
- •1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
- •2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
- •3)Қ. Индустрияландыру: жетістіктері, мен қателіктері
- •5 Билет
- •Қазақтардың 1773—1775 жылдары е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
- •1957 Жылғы реформаның кемшіліктері :
- •10 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •2) К.Қасымұлы бастаған кқтеріліс. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •15 Билет
- •1867—1868 Жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер
- •16 Билет
- •19 Билет
- •XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ өлкесінде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы
- •XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың бас кезінде зайырлы мектептердің ашылуы
- •20 Билет
- •21 Билет
№ 1 билет
1)Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.Тарих ғылым ретінде халықтың ұлттық санасын қалыптастыруы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнықтыруы және әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс.
Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар:
1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;
2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;
3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;
4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.
Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.
Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаттары мынадай:
- тарихи дәуірлерге талдау жасау;
- этностық тарихқа талдау жасау;
- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;
- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.
Көне заманнан бүгінге дейінгі Казақстан тарихы әлемдік тарихтың құрамдас белігі, сондықтанда оны оқып-үйрену жастардың тарихи санасын қалыптастыруда ерекше орын алады. Тәуелсіз Казақстанның бугінгі болмысы, келісті келбеті мен келешегі бүкіл дүние жүзінің назарына ілігіп, оны өзіне аударуда.
Қазақстан тарихында болып жатқан бугінгі бетбүрысының саяси- экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеуі, жаңаруы кеп жылдар бойы әміршіл-екімшіл басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткен тарихын білуі күңгірттеніп, үрпағы өз елінің тілі мен дінінен, салт- дәстүрінен қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде тарихымыздың көптеген мәселелері қайта қаралып, жаңа сипат алуда. Ақтандақ беттерді нақты тарихи шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді кеңейтуге, тарихты бүгінгі күн түрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде. Көне қырғыздар дүниеге келтірген рухани қазынаның осынау бір асыл туындысы (оны біз тудырдық деп осы күнгі қырғыз халқы толық негізбен айта алады) көне қазақтардың да, сондай-ақ қазіргі түркі халықтарының басқа зәузаттарының да руханиятын асқақтата көтерген. Осынау зәулім заңғардың биігінен тараған рухани нұр сәуле кейінгі замандарда пайда болған түркі халқы тарихтың шеңберлері және үлттық зерде халқының бөліп-жарғысыз түтас түлғасына тереңдей сіңіп нәр берген.
Назарбаев елімізде болған тарих толқындарын осы кітапта баяндаған. Алматы қаласында 1999ж Атамұра баспасында шыққан.Бұл кітап 8 бөлімнен тұрады. 8ші бөлім 12 кезеңнен тұрады.
1.ұлттық келбетті ұлықтайық(ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып түсіну )
2.қазақ даласы ұлы түркі елінің қара шаңырығы (7ғ.Еуразиядағы тарих сахнасындағы тарихи тұлға түрік қағанаты)
3.мәдениет келешегі (Қазақстан көп ұлтты мемлекет,негізгі мәдениет)
4.алаш мұрасы және осы заман (алаш тарихы)
5.ұлттық бірегейлік туралы (бірегейліктің түрі дін)
6.тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар(тоталитаризм ол тарихтың бір зұлымдық әдісі)
7.орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағлымдары (орталық азия халықтары)
8.тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде. Мынадай он екі кезеңнен тұрды.
1)арилер туралы яғни сақ тайп
2)Қаз.мекендер3 бұдан шамамен 4-5мың жыл бұрынғы тарих
3)3-4 мың жыл бұрынғы сақ заманы
4)1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері түркілер ашина руы туралы
5)Бұдан 1300-1100 жылдар бұрынғы түркі халықтар туралы
6)Бұдан 1100-900 жылдар бұрын Қаз аумағына арб‒ислам рухының тегеурінді толқыны жайлы
7)11 ғ түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулет өнері туралы
8)12-14ғ Шыңғыс әулетімен соғыс
9)15-17ғ Қаз хандығының құрылғаны туралы
10)17-19ғ Қазақ халқының жауынгерлік рухы туралы
11)20ғ Ресей патшалығы құлағаны туралы
12)1980 ж ортасынан басталған кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі
2) Жүздердің қүрылған уақыты мен механизмі белгісіз. Жүз –тарихи шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың терр.Жүз-бөлік,тарп мағынасын білідреді.Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді :Ұлы жүз. Терр:жетісу мен оңт. Қаз.Рулары:Үйсін,Дулат,Албан,Суан,жалайыр,шапрашты,қаңлы,сіргелі,ысты,ошақты тб. Орта жүз. Терр: орталық және солт шығыс Қаз. Рулары:қыпшақ,арғын,найман,керей,қоңрат,уақ,
Кіші жүз. Олардың жерлері оңтүстігінде Сырдарияның құяр жерінен басталып, үстірт жазығы, Каспий теңізінің шығыс жағалауын, солтүстігінде Жайық (Орал), Ырғыз, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатты. Кіші жүз халқының саны XIX - XX ғасырларда 1 млн. адамға жетті.Кіші жүзді 3 негізгі рулық одақ құрайды:Жетіру:жағалбайлы,кердері,керейіт,табын,тама,телеу,рамадан.Әлімұлы:Шекті,төртқара,қарасақал,қаракесек,кете,шөмекей.Байұлы:шеркеш,ысық,есентемір,байбақты,беріш,адай,жаппас,алаша,алшын,масқар,таз,қызылқұрт.
3)ХХ ғ басында көптеген қазақ зиялылары Орыс географиялық қоғамы жерргілікті бөлімшелерінің жұмысына белсене араласты.Мысалы, Ұлы Абайдың інісі,көрнекті қазақ жазушысы Ш.Құдайбердиев Семей бөлімшесіне материалдық қолдау жасап,оның мүшесі болды.Шәкәрім шығыстық бірнеше тілді білді,Стамбул мен Париж кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеді.1911 жылы жарыққа шыққан «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» кітаптарында,1912 жылы жарияланған «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларында Шәкәрім демократияшыл, гуманистік бағыттағы ақын,тарихшы,философ ретінде танылды.Ә.Бөкейханов Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі және Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.А.Байтұрсынов(1873-1937жж) қазақ елінің тәуелсіздігі,қазақ халқының бақыты үшін үлкен соқпақты жолдан өтіп,қазақтыңтіл білімін дамытуға зор үлес қосты.1909ж шілде айында Семей түрмесінде қамалды,1910-1917 жж Орынборға жер аударылды.1900ж Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы,1911ж Орынборда «Маса» атты жинағы шықты.1913ж наурызда- «Қазақ»газетінің редакторы болды.Қазақтың Пушкині аталған М.Жұмабаев сыршыл ақын болған.Ол қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі аса биік тұлғалардың бірі.Сондай ірі тұлғалардың қатарына Ж.Аймауытовты да жатқызуға болады. Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
№2 билет
1)Әлемдік тарихтың ең бір күрделі проблемаларының бірі адамның пайда болуы және оның дамуының көне кезеңдері. Ежелгі адам тез дамуында бірнеше кезеңдерден етті. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес ежелгі адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезендерінен тұрады. Палеолит өз кезеңінде ежелгі және соңғы - палеолитке бөлінеді.
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш дәуірге: олдувай (бұдан бұрынғы 2,6 млн - 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың - 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мыңжыл) бөлінеді. Бүкіл тас дәуірі бойына еңбек құралын жасауда басты ролді тас атқарады. Ежелгі палеолитке тән тастан жасалынған еңбек құралдары Кеңірдек елді жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батысындағы Арыстанды өзені алқабынан табылған. Ашель дәуірінің тұрақтары Бөріқазған мен Тәңірқазған Қаратаудың солтүстік- шығысында табылған. Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстанда да табылған. Мустье дәуірінің ескерткіштері Оңтүстік және Орталық Қазақстанның жерлерінде көптеп табылған.Жалпылама археолог ғалымдарының пікірі бойынша ежелгі палеолит тұрғындары эволюциялық дамуы жөнінен Ноmо Sаріеns сатысына сәйкес келетін питекантроп пен синантроптың замандастары болады. Олар сол кезде - ақ от жағып, оны сақтай білген, ірі және майда жануарларды аулаумен, жеміс - жидек жинаумен айналысқан.Соңғы палеолит біздің заманымыздан бүрынғы 40-35 мың жылдан басталып, 10 мың жылмен аяқталады. Бұл кезең жер шарының барлық аймақтарына адамзаттың кеңінен тарап және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Соңғы палеолитте адамның ақыл-ойы дамыған саналы адам (Ноmо Sаріеns), олардың рулық қауымдастығы пайда болды. Рулық қауым барлық жерлерде ана жағынан топтасты, ал осыған сай әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Соңғы палеолитте адамның дүние танымы күрделеніп адамның жаны туралы, о дүниедегі өмір туралы ұғымдар қалыптасып, әдет-ғұрыптық рәсімдер пайда болды.Қазақстан өңірінде соңғы палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері көп емес. Шығыс Қазақстанда Қанай, Пещера, Новое-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.
Мезолит. Казақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін толық зерттелемеген. Әдебиетте мезолиттің әр түрлі хронологиялық шеңберлері кездеседі. Казақстан өңірі үшін ең қолайлысы б.з.б Х-УІІ мыңжылдықтар. Палеолиттен мезолитке кешу адамзатты қоршаған ортадағы өзгерістермен байланысты. Табиғаттың өзгеруі, тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, жаңа әдістерді, еңбек құралдарын іздестіру қажеттігін туғызды. Мезолит дәуірінде садақ пен жебе пайда болды. Егіншілік, мал шаруашылығы, аңшылық кәсіптері қалыптасты. Қазақстан өңірінде осы кезге дейін 20 шақты мезолиттік тұрақтар табылған. Олардың ішінде Қызылжар қаласына жақын Есіл бойында Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар маңында Тельман-7,- 3 а,- 9 а,- 14 а, Қарағанды маңында - Әкімбек, Кэрағанды - 15, Торғай ойпаңы ауданында Дүзбай-6, Қостанай қаласы маңында Дачная және т.б. тұрақтар бар.
Неолит. Бүл дәуірдің басталуы шамамен б.з.б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы VI мыңжылдықтың басы. Ол - тас өндеу техникасының жетілген дәуірі. Еңбек құралдарын ендіру (мал шаруашылығы, егіншілік) жетілді. Қыш құмыра, тоқымашылық дамыды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Олар орналасу сипатына қарай - бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ болып 4 түрге бөлінеді. Казақстан аумағынан, негізінен Солтүстік Казақстанның әзірше неолиттік бірнеше қабір табылған. Барлық қабірлерде сүйекгермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қоймай, соғыстарға да араласып тұрғанын көрсетеді.
2) Қазақстанның ХVII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы ХVII ғасырдың басында қазақ халқы үшін күрделі сыртқы саяси жағдайымен ерекшеленді. Қазақ хандығының саяси таңдауына солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан-жоңғарлар, оңтүстіктен-Орта Азиялық хандықтар әсер етті. Мұнымен қатар қазақ қоғамының ішкі саяси жағдайы тығырыққа тірелді: Көшпелілер арасындағы алауыздық, орталыққа бағындырудың күшеюі, ру аралық қақтығыстардың жиілеуі, билік үшін күрес. Феодалдар арасындағы соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін бұзды, оның материалдық ресурстарын әлсіретті және адам шығынын ұлғайтты. Әсіресе, Жоңғар хандығы билігіне 1697 жылы қонтайшы Цеван Рабдан (1670-1723жж.) келгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы шиеленісе түcті. Тәуке хан тұсында Қазақ жері бірігіп нығайған мемлекет болды. Тәуке хан (1652-1715жж.) басқарды. Өйткенні, басқарған кезеңі Қазақ мемлекеті үшін алтын ғасыр болып саналады; халық тыныштықта өмір сүрді, тәртіп болды, заңдар мен әділ сот қызмет жасады.Бұл аталған кезеңде қазақ жүздері солтүстікте Тобылдан Ертіске дейінгі, шығыста Жоңғар Алатауындағы Сарыемел өзеніне дейінгі, батыста Еділге дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлады. Бұл уақытта қазақ жүздерінің ішкі саяси және экономикалық жағдайлары салыстырмалы түрде алғанда тұрақты болды.
Тәуке хан билікте тұрған кезде қазақтар Сырдария өзені бойына 32 қала тұрғызды. Оның негізгі тұрағы Түркістан қаласы болды. Хан кеңесінің мүшелері қарапайым адам құқығының аса білгірлері өз кезеңінің атақты шешендері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды.
Күні бүгінге дейін біраз бөлігі сақталып жеткен қазақтың «Жеті жарғы» заңдар жинағы да оның атымен тығыз байланысты. ХVIII ғасырдың басында жоңғарлар Қазақ хандығының шекарасына қаншама қысым жасап баққанымен, Тәуке хан бекіткен қазақ мемлекеттігі жоңғар билеушілерінің басқыншылық ойларын жүзеге асыртпады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
3) Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі – Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан.1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Голощекин ұлтымыздың тең жартысын аштан қырды. Осы қылмысы үшін жазаланудың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңесінің бас мемлекеттік төрешісі болып тағайындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.
«Кіші Қазан» курсы
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, калың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды. Азық-түліктен өзге тутынушы заттардың 60 %-ға жуығы сырттан тасып әкелініп отырды.
№ 3 билет
Біздің заманымыздан бурынғы II мыңжылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өндеу кәсібі дами бастады. Ол Қазақстан өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне әсерін тигізді. Мал өсіруші тайпалар ірі бірлестіктер құрды. Бірлестіктер арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер туып, қарулы қақтығыстар орын алды. Қару енді жабайы андарды аулау үшін ғана емес, тайпалар арасындағы қақтығыстарда пайдаланылатын болды. Қару жасау металл өндеу қажеттілігін туғызды.Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары да қола бұйымдарды жасау ісін меңгерді. Қола, мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшеланың қорғасынның қорытпасы. Қола осы уақытқа дейін қолданылып келген мыспен салыстырғанда берік, мықты болды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның дамуы өндіргіш күштерінің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамда еркектер ролінің артуына алып келді. Жеке отбасылар бөлініп, отбасылық меншік пайда болып, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі есе түсті.Андронов мәдениетг Кола дәуірінде Сібірдің Қазақстанның және Орта Азияның ұлан байтақ далаларын тегі мен тарихи тағдырлары ортақ туыс тайпалар мекөндепі, олар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас медениет ескерткіштерін қалдырды. Осы үлгідегі алғашқы ескерткіштің табылған жері Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының атына қарай бүл мәдениет ғылымда шартты түрде "Андронов медениеті" деп аталды.Андронов медениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық дерекгер андроновтық турғындардың басым көпшілігі отырықшылдық өмір сүргенін көрсетеді. Өзендердің көлдердің жағасында орналасқан патриархаттық отбасылардың үлкен жертөле үйлері болды. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қоралар салынды. Андронов мәдениеті тусында адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар мен сендік заттарды жақсы меңгерген. Өлген кісілерге тастан қоршау жасап, зираттар тұрғызған. Зираттар тік бұрыштанып, деңгелекгей немесе ұзынша сопақталынып қоршалынатын болды.Зерттеушілер андронов медениетінің өмір сүрген уақытын кезеңге беліп, оларға шартты түрде мынадай аттар береді: федоров кезеңі (ерте қола) - б.з.б. XVIII-ХVІ ғасырлар, алакөл кезеңі (орта қола) - б.з.б. ХV-ХІІ ғасырлар, замараев кезеңі (соңғы қола) - б.з.б. XII - VIII ғасырлар.Дәндібай - Беғазы мәдениеті. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік өңіріндегі Беғазы қойнауында табылған қола ескерткіштеріне сай Дәндібай-Беғазы атты медениет атауы пайда болды. Дәндібай-Беғазы медениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан, андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа көріністерінің (өзгеше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар) пайда болуы. Жерлеу ғұрпында да өзгеріс бар. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі.Шаруашылығы мен мәдениеті. Қазақстан өнірінде қола дәуірінің жүзден астам тұрақтары белгілі, оның отызында археологиялық қазба жумыстары жүргізілген. Қола дәуірінің алғашқы кезеңіндегі қоныстардан табылған сүйекгерге қарағанда бұл кезеңде тайпалардың негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болған. Мал шаруашылығымен қоса егіншілік дамыған. Олармен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану кеңінен орын алған. Оған Қазақстан жерінде мыстың, қалайы мен алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. Адамдар малдың терісін өндеп, жүнін түтіп, оны иіріп үстеріне киім етіп киетін болды. Ұршық пен қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыды. Адамдар жауынгерлік қарулар (найза, күрзі, балға, балта, шот, қанжар) жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Артық заттарды айырбастау орын алған.Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рулық құрылыс ыдырап, одан жеке отбасылар бөлініп шығып, мүлік теңсіздігі пайда бола бастаған. Осыған сай кедейлердің қабірлері қарапайым болса, ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар, өрнектелген керамика ыдыстары табылған.Діни нанымдары. Қола дәуіріндегі адамдар түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп қабылдаған. Олар күн мен отқа, суға, ай мен жулдызға табынған, о дүниеге сенген.
2) Қазақ қоғамы 2 негізгі әлеуметтік топтан тұрды:1)ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар (асыл сүйектер)2) қарасүйектер – мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.Шыңғыс ұрпағы қоғамның билік етуші тобы, рулық шежіреге енбейді. Қазақ ұлысындағы сұлтандардың «арқар» деп айтылатын ерекше ұраны болды. Оны қарасүйектердің қолдануына болмайтын еді. Шыңғыс ұрпақтарын билер соты соттамады, хан немесе сұлтан соттайды. Қарасүйектер өкілделінде жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну берік сақталды. Қарасүйектер тобына билердің ғана ерекше құқықтары болды.Билер – ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген,сот қызметіе атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.Ең ықпалды ру басшылары хан жанындағы «билер кенесіне» кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған:1)әскербасы 2)әкімшілік адамы3)би4)дала ақсүйектерінің өкілі. Батырлар – қазақ жасақтарының бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер. Ақсақалдар – іс жүзінде белгілі бір заңдық өкілеттігі жоқ, жасына, сіңірген еңбегіне қарай құрметке бөленген адамдар. Қарапайым халықтар- алым-салықты төлеп, міндеткерліктерді өтеушілер. Құлдар- ең құқықсыз әлеуметтік топ. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолынаұстады. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.
3) Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоқсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)Ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.
4 – билет
1) Сақтар тайпалық одақтары: этникалык құрамы, орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті
Сақтар — қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған.
Б.з.б. VII-IV ғ мекендеген. Гректер сақтарды /Азиялық скифтер, дайлар/, Геродот /Массагеттер/, парсы ескерткіштерінде /құдыретті еркектер/, иран жазбаларында /жүйірік атты турлар/ д.а. Сақ тайпалары 3 топқа бөлінген.
1) (Тиграхауда) шошақ бөрікті сақ – Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдария орта ағысын мекендеген.
2) (Парадарайа) теңіздің арғы жағындығы сақ – қара теңіздің Солт., Арал маңы, Сырдария мен Амудария өзені төменгі ағысын мекендеген.
3) (Хаумаварга) хаома сусынын дайындайтын сақ – Мургаб аңғарын мекендеген.
Қоғам адамдары 3 топқа бөлінді, әр топқа өзіне тән дәстүрлі түсі болды. 1) жауынгерлер-ратайштар (арбада тұрғандар)қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. 2) абыздар-ерекше бас киім мен тостағаны болған,ақ түсті киім киген. 3)малшылар мен егіншілер- «сегіз аяқты»(екі өгізі барлар),сары мен көк түсті киім киген.Сақтардың негізгі шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы.Сақтар мал шар-ның 3түрін үлестірді.
Көшпелі мал шар-ғы
Жартылай көшпелі мал шар-ғы – Жетісу,Шығ Қаз,Бат пен Орт Қаз-ның бір бөлігі,Тянь-Шань,Алтай тауларының етегі.
Отырықшы мал шар-ғы – Оңт Қаз,Талас,Шу,Сырдария,Келес өз-нің бойы.
Жылқы өсіру маңызды орын алған.Сақтар мал шар-мен қатар суармалы егіншілікпен де айналысты.Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар-Сырдарияның оңт аңғарындағы Шірік-Рабат,бәбіш-молда ұоныстары.тары,қарабидай,бидай өсірген.
Мал шаруашылығымен айналысты. 1) көшпелі мал ш-ғы (Бат. ж/е орт.Қаз.) 2) жартылай көшпелі (қыстық ж/е жаздық қоныстар қажет еткен, Алтай, Тянь-Шань, Жетісу, Шығ.таралды) 3) отырықшы (Оңт., Сырдария, Келес, Шу өзен аңғарында дамыды) Сақтар жылқы, кой, түйе көп өсірд, ал іріқараны аз. Сырдария аңғарынд егін шар-ғымен айн. Бидай, тары, қара бидай өсірді. Астанасы – Шырық рабат; билеушісі – патша Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Ұолар аңдар мен әртүрлі аңыздардағы жануарлар бейнесіндегі құбыжыктарды бейнелейтін.Зергерлік өнер жақсы дамыған.
2) Қазақ қоғамындағы билер институты. Төле, Әйтеке, Қазыбек би ж/е олардың XV-xviiІғ қазақтың өміріндегі рөлі
ХV-XVIIғ қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысатын билер болатын. Билер хан кеңесінің мүшелері болып мемлекет-к істерге бесене араласты. ХVI-XIІІғ би-шешендер арасында мемлекет-к ж/е қоғамдық қызмет-ң маңыздылығы жағынан шешендік өнерінің шеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар қазақ еліне ғана емес, Ресей, Жоңғария, Цинь империясында танымал болған.
Әйтеке Байбекұлы(1682 -1766 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.Әбілхайырға дейін ол Кіші жүздің барлық руларын басқарған.Тәукенің ханкеңесіне еніп, «Жеті жарғыны» жасауға,мемл-тік істерді,жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан.
Төле би Әлібекұлы (1663-1756) Тәуке, Болат, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Аблай хандар тұсында басқару ісіне араласқан; қоғам қайраткері, ойшыл, дана, шешен.Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан. Халық оны «Төбе би»атаған қазіргі Жамбыл обл Жайсаң деген жерде туған. Билікке 15 жастан араласқан. 20 жасында сот ісімен айналысып, әділдігімен ерекшеленген.Тәуке хан тұсында хан кеңесшісі болып «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысады. Тәуке ханнан кейін ұлы жүзді басқарды. Ташкентті билеген. Қазақтардың жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушы, Ташкентте жерленген.
Қызыбек би Келдібекұлы (1665-1705) мемлекет ж/е қоғам қайраткері,қазіргі Қарағанды обл туған.Жас Қазыбектің асқан қабілеттілігіне қөз жеткізген Орта жүз ақсақалдары мен билері оны сот ісін қарауға тартады. Ол Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандардың кеңесшісі болған,Мемлекетті басқаруға араласқан. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Абылай тұсында дипломатиялық өкілдік атқарып, жоңғарларға қарсы күрес ұйымдастырған. XVIIІғ 40-ж Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан бастауға қатысқан басты қайраткер.Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.