Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 3

1. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары

2. Адам мен азаматтың әлеуметтік құқықтары

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде Үкіметтің қызметін анықтаныз

1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама.Мемлекетке дейінгі әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның әлеуметтік-экономикалық біртұтастығын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына әсерін тигізді.

Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:

1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алдымен әдет-ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;

2) жазбаша нысандағы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс-тұрысы мен санасында өмір сүрген;

3) әдеттің, сонымен қатар, сендіру және мәжбүрлеу (рудан қуу) шараларымен қамтамасыз етілген;          

4) оларда негізгі реттеу тәсілі болып тыйым (табулар жүйесі, құқықтар мен міндеттердің болмауы) табылған;

5) олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.

Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі с аяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.

Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы–әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.

Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:

1) мононормалардың (алғашқы қауымдық әдет-ғұрыптардың) әдет құқығының нормаларына айналуы және осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;

2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды–нормативтік актілерді–шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқықшығармашылық қызметі;

3) сот және әкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін  прецеденттік құқық.

Құқықтың пайда болуының материалисттік теориясы - ХІХ-ХХ ғасырларда толық қалыптасты. Өкілдері: К. Маркс, В. И. Ленин, Энгельс. Құқық - бұл үстем таптың еркі, яғни таптық құбылыс деп түсіндіріледі. Құқықта бейнеленген тап еркіннің мазмұны материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен айқындалады. Құқықтың пайда болуының табиғи-тарихи теориясы - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда толық қалыптасты. Бұл теорияның өкілдері: Т. Гоббс, Дж. Локк, А.Н. Радишев. Олардың айтуынша, құқық пен заңды жеке бөліп қарастыру керек. Позитивті құқықпен қатар, яғни мемлекет қабылдайтын заңмен қатар адамға тумысынан тиесілі ең жоғарғы табиғи құқықтар болады. Бұл құқықтар адамға табиғаттан берілді және бөлінбейтін құқықтар деп саналады. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет қабылдайтын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) –қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Олар құқықты мәні бойынша моральмен теңестірген. Әділеттілік, бостандық, теңдік сияқты абстрактіні өнегейлік құбылыстар құқық шығармашылық және құқық қолданушылық процесті айқындайтын құқықтың өзегі. Адам құқықғының қайнар көзі заңнамада емес, адамның табиғатында бұл құқықтар оған туғаннан тиесілі немесе құдайдан беріледі.  Құқықтың пайда болуының тарихи теориясы – ХVІІІ - ХІХ ғасырларда толық қалыптасты. Аталмыш теорияның өкілдері: Гуго Савиньи, Пухта. Олардың айтуынша, құқық - бұл тарихи құбылыс. Ол тіл сияқты шартпен белгіленбейді, ешкімнің нұсқауымен еңгізілмейді, біртіндеп пайда болып, дамиды. Сондай-ақ, құқық - бұл ең алдымен, әдет құқығы, заң әдет құқығынан туындайды. Бұл теорияның өкілдері адам құқығын жоққа шығарады, өйткені, сол кезде кейбір әлеуметтік таптарда ешқандай табиғи құқықтары болмады.  Құқықтың пайда болуының нормативтік теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның негізгі өкілдері: Келвен, Штаммлер, Новгородцев. Олардың айтуынша, құқық - бұл заң шығарушы қабылдаған құқықтық нормалардың жүйесі. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады. Бұл құқық нормалар жүйесінде ең жоғарғы орынды Конституция иеленеді. Барлық қалған құқық конституцияға сәйкес келіп, оған қайшы келмейді. Құқықтық нормалар жүйесінде негізгі орынды жеке актілер, оның ішінде сот шешімі, шарт, әкімшілік ережелер иеленеді. Оларға құқық та жатады және олар негізгі заңға сәйкес келмеуі керек.  Құқықтың пайда болуының әлеуметтік теориясы – ХХ ғасырда қалыптасты. Оның өкілдері: Эрлих, Женни. Олар құқық пен заңды бөлек қарастырады. Құқық табиғи құқықпен заңнан көрінбейді. Ол заңды іске асудан көрінеді. Құқық  бұл заңи әрекеттерді, заңи практиканы, құқық-тық тәртіпті түсіндіреді.Олардың айтуынша, құқық – бұл құқықтық қатынас, субъективтің нақты әрекеті. Осыдан, олар құқықты тірі құқық деп атады. Бұндай тірі құқықты сот қызметінде судья жүзеге асырады. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, тиісті шешім шығарады және құқық шығармашылықтың субъектісі болады.  Құқықтың пайда болуының психологиялық теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның өкілдері: Петряжитский, Росс, Реиснер. Адамның психикасы қоғам дамуының, оның ішінде мораль құқықтың мемлекет дамуының негізгі факторы. Құқық - бұл адам психика санасының шығармашылығы.

2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлға құқықтарының кейбір мәселелері

Адам құқықтары дегеніміз – жеке тұлғаның қоғамның барлық салаларындағы өмірін, қадір-қасиетін және бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктер.

Жеке тұлға институтының даму динамикасындағы жалпы әлеуметтік сипаты, оның заңдылық формаларына баға бере отырып қаралған құқықтық мәртебе түрлері – бұл жұмыстың өзегі болғандықтан, оларды жан-жақты қараған жөн. Тұлға ұғымының әлеуметтік, саяси, экономикалық негіздері бар. Олар құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің жаңа түрге енуіне әсер ететін алғы шарттар десе де болады. Ал бұл құбылыстар ғылымның басқа салаларының да нысандары болып табылады. Сондықтан, оларды талдау барысында біз саясаттану, әлеуметтану, психология және басқа қоғамдық ғылым салаларымен байланыста қарастырамыз.

Жеке тұлғаны зерттеу, оған негізді анықтама беру тек заң ғылымдарында жүзеге асырылмаған. Бұл мәселе әлеуметтану, саясаттану, психология және басқа ғылым салаларында да қамтылған, оған осы салалардағы дәйекті зерттеулер мысал бола алады. Адамзат тарихында бұл ұғым қалай пайда болды, оның даму жолдары қандай кедергілерге кездесті деген сұрақтар көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Тұлға ұғымының табиғатын түсіну үшін осы зерттеулердің бірқатарына тоқталып қарастырайық. Сондықтан, жұмыстың бұл бөлімінде біз тұлға ұғымын әлеуметтану, саясаттану, психология салаларымен тығыз байланыста қарастырамыз.

Қай әлеуметтік жүйе болмасын, оның негізгі құраушы элементі болып, адам табылады. Адамдарды қоғамға біріктіру әр қилы әлеуметтік бірлестіктер арқылы жүзеге асырылады. Ал, оларды таңдау кезінде әр адам ерік-жігерге ие. Әлеуметтік жүйе әлеуметтік топтардан, институттардан, ұйымдардан және қабылданған қоғамдық нормалар мен құндылықтардан тұрады. Осыған орай, адам көптеген әлеуметтік жүйелерге енеді және олар тұлғаға жүйелі түрде әсер етіп отырады. Адам ендігі жерде тек жүйе бөлшегі ғана емес, ол жүйені басқарушы болып табылады [1, 20 б.].

Жеке дара ұғымы әдетте белгілі бір әлеуметтік қоғамды танытатын өкіл ретінде қарастырылған. Тұлға ұғымы әрбір адамға қатысты қолданылады, өйткені ол қоғамның маңызды белгілерін білдіреді. Жеке тұлғаны сипаттайтын бірден бір белгілер ретінде өзіндік сананы, құнды бағыттылықты, әлеуметтік қатынастарды, қоғамға қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті, өз әрекеті үшін жауаптылықты айтуға болады. Ал, оның ерекшелігі ретінде әр адамға тән белгілерін айтуға болады. Мысалы, биологиялық айырмашылық немесе мұра ретінде қалдырылған немесе кейіннен пайда болған әлеуметтік ерекшеліктер.

Тұлға әлеуметтік ортадағы этникалық әрекеттердің салдары ғана емес, оның себебі де болып табылады. Әр тарихи типті қоғамдағы экономикалық, саяси, идеологиялық және әлеуметтік қатынастар әр түрлі болып келеді және әр адамның жеке әлеуметтік қасиеттерін, оның қызметінің мазмұнын және сипатын білдіреді. Осы үрдісте адам сыртқы ортаның әлеуметтік қатыстылығын жоққа шығарып, екінші бір жақтан өзінің сыртқы әлемге деген ерекше қатынасын білдіреді. Адамның әлеуметтік сипатының құрамдас элементтері оның қызметтік мақсаты, әлеуметтік рөлі және алатын әлеуметтік мәртебесі, қызмет барысында қолданатын нормалар мен құндылықтар, белгілер жүйесі, білім деңгейі, арнайы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, белсенділігі және шешім қабылдаудағы дербестігі болып табылады. Тұлға ұғымы қоғамдық қатынастар жүйесінде маңызды. Адам индивид ретінде жемісті әрекет арқылы өзін-өзі көрсете алады.

М.М. Бахтиннің ойынша, адам өмірі бірінен соң бірі келетін өмірлік оқиғалардан тұрады және осы жағдайда адам әрекет субъектісі, адамның артықшылығы оның қол жеткізген жетістіктерімен өлшенеді [2, 35 б.].

Жеке тұлғаны философиялық тұрғыдан қарастырған ойшыл И. Кант жеке тұлғаны автономия ұғымымен байланыстырып, бұл сөздің екі мағыналы екендігін айта отырып, біріншісі, бір нәрсеге қатысты тәуелсіздікті білдірсе, екіншісі, өзіндік заңдылық деп түсіндіреді. Яғни, әр адам өз бойында адамзатқа зиянды емес әрекеттілікті қалыптастыру керек, оның іс-қимылы адамгершіліктің жоғарғы құндылықтарына негізделуі тиіс, «алдама», «ұрлама», «зорлық-зомбылық жасама» деген қағидаларға негізделуі қажет және бұл оның мінез-құлық императивіне айналуы керек. Осы адамгершілік базисінде жеке тұлғаның тәуелсіздігі қалыптасады және ол тәуелсіздік қоғамнан нигилистік және аморальдық түрдегі тәуелсіздікке айналмау үшін тұлғаның бойында өзін-өзі шектеу қасиеттері болуы шарт. Ал, оның негізі – адамның принципті болуы, өмірде белгілі бір стратегия ұстануы. Бұл қасиеттердің болмауы адамның тұтастығын тұлға ретінде қалыптасуын жоққа шығарады. Осы жерде жеке тұлғаның құрылымдық компоненттерін атап айтуға болады. Олар: сенім, дүниетаным, қызығушылық, білім, әдет, икем, сезім, эмоция, қозу және тағы басқалар [3, 50 б.].

Ал, К.К. Платоновтың пікірі бойынша жеке тұлғаның маңызды құрылымдық компоненттері – ес, мәдениет және қызмет. Ес – жеке тұлғаның өмір жолында интеграцияланған білім жүйесі. Жеке тұлғаның мәдениеті дегеніміз – жеке тұлғаның тәжірибелік өмірінде қолданылатын әлеуметтік нормалар және құндылықтар жиынтығы. Әрекет дегеніміз – субъектінің      мақсатты түрде объектіге әсер етуі. Бұл арқылы жеке тұлға өзінің қажеттіктері мен қызығушылықтарын жүзеге асырады. Әрекет тұлғаның белсенділігіне байланысты. Бұл элементтердің әсерлесу нәтижесінде сенім пайда болады.

Жеке тұлғаның сенімі дегеніміз – адамның әлеуметтік қасиеттерін білдіретін стандарт, яғни жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, әлеуметтік бірлестіктердің, институттардың ұйымдардың тұрақты және қайталана отырып көрінетін әлеуметтік құндылықтарға деген көзқарасы. Оларды стереотиптер деп те атайды.

Қазіргі кезде жеке тұлғаны зерттеудің екі концепциясы бар:

- жеке тұлғаны функционалдық тұрғыдан қарау;

- жеке тұлғаны адам болмысына байланысты қарау.

Бірінші концепция, адамның әлеуметтік функцияларына, оның әлеуметтік рөліне негізделген. Бұл концепцияның маңыздылығы ол негізінде адамның тұлғалық қасиеттері, оның сыртқы белгілері немесе, дәлірек айтсақ, оның әлеуметтік қоғамдағы орны мен әрекет белсенділігіне байланысты анықталады. Бірақ, бұл жерде адамның ішкі билік резервтері, оның мінезі, зерттеу нысанына деген айна болмыстық белгілері, ішкі дүниесі ескерусіз қалады. Міне, бұл қасиеттер екінші концепция негізінде ашылады. Яғни, адамның рухани әлеуеті, субъектінің әрекет еркіндігі, өзіндік болады. Адам болмысына негізделген бұл концепция жеке тұлғаны зерттеуде маңызды болып табылады. Міне, сондықтан әлеуметтану ғылымдарында жеке тұлғаны адам қызметін, таным субъектісін, құқықтар мен міндеттер, этикалық және эстетикалық, сондай-ақ, барлық басқа әлеуметтік нормаларды білдіретін қоғамдық қатынастардың бірігуін бойына сіңірген адам деп анықтама беріледі [4, 35-37 бб.].

Адам болмысынан жеке тұлға, сондықтан ол қоғамға сіңіп жоғалып кетпейді, ол сол қоғамның дамуына әсер етеді және өз үлесін қосып отырады. Бұл жеке тұлғаға әлеуметтік тұрғыдан берілген ұғым.

Жеке тұлға ұғымы психология ғылымында да қарастырылады. Мысалы, Чарлз Кули: «Жеке тұлға адамның сыртқы орта байланысы негізінде қалыптасады» – деген пікір айтады. Осы процесс барысында адам өзінің айна бетіндегі «Мен»-ін қалыптастырады және ол келесі элементтерден тұратындығын айтады:

- басқалар бізді қалай қабылдайды, яғни басқалардың біз жөніндегі пікірі қандай;

- біздің ойымызша басқаларға ол қалай әсер етеді;

- басқалардың бізге деген реакциясына біздің жауабымыз [5, 37 б.].

Жоғарыда көрсетілгендерді қорытындылай келе, біздің тарапымыздан айтарымыз Қазақстан Республикасының Конституциясы негізгі – Ата заң болғандықтан басқа заңдар осы Конституция қағидаларына қайшы келмеуі тиіс. Себебі, Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен азаматтардың негізгі құқықтары бекітілген және олардың бұзылмауына кепілдік берілген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңдарының барлығы Конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттермен сәйкестенуі қажет.

Біз жоғарыда жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін идеялық түрінен теория деңгейіне дейінгі жету жолдарын тарихи тұрғыдан қысқаша қарастырдық. Әлемдік саяси-құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың құқық және мемлекет аясындағы идеялары, көзқарастары мен теорияларын талдай отырып мынадай қорытынды жасаймыз:

- адам мен азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы теориялық тұжырымдамалар көне дәуірлерде жалпы философия, теологиялық, өнегелік көзқарас пен теория тұрғысынан қарастырылды;

- орта ғасыр ойшылдарының жеке тұлғаның мәртебесі жөніндегі тұжырым-дамалары діни сипатта болып, жеке бостандығы мен құқықтары барынша шектелді;

- қайта өрлеу дәуірінен бастап ойшылдар мемлекеттік құрылыс, құқық, заң мәселелеріне назар аударып, құқықтық мемлекет идеяларын ұсыну;

- неміс философтарының идеялары саяси-құқықтық тұжырымның әрі қарай дамуына, мемелекеттің мемлекеттік-құқықтық болып саналуына игі әсерін тигізді

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерiҚазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкіметті құру

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]