- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 9
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 12
- •1. Мемлекеттің аумақтық құрылымы
- •Билет № 13
- •1. Мемлекеттің саяси режимі
- •3)Импровизация Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •1) Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •Билет № 19
Билет № 5
1.Мемлекет ұғымы және белгілері
2.Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы.
3.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде Мажилис қызметін анықтаныз
1. Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің керінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделігігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше "қабатты" қамтиды. Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезендеріне тән саяси ұйым: а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген; б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құрлдары бар; в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген. Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтындай, "жария-биліктің" болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандыгына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл Мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі.
2) Құқықтың пайда болуының табиғи-тарихи теориясы - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда толық қалыптасты. Бұл теорияның өкілдері: Т. Гоббс, Дж. Локк, А.Н. Радишев. Олардың айтуынша, құқық пен заңды жеке бөліп қарастыру керек. Позитивті құқықпен қатар, яғни мемлекет қабылдайтын заңмен қатар адамға тумысынан тиесілі ең жоғарғы табиғи құқықтар болады. Бұл құқықтар адамға табиғаттан берілді және бөлінбейтін құқықтар деп саналады. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет қабылдайтын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) –қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Олар құқықты мәні бойынша моральмен теңестірген. Әділеттілік, бостандық, теңдік сияқты абстрактіні өнегейлік құбылыстар құқық шығармашылық және құқық қолданушылық процесті айқындайтын құқықтың өзегі. Адам құқықғының қайнар көзі заңнамада емес, адамның табиғатында бұл құқықтар оған туғаннан тиесілі немесе құдайдан беріледі.
3) Мәжіліс (араб.: меджлис— жиналыс, кеңес, әңгіме) — қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган;Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл [1].
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі[2].
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі [3].
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады [4].
Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі [5].
Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді [6].
