінің негізгі мақсаты етіп Конституциядағы адам құқығы мен бостандығы толық сақталуын және билікті орталықсыздандыруды қойды.Партия қатарында бүгінде 115000 мүше бар.Негізінен олар мемлекет қызметкерлері,кәсіпкерлер,бюджет саласының қызметкерлері мен зиялылар.
Тең төрағалары бұрынғы Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Мұқышұлы Әбілов, бұрынғы Еңбек министрі Әлихан Бәйменов, бұрынғы вице-премьер Ораз Әлиұлы Жандосов. Кейін тағы екі төраға қосылды: Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Алтынбек Сәрсенбаев және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік орталық бас директорының бірінші орынбасары Людмила Аркадьевна Жуланова.
«Асар» партиясы
«Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси партияға айналды. «Асар» партиясының құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты.Партия жетекшісі Дариға Назарбаева. «Асар» партиясыны центристік бағыт ұстанады.
Қазақстанның демократиялық партиясы
2004 жылы 29 сәуірде «Құқықтық Қазақстан» азаматтық қозғалысы өзін Қазақстанның демократиялық партиясы деп жариялады.Партия қатарында 50000 –нан астам мүше бар. Мақсаты: азаматтардың ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы топтасуы деп санайды. КДП-ның төрағасы – Мақсұт Нәрікбаев.
17 – билет
1) ) 1235 ж. Қарақорымдағы монғол ақсуектерінің қүрылтайы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдайды. Монғол ескерлерін Жошының үлы Батый (Бату) басқаратын болады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бүлғарларының жеріне, одан ері Батыс елдеріне жаулау жорығын бастайды. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Астанасы Сарай Бату (Астрахан маңында), кейінен Сарай- Берке қаласында болды.Алтын орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда бүлғырлар, мордеалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, кешпелі аудандарда қыпшақтар, қаңлылар, наймандар, қоңыраттар, керейлер және т.б. кірді. Монғолдардың өзі аз болды. ХІІ-ХІУ ғғ. олар туріктеніп, Алтын Орда халқы 1,татарлар" деп атала бастады.
Алтын Орданың мемлекеттік қурылымы әскери негізде болды. Мемлекет Жошы хан еулетінің меншігі болып саналды. Аса маңызды мемлекеттік меселелерді шешу үшін қурылтай шақырылатын болды. Мемлекеттік істерді бекпербег, жекеленген салаларды - уезірлер басқарды. Қалалар мен бағынышты үлыстарға даруғалар мен басқақтар тағайындалады. Ең маңызды қызметтер хан отбасының мүшелеріне берілді. Батудың тусында Алтын Орда екі бөлікке - оң және сол қанатқа бөлінді. Оң қанатты Батыйдың өзі және оның мүрагерлері, сол қанатты Жошының үлкен үлы Орда Ежен және оның мүрагерлері басқарды. Казақстан жерінің кеп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Кейін XIII ғасырдың ортасынан XV ғасырдың бірінші ширегіне дейін бүл өңір Ақ Орда деп аталды. Өз кезегінде, бул екі үлыс іштей Жошының басқа балаларының үлыстарына бөлінді. Алғашқы кезде Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға теуелді болды. XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан Алтын Орда хандары өздерін теуелсізбіз деп есептеді. Берке хан тусында ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тусында үстем дінге айналды.XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Орда алауыздықтан елсірей бастады. Билікке таластық барысында 1357-1330 ж.ж. аралығында Алтын Ордада 25 хан ауысады. 1330 ж. Алтын Орда ханы Мамай Куликоео даласында Дмитрий Донской басқарған орыс ескерінен жеңіледі. Оныңүстіне XIV ғасырдың аяқ кезінде Алтын Орда мен Ақ Ордаға Ақсақ Төмір он шақты рет шапқыншылық жасайды. XV ғ. ортасында Алтын Орда ыдырап, оның орнында бірнеше үлыстар пайда болды. Бүл үлыстардың ең ірісі Ақ Орда. Ал 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астархань хандықтары бөлініп шықты.
Жетісу жеріне келер болсақ, Шағатай мен Үгедей еулетінің арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде еуелі Үгедей үлысы жойылып, XIV ғасырдың орта шенінде Шағатай үлысынан Моғолстан бөлініп шығады. Моғолстанға Орта Азияныңсолтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан қарады.Жалпылама монғол шапқыншылығы мен оның өкгемдігі Қазақстанның қалыптасқан шаруашылық дамуын бүзып, экономикалық және медени дамуын узақ уақытқа туралатып тастады. Сонымен қатар монғол басқыншылығы сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасап, бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын екеліп, бурын уйымдаспаған, бытыраңқы тайпалардың басын қосты.
2) ХІХғ аяғы мен ХХғ басындағы Қаз-ғы патша үкім-ң аграрлық саясаты. Әскери-казактық отарлау
Қазақстанның көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Қазақстанның көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендермен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды.
Қазақстан жеріне басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Бұған дейін де Алтын Орда мен Орыс мемлекетінің арасында болып тұрған екі жақты барыс-келістердің болғаны белгілі. Ал орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.Славяндық және түркілік тегі аралас казактар I Петр тұсында XVIII ғасырдан бастап орыс мемлекетіне түпкілікті бағынды. Осы кезден бастап казактар Ресейдің геосаяси стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысады.
Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды.Қазақстан аумағында құрылған Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Қазақтар осы аймақтағы қыстауларынан, жайылымдық, шабындық алқаптарынан айырылды.Ермақтың Сібір хандығын жаулап алуы қазақ жеріне шаруа, саудагер, кәсіпкерлердің ағылуына жол ашты. Қазақстанға жалпы саны 200 мыңдай казактар келіп қоныстанды.Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен, бекініс есебінде 1640 жылы Гурьев қалашығы, 1613 жылы Орал бекінісінің, 1716 жылы Омбы қаласының, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен, 1752 жылы Петропавл қалаларының, 1735 жылы Орынбордың негізі салынды. Осылайша XVIII ғасырдың орта тұсына қарай әскери бекіністердің ұзын дәлізі қалыптасты. Содан кейін де өлкенің ішкі аудандарында тұрақты әскери бекініс құрылыстары жүргізілді. Орта және Ұлы жүз аумағындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылған округтік приказдардың орталығы есебіндегі бекіністерге әскери адамдармен қатар қоныс аударушы казактар мен шаруалардың келуі үздіксіз жүріп жатты. XIX ғасырдың ортасына дейін әскери әкімшілік отарлау кезінде 100 мыңдай адам қоныс аударып келді.Сібір әскерінің қолбасшысы, генерал Шпрингер 1763 жылы казактардың тұз шығару, отын тасу, пошта жүргізу, баржаларға жүк тиеп-түсіру, мал бағу, жер жырту, қол диірмен тарту, қамалдар құрылысын жүргізу және оны жөндеу сияқты барлық жұмыстарды атқаратындығын айта келіп, Сібір казактарының санын және төлемақысын көбейтуді ұсынады. Олар кейбір жағдайда орыс шаруаларынан, яғни қолдан жасалған казактармен толықтырылып отырды («Выписные казаки»). Казактар мен шаруалардың көші-қон саясаты алғашында басып алынған мол аумақта берік табан тіреу мақсатын көздеді. Ал бұл міндетті тек казак қоныстары арқылы ғана толық орындау мүмкін емес еді. Сондықтан Ресей империясының әкімшілік билігін нығайту мақсатында шаруалардың қоныс аударуына кең жол ашылды.
Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері
Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей өзінің саясатын алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көші-кон ағымдарының отаршыл сипаты айқындала түсті.Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті. Патша өкіметінің көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1861—1885 жылдар;
1886—1905 жылдар;
1906—1917 жылдар.
Қоныс аударудың бірінші кезеңі
Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Сонымен қатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбүр болды.Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Зерттеуші А.А.Кауфман қоныс аударудың басты себебін жаңа шаруашылық жүйесіне бейімделе алмаудан, жер құнарлылығының төмендігінен деп түсіндіреді. Ал шаруаларда топырақтың құнарлылығын тыңайтқышпен қайта қалпына келтіруге қаржы да, құрал-сайман да жоқ еді.
Әуелгі кезде патша үкіметі шаруалардың шет аймақтарға қоныс аударуына карсы болып, шектеулер койып көрді. Алайда 1891— 1892 жылдардағы Ресейдегі аштыққа байланысты өз бетімен еркін қоныс аудару көлемінің өсуіне орай, патша үкіметі қоныс аударуды заңдастырып, өз ырқында ұстауға тырысып бақты.Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің басшы- лығымен 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша Ережелер» жобасын жасады. Ереже бойынша жан басына (ер адам) 30 десятина мөлшерде жер белгіленіп, 15 жылға алым- салықтардан босатылды.Ал 1883 жылы қабылданып, 1885 жылы бекітілген Ережеде Жетісу облысына жаңа келушілер мен Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендер үшін жаңа нормалар бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 десятина емес, 10 десятина болып белгіленді, біркатар жеңілдіктер енді 3 жылға дейін ғана сақталды. Ресми деректер бойынша 1861—1885 жылдары Орал арқылы 300 мың қоныс аударушы келген.
Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер
1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын Тобыл, Том губерниялары мен Жетісу, Ақмола, Семей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады. Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталып, 1892 жылы Сібір темір жол комитеті құрылғанға дейін жалғаса түсті. Ақмола облысында 1870—1895 жылдары 87 шаруа қоныстары пайда болып, отырықшы халық саны шаруа-қоныс аударушылар есебінен 2 есеге артты.XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті.XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады.
1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Орыс шаруаларының көбі Ақмола облысына қоныстанған. Сондай-ақ ең көп орыс және украин тұрғындары Омбы, Петропавл, Көкшетау, Қостанай уездерінде тіркелген. Торғай облысында да өзге ұлт өкілдерінің саны да айтарлықтай еді. Жетісу облысында басқа ұлт өкілдерінің үлес салмағының өскендігі әсіресе Верный, Пішкек, Пржевальск, Пішпек уездерінде ерекше байқалды. Ал Сырдария облысында орыстар мен украиндардың үлесі жалпы халық санынан ең төменгі деңгейде болды.
Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті.
XIX ғасырдың 80-жылдарында Жетісуға Құлжа өңірінен ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. 1897 жылғы санак бойынша ұйғырлар мен дүнгендердің саны 71 мың (56 мың үйғыр, 15 мың дүнген) адамға жетті.
Қоныс аударудың үшінші кезеңі
Ресей экономикасындағы аграрлық дағдарыс патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатын күшейте түсті. Қазақстан аумағындағы артық жерлерді есепке алу мақсатында Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцевтің экспедициялары жұмыс істеді. Экспедициялардың барлығы көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы казак тұрғындарына қатысты жер көлемін азайтып, болыстардың иелігіндегі «бос жерлерді» есепке алумен айналысты.
Ресей орталығындағы аграрлық қайшылықтардан шығудың жолын Министрлер кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин ойлап тапты. Ол 1906 жылы 6 қарашада шаруалардың қауымнан шығып, хуторға енуі туралы жарлық шығарды. Ол Ресейдің ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығару үшін шаруалар қауымын таратты, сөйтіп қауымдық жерлерді кулактардың басып алуына жағдай жасады. Помещиктік жер иеленуді сақтауға тырысқан үкімет қоныс аударуға бостандық берді. Қоныс аудару саясатындағы бұл жаңа бағытқа көшуге 1905—1907 жылдардағы бірінші революция мен аграрлық толкулар өз ықпалын тигізді. Столыпиннің жарлығы негізінде шаруа өз үлесін сатып, еркін түрде басқа жаққа кетуге мүмкіндік алды. Осылайша Ресейдің орталық аудандарындағы әлеуметтік жіктелудің тереңдей түсуі күйзелген, жерден айырылған шаруалардың көші-қон ағымының кең қанат жаюына әкелді.
1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында қоныстандыру мекемелерінің Басқармасы құрылды. 1905—1917 жылдардағы мекеменің 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар жерге орналастырылды.
1908 жылы қоныс аударушылар толқыны ең жоғары деңгейге жетті. Жылына 665 мың қоныс аударушы келді. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Тек 1906—1915 жылдары Жетісу мен Сырдария облысындағы қазақтардан 2,5 млн десятина жер тартып алынып, қоныс аударушыларға бөліп берілді. Қазақстанда тартып алынған жер XX ғасыр басында 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн десятинаға жетті. Жүздеген жеке меншік хуторлар бой көтерді. Патша офицерлері, кулактар, көпестер көлемді жер төлімдеріне ие болды. 1905—1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революциядан кейін үкімет барлық шектеуді жойып, барлық шет аймақтарға қоныс аударуға жол ашып берді.
Осылайша XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан тұрғындарының көп ұлтты құрамының қалыптасуы белсенді түрде жүргізілді. Патша өкіметінің көші-қон саясаты әскери-казактық және әскери-әкімшілік отарлау саясатынан басталып, шаруалардың жаппай қоныс аударуына ұласты.
Барлық қоныс аударушылардың 56,2%-ы Ақмола облысына келуінен шаруалардың саны 6 есеге өсті. Халықтың жалпы санының өсуіне табиғи өсім емес, көші-қон қозғалысы күшті ықпалын тигізді. XIX ғасырдың соңында Украинадан ғана келгендердің рөлі арта түсті. 1906—1912 жылдары тек Украинадан барлығы 300 мың қоныс аударушылар келген. Жалпы алғанда, Қазақстан XX ғасыр басында көші-қон бойынша Сібір мен Қиыр Шығыстан кейінгі екінші орынға шықты
3) ) Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау.
Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді
«Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
Ұлттық қауіпсіздік.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
Энергетика ресурстары.
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
Кәсіби мемлекет.
Бұл басымдықтар елдің дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.
Стратегияның толық мәтіні
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.
Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:
7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;
ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.
Бағдарламаның толық мәтіні
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.
Мақсаты – білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:
шағын жинақты мектептерден (ШЖМ) басқа барлық білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады;
жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесі 52%-ды құрайды;
орта білім ұйымдарының 90%-ында электронды оқыту жүйесі қолданылатын болады;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтылатын болады;
оқытудың 12 жылдық моделіне толық көшу жүзеге асырылады;
мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің 80%-ы жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша қызметке орналастырылатын болады;
үздік әлемдік университеттер рейтингінде Қазақстанның ең кемі 2 жоғары оқу орны атап өтілетін болады;
халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 65 %-ды құрайды.
халықаралық стандарттар бойынша мамандандырылған тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 30%-ды құрайды.
Бағдарламаның толық мәтіні
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:
Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту:
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;
медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс: :
халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;
жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау.
Бағдарламаның толық мәтіні
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.
18 – билет
1) Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел
14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ
Күшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
Тұжырымдар
Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың татарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жүртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, монғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар. Ноғайлы, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік журттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар» деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-32 және 1945-51 жылдары' «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.
2) ) ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
«Дүниежүзілік соғыс алғашында Қазақстанды қозғаған жоқ. Алғашқы он екі жыл бойы қазақ халқы мал шығыны болмаса, бас шығынын көрген жоқ.«Бірақ, -деп жазды, 1916 жылғы «Қазақ» газетінің 192 саныныда Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақов Дулатовтар, - бір шырпыдан тұтанған от өртке айналып, маңайын шарпып, шалығын бізге де тигізді. Отан қорғау ісіне көмегі тиер деп, бізді жұмысқа шақырған жарлық шықты... Біз бас аман қыламыз десек, «сенің жаның кімнен аяулы еді, мемлекет басына келген жақсылық-жамандық бәрімізге бірдей ортақ емес пе?» -деп басқалар айтпай ма? Бұған біз не дейміз, мұнан біз қайтып құтыламыз?
...Бағынып тұрған үкіметтің жарлығынан бас тартсақ...үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, күшті заңға сүйеніп істер...Қазақ шын қарсылық қылатын болса, ел-елге отряд шығады. Отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді»...
Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ. Алшақ жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін тигізді.
Қазақ өлкесінде негізгі еңбек күші ер азаматтардың басты бөлігінің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайын дағдарысқа ұшыратты.
Семей, Ақмола сияқты далалық облыстарда тіпті жұмысшылардың 50%-і майданға тартылды. Орынбор өлкесінде 40%-ке жуық, Жетісу облысында еңбек адамдарының үштен бірінің әскерге шақырылуы жалпы өлкедегі дәстүрлі шаруашылық салаларына соққы болды.
Соғыстың тауқыметі сонымен қатар еңбекшілердің хал-ауқатының төмендеп кетуінен де ерекше байқалды. Әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы ХХ басында шет елдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ауыр қара жұмыс күшін пайдаланатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау жалпы үйреншікті іске айналды. Күніне еңбек үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажеттігін қанағаттандыруға жетіспейтін.
Соғыс кезінде қымбатшылық жаппай етек алды. Әсіресе азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті. Мысалы ұнның бағасы 70%-ға, қант 50%-ға, сабын 200%-дан астам қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Себебі күнделікті тұтынатын бұйымдардың бағаларының шарықтап өсуі еңбекшілердің жанына қатты батты.
Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыс зардаптарының бірі- өзінің шаруашылық ерекшелігіне қарай өлкенің майданда және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз ететін рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесіне 2089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған.
Соғыстың бірінші жылында Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті. Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі-шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері 600 мың болса, 1917 жылғы қарай 100209 сомға ұлғайды.
Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) экономикалық өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 88 мың тоннаға кеміп кетті.
Қазақстандағы қоғамдық саяси ахуалға біршама әсерін тигізген Австрия-Венгрия және Германия тұтқындарының өлкеде болуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандағы қан төгіс шайқаста әскери тұтқындардың Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарына да көптеп жіберілуі себепші болды. 1914 жылдың тамыз айында бір ғана Омбы қаласында шоғырланған әскери тұтқындар саны 20000-ға дейін жетті. Омбы, Ақмола, Семей, Павлодар, Қазалы және басқа қалалар Австрия-Венгрия және Германия әскери тұтқындарын қабылдаған басты ошақтарға айналды. Тұтқындар арасында сонымен қатар Кавказ майданында орыс тұтқынына түскен түріктер және басқа да Үштік одақ жағында соғысқан мемлекеттердің жауынгерлері кездесетін. Әскери тұтқындарының санының өсуі немесе кеміп отыруы майдандағы жағдайларға тікелей байланыстылығы түсінікті. 1915 жылы ақпан айының 28-інде жүргізілген санаққа қарағанда Зайсан, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларында орналастырылған тұтқындар саны 7490 адам болса, Ақмола облысының ауылдық қоныстарында тіркелген әскери тұтқындар саны 8612 адам. Әскери тұтқындардың алғашқы топтары 1914 жылдың тамыз айындағы батыс майдандағы шайқастардан кейін өлкеге әкеліне бастаған. Алғашқы соғыс айларында әскери тұтқындарды қабылдайтын арнайы мекеме тіпті оларды уақытша болса да орналастыратын казарманың болмауы жағдайды біршама күрделендірді. Әскери тұтқындарды шығыс аудандарға, соның ішінде майданның шалғай орналасқан қазақ өлкесіне қоныстандыруы, орыс әскерінің Бас штабының және үкіметтің майданға жақын аймақтағы елден соғыста болып жатқан шындықты жасыруға тырысуымен де түсіндіріледі.
Екінші жағынан, патша үкіметі әскери тұтқындардың жергілікті өлке тұрғындарымен жақындасуынан да қорқып, қазақтардан, жергілікті орыс тұрғындарынан оларды алшақ ұстауға тырысты. Әскери тұтқындардың басым көпшілігінің 97,8%-інің қатардағы әлеуметтік топтан шығуы отаршылдық жергілікті әкімшілікті қатты қобалжытты.
Полицейлік бақылау күштері әскери тұтқындарды мейлінше халықтан жекелеп ұстауға тырысса да, әр түрлі ұлттардан тұрған жергілікті халық тұтқындар арқылы майдандағы жаңалықтарды білуге тырысты.
Біртіндеп саяси жағдайдың революциялық бағытта дамуымен әскери тұтқындар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қарым-қатынаста сенімді мазмұн ала бастады. Осындай бағыттың тереңдеуіне әсер еткен әскери тұтқындардың шаруашылық салаларына тартыла бастауы болды.
Олар мемлекеттік қорғаныс өндіріс орындарында, жеке отбасылардың шаруашылығында, қолөнерлік шеберханаларда, етікшілік, ұсталық, музыканттық және басқа да мамандықтар бойынша жұмысқа тартылды.
Алайда, әскери тұтқындардың Қазақстандағы жағдайы жеңіл болмады. Отаршылдық әкімшіліктің қыспағы, күнделікті бақылаудың ауырлығы олардың тұрмыс жағдайын қиындатты. 1915 жылы мамыр айында Риддер кен байыту орнында сол жылдың қазан айындағы әскери тұтқындардың лагеріндегі Австрия-Венгрия тұтқындарының ауыр тұрмыс жағдайына қарсы ереуілі осыған айқын дәлел.
Орталық губерниялардағы революциялық жағдайдың тереңдеуі, шаруашылық дағдарысы, азық-түлік тапшылығы жалпы алғанда әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғы шарт қалыптастырды. Большевиктердің, солшыл – социалистердің басқа партиялардың үгіті, Австрия-Венгрия және Германия тұтқындарының өз араларында партиялардың құпия бөлімшелері ашылуы жалпы революциялық ахуалды тездетті. Австрия-Венгрия және Германия әскери тұтқындарының бірқатары қазақ өлкесінде жергілікті тұрғындармен тіл табысып, кейін қазан оқиғаларына яғни азамат соғысына қатысты.
Ресейдің бірінші дүние жүзілік соғысына енуі Қазақстанның жұмысшыларының жағдайына ауыр әсер етті. Қазақ халқынан күштеп салық жинады, мемлекеттік заем және әскери салыққа күштеп келісім бергізді, оннан астам әр түрлі салықтар енгізіп жинап отырды. Соғыс барысында Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. Сомбағасында мал мен азық түлік әкетілді. Ауыр әлеуметтік жағдай 1915-1916жж. жұмысшы қозғалысының өршуіне әкеледі.
Қазақ жері дүниежүзілік соғыс зардаптарынан еріксіз келгендердің бір қатары үшін екінші Отаны болды.
Жалпы, Қазақстанның бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әлеуметтік –экономикалық жағдайы ауыр болды.
Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды және жалға алуға даярланды.
Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылдың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала - шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бұл кеніштерден 1914 жылы – 246 пұт, ал 1916 жылы – 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металлдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен “Спасск мыс рудалары” акционерлік қоғамы мен “Атбасар мыс кендері” акционерлік қоғамы өндірді. Бірақта, мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Жер қойнауын жыртқыштықпен пайдалану “Спасск мыс кені” акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыту фабрикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт шикізат өндірді.
Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастұз кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше кеме қатынасын, Оралдағы Боголовск және Қышым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.
Өңдеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждығына ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе, былғары тауарларын өндіру өсті, бұл кезеңде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3% -ын өңдеді. Шынына келгенде, былғары, тері және ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату үшін Ресейдің ірі өнеркәсіп орталықтары - Пермь, Вятка, Рига қалаларына өнім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге және тері тондарға сұраным ерекше өсті. Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайып, өлкеде шұға өндіретін тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арнап шұға дайындай бастады, сол сияқты соғыс сұранымына ет өнімін дайындауда Петропавлда ет-консерві комбинаты ашылса, Оралда мал соятын арнайы орын ашылды. Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім әкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бұйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді. Мәселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жұмыс істеген ірі шеберхана болды.
Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кәсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, әйелдер мен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жұмыс істеді. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914 жылы күндік жұмыс үшін – 1 сом 04 тиын, 1915 жылы – 94 тиын төленді. Мұндай жағдай өнеркәсіп орындарында барлығында дерлік болып жатты.
Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент және Транссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “әйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады.
Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат әйелдерінің тобыры көпестер - Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.
Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.
3) Ағымдағы жылы Қазақстанның жаңа тәуелсіз және толық құқықты халықаралық қатынастар субъектісі ретінде әлемдік сахнаға шыққанына тура 20 жыл болды.
Сыртқы маңызды саяси оқиғалардың арасынан еліміздің 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) кіргендігін, Европадағы қауіпсіздік және әріптестік Ұйымына (ОБСЕ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) мүше болуы, өзге де кеңес дәуірінің мемлекеттерімен ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюы (ДКБ), Азиядағы сенімді өзара қарым-қатынас және шаралар қабылдау жөніндегі Кеңес құру бастамашылығын көтеру (СВМДА) атап өткен жөн.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жетекші қатысушысы, сонымен қатар, әр түрлі мемлекетаралық және интеграциялық жобалардың бастамашысы ретінде маңызды рөл атқарады. Біздің Қазақстан тарихындағы салтанатты жетістігі және оның саяси салмағы мен беделін сыртқы әріптестерінің жалпылай мойындауының айғағы еліміздің 2010 жылы ОБСЕ төрағалық етуі болды.
Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 каңтарда Ресей Федерациясы және Белоруссиямен кедендік одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін бұл альянс Еуразиялық Экономикалык Одақ болып қайта құрылды, кейін Орталық азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келді. Өзара достық, көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы болып жарияланды. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесі шешілді.
1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты.
Қазіргі Кедендік Одақтар
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
Қарамақайшылықтар
Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды. Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастыруды нығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады
АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл – Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.
«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
«ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні — 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады.