
- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 9
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 12
- •1. Мемлекеттің аумақтық құрылымы
- •Билет № 13
- •1. Мемлекеттің саяси режимі
- •3)Импровизация Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •1) Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •Билет № 19
Билет № 7
1. Заң ғылымының жүйесі
2. Құқықтың психологиялық теориясы.
3. Қазақстан Республикасы — құқықтық мемлекет деген ұғымның мәнісін түсіндіріңіз
1)Заң Ғылымы, құқықтану, заң ілімі, заңтану – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым. Әр елдің Конституциясы заң ғылымының негізі және қайнар көзі болып табылады. Қазіргі заң ғылымы Бірқатар білім салаларына сараланған. Олар: мемлекет пен құқық теориясы, құқық және құқықтық ілімдер тарихы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, жер құқығы, су құқығы, көлік құқығы, теңіз құқығы, мемлекеттік құқық, халықаралық құқық, т.б. сот медицинасы, сот психиатриасы, криминалистика, криминология, заң психологиясы, т.б-лар қолданбалы заң ғылымына жатады. Ал әр сала өз кезегінде мемлекеттік-құқықтық институттарға бөлінеді. Бұл институттар қоғамдық қатынастардың белгілі бір тұтас жүйесін реттейтін құқықтық нормаларды біріктіреді. Заң ғылымының нышандары заңнама (заңдар) мен құқықтық ғылымның дамуына қарай пайда болды.
1991 жылы Мемлекет және құқық институты құрылды, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2000 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ мемлекеттік Заң академиясының ғылыми-құрылымдық бөлімшесіне айналды. институт Қазақстан Республикасындағы құқықтық ғылым саласындағы іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін басты ұйымға айналды, ол елімізде азаматтық қоғам қалыптасуының, құқықтық мемлекет құрудың теориялық, ғылыми-методологиялық және қолданбалы қырларын зерттеуге ұйытқы болып, Қазақстанның заңгер оқымыстыларын осы іске жұмылдырып отыр. Сондай-ақ, 1995 жылы құрылған Қазақ академиялық университеті де Қазақстанда заң ғылымының дамуына елеулі үлес қосуда. Қазақстанда білім мен ғылым саласындағы реформаларға сәйкес жаңа мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының ашылуы, оларда заң факультеттерінің құрылуы, арнаулы (әскери, т.б.) Құқықтық оқу орындарының ұйымдастырылуы да заң ғылымы Мен білімінің дамуына айтарлықтай серпін берді
Заң – бұл заң
шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше
тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң кү-
шіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін норма-
тивтік акт.
Заңның белгілері:
1. Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды
жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əре-
кеттер бекітілген заң актісі.
2. Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары
органдарының актісі.
3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған
барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-
қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген
жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез-келген
басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа
ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық
өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан
құралған нормативтік акт.
Заңның түрлері:
1) Конституция – бұл басқарудың жəне мемлекеттік құры-
лымның нысанын, сот əділдігі жүйесін анықтайтын, конститу-
циялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостан-
дықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;
2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген жəне
онымен байланысты мəселелерге қатысты қабылданады;
3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси,
əлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
2) Құқықтың пайда болуының психологиялық теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның өкілдері: Петряжитский, Росс, Реиснер. Адамның психикасы қоғам дамуының, оның ішінде мораль құқықтың мемлекет дамуының негізгі факторы. Құқық - бұл адам психика санасының шығармашылығы
Құқықтың психологиялық теориясы (Л.Петражицкий, Г.Тард). Бұл теория бірнеше орынға жеке адамның мотивациялық-психологиялық ұстанымын алға тартады. «Құқық – бұл сол көрсетілген емес, адамның бар құқыққа қалай қатынас жасайтындығында (заңға). Құқық жағымды, интуитивті құқыққа ұқсас. Оған қоса құқық интуитивті (шын құқық шығу көзі, себебі тек сол ғана адамның әрекетін қозғаушы сәт. Л.И.Петражицкий нормативті тәртіпті былай түсіндіреді: «әлеуметтік институт», адамдардың жалпы тәртіппен жүруіне сай көрінетіндігі; «жағымды моралдық жағдай», міндетті сезіну, сыртқы мәжбүрлеуден, жазалаудан қорқу; құдай билігін еске салу. Дегенмен, барлық осы факторларды іс жүзіне асыру үшін, ол айтқандай, тиімді әлеуметтік, діни бақылаудың қажет екендігіне көңіл аударып, жоғарғы діни сезімділікті және мемлекеттік заңдардың қатаңдығын қолдайды..
3) Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады. Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады. Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады. Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
ұқықтық мемлекет – біздің болашағымыз, оған баратын жол жақын да, оңай да емес, бірқатар даму кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жұртшылықтан, халықтан елеулі күш –жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметке салаутты дем беру керек, жемқорлық жолына бөгет қою қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның заңы және моральды – адамгершілік негіздерін дамыту қажет. Құқықтың жаңартылуын жеделдету, оның өнімдерін қолдану және қорғау механизмдерін жетілдіру туралы қамдану, азаматтардың бойында оларды сыйлау қасиетін дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық қатынас пен басқа да заңды байланыстарды құрайтынның бәрін жүзеге асыру шараларын белгілеу қажет.
Осындай кешенді тәсілдеме құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру міндеттерін жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық қағидаларда анықталады. Мемелекетті ұйымдастырудың негіз құраушы қағидаларының бірі – мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті органдарды сайлау. Демократиялық мемлекет қызметінің басқа бір негіз құрушы қағидасы – мемлекеттік өмірдің ең маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі осыған жатады.
М.Сәрсенбаев көрсеткендей, тәуелсіздікке қол жеткізілгеннен кейін қазақстандық мемлекеттің құрылысы, оның сыртқы саясатын әзірлеу, қазақ халқының тарихындағы тарихи, рухани тамырларын, оның ұлттық мемлекеттілігін зерделеу басталды. Біздің заманымыздағы жаңа болмыс тұрғысындағы осы ой ислам дінінің, мұсылман құқығының түркі тайпаларының олардың рухани, құқықтық мәдениетінің дамуында қазақ мемлекеттілігінің бастапқыда пайда болуында белгілі рөл атқарғанын көрсетеді.
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты ресми, мемлекеттік діннің болмауынан көрінеді. Көптеген діни ілімдердің бір де бірі міндетті немесе артықшылықты болып танылмайды.
Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуға жол бермеуіне, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы қажет. Сондай-ақ діни негіздегі саяси партиялардың қызмет атқаруына жол берлімейді.